Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының автоматтандырылған ақпарат жүйесіне енгізілген қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 435 және "Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпарат жүйесіне енгізілген қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 436 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 18 ақпандағы N 10 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4129. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 272 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпарат жүйесіне енгізілген қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу жөніндегі бақылау іс-шараларын орындау мерзімдерін айқындау қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының автоматтандырылған ақпарат жүйесіне енгізілген қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 435  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2658 тіркелген, 2004 жылғы 20 қаңтарда "Казахстанская правда" газетінің N 11 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде өздерінің автоматтандырылған ақпарат жүйелерін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келтірсін.
      2005 жылғы 1 қаңтардан кейін құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап 2 жылдың ішінде өздерінің автоматтандырылған ақпарат жүйелерін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келтіруі қажет.".

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпарат жүйесіне енгізілген қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 436 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2650 тіркелген, 2004 жылғы 28 қаңтарда "Казахстанская правда" газетінің N 16 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде өздерінің автоматтандырылған ақпарат жүйелерін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келтірсін.
      2005 жылғы 1 қаңтардан кейін құрылған жинақтаушы зейнетақы қорлары жинақтаушы зейнетақы қорын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап 2 жылдың ішінде өздерінің автоматтандырылған ақпарат жүйелерін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келтіруі қажет.".

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш.Тәжіяқовқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады