Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының автоматтандырылған ақпарат жүйесiне енгiзiлген қосалқы бухгалтерлiк есептi және Бас бухгалтерлiк кiтапты жүргiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 435 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2658. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 272 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiн бұдан әрi дамыту мақсатында, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының халықаралық қаржылық есеп стандарттарына көшуiне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы қаулы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр айлық мерзiмде мынадай талаптарға сәйкес әзiрленген дербес бақылау iс-шараларын орындау жөнiндегi жоспарды орындау мерзiмiн және осы iс-шараларды орындауға жауапты адамдарды көрсете отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ұсынатын болсын:
      1) мынадай шарттар сақталған кезде барлық жасалатын операциялар бойынша қосалқы бухгалтерлiк есеп жүргiзудi қамтамасыз етсiн:
      барлық жасалатын операцияларды бухгалтерлiк есепте көрсету тәртiбiн реттейтiн бекiтiлген iшкi құжаттардың болуы;
      тиiстi бөлiмшелердiң (фронт- және бэк-офистер) жұмыс тәртiбiн реттейтiн бекiтiлген iшкi құжаттардың болуы;
      барлық жасалатын операциялар, оның iшiнде есеп айырысу-касса операциялары, кiрiстер мен шығыстар, кадрлар және жалақы, негiзгi құрал-жабдықтар мен тауар-материалдық құндылықтар (қорлар), бағалы қағаздар, салымдар, дебиторлық және кредиторлық берешектер, бюджет және бюджеттiк бақылау, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметi бойынша қосалқы модульдердiң болуы;
      автоматтандырылған ақпарат жүйесiне енгiзiлген сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметi және басқа да қызметтер бойынша жеке-жеке қосалқы бухгалтерлiк журналдардың (шарттарды (операцияларды) тiркеу журналдарын қоса алғанда) болуы, сондай-ақ талдау есебiн жүргiзу;
      автоматтандырылған ақпарат жүйесiне енгiзiлген барлық жасалатын операциялар бойынша кодтардың болуы;
      клиенттердiң карточкаларын тiркеу кiтабын және қосалқы бухгалтерлiк есептiң жеке шоттарын тiркеу кiтабын орталықтандырылған жүргiзу;
      2) мынадай шарттармен барлық филиалдарды және өкiлдiктердi (олар болған жағдайда) есепке ала отырып, автоматтандырылған ақпарат жүйесiне енгiзiлген Бас бухгалтерлiк кiтапты жүргiзудi қамтамасыз ету:
      бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарларын қарау және түзету мүмкiндiгi;
      Бас бухгалтерлiк кiтаптың деректерiн қосалқы бухгалтерлiк есеп деректерiнен бөлек сақтау;
      қосалқы бухгалтерияның жан-жақты ақпараттарына кiрумен Бас бухгалтерлiк кiтаптың бухгалтерлiк жазбаларын қарау мүмкiндiгi (соның негiзiнде осы жазбалар қалыптастырылған жеке құжаттар (шарттар, журналдар, төлем құжаттары және тағы басқалар);
      қосалқы бухгалтерлiк есепте ескерiлмей жаңа бухгалтерлiк жазбаларды енгiзу мүмкiндiгi (кiрiс немесе шығыс қалдықтарын, айналымдарды ауыстыру үшiн, сондай-ақ Бас бухгалтерлiк кiтапта жазбаларды түзеткен кезде пайдаланылады);
      жасалған операциялардың бухгалтерлiк есепте дұрыс көрсетiлуiн бақылау;
      талдау шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарды шоғырландыру арқылы, сондай-ақ операцияларды және жасалатын операциялардың кодтарын тiркеу журналдары негiзiнде автоматты түрде бухгалтерлiк жазбаларды қалыптастыру;
      қаржылық және өзге есептердi, оның iшiнде Бас бухгалтерлiк кiтап деректерiнiң негiзiнде шоғырландырылған қаржылық есептi орталықтандырылған қалыптастыру;
      қосалқы бухгалтерлiк есептiң есеп операцияларын Бас бухгалтерлiк кiтапта - нақты уақыт режимiнде немесе пакеттiк режимде көрсету;
      бөлiмшелер, филиалдар жасайтын барлық операциялардың, оның iшiнде кiрiстер мен шығыстардың, кадрлар және жалақының, негiзгi құрал-жабдықтар мен тауар-материалдық құндылықтардың (қорлардың), бағалы қағаздардың, салымдардың, дебиторлық және кредиторлық берешектердiң бухгалтерлiк есебiн орталықтандырылған жүргiзу.
 

      1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде өздерінің автоматтандырылған ақпарат жүйелерін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келтірсін.
      2005 жылғы 1 қаңтардан кейін құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап 2 жылдың ішінде өздерінің автоматтандырылған ақпарат жүйелерін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келтіруі қажет.
       Ескерту: 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 18 ақпандағы N 10   қаулысымен .

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      3. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз ететiн болсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсiн.

       Ұлттық Банк Төрағасының
      мiндетiн атқару

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады