Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2484 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 488 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 31 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2665. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 273 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 273   қаулысымен .
______________________________

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін кеңейту және оларды орналастыру лимиттерін ұлғайту мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2484 тіркелген, 2003 жылғы 8-21 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, N 19):

      1-қосымшасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақтың:
      1) тармақшасындағы:
      "35" деген сан "25" деген санмен ауыстырылсын;
      "оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссияланған, айналыс мерзімінің аяқталуына кемінде бір жыл қалған бағалы қағаздар - 5%-тен кем емес" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) кредиттік рейтингінің халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан ("Standart & Poor`s" және "Fitch" жіктеуі бойынша) төмен емес немесе "Аа2"-ден ("Moody`s Investors Service" жіктеуі бойынша) төмен емес рейтинг бағасына ие шет мемлекеттердің бағалы қағаздары және осы Ереженің 4-тармағы 1)-2) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары, осы Ереженің 2-тармағында айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары - 40%-тен астам емес, оның ішінде:
      осы Ереженің 4-тармағы 3)-4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары және кредиттік рейтингінің халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан ("Standart & Poor`s" және "Fitch" жіктеуі бойынша) төмен емес немесе "Аа2"-ден ("Moody`s Investors Service" жіктеуі бойынша) төмен емес рейтинг бағасына ие шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары - 30%-тен астам емес;
      осы Ереженің 4-тармағы 5)-6) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары - 20%-тен астам емес;
      осы Ереженің 4-тармағы 7)-8) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары - 10%-тен астам емес;";
      5) және 6) тармақшалар алынып тасталсын;
      7) және 9) тармақшалардағы "10" деген сан "15" деген санға ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) тазартылған алтын - 5%-тен астам емес.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) "ВВВ"-ден ("Standart & Poor`s" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) төмен емес немесе "Ваа2"-ден ("Moody`s Invesіtors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес рейтинг бағасына ие борыштық бағалы қағаздар;
      8) борыштық бағалы қағаздары "ВВВ"-ден ("Standart & Poor`s" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) төмен емес немесе "Ваа2"-ден ("Moody`s Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес рейтинг бағасына ие эмитенттердің акциялары.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.      

      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттық ұйымдастырушысына, "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамына, жинақтаушы зейнетақы қорларына, кастодиан банктерге жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) осы қаулының Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық баспасөз құралдарында және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі баспасөз басылымдарында жариялануын қамтамасыз етсін.  

      5. Операция басқармасы (Төлеутаева Ә.К.) қабылданған шешім туралы ақпараттың жариялануына байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасының бюджеті есебінен (шығыстар сметасы) төлесін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады