РҚАО-ның ескертуі: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы
N 86
қаулысына сәйкес 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаулының күші жойылады (қолданысқа енгізілу тәртібін
5-тармақтан
қараңыз)
.
________________________________________
Қазақстан Республикасында валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін реттейтін заңдарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 343
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1669 тіркелген, 2001 жылғы 1 желтоқсанда "Казахстанская правда" газетінің N 277-278 және 2001 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" N 267-268 жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1743 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 343 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N
575
және "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 343 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 203 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармағында:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне" деген сөздер тиісінше "Кедендік бақылау агенттігі" және "Кедендік бақылау агенттігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі және уәкілетті банктер арасында электрондық түрде экспорт-импорт валюта бақылау жөнінде ақпарат алмасу және есеп беру жүзеге асырылсын.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықта:
барлық мәтін бойынша:
"Қазақстан Республикасының Кіріс министрлігі", "Қазақстан Республикасының Кіріс министрлігінің", "Қазақстан Республикасының Кіріс министрлігі Кеден комитетінің" және "Кеден комитеті" деген сөздер тиісінше "кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган" және "кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
"120" деген сан "180" деген санмен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"күнтізбелік күннен" деген сөздерден кейін "(тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жекелеген тауарлар экспортталған күннен бастап 365 күнтізбелік күннен)" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзац "лицензиясын алу үшін шаралар" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ экспорттық түсімдер алу немесе бұрын экспортталған тауарды қайтару үшін шаралар" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың екінші абзацында:
бірінші сөйлем "үшін шара" деген сөздерден кейін "аванстық төлемдерді қайтару немесе тауарды жеткізу үшін шаралар" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте тауарды негізгі кедендік ресімдеу күні жеткізу күні болып табылады.";
5-тармақта:
"шетел валютасымен және теңгемен" деген сөздердің алдында "мәмілелер паспорттары ресімделетін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Карт-шоттарды пайдалану не банктік шотқа қолма-қол ақша енгізу арқылы мәмілелер паспорты ресімделетін резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша шетел валютасымен және теңгемен төлемдерді және аударымдарды жүзеге асыруға тыйым салынады.";
8-тармақта:
бірінші абзацтағы "осы Нұсқаулықта" деген сөздер "осы Нұсқаулықтың мақсаты үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"кедендік органдар - уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі аумақтық бөлімшелері, кедендер, белгіленген құзыреті шегінде кедендік постылар;";
үшінші абзацтағы "Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада:

"экспортер - Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге тауарлар сатуға (жеткізуге) келісім-шарт (шарт, келiсiм) жасаған Қазақстан Республикасының резидентi (заңды тұлға, оның филиалы, жеке кәсіпкер);";
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"экспорт жөніндегі журнал - келіп түскен және жіберілген экспорт жөніндегі валюталық бақылау құжаттары үшін банк және сол сияқты кеден органы жүргізетін журнал;";

"Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбе - экспорты бойынша төлем жасауды 365 күнтізбелік күнге дейін кейінге қалдыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы талап етілмейтін жекелеген тауарлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбесі;
экспорт жөніндегі мәмілелердің паспортын тіркеу журналдары - экспорт жөніндегі мәмілелердің паспортына нөмір беру үшін кеден органдары жүргізетін журналдар";
2) тармақшада:

"импортер - тауар сатып алуға және Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелуге келісім-шарт (шарт, келiсiм) жасаған Қазақстан Республикасының резидентi (заңды тұлға, оның филиалы, жеке кәсіпкер);";

"импорт жөніндегі журнал - келіп түскен және жіберілген импорт жөніндегі валюталық бақылау құжаттары үшін банк және сол сияқты кеден органы жүргізетін журнал;";
импорт жөніндегі мәмілелердің паспортын тіркеу журналдары - импорт жөніндегі мәмілелердің паспортына нөмір беру үшін кеден органдары жүргізетін журналдар";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Келісім-шартқа мәміленің паспортына қосымша парақ ресімдеу немесе мәміленің паспортын жабу талап етілетін өзгеріс және/немесе толықтыру мәміленің паспорты (мәміленің паспортына қосымша парақ) ресімделген немесе мәміленің паспорты жабылған күннен кейін күшіне енеді.";
12-тармақтың бірінші абзацы "даналарына қол қояды" деген сөздерден кейін "және 3-1 және 4-1-қосымшаларының нысандары бойынша мәмілелердің паспортын тіркеу журналында көрсету арқылы мәміленің паспортына нөмір береді және күнін қояды";
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Егер кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес ең жоғары тәуекел санатына жатқызылған экспортердің/импортердің мәміле паспортында (мәміле паспортына қосымша парақта) экспорт бойынша ақы төленгенге дейін немесе импорт бойынша алдын ала ақы төленгенге дейін тауарларды кедендік ресімдеу көзделсе, онда мәміле паспортын (мәміле паспортына қосымша парақты) кеден органында ресімдеу бес күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады. Көрсетілген мерзім ішінде кеден органы экспортерден/импортерден және өзге көздерден экспортер/импортер және мәміле паспорты туралы ақпаратты тексеру мақсатында қажетті құжаттарды және мәліметтерді сұратуға, сондай-ақ кеден және валюта заңдарында көзделген өзге де бақылау нысандарын қолдануға құқылы.
Кеден органы алған ақпараттың және мәміле паспортын (мәміле паспортының қосымша парағын) ресімдеу кезінде ұсынылған ақпараттың арасында айырмашылықтар фактілері анықталған кезде және/немесе экспортер/импортер сұратылған ақпаратты ұсынбаған кезде кеден органы барлық айырмашылықтар реттелгенге дейін мәміле паспортын (мәміле паспортының қосымша парағын) ресімдеуден бас тартуға құқылы.
Экспортерді/импортерді ең жоғары тәуекел санатына жатқызу олардың экспорт және импорт мәмілелерін жүзеге асыру құқығын шектеу үшін негіз болып табылуы мүмкін.";
23-тармақтағы "тараптардың біреуі келісім-шарт бойынша міндеттемелерді нақты орындаған күннен бастап 120 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде ақшаның түсуін немесе ақша аударуды не тауардың түсуін немесе тауардың тиелуін" деген сөздер "180 күнтізбелік күннен асатын мерзімдерде есеп айырысуды жүзеге асыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Егер мәмілені орындау барысында экспортер/импортер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын және/немесе тіркеу куәлігін алса, онда ол мәміле паспортына қосымша парақты ресімдеумен бір мезгілде лицензиясының және/немесе тіркеу куәлігінің түпнұсқасын және көшірмесін кеден органына және уәкілетті банкке ұсынуға міндетті. Лицензияның және/немесе тіркеу куәлігінің көшірмесі кеден органында және уәкілетті банкте қалады.
Егер осы Нұсқаулыққа сәйкес мәміле паспортына қосымша парақ ресімдеу талап етілмеген жағдайда, кеден органы және уәкілетті банк мәміле паспортының өз даналарының "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" тарауына және экспортердің/импортердің данасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясының және/немесе тіркеу куәлігінің болуы және деректемелері туралы белгі енгізеді.";
27-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Экспорт/импорт жөніндегі досьеде валюталық бақылау құжаттарымен қатар резидентті мемлекеттік тіркеу немесе есепке алып тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, заңды тұлға экспортердің/импортердің жарғысының немесе оның филиалы туралы ереженің көшірмесі, жеке тұлға экспортердің/импортердің жеке куәлігінің көшірмесі, мәміле паспортын ресімдейтін тұлғаға берілген сенімхат болуы тиіс. Көрсетілген құжаттарға өзгерістер енгізілген жағдайларды қоспағанда, өзге де мәміле паспорттарын ресімдеу үшін осы құжаттарды бір кеден органына қайтадан ұсыну талап етілмейді.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
"3-1. Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспортын ресімдеудің ерекшеліктері
28-1. Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспорты (бұдан әрі - жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспорты) осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып осы Нұсқаулықтың 3, 9-тарауларында және 1-қосымшасында белгіленген нысанда және тәртіппен ресімделеді.
Жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспортымен бір мезгілде экспорт жөніндегі мәміле паспортын ресімдеу және қол қою үшін белгіленген тәртіппен ресімделетін, экспортер, кеден органының лауазымды тұлғасы, банктің жауапты қызметкері қол қоятын экспортталатын тауарлар тізімі жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспортының ажырамас қосымшасы болып табылады.
Егер жекелеген тауардың экспортына тауарлардың кедендік құнына кіретін қызметтер көрсетілсе, онда оларға осы тараудың нормалары қолданылады.
28-2. Жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі келісім-шартта Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген тауарлардың ғана экспорты көзделуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі келісім-шартта осы Нұсқаулықта белгіленген өзге талаптармен қатар:
1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге сай нақтылау дәрежесімен бірегейлендіруге мүмкіндік беретін толық ерекше нұсқамасы;
2) жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспорты (мәміле паспортына қосымша парақ) ресімделгеннен кейін келісім-шартты (келісім-шартқа қосымша келісімдерді) күшіне енгізу талаптары көзделуі тиіс.
28-3. Жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі келісім-шарттың осы Нұсқаулықтың 16 және 28-2-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеуі кеден органы және/немесе банк үшін жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспортына қол қоюдан бас тарту үшін негіз болып табылады.
28-4. Егер осы Нұсқаулықтың 3 және 9-тарауларының талаптарына сәйкес келетін келісім-шарт осы Нұсқаулықтың 28-2-тармағына сәйкес келмесе экспортер тауарлар экспортталған күннен бастап 180 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында белгіленген өзге мерзімде түсімді қайтару режимін қолдана отырып жалпы негіздермен мәміле паспортын ресімдеуге құқылы.
28-5. Мәміленің паспорты ресімделген күннен бастап бір ай ішінде келісім-шарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін міндетті түрде ұсына отырып жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспортын ресімдеуге келісім-шарттың факсимильдік көшірмесін ұсынуға рұқсат етіледі. Экспортер келісім-шарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін ұсынғаннан кейін кеден органының/банктің лауазымды/жауапты тұлғасы жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспортын ресімдеу кезінде бұрын қабылданған факсимальдік көшірмемен салыстыруды жүзеге асырады және олар сәйкес келген жағдайда келісім-шарттың факсимальдік көшірмесін "көшірме дұрыс" жазбамен және нөмірлі жеке мөрмен куәландырады.
Түпнұсқа мәтіні және оның факсимальдік көшірмесімен сәйкес келмеген жағдайда кеден орган/банк осы факт бойынша ақпаратты құқық қорғау органдарына жібереді.
28-6. Кеден органының лауазымды тұлғасы осы Нұсқаулықта белгіленген кеден органында мәміле паспортын ресімдеу рәсімдеріне қосымша ретінде экспортталатын тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодтарының ерекше нұсқамасында дұрыс көрсетілуін, олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге сәйкестігін тексереді.
28-7. Егер ресімделетін экспорт мәмілесінде жекелеген тауарлар экспортталған күннен бастап 365 күннен асатын мерзімде экспорттық түсімнің түсуі көзделген жағдайда, экспортер мәміле паспорты ресімделгенге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті лицензиясын алуға міндетті, оның көшірмесі мәміле паспортының міндетті қосымшасы болып табылады.
Мұндай жағдайларда кеден органы тиісті өтінішті және келісім-шарт ұсынылған (ескертулер жойылған) күннен бастап бес күндік мерзімде лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну үшін экспортерге келісім-шарттың және онда көзделген экспортталатын тауарлар тізбесінің осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігі туралы анықтама және жекелеген тауарлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбесін береді. Анықтамаға кеден органының басшысы (басшысының орынбасары) қол қоюы тиіс.
28-8. Кеден органдары және уәкілетті банктер осы Нұсқаулықтың 20-қосымшасында белгіленген нысан бойынша жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі жекелеген журналдарды жүргізеді.
28-9. Егер нақты экспортталатын тауар жекелеген тауарларды экспорттау жөніндегі мәміленің паспортында көрсетілгенге және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбесіне сәйкес келмесе, кеден органы экспортталатын тауарды кедендік ресімдеуден бас тартады.
28-10. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеден тауарлар тобы (бұдан әрі - алынып тасталған тауарлар) алынып тасталған жағдайда жекелеген тауарлар бойынша мәміле паспортын ресімдеуші экспортер алынып тасталған тауарлар экспортын көздейтін келіcім-шартта Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге өзгерістерді жариялағаннан кейін, олар күшіне енгенге дейін кеден органына және уәкілетті банкке мәміле паспорты бойынша бұдан әрі валюталық бақылауды жүзеге асырудың мынадай нұсқаларының біреуін таңдап алып, мәміле паспортына қосымша парақ ресімдеу үшін өтініш жасайды:
1) "А" нұсқасы - экспортер мәміле паспорты бойынша барлық операцияларды бұрынғы режиммен (алынып тасталған тауарлардың бұдан әрі экспортын қоса алғанда) мәміле паспортының және келісім-шарттың жалпы сомасын өсірмей, тауарларды жеткізу мерзімін ұзартпай (келісім-шартта тауарлардың соңғы тобын жеткізу мерзімі көзделмесе, оның орнына мәміле паспортында көрсетілген соңғы күн қабылданады) және экспортталатын тауарлар тізбесін өзгертпей аяқтайды. Бұл жағдайда мәміле паспортына қосымша парақта "Ерекше белгілер" бөлімінде: "А" нұсқасы бойынша бақылау", шығарылған тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодтары, тауарлар экспортының соңғы мерзімі - ________ көрсетіледі";
2) "В" нұсқасы - экспортер белгіленген мерзімде бұрын экспортталған алынып тасталған тауарлар үшін есеп айырысуды аяқтағанда шаралар қабылдауға және келісім-шартқа осы келісім-шарт бойынша алынып тасталған тауарлар экспортын тоқтатуды көздейтін өзгерістер енгізуге міндетті. Мұндайда мәміле паспорты бойынша қалған операциялар бұрынғы режиммен жүргізіледі. Бұл жағдайда мәміле паспортына қосымша парақта "Ерекше белгілер" бөлімінде: "Б" нұсқасы бойынша бақылау", шығарылған тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодтары, алынып тасталған тауарлар экспорты үшін соңғы төлем күні - ________ көрсетіледі".";
30-тармақта:
екінші абзацта:
"экспортердің/импортердің банктік есепшотына" деген сөздер "ішкі банктік шотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
"оған" деген сөз "экспортерге/импортерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі банктік шотқа түскен және ол бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын/тіркеу куәлігін алу немесе бенефициар-экспортердің/импортердің валюта заңдарында көзделген қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну бойынша өзге де іс-әрекеттерді орындауын талап ететін нақты мәміле паспорты бойынша бірегейлендірілген ақша олар барлық қажетті іс-әрекеттерді орындағаннан кейін экспортердің/импортердің шотына есептеледі.";

"Егер 180 күнтізбелік күн ішінде түскен ақша нақты мәміле паспорты бойынша бірегейлендірілмесе немесе экспортер/импортер валюта заңдарында көзделген қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну бойынша өзге де іс-әрекеттерді орындамаса уәкілетті банк мұндай нұсқауды жіберушіге орындамай қайтаруға міндетті.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Келісім-шарт валютасы мен мәміле паспорты бойынша төлем валютасы сәйкес келмеген кезде есеп айырысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлем күнгі айқындалған рыноктық валюта айырбастау бағамы, не төлем күнгі көрсетілген бағамдар негізінде кросс-бағам арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалған рыноктық валюта айырбастау бағамымен немесе көрсетілген бағамдар негізінде есептелген кросс-бағамдардың, не осы тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кеден органына хабарлаған бағаммен 5 проценттен аспайтын шектегі айырмашылыққа жол беріледі.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рыноктық валюта айырбастау бағамы айқындалмайтын валютамен келісім-шарт жасалған жағдайда қайта есептеу экспортерге/импортерге уәкілетті банк хабарлайтын "REUTERS" ақпараттық агенттігі арналары бойынша алынған төлем жасау күнгі осы валютаның АҚШ долларына ағымдағы рыноктық бағамы бойынша (сұраныс белгілеу) жүзеге асырылады. Осыдан кейін теңгемен қайта есептеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалған теңгенің АҚШ долларына рыноктық бағамы бойынша жүзеге асырылады.
Даулы жағдайларда, кеден органы ұсынылған есептеуді негізсіз деп таныған кезде кеден органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес валюта айырбастаудың рыноктық бағамы айқындалатын кез келген валюта бағамына төлем жасау күнгі осы валютаның нақты рыноктық бағамы туралы ақпарат ұсынуын сұрап жазбаша өтініш жібереді. Кеден органы алынған ақпарат негізінде экспорт бойынша төлем валютасымен нақты түскен соманы немесе импорт бойынша нақты түскен тауарды шетелдік валютаның теңгеге кросс-бағамы арқылы қайта санайды, бұл туралы экспортерге/импортерге жазбаша хабарлайды және экспорт/импорт бойынша досьеге тиісті белгі жасайды.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Егер мәміле паспорты бойынша төлем валютасы нақты төлем валютасымен сәйкес келмесе, уәкілетті банк экспортердің/импортердің банктік шотына ақша есептелгенге дейін экспортермен/импортермен келісілген бағам бойынша келісім-шарттың талаптарында көзделген валютамен түскен ақшаны оның келісімімен айырбастауға құқылы.
Экспортер/импортер аталған айырбастау жүргізуден бас тартқан жағдайда экспортер/импортер экспорт/импорт бойынша мәміле паспортына қосымша парақты ресімдеуге және қажетті түсіндірулермен бірге жаңа төлем валютасына келісім-шарт валютасы бағамның есебін кеден органына ұсынуға міндетті. Кеден органы келісім-шарт талаптарына сәйкес болуы және осы Нұсқаулықтың 31-тармағының талаптарын ескере отырып есептеуге пайдаланылған бағамның шынайылығын тексереді, есептеуді негізді деп таныған жағдайда келісім-шарт валютасымен ақшаның/тауардың түсуін/қайтарылуын есепке алады.";
36-тармақтағы "экспортерге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолдануға, сондай-ақ салық органдарына," деген сөздер алынып тасталсын;
37-тармақтағы "импортерге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолдануға, сондай-ақ салық органдарына," деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:
"44-1. Экспортер/импортер мәміле паспортында көрсетілген өзінің мекен-жайын өзгерткен жағдайда (экспортер/импортер тіркелген әрекет ету аймағындағы кеден органын өзгерткен жағдайды қоспағанда) экспортер/импортер жаңа мекен-жайын көрсете отырып және растайтын құжаттарды қоса беру арқылы (мемлекеттік немесе есепке алу үшін тіркеу туралы куәлік) мәміле паспортына қосымша парақты кеден органына ресімдеуге ұсынады.
Егер мекен-жайды өзгерту кеден органының өзгеруіне әкеліп соқтырса, мәміле паспорты жабылуға тиісті. Жаңа мәміле паспорты мекен-жайдың өзгергенін ескере отырып, осы Нұсқаулықтың 44-тармағында көзделген тәртіппен ресімделеді.";
46-тармақтың үшінші сөйлемі "кеден органы салыстырып тексеру актісі негізінде" деген сөздерден кейін "он күннің ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
47-тармақта:
1) тармақшасындағы ";" деген белгі "." деген белгімен ауыстырылсын және мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер бұл экспорттық немесе импорттық шарт талаптарында не халықаралық шарттарға (конвенцияларға) сай іскерлік айналымдағы дәстүрлерінде көзделген жағдайларда экспорт түсімін ұсталған комиссия сомасына азайтуға немесе импорт бойынша төлемдерді ұсталатын комиссиялар сомасына ұлғайтуға жол беріледі."
2) тармақшасы "міндеттемелерін экспортталған/импортталған" деген сөздердің алдына "осы Нұсқаулықтың 9-1 тармағының талаптарын сақтағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшасындағы ";" деген белгі "." деген белгімен ауыстырылсын және мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Мұндайда ақшаны қайтарған жағдайда мәміле паспортын қайтадан ашу талап етілмейді;";
49-тармақта:
"Валюталық бақылау органының шағым-талабымен сот шешімі" деген сөздер "Уәкілетті орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде шешім немесе қылмыстық іс бойынша шешім" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Экспортердің/импортердің мемлекеттік тіркеу орнында жоқ болуы кеден органдары әділет органдарынан (тіркелген тұрғылықты орны туралы), салық органдарынан (жұмыс істемеуі туралы), адрестік бюродан (экспортердің/импортердің басшыларының және құрылтайшыларының тұрғылықты жері туралы) сұрататын құжаттармен және кеден органдары қызметкерлерінің экспортердің/импортердің, оның басшылары мен құрылтайшыларының тұрғылықты жерде жоқ екені туралы актілерімен расталуы тиіс.
Кеден органдары бөлек есепке жатқызылған мәмілелер паспорттары бойынша экспортерден/импортерден тоқсан сайын берешек сомасын өтеу үшін шара қабылдау туралы ақпарат сұратады немесе жоғарыда көрсетілген тәртіппен экспортердің/импортердің тұрғылықты жерін анықтайды.";
мынадай мазмұндағы 51-1 тармақпен толықтырылсын:
"51-1. Жабық мәмілелер паспорттары бойынша досьеге/іске оны жабу негіздемесін көрсете отырып мәміле паспортын жабу туралы кеден органының хабарламасы және уәкілетті банктің мәміле паспортын жабуға келісімі туралы хаты тігіледі. Экспорт/импорт бойынша осы досье/іс мәміле паспорты жабылғаннан кейін 5 жыл ішінде кеден органында және уәкілетті банкте сақталады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін жабылған мәмілелер паспорты белгіленген тәртіппен жойылуға жатады.";
53-тармақта:
2) тармақша "N 5" деген саннан кейін ", 5-1" деген сандармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) егер бір резидент емеспен келісім-шарт бойынша төлемдердің жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асатын болса, он мың АҚШ доллары баламасына дейінгі экспорттық-импорттық келісім-шарттарды олар бөліскен жағдайда экспортерден/импортерден мәмілелер паспортын ресімдеуді талап етуге құқылы.";
54-тармақта:
1) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақша "N 5" деген саннан кейін ", 5-1" деген сандармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) өзгерістердің енгізілуіне қарай, бірақ жылына кем дегенде бір рет келісілген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне олардың атауларын, мекен-жайларын және кодтарын, сондай-ақ көрсетілген анықтамаға кез келген өзгерістерді көрсете отырып өзгерістер енгізілген күннен бастап бір ай ішінде кеден органдарының анықтамасын жібереді;
6) егер бір резидент емеспен келісім-шарт бойынша тауар жеткізудің жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асатын болса, он мың АҚШ доллары баламасына дейінгі экспорттық-импорттық келісім-шарттарды олар бөліскен жағдайда экспортерден/импортерден мәмілелер паспорттарын ресімдеуді талап етуге құқылы.";
мынадай мазмұндағы 54-1 тармақпен толықтырылсын:
"54-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган экспортерлер/импортерлер жіберген валюта заңдарын бұзу жөніндегі ақпарат алмасуды келісілген тәртіппен жүзеге асырады."
56-тармақтағы, 58-тармақтың 3) тармақшасындағы, 63-тармақтың 5) тармақшасындағы, 64-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
57-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Уәкілетті органның экспортерлердің/импортерлердің мәмілелер паспорттары бойынша барлық түскен/аударылған ақша сомасы туралы уәкілетті банктің ай сайынғы хабарламаларында айырма анықталған жағдайда кеден органы уәкілетті банктен нақты мәміле паспорты бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтер сұратуға құқылы.";
68-тармақ "оларды ашуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң лицензиясы болған жағдайда" деген сөздерден кейін "(банктерден басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
71-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Импорттық келісім-шартқа ақы төлеуді резидент емес үшінші тұлғадан резидент алатын және басқа тұлғаның шотына есептеуді көздейтін кредиттің есебіне резидент емес үшінші тұлға жүргізсе, онда мәміле паспортының "Банк деректемелері" бөлімінде кредитті өтеу жүргізілетін уәкілетті банктің деректемелері көрсетіледі және "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде деректемелер және кредит шартының сомасы көрсетіледі. Мұндай жағдайларда резидент емес кредитті өтегенге дейін немесе борышты кешіргенге дейін мәміле паспорты жабылмайды.
Импорттық келісім-шартқа ақы төлеу резидент еместің резидент алдындағы басқа мәміле паспорты бойынша берешек есебіне резидент емес үшінші тұлға жүргізсе, онда мәміле паспортының "Банк деректемелері" бөлімінде басқа мәміле паспорты ресімделген уәкілетті банктің деректемелері көрсетіледі және "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде басқа мәміле паспорты деректемелері және есептелетін берешек сомасы көрсетіледі.";
Мұндайда банк сұратуға құқылы, ал импортер банктің сұратуы бойынша үшінші тұлға-резидент еместен алынған кредит бойынша жүргізілген төлемдер мен аударымдар туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.";
мынадай мазмұндағы 71-2-тармақпен толықтырылсын:
"71-2. Экспорттық келісім-шартқа резидент үшінші тұлға ақы төлеу мынадай жағдайларда болуы ықтимал:
1) экспортердің есебіне ұлттық валюта есептеу арқылы резидент үшінші тұлғаның резидент емеске кредит беруі;
2) экспортердің үшінші тұлғаға - резидентке резидент емес әріптеске талап қою құқығын беруі;
3) экспортердің резидент емес әріптеске және резидент емес әріптестің резидент үшінші тұлғаға талабын есептеу.
Мәміле паспортын (мәміле паспортына қосымша парақты) осы Нұсқаулықтың 71 және 71-1-тармақтарында белгіленген тәртіппен экспортер ресімдейді.
Мұндайда мәміле паспорты жабылмайды және резидент еместің үшінші тұлғаға ақша қайтаруын экспортер банк және үшінші тұлғаның банкі жүзеге асырады. Үшінші тұлғаның банкі экспортер банкке резидент еместің үшінші тұлғаға ақша қайтаруы туралы хабарлайды.";
мынадай мазмұндағы 72-2-тармақпен толықтырылсын:
"72-2. Экспорттық келісім-шартқа резидент емес үшінші тұлға ақы төлеу кезінде оны мәміле паспортында көрсету не мәміле паспортына қосымша парақ ресімдеу талап етілмейді. Егер бұл төлем құжатында тікелей көрсетілмесе, экспортер уәкілетті банкке резидент әріптестің келісім-шартқа ақы төлегенін резидент емес үшінші тұлға растаған құжатты ұсынады (келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар, резидент емес әріптеспен хат жазысу және басқалар).".
мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:
"75-1. Экспортер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан өз филиалдарының мекен-жайына кейін сату мақсатымен тауар жеткізген жағдайда тауарды түпкілікті сатып алушы белгісіз болған кезде мәміле паспорты мынадай ерекшеліктермен толтырылады:
1) кеден органында мәміле паспортын ресімдеу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан экспортердің филиалына тауар сатуды жүзеге асыруға тапсырма не филиалдың тауар сату жөніндегі өкілеттігін растайтын өзге де құжат ұсынылады;
2) "Шетелдік сатып алушының деректемелері" бөлімі толтырылмайды;
3) "Келісім-шарттың деректемелері мен талаптары" бөлімінде "Нөмірі" және "Күні" бағандары толтырылмайды, келісім-шарт сомасы кеден органының келісімі бойынша, тауар экспортының болжамды көлемін және экспортталатын тауар бағасының есебін негізге ала отырып шамамен айқындалады;
4) "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде экспортердің филиалының мекен-жайына тауар жеткізілетіні көрсетіледі;
5) бөлшек сауда жүйесі арқылы халықтың тұтынуына арналған тауарды экспортердің филиалы сатқан жағдайда, "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде тиісті белгі қойылады, кеден органы мен уәкілетті банкке шетелде шот ашуға көшірмесі мәміле паспортының ажырамас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын ұсынады.
Қазақстан Республикасында тауарды кедендік ресімдегеннен кейін 150 күн ішінде, бірақ экспорттық түсім түскеннен кешіктірмей, экспортер кеден органы мен уәкілетті банкке экспортталған тауарды сатуға келісім-шарт ұсынады. Халықтың тұтынуына арналған және бөлшек сауда жүйесі арқылы сатылатын экспортталған тауарларды сатуға келісім-шарт ұсынылмайды.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан экспортердің филиалы арқылы сатылатын тауарлардың экспортына ақы төлеуге түсімді экспортер алуға тиіс және тауар экспорты күнінен бастап (Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеу) 180 күн ішінде немесе капитал қозғалысына байланысты операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында өзге мерзім белгіленбесе, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жекелеген тауар экспорты күнінен бастап (Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеу) 365 күн ішінде уәкілетті банктегі оның шотына толық көлемде есепке алынады, ал экспорттық түсім алу мүмкін болмаған жағдайда - бұрын экспортталған тауарды көрсетілген мерзімде қайтарады.;
мынадай мазмұндағы 76-1-тармағымен толықтырылсын:
"76-1. Тауар экспортына ақы төлеу резидент экспортері (мәміле бойынша сауда делдалы) және жүк жіберушінің пайдасына аударым аккредитивін пайдалана отырып жүргізілетін болса, онда мәміле паспорты аударым аккредитиві бойынша аударатын банк ретінде экспортерге қызмет көрсететін уәкілетті банкте ресімделеді.
Тауар экспортына ақы төлеуге түсім екі бенефициардың (экспортер мен жүк жіберуші) шоттарына түскен түсім сомалары келісім-шарттың және мәміле паспортының талаптарына сәйкес келсе, толық көлемде түскен болып есептеледі. Мұндайда, экспорттан түсім түскені туралы ақпаратта бірінші бенефициар - экспортер және екінші бенефициар - жүк жіберуші арасында соманы бөлгенге дейін банктің транзиттік шотына аккредитив бойынша түскен барлық сома көрсетіледі.";
77-тармақтың:
1) тармақшасында "тауарды кедендік ресімдеу күнінен бастап" деген сөздер "тауар экспорты күнінен бастап (тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жекелеген тауарлардың экспорты күнінен бастап 365 күнтізбелік күн)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшасында "тауарды жеткізбеу" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағында тауарды кедендік ресімдеуді жүзеге асырмау" деген сөздермен ауыстырылсын;
77-1-тармақта:
1) тармақшадағы "вексель бойынша ақы төлеу" деген сөздер "вексельді алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "жеткізу күні" деген сөздер "импорт күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
"____"_______________ жылғы
11 (12, 31, 32) экспорт нөмірі бойынша мәміле паспорты
Экспортер банктің деректемелері:
Атауы_____________________________________________________________
Филиалы___________________________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН) ________________
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы мемлекеттік жіктеушісінің коды
(бұдан әрі - КҰЖЖ)________________________________________________
Банк (банктің филиалы) коды ______________________________________
Экспортердің деректемелері:
Атауы ____________________________________________________________
КҰЖЖ коды ________________________________________________________

Банктік шот нөмірі _______________________________________________
СТН_______________________________________________________________
Салық органының мекен-жайы _______________________________________
Үшінші тұлғаның деректемелері:

КҰЖЖ коды _______________________________________________________

Банктік шотының нөмірі ___________________________________________

Шетелдік сатып алушының деректемелері:

Елі ______________________________________________________________

Сатып алушы банктің деректемелері ________________________________
Келісім-шарттың деректемелері мен талаптары:
Нөмірі _____________________ Соңғы күні ________________
Күні _______________________ Төлем валютасы ____________
Келісім шарттың сомасы _____ Төлем валютасының коды_____
Тауар ______________________ Есеп айырысу нысаны _______
Келісім-шарт бойынша валюта _____________
Келісім-шарт валютасының коды ____________
Валюталық ескертпе _______________________________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы
Лицензияның нөмірі ____________ Күні _______ Мерзімі ___________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігі
Тіркеу куәлігінің нөмірі _____________ Күні _________________
Уәкілетті тұлғалардың қолдары:
банктен Экспортерден кеден органынан
лауазымы Лауазымы лауазымы
аты-жөні аты-жөні аты-жөні
(қолы) (қолы) (қолы)
мөр орны мөр орны мөр орны
күні____________ күні____________ күні____________
үшінші тұлғадан үшінші тұлғаның банкінен
лауазымы Лауазымы
аты-жөні аты-жөні
(қолы) (қолы)
мөр орны мөр орны
күні____________ күні____________
Банктің, Кеден органының ерекше белгілері
__________________________________________________________________

_________ ____200_жылғы 3_/ нөмірлі жекелеген тауарлардың экспорты бойынша мәміле паспортына қосымша
Экспортталатын тауарлардың тізімі

Реті бойынша| Тауардың атауы | Тауардың коды | Тізбе бойынша
нөмірі | | | тармақтың нөмірі

1
2
...

Мәміле паспортын ресімдеу ережесі
1. "Экспорт бойынша мәміле паспорты" - мәміле паспортының төрт бөліктен тұратын, көлбеу сызықпен бөлінген күрделі коды көрсетіледі:
1) бірінші бөлік екі араб санынан тұрады: олардың біріншісі "1" немесе "3", екіншісі "1" немесе "2" болуы мүмкін. Бірінші "1" саны осы экспорт жөніндегі мәміле паспортының тауарлар экспортынан валюта түсімінің түсуін валюталық бақылау үшін арналғанын білдіреді, немесе "3" - осы экспорт жөніндегі мәміле паспортының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге сәйкес жекелеген тауарлар экспортынан валюта түсімінің түсуін валюталық бақылау үшін арналғанын білдіреді. Екінші "1" саны осы мәміле паспорты бойынша ең алдымен алдын ала төлем жасалатынын немесе "2" саны тауардың кедендік ресімделетінін білдіреді;
2) екінші бөлім жүкті кедендік ресімдеуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерде белгіленген кеден органының кодын құрайтын сегіз саннан тұрады;
3) үшінші бөлігі ағымдағы жылдың соңғы үш саны көрсетілетін үш саннан тұрады;
4) төртінші бөлік нүкте қойылған нөл сандарынан тұрады, нүктеден кейін осы экспорт бойынша мәміле паспортының журналға сәйкес реттік нөмірі қойылады (мысалы, 11/00000000/003/0.12 немесе 32/00000000/003/0.15).
2. Кеден органы "экспорт бойынша мәміле паспорты" бағанында оның тиісті экспорт жөніндегі журналдағы "шығыс" бағанында тіркелген күнін көрсетеді (3-қосымша).
3. "Экспортер банкінің деректемелері" тарауы мынадай тәртіппен толтырылады:
1) "Атауы" бағанында оның атынан осы экспорт жөніндегі паспортқа қол қойылған банктің толық атауы көрсетіледі.
2) "Филиалы" бағанында филиалдың толық атауы көрсетіледі, бұл жерде экспортердің бұдан әрі экспорт жөніндегі паспортта "шоттың нөмірі" бағанында көрсетілетін шоты жүргізіледі. Баған егер аталған шот банктің филиалында жүргізілген жағдайда ғана толтырылады.
3) "Мекен-жайы" бағанында экспортердің шотын жүргізетін банктің (немесе егер экспортердің шоты банктің филиалында жүргізілсе, банктің филиалының) почталық толық мекен-жайы көрсетіледі.
4) СТН бағанында Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес экспортердің банкіне (банктің филиалына) берілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
5) "КҰЖЖ коды" бағанында мемлекеттік статистика органы берген экспортер банктің сегіз санды коды не "филиал" бағанында көрсетілген банк филиалының он екі санды коды көрсетіледі.
4. "Экспортердің деректемелері" тарауы мынадай тәртіппен толтырылады:
1) "Атауы" бағанында атынан осы мәміле паспортына қол қойған экспортердің ресми толық атауы көрсетіледі.
2) "КҰЖЖ коды" бағанында мәміле паспортына қол қойған заңды тұлға экспортердің (филиалының) оған мемлекеттік статистика органы берген сегіз (он екі) санды коды көрсетіледі.
3) "Мекен-жайы" бағанында экспорт жөніндегі мәміле паспортына қол қойған экспортердің почталық толық мекен-жайы көрсетіледі.
4) "Банктік шот нөмірі" бағанында экспортердің мәміле паспортына қол қойған банктегі (филиалындағы) банктік шотының нөмірі көрсетіледі, оған осы мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша экспорттық түсім түсуі тиіс.
5) СТН бағанында Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес экспортерге берілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
6) "Салық органының мекен-жайы" бағанында экспортердің тіркелген жері бойынша салық органдарының мекен-жайы көрсетіледі.
5. "Үшінші тұлғаның деректемелері" тарауы резидент төлеушінің үшінші тұлғасының қатысуымен мәміле паспорты (мәміле паспортының қосымша парағы) ресімделген жағдайда "Экспортердің деректемелері" бағанына ұқсас етіп толтырылады.
6. "Экспортердің деректемелері" тарауы мынадай тәртіппен толтырылады:
1) "Атауы" бағанында негізінде осы экспорт жөніндегі мәміле паспорты жасалған келісім-шартта көрсетілген түрдегідей экспортталған тауардың шетелдік сатып алушының атауы көрсетіледі.
2) "Елі" бағанында негізінде осы экспорт жөніндегі мәміле паспорты жасалған келісім-шартқа сәйкес сатып алушы орналасқан елдің атауы көрсетіледі.
3) "Мекен-жайы" бағанында негізінде осы экспорт жөніндегі мәміле паспорты жасалған келісім-шартқа сәйкес шетелдік сатып алушының заңды мекен-жайы көрсетіледі.
4) "Сатып алушы банктің деректемелері" бағанында шетелдік сатып алушыға қызмет көрсететін шетелдік банктің мекен-жайы және деректемелері көрсетіледі.
7. Осы бағанда көрсетілген мәліметтер ресімделген мәміле паспорттары бойынша шетелдік тараптың өзге банктік деректемелері арқылы ақша аудару кезінде төлемді бірегейлендіруден бас тарту үшін негіз болмайды.
8. "Келісім-шарттың деректемелері мен талаптары" тарауы мынадай тәртіппен толтырылады:
1) "Нөмірі" бағанында негізінде осы экспорт жөніндегі мәміле паспорты жасалған келісім-шарттың нөмірі көрсетіледі.
2) "Күні" бағанында келісім-шартқа қол қойылған күн көрсетіледі.
3) "Келісім-шарттың сомасы" бағанында осы келісім-шартқа сәйкес экспортқа жіберілетін тауардың жалпы құны көрсетіледі. Егер келісім-шарт бойынша шамамен берілген баға белгіленген тауарды жеткізу көзделген жағдайда, мәміле паспортында жеткізілімнің белгіленген көлемін шамамен берілген бағаға көбейту арқылы есептелген келісім-шарт сомасы әрі бір мезгілде мәміле паспортының "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлігінде бағалы шамамен берілгендігі және келісім-шарттың нақты сомасы мәміле паспортында көрсетілген сомадан асып кетуі не аз болуы екендігі көрсетіледі.
4) "Тауар" бағанында:
экспорт бойынша әдеттегі мәміле паспортында - келісім-шарт бойынша тауар атауы. Тауардың бірнеше атауы болған жағдайда, олар үтір арқылы не мәміле паспортын ресімдеу үшін көзделген тәртіпке сәйкес куәландырылған тауар тізбесін қоса есептеледі;
жекелеген тауарлардың экспорты бойынша мәміле паспортында - "мәміле паспортына қосымшаға сәйкес" көрсетіледі.
5) Жекелеген тауарлардың экспорты бойынша мәміле паспортының қосымшасында:
"Тауар атауы" бағанында - келісім-шарт бойынша тауар атауы көрсетіледі;
"Тауар коды" бағанында - Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды көрсетіледі;
"Тізбе бойынша тармақ нөмірі" бағанында - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жекелеген тауарлардың Тізбесінде тиісті тармақтың нөмірі көрсетіледі.
6) "Келісім-шарт бойынша валюта" бағанында "Жүк кеден декларациясын толтыру тәртібі туралы" кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның нұсқаулығы негізінде республиканың кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сай келісім-шарт сомасы белгіленген валюта атауы көрсетіледі.
7) "Келісім-шарт валютасының коды" бағанында "Жүк кеден декларациясын толтыру тәртібі туралы" кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның нұсқаулығы негізінде республиканың кеден органдары қолданатын валютаның цифрлік жіктеушісіне сай келісім-шарт бойынша валюта коды көрсетіледі.
8) "Валюталық ескертпе" бағанында келісім-шарт бойынша валюта бағамының төлем валютасына есептеу тәсілі көрсетіледі ("Келісім-шарт валютасы" және "Төлем валютасы" сәйкес келмеген талабымен толтырылады).
9) "Соңғы күні" бағанында экспорт бойынша осы мәміле паспорты негізінде жасалған келісім-шарт бойынша экспортердің шотына соңғы төлем түскен күні көрсетіледі. "Соңғы күнін" экспортер тауарды жөнелту келісім-шартының талаптары бойынша кедендік ресімдеудің болжамды күніне келісім-шарт талаптарына сәйкес тауарды экспортқа шығару күнінен есептелген экспорттық түсімнің түсу мерзімін қосу арқылы дербес есептейді. Егер Келісім-шартта оның қолданылу мерзімінің аяқталу күні тікелей көрсетілген жағдайда, осы бағанда келісім-шарттың қолданылу мерзімінен кеш болған күн көрсетілмейді.
10) "Төлем валютасы" бағанында "Жүк кеден декларациясын толтыру тәртібі туралы" кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның нұсқаулығы негізінде республиканың кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сай экспортқа шығарылатын тауардың төлемақысы жасалатын валюта атауы көрсетіледі.
11) "Төлем валютасының коды" бағанында "Жүк кеден декларациясын толтыру тәртібі туралы" кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның нұсқаулығы негізінде республиканың кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сай төлем валютасының коды көрсетіледі.
12) "Есеп айырысу нысаны" бағанында келісім-шарт талаптарына сәйкес экспортқа шығарылатын тауар үшін қолданылатын есеп айырысу нысанының коды көрсетіледі (төменде келтірілген жіктеуге сай):
Есеп айырысу нысаны Коды
аванстық төлем
(алдын ала ақы төлеу) 00
төлем мерзімін кейінге қалдыру 01
аккредитив 10
инкассо 20
аудару 30
басқалары 40.
Есеп айырысудың аралас нысаны қолданылуы мүмкін, онда бағанда үш және одан астам код қойылады.
9. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы" бөлімі экспортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын алған кезде былайша толтырылады:
1) "Нөмір" бағанында экспортерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензияның нөмірі көрсетіледі.
2) "Күні" бағанында лицензияда көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің берген күні көрсетіледі.
3) "Мерзімі" бағанында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі лицензиясының қолданылу мерзімі көрсетіледі.
10. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тiркеу куәлiгi" бөлiмi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспортер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігін алған кезде былайша толтырылады:
1) "Нөмір" бағанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экспортерге берген тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетіледі.
2) "Күні" бағанында тіркеу куәлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің берген күні көрсетіледі.
11. "Уәкiлеттi тұлғалардың қолдары" бөлiмi былайша толтырылады:
1) Экспорт жөнiндегi мәміле паспортының үш данасына (лауазымы, аты-жөнi көрсетiле отырып) қол қойылады:
- кеден органы атынан - кеден органының атынан валюта бақылауын жүргiзу жөнiнде мәмiле паспортына қол қоюға және өзге де iс-әрекет жасауға уәкiлеттік берiлген лауазымды адам;
- банк атынан - мәмiле паспортын ресiмдейтiн банктiң жауапты қызметкерi;
- экспортер атынан - экспортер басшысы;
- үшінші тұлға атынан - үшінші тұлғаның басшысы;
Экспорт жөнiндегi мәміле паспортының барлық даналарына кеден органының, банктiң, экспортердің және қажетті жағдайда үшінші тұлғаның мөрлерi қойылады.
12. "Банктiң, кеден органының ерекше белгiлерi" бөлiмiнде:
Мәмiле паспортының бағанында көрсетiлмеген, бiрақ осы нұсқаулықта көзделген, немесе валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң жұмысын жеңiлдететiн мәлiметтер көрсетiледi.";
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
3-1 қосымша
Кеден органының экспорт жөнiндегi
мәміле паспортын тіркеу журналы
(______________________________)
кеден органының атауы, коды

NN | Мәміле паспортын | Экспортердің | Экспорт бойынша
| ресімдеу күні | атауы/аты-жөні | келісім-шарт
| | | деректемелері

1 2 3 4

Ескерту: 1-бағанда саннан кейін нүктемен ноль көрсетілетін мәміле паспортының күрделі нөмірінің төрттен бір бөлігіне сәйкес келетін мәні көрсетіледі
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
4-1 қосымша
Кеден органының импорт жөнiндегi
мәміле паспортын тіркеу журналы
(_____________________________)

NN | Мәміле паспортын | Экспортердің | Импорт бойынша

5-1 қосымша
200__ жылғы __________ айы үшін экспорт мәмiлелері
бойынша тауарлардың (жекелеген тауарлардың) нақты
қозғалысы туралы ақпарат

Уәкі.|Мә. |Мә. |Экс.|КҰЖЖ |Жүк |Жүк |Жө. |Қай.|Ва.|Ва.|Та.|Ше. |Ес.
летті|міле|міле|пор.|коды/|ке. |ке. |нел.|та. |лю.|лю.|уар|тел.|кер.
банк.|пас.|пас.|тер.|Экс. |ден |ден |тіл.|рыл.|та |та |ко.|дік |ту
тің |пор.|пор.|дің |пор. |дек.|дек.|ген |ған |ба.|ко.|ды |әр. |
КҰЖЖ |ты. |тын |ата.|тер. |ла. |ла. |та. |та. |ға.|ды | |іп. |
коды |ның |ре. |уы |дің |ра. |ра. |уар.|уар.|мы | | |тес |
|нө. |сім.| |СТН |ция.|ция.|дың |дың | | | | |
|мірі|деу | | |сы. |сын |құны|құны| | | | |
| |күні| | |ның |ре. | | | | | | |
| | | | |нө. |сім.| | | | | | |
| | | | |мірі|деу | | | | | | |
| | | | | |күні| | | | | | |
__________________________________________________________________";
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
12 қосымша
200__ жылғы __________ айы үшін экспорт
мәмiлелерi бойынша түсiмнiң келiп түсуi
туралы хабарлама

N|Экспортер |РНН|Үшінші|Келісім-шарт| Мәмiле |Импортер| Экспорт
| | |тұлға | |паспорты| |түсімінің
| | | | | | | түскен/
| | | | | | |қайтарылған
| | | | | | | күні

Кестенің жалғасы

Экспорттық түсімнің | Аванс төлемін |Төлем|Келі.|Қайта |ес.
сомасы | қайтару сомасы |валю.|сім- |санау |керту
____________________|____________________|тасы |шарт |бағамы|
Төлем |Келісім-шарт|Төлем |Келісім-шарт|коды |валю.| |
валюта.|валютасымен |валюта.|валютасымен | |тасы | |
сымен | |сымен | | |коды | |

Ескерту: қайта санау бағамы төлем валютасы мен келісім-шарт валютасы сәйкес келмеген жағдайда көрсетіледі. Мұндайда "ескерту" бағанында қайта санау үшін қолданылатын бағам көрсетіледі (рыноктық бағам не келісім-шарт бойынша бағам).
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
13 қосымша
200__ жылғы __________ айы үшін импорт мәмiлелері
бойынша жасалған төлемдер туралы хабарлама

N|Импортер |РНН|Үшінші|Келісім-шарт| Мәмiле |Экспортер|Төлем күні
| | |тұлға | |паспорты| |

Төленген импорт | Аванс төлемін |Төлем|Келі.|Қайта |ес.

Ескерту: қайта санау бағамы төлем валютасы мен келісім-шарт валютасы сәйкес келмеген жағдайда көрсетіледі. Мұндайда "ескерту" бағанында қайта санау үшін қолданылатын бағам көрсетіледі (рыноктық бағам не келісім-шарт бойынша бағам).";
14-қосымшадағы:
кестенің үшінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"___________________________________________________________
Есепті кезеңнің аяғына | 03 | | | |
мәміле паспорттары бойынша | | | | |
резидент еместің резидент | | | | |
алдындағы берешегінің | | | | |
жалпы сомасы | | | | |
__________________________________________________________ ";
мынадай мазмұндағы төртінші жолмен толықтырылсын:

Есепті кезеңнің аяғына | 04 | | | |
мәміле паспорттары бойынша | | | | |
резиденттің резидент | | | | |
еместің алдындағы | | | | |
берешегінің жалпы сомасы | | | | |

кестенің бесінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:

Есепті кезеңде резиденттің | 05 | | | |
нақты алынған/төленген | | | | |
төлемдері | | | | |

кестенің он үшінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:

Есепті кезеңде есептің | 13 | | | |
құжаттамалық нысандары | | | | |
бойынша резиденттің нақты | | | | |
алынған/төленген төлемдері | | | | |

кестенің он төртінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:

Есепті кезеңнің аяғына | 14 | | | |
мәміле паспорттары бойынша | | | | |
резидент еместің резидент | | | | |
алдындағы мерзімі өткен | | | | |
берешек сомасы | | | | |

мынадай мазмұндағы 14-1 қосымшасымен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
14-1 қосымша
200__ жылғы __________ айы үшін
Жекелеген тауарлардың экспорты бойынша экспорттық
валюталық бақылау нәтижелері туралы ақпарат
Банк атауы
мың АҚШ доллары
___________________________________________________________________
Көрсеткіштері | Жол | Экспорт
| коды|___________________
| | Барлығы | Оның
| | | ішінде
| | |теңгемен
| | |төлемдер

Есепті кезеңде ресімделген мәміле
паспорттарының саны (данасы) 01
Есепті кезеңде ресімделген мәміле
паспорттарының жалпы сомасы 02
Есепті кезеңнің аяғына мәміле
паспорттары бойынша резидент еместің
резидент алдындағы берешегінің
жалпы сомасы 03
Есепті кезеңнің аяғына мәміле
паспорттары бойынша резиденттің
резидент еместің алдындағы
берешегінің жалпы сомасы 04
Есепті кезеңде резиденттің
нақты алынған төлемдері 05
1) аванстық төлемдер (алдын ал төлем) 06
олардың ішінде:
Есепті кезеңнің аяғына тауарлар
жеткізілмеген аванстық төлемдер 07
2) тауарды тиегеннен кейінгі төлемдер, 08
олардың ішінде:
өткен есепті кезеңде тауарды
жеткізуге қарсы төлемдер 09
Ағымдағы есепті кезеңде тауарды
жеткізуге қарсы төлемдер 10
3) бұрын аударылған ақшаны қайтару 11
4) өзге түсімдер 12
Есепті кезеңде есептің құжаттамалық
нысандары бойынша резиденттің нақты
алынған төлемдері 13
Есепті кезеңнің аяғына мәміле
паспорттары бойынша резидент еместің
резидент алдындағы мерзімі
өткен берешек сомасы 14
________________________________________________________________ ";
15-қосымшаның 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бөлік. Бірегейлендіру мәліметтері

Ұйымдық-құқықтық|атауы| КҰЖЖ |Аймақ| Заңды |Банктік| Кеден
нысаны | |коды/СТН|коды |мекен-жайы| шот |органының
| | | | |нөмірі | коды

16-қосымшаның 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Ұйымдық-құқықтық|Aтауы| КҰЖЖ |Аймақ| Заңды |Банктік| Кеден

17 және 18-қосымшаларда:
"бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
кестедегі "КҰЖЖ коды/СТН" деген бағанынан кейін "облыс коды"; "Заңды мекен-жайы" және "Төлем жасау түрінің белгісі (қолма-қол/ қолма-қол жасалынбайтын)" деген бағандармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 20-қосымшамен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
20 қосымша
Банк, Кеден органы _______________________________________________
(банктің немесе оның филиалының, кеден органының толық атауы)
20___ жылғы жекелеген тауарлар экспорты бойынша
валюталық бақылаудың\келіп түсетін және жіберілетін
құжаттарын есепке алу журналы
_____________________ басталды
(көрсетілген күнтізбелік жылғы журналдағы бірінші тіркелген құжаттың тіркелген күні көрсетіледі)
________________________ аяқталды:
(көрсетілген күнтізбелік жылғы журналдағы соңғы тіркелген құжаттың тіркелген күні көрсетіледі)
Бланк
1. Құжаттың тәртібі бойынша нөмірі
2. Құжаттың атауы
3. Нөмірі және күні
4. Тауарлар коды (мәмілелер паспорттары және қосымша парақтар үшін)
Келіп түскен
5. Түскен күні
6. Корреспондент
Жіберілген
7. Жіберілген күні
8. Корреспондент
9. Құжатты алған адамның аты-жөні, қолы
Валюталық бақылаудың келіп түскен және жіберілетін құжаттарды есепке алу журналы әр күнтізбелік жылға (бірінші құжат түскен күннен бастап) ашылады. Журнал аяқталғанда банктің бас бухгалтері (банктің журналы), кеден органының лауазымды тұлғасы (кеден органының журналы) қол қояды және архивке сақтауға беріледі. Архивте сақталу мерзімі - журнал аяқталған күннен бастап 10 жыл.";
мынадай редакциядағы 21-қосымшамен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
21 қосымша
Валюта бақылау органдары мен агенттері арасындағы
жекелеген тауарлармен экспорттық мәмілелер бойынша
ақпарат алмасудың уақытша тәртібі
1. Осы уақытша тәртіп осы Нұсқаулықтың 5-1, 14-1-қосымшалары бойынша ақпарат (есеп) беру тәртібін белгілейді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 484 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасына және 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес пысықталған валюталық бақылау жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген күннен бастап қолданылады.
2. Кеден органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-іне дейінгі мерзімде осы Нұсқаулықтың 5-1-қосымшасына сәйкес экспорттық мәмілелер (жекелеген тауарлар бойынша) тауарлардың нақты қозғалысы туралы ақпараттарды қағаз тасымалдағышпен уәкілетті банктерге береді.
3. Уәкілетті банктер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-іне дейін мерзімде осы Нұсқаулықтың 14-1-қосымшасына сәйкес жекелеген тауарлар экспорты бойынша экспорттық валюта бақылау нәтижесі туралы ақпараттарды қағаз және электрондық тасымалдағышпен (Eхсеl форматының файлдарымен) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне береді.".
2. Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықтың 3-1-тарауының талаптарына сәйкес келісім-шарт бойынша мәмілелер паспорты бар және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген тауар экспортын көздейтін экспортерлер осы мәміле паспортын жабуға және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықтың 3-1-тарауында белгіленген тәртіппен жаңа мәміле паспортын ресімдеуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің капитал қозғалысына байланысты операциялар жүргізуге бұрын берген лицензиялары бойынша жоғарыда көрсетілген келісім-шартқа жаңа мәмілелер паспортын ресімдеген кеден органдары жаңа мәмілелер паспортын ресімдеген күннен бастап 10 күн ішінде бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлайды.
Егер келісім-шартта резиденттің тауар экспорты бойынша төлемдерді 365 күннен асатын мерзімде алуы көзделсе, бұрынғы мәміле паспортын жабу және жаңа мәміле паспортын ресімдеу экспортер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті лицензиясын берген кезде жүргізіледі.
3. Осы қаулы күшіне енген күнге дейін кеден органдарында ресімделуі аяқталған баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомаға жасалған экспорт/импорт бойынша мәмілелер паспорты жарамсыз деп танылады және олар жабылғанға дейін Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықта белгіленген тәртіппен бақылауда болады.
4. Осы қаулы:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорт бойынша төлем жасау мерзімі 365 күнтізбелік күнге дейін ұзартылғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын алуды қажет етпейтін жекелеген тауарлар тізбесін бекіту туралы қаулысы қабылданған күннен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықтың 3-1-тарауы, 5-1 және 14-1- қосымшаларын;
2) Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықтың валюталық бақылау бойынша пысықталған бағдарламалық қамтамасыз етуді өнеркәсіптік пайдалануға енгізген күннен бастап бір айдың ішінде қолданысқа енгізілетін 53-тармағының 2) тармақшасына, 54-тармақтың 3) тармақшасына және 58-тармақтың 2) тармақшасына, сондай-ақ 15, 16, 17 және 18-қосымшаларына өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулыны уәкілетті банктерге және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін;
3) осы қаулыны жүзеге асыру мақсатында валюта бақылауы бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтау жөнінде шаралар қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін.
7. Операция басқармасы (Төлеутаева Ә.Қ.) қабылданған шешім туралы ақпаратты жариялауға байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасының бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен төлесін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі төрағасының
2004 жылғы 9 қаңтардағы N 9 бұйрығы
Қазақстан Республикасында валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін реттейтін заңдарды жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кірістер Министрінің "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 10 қазандағы N 1409
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1669 тіркелген, 2001 жылғы 1 желтоқсанда "Казахстанская правда" газетінің N 277-278 және 2001 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" N 267-268 жарияланған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кірістер Министрінің "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 10 қазандағы N 1409 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 17 маусымдағы N 574
бұйрығымен
) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармағында:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне" деген сөздер тиісінше "Кедендік бақылау агенттігі" және "Кедендік бақылау агенттігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі және уәкілетті банктер арасында электрондық түрде экспорт-импорт валюта бақылау жөнінде ақпарат алмасу және есеп беру жүзеге асырылсын.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықта:
барлық мәтін бойынша:
"Қазақстан Республикасының Кіріс министрлігі", "Қазақстан Республикасының Кіріс министрлігінің", "Қазақстан Республикасының Кіріс министрлігі Кеден комитетінің" және "Кеден комитеті" деген сөздер тиісінше "кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган" және "кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
"120" деген сан "180" деген санмен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"күнтізбелік күннен" деген сөздерден кейін "(тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жекелеген тауарлар экспортталған күннен бастап 365 күнтізбелік күннен)" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзац "лицензиясын алу үшін шаралар" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ экспорттық түсімдер алу немесе бұрын экспортталған тауарды қайтару үшін шаралар" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың екінші абзацында:
бірінші сөйлем "үшін шара" деген сөздерден кейін "аванстық төлемдерді қайтару немесе тауарды жеткізу үшін шаралар" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте тауарды негізгі кедендік ресімдеу күні жеткізу күні болып табылады.";
5-тармақта:
"шетел валютасымен және теңгемен" деген сөздердің алдында "мәмілелер паспорттары ресімделетін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Карт-шоттарды пайдалану не банктік шотқа қолма-қол ақша енгізу арқылы мәмілелер паспорты ресімделетін резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша шетел валютасымен және теңгемен төлемдерді және аударымдарды жүзеге асыруға тыйым салынады.";
7-тармақтағы "салық және" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақта:
бірінші абзацтағы "осы Нұсқаулықта" деген сөздер "осы Нұсқаулықтың мақсаты үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"кедендік органдар - уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі аумақтық бөлімшелері, кедендер, белгіленген құзыреті шегінде кедендік постылар;";
үшінші абзацтағы "Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"экспортер - Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге тауарлар сатуға (жеткізуге) келісім-шарт (шарт, келiсiм) жасаған Қазақстан Республикасының резидентi (заңды тұлға, оның филиалы, жеке кәсіпкер);";
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"экспорт жөніндегі журнал - келіп түскен және жіберілген экспорт жөніндегі валюталық бақылау құжаттары үшін банк және сол сияқты кеден органы жүргізетін журнал;";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбе - экспорты бойынша төлем жасауды 365 күнтізбелік күнге дейін кейінге қалдыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы талап етілмейтін жекелеген тауарлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбесі;
экспорт жөніндегі мәмілелердің паспортын тіркеу журналдары - экспорт жөніндегі мәмілелердің паспортына нөмір беру үшін кеден органдары жүргізетін журналдар";
2) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"импортер - тауар сатып алуға және Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелуге келісім-шарт (шарт, келiсiм) жасаған Қазақстан Республикасының резидентi (заңды тұлға, оның филиалы, жеке кәсіпкер);";
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"импорт жөніндегі журнал - келіп түскен және жіберілген импорт жөніндегі валюталық бақылау құжаттары үшін банк және сол сияқты кеден органы жүргізетін журнал;";
импорт жөніндегі мәмілелердің паспортын тіркеу журналдары - импорт жөніндегі мәмілелердің паспортына нөмір беру үшін кеден органдары жүргізетін журналдар";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Келісім-шартқа мәміленің паспортына қосымша парақ ресімдеу немесе мәміленің паспортын жабу талап етілетін өзгеріс және/немесе толықтыру мәміленің паспорты (мәміленің паспортына қосымша парақ) ресімделген немесе мәміленің паспорты жабылған күннен кейін күшіне енеді.";
12-тармақтың бірінші абзацы "даналарына қол қояды" деген сөздерден кейін "және 3-1 және 4-1-қосымшаларының нысандары бойынша мәмілелердің паспортын тіркеу журналында көрсету арқылы мәміленің паспортына нөмір береді және күнін қояды";
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Егер кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес ең жоғары тәуекел санатына жатқызылған экспортердің/импортердің мәміле паспортында (мәміле паспортына қосымша парақта) экспорт бойынша ақы төленгенге дейін немесе импорт бойынша алдын ала ақы төленгенге дейін тауарларды кедендік ресімдеу көзделсе, онда мәміле паспортын (мәміле паспортына қосымша парақты) кеден органында ресімдеу бес күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады. Көрсетілген мерзім ішінде кеден органы экспортерден/импортерден және өзге көздерден экспортер/импортер және мәміле паспорты туралы ақпаратты тексеру мақсатында қажетті құжаттарды және мәліметтерді сұратуға, сондай-ақ кеден және валюта заңдарында көзделген өзге де бақылау нысандарын қолдануға құқылы.
Кеден органы алған ақпараттың және мәміле паспортын (мәміле паспортының қосымша парағын) ресімдеу кезінде ұсынылған ақпараттың арасында айырмашылықтар фактілері анықталған кезде және/немесе экспортер/импортер сұратылған ақпаратты ұсынбаған кезде кеден органы барлық айырмашылықтар реттелгенге дейін мәміле паспортын (мәміле паспортының қосымша парағын) ресімдеуден бас тартуға құқылы.
Экспортерді/импортерді ең жоғары тәуекел санатына жатқызу олардың экспорт және импорт мәмілелерін жүзеге асыру құқығын шектеу үшін негіз болып табылуы мүмкін.";
23-тармақтағы "тараптардың біреуі келісім-шарт бойынша міндеттемелерді нақты орындаған күннен бастап 120 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде ақшаның түсуін немесе ақша аударуды не тауардың түсуін немесе тауардың тиелуін" деген сөздер "180 күнтізбелік күннен асатын мерзімдерде есеп айырысуды жүзеге асыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Егер мәмілені орындау барысында экспортер/импортер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын және/немесе тіркеу куәлігін алса, онда ол мәміле паспортына қосымша парақты ресімдеумен бір мезгілде лицензиясының және/немесе тіркеу куәлігінің түпнұсқасын және көшірмесін кеден органына және уәкілетті банкке ұсынуға міндетті. Лицензияның және/немесе тіркеу куәлігінің көшірмесі кеден органында және уәкілетті банкте қалады.
Егер осы Нұсқаулыққа сәйкес мәміле паспортына қосымша парақ ресімдеу талап етілмеген жағдайда, кеден органы және уәкілетті банк мәміле паспортының өз даналарының "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" тарауына және экспортердің/импортердің данасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясының және/немесе тіркеу куәлігінің болуы және деректемелері туралы белгі енгізеді.";
27-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Экспорт/импорт жөніндегі досьеде валюталық бақылау құжаттарымен қатар резидентті мемлекеттік тіркеу немесе есепке алып тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, заңды тұлға экспортердің/импортердің жарғысының немесе оның филиалы туралы ереженің көшірмесі, жеке тұлға экспортердің/импортердің жеке куәлігінің көшірмесі, мәміле паспортын ресімдейтін тұлғаға берілген сенімхат болуы тиіс. Көрсетілген құжаттарға өзгерістер енгізілген жағдайларды қоспағанда, өзге де мәміле паспорттарын ресімдеу үшін осы құжаттарды бір кеден органына қайтадан ұсыну талап етілмейді.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
"3-1. Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспортын ресімдеудің ерекшеліктері
28-1. Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспорты (бұдан әрі - жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспорты) осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып осы Нұсқаулықтың 3, 9-тарауларында және 1-қосымшасында белгіленген нысанда және тәртіппен ресімделеді.
Жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспортымен бір мезгілде экспорт жөніндегі мәміле паспортын ресімдеу және қол қою үшін белгіленген тәртіппен ресімделетін, экспортер, кеден органының лауазымды тұлғасы, банктің жауапты қызметкері қол қоятын экспортталатын тауарлар тізімі жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспортының ажырамас қосымшасы болып табылады.
Егер жекелеген тауардың экспортына тауарлардың кедендік құнына кіретін қызметтер көрсетілсе, онда оларға осы тараудың нормалары қолданылады.
28-2. Жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі келісім-шартта Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген тауарлардың ғана экспорты көзделуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі келісім-шартта осы Нұсқаулықта белгіленген өзге талаптармен қатар:
1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге сай нақтылау дәрежесімен бірегейлендіруге мүмкіндік беретін толық ерекше нұсқамасы;
2) жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспорты (мәміле паспортына қосымша парақ) ресімделгеннен кейін келісім-шартты (келісім-шартқа қосымша келісімдерді) күшіне енгізу талаптары көзделуі тиіс.
28-3. Жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі келісім-шарттың осы Нұсқаулықтың 16 және 28-2-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеуі кеден органы және/немесе банк үшін жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспортына қол қоюдан бас тарту үшін негіз болып табылады.
28-4. Егер осы Нұсқаулықтың 3 және 9-тарауларының талаптарына сәйкес келетін келісім-шарт осы Нұсқаулықтың 28-2-тармағына сәйкес келмесе экспортер тауарлар экспортталған күннен бастап 180 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында белгіленген өзге мерзімде түсімді қайтару режимін қолдана отырып жалпы негіздермен мәміле паспортын ресімдеуге құқылы.
28-5. Мәміленің паспорты ресімделген күннен бастап бір ай ішінде келісім-шарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін міндетті түрде ұсына отырып жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспортын ресімдеуге келісім-шарттың факсимильдік көшірмесін ұсынуға рұқсат етіледі. Экспортер келісім-шарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін ұсынғаннан кейін кеден органының/банктің лауазымды/жауапты тұлғасы жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі мәміле паспортын ресімдеу кезінде бұрын қабылданған факсимальдік көшірмемен салыстыруды жүзеге асырады және олар сәйкес келген жағдайда келісім-шарттың факсимальдік көшірмесін "көшірме дұрыс" жазбамен және нөмірлі жеке мөрмен куәландырады.
Түпнұсқа мәтіні және оның факсимальдік көшірмесімен сәйкес келмеген жағдайда кеден орган/банк осы факт бойынша ақпаратты құқық қорғау органдарына жібереді.
28-6. Кеден органының лауазымды тұлғасы осы Нұсқаулықта белгіленген кеден органында мәміле паспортын ресімдеу рәсімдеріне қосымша ретінде экспортталатын тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодтарының ерекше нұсқамасында дұрыс көрсетілуін, олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге сәйкестігін тексереді.
28-7. Егер ресімделетін экспорт мәмілесінде жекелеген тауарлар экспортталған күннен бастап 365 күннен асатын мерзімде экспорттық түсімнің түсуі көзделген жағдайда, экспортер мәміле паспорты ресімделгенге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті лицензиясын алуға міндетті, оның көшірмесі мәміле паспортының міндетті қосымшасы болып табылады.
Мұндай жағдайларда кеден органы тиісті өтінішті және келісім-шарт ұсынылған (ескертулер жойылған) күннен бастап бес күндік мерзімде лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну үшін экспортерге келісім-шарттың және онда көзделген экспортталатын тауарлар тізбесінің осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігі туралы анықтама және жекелеген тауарлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбесін береді. Анықтамаға кеден органының басшысы (басшысының орынбасары) қол қоюы тиіс.
28-8. Кеден органдары және уәкілетті банктер осы Нұсқаулықтың 20-қосымшасында белгіленген нысан бойынша жекелеген тауарлардың экспорты жөніндегі жекелеген журналдарды жүргізеді.
28-9. Егер нақты экспортталатын тауар жекелеген тауарларды экспорттау жөніндегі мәміленің паспортында көрсетілгенге және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбесіне сәйкес келмесе, кеден органы экспортталатын тауарды кедендік ресімдеуден бас тартады.
28-10. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеден тауарлар тобы (бұдан әрі - алынып тасталған тауарлар) алынып тасталған жағдайда жекелеген тауарлар бойынша мәміле паспортын ресімдеуші экспортер алынып тасталған тауарлар экспортын көздейтін келіcім-шартта Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге өзгерістерді жариялағаннан кейін, олар күшіне енгенге дейін кеден органына және уәкілетті банкке мәміле паспорты бойынша бұдан әрі валюталық бақылауды жүзеге асырудың мынадай нұсқаларының біреуін таңдап алып, мәміле паспортына қосымша парақ ресімдеу үшін өтініш жасайды:
1) "А" нұсқасы - экспортер мәміле паспорты бойынша барлық операцияларды бұрынғы режиммен (алынып тасталған тауарлардың бұдан әрі экспортын қоса алғанда) мәміле паспортының және келісім-шарттың жалпы сомасын өсірмей, тауарларды жеткізу мерзімін ұзартпай (келісім-шартта тауарлардың соңғы тобын жеткізу мерзімі көзделмесе, оның орнына мәміле паспортында көрсетілген соңғы күн қабылданады) және экспортталатын тауарлар тізбесін өзгертпей аяқтайды. Бұл жағдайда мәміле паспортына қосымша парақта "Ерекше белгілер" бөлімінде: "А" нұсқасы бойынша бақылау", шығарылған тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодтары, тауарлар экспортының соңғы мерзімі - ________ көрсетіледі";
2) "В" нұсқасы - экспортер белгіленген мерзімде бұрын экспортталған алынып тасталған тауарлар үшін есеп айырысуды аяқтағанда шаралар қабылдауға және келісім-шартқа осы келісім-шарт бойынша алынып тасталған тауарлар экспортын тоқтатуды көздейтін өзгерістер енгізуге міндетті. Мұндайда мәміле паспорты бойынша қалған операциялар бұрынғы режиммен жүргізіледі. Бұл жағдайда мәміле паспортына қосымша парақта "Ерекше белгілер" бөлімінде: "Б" нұсқасы бойынша бақылау", шығарылған тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодтары, алынып тасталған тауарлар экспорты үшін соңғы төлем күні - ________ көрсетіледі".";
30-тармақта:
екінші абзацта:
"экспортердің/импортердің банктік есепшотына" деген сөздер "ішкі банктік шотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
"оған" деген сөз "экспортерге/импортерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі банктік шотқа түскен және ол бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын/тіркеу куәлігін алу немесе бенефициар-экспортердің/импортердің валюта заңдарында көзделген қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну бойынша өзге де іс-әрекеттерді орындауын талап ететін нақты мәміле паспорты бойынша бірегейлендірілген ақша олар барлық қажетті іс-әрекеттерді орындағаннан кейін экспортердің/импортердің шотына есептеледі.";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егер 180 күнтізбелік күн ішінде түскен ақша нақты мәміле паспорты бойынша бірегейлендірілмесе немесе экспортер/импортер валюта заңдарында көзделген қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну бойынша өзге де іс-әрекеттерді орындамаса уәкілетті банк мұндай нұсқауды жіберушіге орындамай қайтаруға міндетті.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Келісім-шарт валютасы мен мәміле паспорты бойынша төлем валютасы сәйкес келмеген кезде есеп айырысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлем күнгі айқындалған рыноктық валюта айырбастау бағамы, не төлем күнгі көрсетілген бағамдар негізінде кросс-бағам арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалған рыноктық валюта айырбастау бағамымен немесе көрсетілген бағамдар негізінде есептелген кросс-бағамдардың, не осы тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кеден органына хабарлаған бағаммен 5 проценттен аспайтын шектегі айырмашылыққа жол беріледі.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рыноктық валюта айырбастау бағамы айқындалмайтын валютамен келісім-шарт жасалған жағдайда қайта есептеу экспортерге/импортерге уәкілетті банк хабарлайтын "REUTERS" ақпараттық агенттігі арналары бойынша алынған төлем жасау күнгі осы валютаның АҚШ долларына ағымдағы рыноктық бағамы бойынша (сұраныс белгілеу) жүзеге асырылады. Осыдан кейін теңгемен қайта есептеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалған теңгенің АҚШ долларына рыноктық бағамы бойынша жүзеге асырылады.
Даулы жағдайларда, кеден органы ұсынылған есептеуді негізсіз деп таныған кезде кеден органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес валюта айырбастаудың рыноктық бағамы айқындалатын кез келген валюта бағамына төлем жасау күнгі осы валютаның нақты рыноктық бағамы туралы ақпарат ұсынуын сұрап жазбаша өтініш жібереді. Кеден органы алынған ақпарат негізінде экспорт бойынша төлем валютасымен нақты түскен соманы немесе импорт бойынша нақты түскен тауарды шетелдік валютаның теңгеге кросс-бағамы арқылы қайта санайды, бұл туралы экспортерге/импортерге жазбаша хабарлайды және экспорт/импорт бойынша досьеге тиісті белгі жасайды.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Егер мәміле паспорты бойынша төлем валютасы нақты төлем валютасымен сәйкес келмесе, уәкілетті банк экспортердің/импортердің банктік шотына ақша есептелгенге дейін экспортермен/импортермен келісілген бағам бойынша келісім-шарттың талаптарында көзделген валютамен түскен ақшаны оның келісімімен айырбастауға құқылы.
Экспортер/импортер аталған айырбастау жүргізуден бас тартқан жағдайда экспортер/импортер экспорт/импорт бойынша мәміле паспортына қосымша парақты ресімдеуге және қажетті түсіндірулермен бірге жаңа төлем валютасына келісім-шарт валютасы бағамның есебін кеден органына ұсынуға міндетті. Кеден органы келісім-шарт талаптарына сәйкес болуы және осы Нұсқаулықтың 31-тармағының талаптарын ескере отырып есептеуге пайдаланылған бағамның шынайылығын тексереді, есептеуді негізді деп таныған жағдайда келісім-шарт валютасымен ақшаның/тауардың түсуін/қайтарылуын есепке алады.";
36-тармақтағы "экспортерге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолдануға, сондай-ақ салық органдарына," деген сөздер алынып тасталсын;
37-тармақтағы "импортерге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолдануға, сондай-ақ салық органдарына," деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:
"44-1. Экспортер/импортер мәміле паспортында көрсетілген өзінің мекен-жайын өзгерткен жағдайда (экспортер/импортер тіркелген әрекет ету аймағындағы кеден органын өзгерткен жағдайды қоспағанда) экспортер/импортер жаңа мекен-жайын көрсете отырып және растайтын құжаттарды қоса беру арқылы (мемлекеттік немесе есепке алу үшін тіркеу туралы куәлік) мәміле паспортына қосымша парақты кеден органына ресімдеуге ұсынады.
Егер мекен-жайды өзгерту кеден органының өзгеруіне әкеліп соқтырса, мәміле паспорты жабылуға тиісті. Жаңа мәміле паспорты мекен-жайдың өзгергенін ескере отырып, осы Нұсқаулықтың 44-тармағында көзделген тәртіппен ресімделеді.";
46-тармақтың үшінші сөйлемі "кеден органы салыстырып тексеру актісі негізінде" деген сөздерден кейін "он күннің ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
47-тармақта:
1) тармақшасындағы ";" деген белгі "." деген белгімен ауыстырылсын және мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер бұл экспорттық немесе импорттық шарт талаптарында не халықаралық шарттарға (конвенцияларға) сай іскерлік айналымдағы дәстүрлерінде көзделген жағдайларда экспорт түсімін ұсталған комиссия сомасына азайтуға немесе импорт бойынша төлемдерді ұсталатын комиссиялар сомасына ұлғайтуға жол беріледі."
2) тармақшасы "міндеттемелерін экспортталған/импортталған" деген сөздердің алдына "осы Нұсқаулықтың 9-1 тармағының талаптарын сақтағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшасындағы ";" деген белгі "." деген белгімен ауыстырылсын және мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Мұндайда ақшаны қайтарған жағдайда мәміле паспортын қайтадан ашу талап етілмейді;";
49-тармақта:
"Валюталық бақылау органының шағым-талабымен сот шешімі" деген сөздер "Уәкілетті орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде шешім немесе қылмыстық іс бойынша шешім" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Экспортердің/импортердің мемлекеттік тіркеу орнында жоқ болуы кеден органдары әділет органдарынан (тіркелген тұрғылықты орны туралы), салық органдарынан (жұмыс істемеуі туралы), адрестік бюродан (экспортердің/импортердің басшыларының және құрылтайшыларының тұрғылықты жері туралы) сұрататын құжаттармен және кеден органдары қызметкерлерінің экспортердің/импортердің, оның басшылары мен құрылтайшыларының тұрғылықты жерде жоқ екені туралы актілерімен расталуы тиіс.
Кеден органдары бөлек есепке жатқызылған мәмілелер паспорттары бойынша экспортерден/импортерден тоқсан сайын берешек сомасын өтеу үшін шара қабылдау туралы ақпарат сұратады немесе жоғарыда көрсетілген тәртіппен экспортердің/импортердің тұрғылықты жерін анықтайды.";
мынадай мазмұндағы 51-1 тармақпен толықтырылсын:
"51-1. Жабық мәмілелер паспорттары бойынша досьеге/іске оны жабу негіздемесін көрсете отырып мәміле паспортын жабу туралы кеден органының хабарламасы және уәкілетті банктің мәміле паспортын жабуға келісімі туралы хаты тігіледі. Экспорт/импорт бойынша осы досье/іс мәміле паспорты жабылғаннан кейін 5 жыл ішінде кеден органында және уәкілетті банкте сақталады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін жабылған мәмілелер паспорты белгіленген тәртіппен жойылуға жатады.";
53-тармақта:
2) тармақша "N 5" деген саннан кейін ", 5-1" деген сандармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) егер бір резидент емеспен келісім-шарт бойынша төлемдердің жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асатын болса, он мың АҚШ доллары баламасына дейінгі экспорттық-импорттық келісім-шарттарды олар бөліскен жағдайда экспортерден/импортерден мәмілелер паспортын ресімдеуді талап етуге құқылы.";
54-тармақта:
1) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақша "N 5" деген саннан кейін ", 5-1" деген сандармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) өзгерістердің енгізілуіне қарай, бірақ жылына кем дегенде бір рет келісілген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне олардың атауларын, мекен-жайларын және кодтарын, сондай-ақ көрсетілген анықтамаға кез келген өзгерістерді көрсете отырып өзгерістер енгізілген күннен бастап бір ай ішінде кеден органдарының анықтамасын жібереді;
6) егер бір резидент емеспен келісім-шарт бойынша тауар жеткізудің жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асатын болса, он мың АҚШ доллары баламасына дейінгі экспорттық-импорттық келісім-шарттарды олар бөліскен жағдайда экспортерден/импортерден мәмілелер паспорттарын ресімдеуді талап етуге құқылы.";
мынадай мазмұндағы 54-1 тармақпен толықтырылсын:
"54-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган экспортерлер/импортерлер жіберген валюта заңдарын бұзу жөніндегі ақпарат алмасуды келісілген тәртіппен жүзеге асырады."
56-тармақтағы, 58-тармақтың 3) тармақшасындағы, 63-тармақтың 5) тармақшасындағы, 64-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
57-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Уәкілетті органның экспортерлердің/импортерлердің мәмілелер паспорттары бойынша барлық түскен/аударылған ақша сомасы туралы уәкілетті банктің ай сайынғы хабарламаларында айырма анықталған жағдайда кеден органы уәкілетті банктен нақты мәміле паспорты бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтер сұратуға құқылы.";
58-тармақтың 2) тармақшасы "N 14" деген саннан кейін ", 14-1" деген сандармен толықтырылсын;
68-тармақ "оларды ашуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң лицензиясы болған жағдайда" деген сөздерден кейін "(банктерден басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
69-тармақ алынып тасталсын;
71-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Импорттық келісім-шартқа ақы төлеуді резидент емес үшінші тұлғадан резидент алатын және басқа тұлғаның шотына есептеуді көздейтін кредиттің есебіне резидент емес үшінші тұлға жүргізсе, онда мәміле паспортының "Банк деректемелері" бөлімінде кредитті өтеу жүргізілетін уәкілетті банктің деректемелері көрсетіледі және "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде деректемелер және кредит шартының сомасы көрсетіледі. Мұндай жағдайларда резидент емес кредитті өтегенге дейін немесе борышты кешіргенге дейін мәміле паспорты жабылмайды.
Импорттық келісім-шартқа ақы төлеу резидент еместің резидент алдындағы басқа мәміле паспорты бойынша берешек есебіне резидент емес үшінші тұлға жүргізсе, онда мәміле паспортының "Банк деректемелері" бөлімінде басқа мәміле паспорты ресімделген уәкілетті банктің деректемелері көрсетіледі және "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде басқа мәміле паспорты деректемелері және есептелетін берешек сомасы көрсетіледі.";
Мұндайда банк сұратуға құқылы, ал импортер банктің сұратуы бойынша үшінші тұлға-резидент еместен алынған кредит бойынша жүргізілген төлемдер мен аударымдар туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.";
мынадай мазмұндағы 71-2-тармақпен толықтырылсын:
"71-2. Экспорттық келісім-шартқа резидент үшінші тұлға ақы төлеу мынадай жағдайларда болуы ықтимал:
1) экспортердің есебіне ұлттық валюта есептеу арқылы резидент үшінші тұлғаның резидент емеске кредит беруі;
2) экспортердің үшінші тұлғаға - резидентке резидент емес әріптеске талап қою құқығын беруі;
3) экспортердің резидент емес әріптеске және резидент емес әріптестің резидент үшінші тұлғаға талабын есептеу.
Мәміле паспортын (мәміле паспортына қосымша парақты) осы Нұсқаулықтың 71 және 71-1-тармақтарында белгіленген тәртіппен экспортер ресімдейді.
Мұндайда мәміле паспорты жабылмайды және резидент еместің үшінші тұлғаға ақша қайтаруын экспортер банк және үшінші тұлғаның банкі жүзеге асырады. Үшінші тұлғаның банкі экспортер банкке резидент еместің үшінші тұлғаға ақша қайтаруы туралы хабарлайды.";
мынадай мазмұндағы 72-2-тармақпен толықтырылсын:
"72-2. Экспорттық келісім-шартқа резидент емес үшінші тұлға ақы төлеу кезінде оны мәміле паспортында көрсету не мәміле паспортына қосымша парақ ресімдеу талап етілмейді. Егер бұл төлем құжатында тікелей көрсетілмесе, экспортер уәкілетті банкке резидент әріптестің келісім-шартқа ақы төлегенін резидент емес үшінші тұлға растаған құжатты ұсынады (келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар, резидент емес әріптеспен хат жазысу және басқалар).".
мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:
"75-1. Экспортер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан өз филиалдарының мекен-жайына кейін сату мақсатымен тауар жеткізген жағдайда тауарды түпкілікті сатып алушы белгісіз болған кезде мәміле паспорты мынадай ерекшеліктермен толтырылады:
1) кеден органында мәміле паспортын ресімдеу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан экспортердің филиалына тауар сатуды жүзеге асыруға тапсырма не филиалдың тауар сату жөніндегі өкілеттігін растайтын өзге де құжат ұсынылады;
2) "Шетелдік сатып алушының деректемелері" бөлімі толтырылмайды;
3) "Келісім-шарттың деректемелері мен талаптары" бөлімінде "Нөмірі" және "Күні" бағандары толтырылмайды, келісім-шарт сомасы кеден органының келісімі бойынша, тауар экспортының болжамды көлемін және экспортталатын тауар бағасының есебін негізге ала отырып шамамен айқындалады;
4) "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде экспортердің филиалының мекен-жайына тауар жеткізілетіні көрсетіледі;
5) бөлшек сауда жүйесі арқылы халықтың тұтынуына арналған тауарды экспортердің филиалы сатқан жағдайда, "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде тиісті белгі қойылады, кеден органы мен уәкілетті банкке шетелде шот ашуға көшірмесі мәміле паспортының ажырамас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын ұсынады.
Қазақстан Республикасында тауарды кедендік ресімдегеннен кейін 150 күн ішінде, бірақ экспорттық түсім түскеннен кешіктірмей, экспортер кеден органы мен уәкілетті банкке экспортталған тауарды сатуға келісім-шарт ұсынады. Халықтың тұтынуына арналған және бөлшек сауда жүйесі арқылы сатылатын экспортталған тауарларды сатуға келісім-шарт ұсынылмайды.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан экспортердің филиалы арқылы сатылатын тауарлардың экспортына ақы төлеуге түсімді экспортер алуға тиіс және тауар экспорты күнінен бастап (Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеу) 180 күн ішінде немесе капитал қозғалысына байланысты операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында өзге мерзім белгіленбесе, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жекелеген тауар экспорты күнінен бастап (Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеу) 365 күн ішінде уәкілетті банктегі оның шотына толық көлемде есепке алынады, ал экспорттық түсім алу мүмкін болмаған жағдайда - бұрын экспортталған тауарды көрсетілген мерзімде қайтарады.;
мынадай мазмұндағы 76-1-тармағымен толықтырылсын:
"76-1. Тауар экспортына ақы төлеу резидент экспортері (мәміле бойынша сауда делдалы) және жүк жіберушінің пайдасына аударым аккредитивін пайдалана отырып жүргізілетін болса, онда мәміле паспорты аударым аккредитиві бойынша аударатын банк ретінде экспортерге қызмет көрсететін уәкілетті банкте ресімделеді.
Тауар экспортына ақы төлеуге түсім екі бенефициардың (экспортер мен жүк жіберуші) шоттарына түскен түсім сомалары келісім-шарттың және мәміле паспортының талаптарына сәйкес келсе, толық көлемде түскен болып есептеледі. Мұндайда, экспорттан түсім түскені туралы ақпаратта бірінші бенефициар - экспортер және екінші бенефициар - жүк жіберуші арасында соманы бөлгенге дейін банктің транзиттік шотына аккредитив бойынша түскен барлық сома көрсетіледі.";
77-тармақтың:
1) тармақшасында "тауарды кедендік ресімдеу күнінен бастап" деген сөздер "тауар экспорты күнінен бастап (тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жекелеген тауарлардың экспорты күнінен бастап 365 күнтізбелік күн)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшасында "тауарды жеткізбеу" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағында тауарды кедендік ресімдеуді жүзеге асырмау" деген сөздермен ауыстырылсын;
77-1-тармақта:
1) тармақшадағы "вексель бойынша ақы төлеу" деген сөздер "вексельді алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "жеткізу күні" деген сөздер "импорт күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
"____"_______________ жылғы
11 (12, 31, 32) экспорт нөмірі бойынша мәміле паспорты
Экспортер банктің деректемелері:
Атауы_____________________________________________________________
Филиалы___________________________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН) ________________
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы мемлекеттік жіктеушісінің коды
(бұдан әрі - КҰЖЖ)________________________________________________
Банк (банктің филиалы) коды ______________________________________
Экспортердің деректемелері:
Атауы ____________________________________________________________
КҰЖЖ коды ________________________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________________
Банктік шот нөмірі _______________________________________________
СТН_______________________________________________________________
Салық органының мекен-жайы _______________________________________
Үшінші тұлғаның деректемелері:
Атауы ____________________________________________________________
КҰЖЖ коды _______________________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________________
Банктік шотының нөмірі ___________________________________________
СТН_______________________________________________________________
Салық органының мекен-жайы _______________________________________
Шетелдік сатып алушының деректемелері:
Атауы_____________________________________________________________
Елі ______________________________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________________
Сатып алушы банктің деректемелері ________________________________
Келісім-шарттың деректемелері мен талаптары:
Нөмірі _____________________ Соңғы күні ________________
Күні _______________________ Төлем валютасы ____________
Келісім шарттың сомасы _____ Төлем валютасының коды_____
Тауар ______________________ Есеп айырысу нысаны _______
Келісім-шарт бойынша валюта _____________
Келісім-шарт валютасының коды ____________
Валюталық ескертпе _______________________________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы
Лицензияның нөмірі ____________ Күні _______ Мерзімі ___________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігі
Тіркеу куәлігінің нөмірі _____________ Күні _________________
Уәкілетті тұлғалардың қолдары:
банктен Экспортерден кеден органынан
лауазымы Лауазымы лауазымы
аты-жөні аты-жөні аты-жөні
(қолы) (қолы) (қолы)
мөр орны мөр орны мөр орны
күні____________ күні____________ күні____________
үшінші тұлғадан үшінші тұлғаның банкінен
лауазымы Лауазымы
аты-жөні аты-жөні
(қолы) (қолы)
мөр орны мөр орны
күні____________ күні____________
Банктің, Кеден органының ерекше белгілері
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________ ____200_жылғы 3_/ нөмірлі жекелеген тауарлардың экспорты бойынша мәміле паспортына қосымша
Экспортталатын тауарлардың тізімі
__________________________________________________________________
Реті бойынша| Тауардың атауы | Тауардың коды | Тізбе бойынша
нөмірі | | | тармақтың нөмірі
__________________________________________________________________
1
2
...
__________________________________________________________________
банктен Экспортерден кеден органынан
лауазымы Лауазымы лауазымы
аты-жөні аты-жөні аты-жөні
(қолы) (қолы) (қолы)
мөр орны мөр орны мөр орны
күні____________ күні____________ күні____________
Мәміле паспортын ресімдеу ережесі
1. "Экспорт бойынша мәміле паспорты" - мәміле паспортының төрт бөліктен тұратын, көлбеу сызықпен бөлінген күрделі коды көрсетіледі:
1) бірінші бөлік екі араб санынан тұрады: олардың біріншісі "1" немесе "3", екіншісі "1" немесе "2" болуы мүмкін. Бірінші "1" саны осы экспорт жөніндегі мәміле паспортының тауарлар экспортынан валюта түсімінің түсуін валюталық бақылау үшін арналғанын білдіреді, немесе "3" - осы экспорт жөніндегі мәміле паспортының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге сәйкес жекелеген тауарлар экспортынан валюта түсімінің түсуін валюталық бақылау үшін арналғанын білдіреді. Екінші "1" саны осы мәміле паспорты бойынша ең алдымен алдын ала төлем жасалатынын немесе "2" саны тауардың кедендік ресімделетінін білдіреді;
2) екінші бөлім жүкті кедендік ресімдеуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерде белгіленген кеден органының кодын құрайтын сегіз саннан тұрады;
3) үшінші бөлігі ағымдағы жылдың соңғы үш саны көрсетілетін үш саннан тұрады;
4) төртінші бөлік нүкте қойылған нөл сандарынан тұрады, нүктеден кейін осы экспорт бойынша мәміле паспортының журналға сәйкес реттік нөмірі қойылады (мысалы, 11/00000000/003/0.12 немесе 32/00000000/003/0.15).
2. Кеден органы "экспорт бойынша мәміле паспорты" бағанында оның тиісті экспорт жөніндегі журналдағы "шығыс" бағанында тіркелген күнін көрсетеді (3-қосымша).
3. "Экспортер банкінің деректемелері" тарауы мынадай тәртіппен толтырылады:
1) "Атауы" бағанында оның атынан осы экспорт жөніндегі паспортқа қол қойылған банктің толық атауы көрсетіледі.
2) "Филиалы" бағанында филиалдың толық атауы көрсетіледі, бұл жерде экспортердің бұдан әрі экспорт жөніндегі паспортта "шоттың нөмірі" бағанында көрсетілетін шоты жүргізіледі. Баған егер аталған шот банктің филиалында жүргізілген жағдайда ғана толтырылады.
3) "Мекен-жайы" бағанында экспортердің шотын жүргізетін банктің (немесе егер экспортердің шоты банктің филиалында жүргізілсе, банктің филиалының) почталық толық мекен-жайы көрсетіледі.
4) СТН бағанында Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес экспортердің банкіне (банктің филиалына) берілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
5) "КҰЖЖ коды" бағанында мемлекеттік статистика органы берген экспортер банктің сегіз санды коды не "филиал" бағанында көрсетілген банк филиалының он екі санды коды көрсетіледі.
4. "Экспортердің деректемелері" тарауы мынадай тәртіппен толтырылады:
1) "Атауы" бағанында атынан осы мәміле паспортына қол қойған экспортердің ресми толық атауы көрсетіледі.
2) "КҰЖЖ коды" бағанында мәміле паспортына қол қойған заңды тұлға экспортердің (филиалының) оған мемлекеттік статистика органы берген сегіз (он екі) санды коды көрсетіледі.
3) "Мекен-жайы" бағанында экспорт жөніндегі мәміле паспортына қол қойған экспортердің почталық толық мекен-жайы көрсетіледі.
4) "Банктік шот нөмірі" бағанында экспортердің мәміле паспортына қол қойған банктегі (филиалындағы) банктік шотының нөмірі көрсетіледі, оған осы мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша экспорттық түсім түсуі тиіс.
5) СТН бағанында Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес экспортерге берілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
6) "Салық органының мекен-жайы" бағанында экспортердің тіркелген жері бойынша салық органдарының мекен-жайы көрсетіледі.
5. "Үшінші тұлғаның деректемелері" тарауы резидент төлеушінің үшінші тұлғасының қатысуымен мәміле паспорты (мәміле паспортының қосымша парағы) ресімделген жағдайда "Экспортердің деректемелері" бағанына ұқсас етіп толтырылады.
6. "Экспортердің деректемелері" тарауы мынадай тәртіппен толтырылады:
1) "Атауы" бағанында негізінде осы экспорт жөніндегі мәміле паспорты жасалған келісім-шартта көрсетілген түрдегідей экспортталған тауардың шетелдік сатып алушының атауы көрсетіледі.
2) "Елі" бағанында негізінде осы экспорт жөніндегі мәміле паспорты жасалған келісім-шартқа сәйкес сатып алушы орналасқан елдің атауы көрсетіледі.
3) "Мекен-жайы" бағанында негізінде осы экспорт жөніндегі мәміле паспорты жасалған келісім-шартқа сәйкес шетелдік сатып алушының заңды мекен-жайы көрсетіледі.
4) "Сатып алушы банктің деректемелері" бағанында шетелдік сатып алушыға қызмет көрсететін шетелдік банктің мекен-жайы және деректемелері көрсетіледі.
7. Осы бағанда көрсетілген мәліметтер ресімделген мәміле паспорттары бойынша шетелдік тараптың өзге банктік деректемелері арқылы ақша аудару кезінде төлемді бірегейлендіруден бас тарту үшін негіз болмайды.
8. "Келісім-шарттың деректемелері мен талаптары" тарауы мынадай тәртіппен толтырылады:
1) "Нөмірі" бағанында негізінде осы экспорт жөніндегі мәміле паспорты жасалған келісім-шарттың нөмірі көрсетіледі.
2) "Күні" бағанында келісім-шартқа қол қойылған күн көрсетіледі.
3) "Келісім-шарттың сомасы" бағанында осы келісім-шартқа сәйкес экспортқа жіберілетін тауардың жалпы құны көрсетіледі. Егер келісім-шарт бойынша шамамен берілген баға белгіленген тауарды жеткізу көзделген жағдайда, мәміле паспортында жеткізілімнің белгіленген көлемін шамамен берілген бағаға көбейту арқылы есептелген келісім-шарт сомасы әрі бір мезгілде мәміле паспортының "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлігінде бағалы шамамен берілгендігі және келісім-шарттың нақты сомасы мәміле паспортында көрсетілген сомадан асып кетуі не аз болуы екендігі көрсетіледі.
4) "Тауар" бағанында:
экспорт бойынша әдеттегі мәміле паспортында - келісім-шарт бойынша тауар атауы. Тауардың бірнеше атауы болған жағдайда, олар үтір арқылы не мәміле паспортын ресімдеу үшін көзделген тәртіпке сәйкес куәландырылған тауар тізбесін қоса есептеледі;
жекелеген тауарлардың экспорты бойынша мәміле паспортында - "мәміле паспортына қосымшаға сәйкес" көрсетіледі.
5) Жекелеген тауарлардың экспорты бойынша мәміле паспортының қосымшасында:
"Тауар атауы" бағанында - келісім-шарт бойынша тауар атауы көрсетіледі;
"Тауар коды" бағанында - Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды көрсетіледі;
"Тізбе бойынша тармақ нөмірі" бағанында - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жекелеген тауарлардың Тізбесінде тиісті тармақтың нөмірі көрсетіледі.
6) "Келісім-шарт бойынша валюта" бағанында "Жүк кеден декларациясын толтыру тәртібі туралы" кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның нұсқаулығы негізінде республиканың кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сай келісім-шарт сомасы белгіленген валюта атауы көрсетіледі.
7) "Келісім-шарт валютасының коды" бағанында "Жүк кеден декларациясын толтыру тәртібі туралы" кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның нұсқаулығы негізінде республиканың кеден органдары қолданатын валютаның цифрлік жіктеушісіне сай келісім-шарт бойынша валюта коды көрсетіледі.
8) "Валюталық ескертпе" бағанында келісім-шарт бойынша валюта бағамының төлем валютасына есептеу тәсілі көрсетіледі ("Келісім-шарт валютасы" және "Төлем валютасы" сәйкес келмеген талабымен толтырылады).
9) "Соңғы күні" бағанында экспорт бойынша осы мәміле паспорты негізінде жасалған келісім-шарт бойынша экспортердің шотына соңғы төлем түскен күні көрсетіледі. "Соңғы күнін" экспортер тауарды жөнелту келісім-шартының талаптары бойынша кедендік ресімдеудің болжамды күніне келісім-шарт талаптарына сәйкес тауарды экспортқа шығару күнінен есептелген экспорттық түсімнің түсу мерзімін қосу арқылы дербес есептейді. Егер Келісім-шартта оның қолданылу мерзімінің аяқталу күні тікелей көрсетілген жағдайда, осы бағанда келісім-шарттың қолданылу мерзімінен кеш болған күн көрсетілмейді.
10) "Төлем валютасы" бағанында "Жүк кеден декларациясын толтыру тәртібі туралы" кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның нұсқаулығы негізінде республиканың кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сай экспортқа шығарылатын тауардың төлемақысы жасалатын валюта атауы көрсетіледі.
11) "Төлем валютасының коды" бағанында "Жүк кеден декларациясын толтыру тәртібі туралы" кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның нұсқаулығы негізінде республиканың кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сай төлем валютасының коды көрсетіледі.
12) "Есеп айырысу нысаны" бағанында келісім-шарт талаптарына сәйкес экспортқа шығарылатын тауар үшін қолданылатын есеп айырысу нысанының коды көрсетіледі (төменде келтірілген жіктеуге сай):
Есеп айырысу нысаны Коды
аванстық төлем
(алдын ала ақы төлеу) 00
төлем мерзімін кейінге қалдыру 01
аккредитив 10
инкассо 20
аудару 30
басқалары 40.
Есеп айырысудың аралас нысаны қолданылуы мүмкін, онда бағанда үш және одан астам код қойылады.
9. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы" бөлімі экспортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын алған кезде былайша толтырылады:
1) "Нөмір" бағанында экспортерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензияның нөмірі көрсетіледі.
2) "Күні" бағанында лицензияда көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің берген күні көрсетіледі.
3) "Мерзімі" бағанында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі лицензиясының қолданылу мерзімі көрсетіледі.
10. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тiркеу куәлiгi" бөлiмi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспортер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігін алған кезде былайша толтырылады:
1) "Нөмір" бағанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экспортерге берген тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетіледі.
2) "Күні" бағанында тіркеу куәлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің берген күні көрсетіледі.
11. "Уәкiлеттi тұлғалардың қолдары" бөлiмi былайша толтырылады:
1) Экспорт жөнiндегi мәміле паспортының үш данасына (лауазымы, аты-жөнi көрсетiле отырып) қол қойылады:
- кеден органы атынан - кеден органының атынан валюта бақылауын жүргiзу жөнiнде мәмiле паспортына қол қоюға және өзге де iс-әрекет жасауға уәкiлеттік берiлген лауазымды адам;
- банк атынан - мәмiле паспортын ресiмдейтiн банктiң жауапты қызметкерi;
- экспортер атынан - экспортер басшысы;
- үшінші тұлға атынан - үшінші тұлғаның басшысы;
Экспорт жөнiндегi мәміле паспортының барлық даналарына кеден органының, банктiң, экспортердің және қажетті жағдайда үшінші тұлғаның мөрлерi қойылады.
12. "Банктiң, кеден органының ерекше белгiлерi" бөлiмiнде:
Мәмiле паспортының бағанында көрсетiлмеген, бiрақ осы нұсқаулықта көзделген, немесе валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң жұмысын жеңiлдететiн мәлiметтер көрсетiледi.";
мынадай мазмұндағы 3-1, 4-1 және 5-1 қосымшалармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
3-1 қосымша
Кеден органының экспорт жөнiндегi
мәміле паспортын тіркеу журналы
(______________________________)
кеден органының атауы, коды
__________________________________________________________________
NN | Мәміле паспортын | Экспортердің | Экспорт бойынша
| ресімдеу күні | атауы/аты-жөні | келісім-шарт
| | | деректемелері
__________________________________________________________________
1 2 3 4
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Ескерту: 1-бағанда саннан кейін нүктемен ноль көрсетілетін мәміле паспортының күрделі нөмірінің төрттен бір бөлігіне сәйкес келетін мәні көрсетіледі
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
4-1 қосымша
Кеден органының импорт жөнiндегi
мәміле паспортын тіркеу журналы
(_____________________________)
кеден органының атауы, коды
__________________________________________________________________
NN | Мәміле паспортын | Экспортердің | Импорт бойынша
| ресімдеу күні | атауы/аты-жөні | келісім-шарт
| | | деректемелері
__________________________________________________________________
1 2 3 4
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Ескерту: 1-бағанда саннан кейін нүктемен ноль көрсетілетін мәміле паспортының күрделі нөмірінің төрттен бір бөлігіне сәйкес келетін мәні көрсетіледі
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
5-1 қосымша
200__ жылғы __________ айы үшін экспорт мәмiлелері
бойынша тауарлардың (жекелеген тауарлардың) нақты
қозғалысы туралы ақпарат
__________________________________________________________________
Уәкі.|Мә. |Мә. |Экс.|КҰЖЖ |Жүк |Жүк |Жө. |Қай.|Ва.|Ва.|Та.|Ше. |Ес.
летті|міле|міле|пор.|коды/|ке. |ке. |нел.|та. |лю.|лю.|уар|тел.|кер.
банк.|пас.|пас.|тер.|Экс. |ден |ден |тіл.|рыл.|та |та |ко.|дік |ту
тің |пор.|пор.|дің |пор. |дек.|дек.|ген |ған |ба.|ко.|ды |әр. |
КҰЖЖ |ты. |тын |ата.|тер. |ла. |ла. |та. |та. |ға.|ды | |іп. |
коды |ның |ре. |уы |дің |ра. |ра. |уар.|уар.|мы | | |тес |
|нө. |сім.| |СТН |ция.|ция.|дың |дың | | | | |
|мірі|деу | | |сы. |сын |құны|құны| | | | |
| |күні| | |ның |ре. | | | | | | |
| | | | |нө. |сім.| | | | | | |
| | | | |мірі|деу | | | | | | |
| | | | | |күні| | | | | | |
__________________________________________________________________";
10 және 11-қосымшалардағы "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
12 және 13-қосымшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
12 қосымша
200__ жылғы __________ айы үшін экспорт
мәмiлелерi бойынша түсiмнiң келiп түсуi
туралы хабарлама
__________________________________________________________________
N|Экспортер |РНН|Үшінші|Келісім-шарт| Мәмiле |Импортер| Экспорт
| | |тұлға | |паспорты| |түсімінің
| | | | | | | түскен/
| | | | | | |қайтарылған
| | | | | | | күні
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________
Экспорттық түсімнің | Аванс төлемін |Төлем|Келі.|Қайта |ес.
сомасы | қайтару сомасы |валю.|сім- |санау |керту
____________________|____________________|тасы |шарт |бағамы|
Төлем |Келісім-шарт|Төлем |Келісім-шарт|коды |валю.| |
валюта.|валютасымен |валюта.|валютасымен | |тасы | |
сымен | |сымен | | |коды | |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Ескерту: қайта санау бағамы төлем валютасы мен келісім-шарт валютасы сәйкес келмеген жағдайда көрсетіледі. Мұндайда "ескерту" бағанында қайта санау үшін қолданылатын бағам көрсетіледі (рыноктық бағам не келісім-шарт бойынша бағам).
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
13 қосымша
200__ жылғы __________ айы үшін импорт мәмiлелері
бойынша жасалған төлемдер туралы хабарлама
__________________________________________________________________
N|Импортер |РНН|Үшінші|Келісім-шарт| Мәмiле |Экспортер|Төлем күні
| | |тұлға | |паспорты| |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________
Төленген импорт | Аванс төлемін |Төлем|Келі.|Қайта |ес.
сомасы | қайтару сомасы |валю.|сім- |санау |керту
____________________|____________________|тасы |шарт |бағамы|
Төлем |Келісім-шарт|Төлем |Келісім-шарт|коды |валю.| |
валюта.|валютасымен |валюта.|валютасымен | |тасы | |
сымен | |сымен | | |коды | |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Ескерту: қайта санау бағамы төлем валютасы мен келісім-шарт валютасы сәйкес келмеген жағдайда көрсетіледі. Мұндайда "ескерту" бағанында қайта санау үшін қолданылатын бағам көрсетіледі (рыноктық бағам не келісім-шарт бойынша бағам).";
14-қосымшадағы:
кестенің үшінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"___________________________________________________________
Есепті кезеңнің аяғына | 03 | | | |
мәміле паспорттары бойынша | | | | |
резидент еместің резидент | | | | |
алдындағы берешегінің | | | | |
жалпы сомасы | | | | |
__________________________________________________________ ";
мынадай мазмұндағы төртінші жолмен толықтырылсын:
"___________________________________________________________
Есепті кезеңнің аяғына | 04 | | | |
мәміле паспорттары бойынша | | | | |
резиденттің резидент | | | | |
еместің алдындағы | | | | |
берешегінің жалпы сомасы | | | | |
__________________________________________________________ ";
кестенің бесінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"___________________________________________________________
Есепті кезеңде резиденттің | 05 | | | |
нақты алынған/төленген | | | | |
төлемдері | | | | |
__________________________________________________________ ";
кестенің он үшінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"___________________________________________________________
Есепті кезеңде есептің | 13 | | | |
құжаттамалық нысандары | | | | |
бойынша резиденттің нақты | | | | |
алынған/төленген төлемдері | | | | |
__________________________________________________________ ";
кестенің он төртінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"___________________________________________________________
Есепті кезеңнің аяғына | 14 | | | |
мәміле паспорттары бойынша | | | | |
резидент еместің резидент | | | | |
алдындағы мерзімі өткен | | | | |
берешек сомасы | | | | |
__________________________________________________________ ";
мынадай мазмұндағы 14-1 қосымшасымен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
14-1 қосымша
200__ жылғы __________ айы үшін
Жекелеген тауарлардың экспорты бойынша экспорттық
валюталық бақылау нәтижелері туралы ақпарат
Банк атауы
мың АҚШ доллары
___________________________________________________________________
Көрсеткіштері | Жол | Экспорт
| коды|___________________
| | Барлығы | Оның
| | | ішінде
| | |теңгемен
| | |төлемдер
___________________________________________________________________
Есепті кезеңде ресімделген мәміле
паспорттарының саны (данасы) 01
Есепті кезеңде ресімделген мәміле
паспорттарының жалпы сомасы 02
Есепті кезеңнің аяғына мәміле
паспорттары бойынша резидент еместің
резидент алдындағы берешегінің
жалпы сомасы 03
Есепті кезеңнің аяғына мәміле
паспорттары бойынша резиденттің
резидент еместің алдындағы
берешегінің жалпы сомасы 04
Есепті кезеңде резиденттің
нақты алынған төлемдері 05
1) аванстық төлемдер (алдын ал төлем) 06
олардың ішінде:
Есепті кезеңнің аяғына тауарлар
жеткізілмеген аванстық төлемдер 07
2) тауарды тиегеннен кейінгі төлемдер, 08
олардың ішінде:
өткен есепті кезеңде тауарды
жеткізуге қарсы төлемдер 09
Ағымдағы есепті кезеңде тауарды
жеткізуге қарсы төлемдер 10
3) бұрын аударылған ақшаны қайтару 11
4) өзге түсімдер 12
Есепті кезеңде есептің құжаттамалық
нысандары бойынша резиденттің нақты
алынған төлемдері 13
Есепті кезеңнің аяғына мәміле
паспорттары бойынша резидент еместің
резидент алдындағы мерзімі
өткен берешек сомасы 14
________________________________________________________________ ";
15-қосымшаның 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бөлік. Бірегейлендіру мәліметтері
___________________________________________________________________
Ұйымдық-құқықтық|атауы| КҰЖЖ |Аймақ| Заңды |Банктік| Кеден
нысаны | |коды/СТН|коды |мекен-жайы| шот |органының
| | | | |нөмірі | коды
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________";
16-қосымшаның 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бөлік. Бірегейлендіру мәліметтері
___________________________________________________________________
Ұйымдық-құқықтық|Aтауы| КҰЖЖ |Аймақ| Заңды |Банктік| Кеден
нысаны | |коды/СТН|коды |мекен-жайы| шот |органының
| | | | |нөмірі | коды
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________";
17 және 18-қосымшаларда:
"бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
кестедегі "КҰЖЖ коды/СТН" деген бағанынан кейін "облыс коды"; "Заңды мекен-жайы" және "Төлем жасау түрінің белгісі (қолма-қол/ қолма-қол жасалынбайтын)" деген бағандармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 20-қосымшамен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
20 қосымша
Банк, Кеден органы _______________________________________________
(банктің немесе оның филиалының, кеден органының толық атауы)
20___ жылғы жекелеген тауарлар экспорты бойынша
валюталық бақылаудың\келіп түсетін және жіберілетін
құжаттарын есепке алу журналы
_____________________ басталды
(көрсетілген күнтізбелік жылғы журналдағы бірінші тіркелген құжаттың тіркелген күні көрсетіледі)
________________________ аяқталды:
(көрсетілген күнтізбелік жылғы журналдағы соңғы тіркелген құжаттың тіркелген күні көрсетіледі)
Бланк
1. Құжаттың тәртібі бойынша нөмірі
2. Құжаттың атауы
3. Нөмірі және күні
4. Тауарлар коды (мәмілелер паспорттары және қосымша парақтар үшін)
Келіп түскен
5. Түскен күні
6. Корреспондент
Жіберілген
7. Жіберілген күні
8. Корреспондент
9. Құжатты алған адамның аты-жөні, қолы
Валюталық бақылаудың келіп түскен және жіберілетін құжаттарды есепке алу журналы әр күнтізбелік жылға (бірінші құжат түскен күннен бастап) ашылады. Журнал аяқталғанда банктің бас бухгалтері (банктің журналы), кеден органының лауазымды тұлғасы (кеден органының журналы) қол қояды және архивке сақтауға беріледі. Архивте сақталу мерзімі - журнал аяқталған күннен бастап 10 жыл.";
мынадай редакциядағы 21-қосымшамен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
21 қосымша
Валюта бақылау органдары мен агенттері арасындағы
жекелеген тауарлармен экспорттық мәмілелер бойынша
ақпарат алмасудың уақытша тәртібі
1. Осы уақытша тәртіп осы Нұсқаулықтың 5-1, 14-1-қосымшалары бойынша ақпарат (есеп) беру тәртібін белгілейді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 484 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасына және 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес пысықталған валюталық бақылау жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген күннен бастап қолданылады.
2. Кеден органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-іне дейінгі мерзімде осы Нұсқаулықтың 5-1-қосымшасына сәйкес экспорттық мәмілелер (жекелеген тауарлар бойынша) тауарлардың нақты қозғалысы туралы ақпараттарды қағаз тасымалдағышпен уәкілетті банктерге береді.
3. Уәкілетті банктер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-іне дейін мерзімде осы Нұсқаулықтың 14-1-қосымшасына сәйкес жекелеген тауарлар экспорты бойынша экспорттық валюта бақылау нәтижесі туралы ақпараттарды қағаз және электрондық тасымалдағышпен (Eхсеl форматының файлдарымен) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне береді.".
2. Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықтың 3-1-тарауының талаптарына сәйкес келісім-шарт бойынша мәмілелер паспорты бар және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген тауар экспортын көздейтін экспортерлер осы мәміле паспортын жабуға және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықтың 3-1-тарауында белгіленген тәртіппен жаңа мәміле паспортын ресімдеуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің капитал қозғалысына байланысты операциялар жүргізуге бұрын берген лицензиялары бойынша жоғарыда көрсетілген келісім-шартқа жаңа мәмілелер паспортын ресімдеген кеден органдары жаңа мәмілелер паспортын ресімдеген күннен бастап 10 күн ішінде бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлайды.
Егер келісім-шартта резиденттің тауар экспорты бойынша төлемдерді 365 күннен асатын мерзімде алуы көзделсе, бұрынғы мәміле паспортын жабу және жаңа мәміле паспортын ресімдеу экспортер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті лицензиясын берген кезде жүргізіледі.
3. Осы бұйрық күшіне енген күнге дейін кеден органдарында ресімделуі аяқталған баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомаға жасалған экспорт/импорт бойынша мәмілелер паспорты жарамсыз деп танылады және олар жабылғанға дейін Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықта белгіленген тәртіппен бақылауда болады.
4. Осы бұйрық:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорт бойынша төлем жасау мерзімі 365 күнтізбелік күнге дейін ұзартылғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын алуды қажет етпейтін жекелеген тауарлар тізбесін бекіту туралы қаулысы қабылданған күннен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықтың 3-1-тарауы, 5-1 және 14-1- қосымшаларын;
2) Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықтың валюталық бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен пысықталған бағдарламалық қамтамасыз етуді өнеркәсіптік пайдалануға енгізген күннен бастап бір айдың ішінде қолданысқа енгізілетін 53-тармағының 2) тармақшасына, 54-тармақтың 3) тармақшасына және 58-тармақтың 2) тармақшасына, сондай-ақ 15, 16, 17 және 18-қосымшаларына өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
5. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Ансарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі баспасөз қызметі осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын қамтамасыз етсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының орынбасары С.Ж. Мүлкинге жүктелсін.
8. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға