Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012.02.24 № 42 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру және Қазақстан Республикасында валюталық режимдi одан әрi ырықтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесi (осы қаулының 1-қосымшасы) бекiтiлсiн.
3. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының кеден органдары және екiншi деңгейдегi банктерi 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап қоса алғанда 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңде ресiмделген, 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап ақша не тауар қозғалысы болмаған мәмiле паспорттарын, сондай-ақ 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейiн жеке есепке алуға жатқызылған мәмiле паспорттарын жабуды жүзеге асырсын.
5. Осы қаулы осы қаулының 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi және ресми түрде жариялануға тиiс.
6. Төлем балансы және валюталық реттеу департаментi (Дюгай Н.Н.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, екiншi деңгейдегi банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментiнен (Дюгай Н.Н.) жариялауға өтiнiм алған күннен бастап үш күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығы мен қаржы ұйымдарын
реттеу және қадағалау агенттігі
Төраға
2006 жылғы 21 тамыз
"KEЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгi
Министрi
2006 жылғы 8 қыркүйек
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 17 тамыздағы
N 86 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасында экспорт-импорт
валюта бақылауын жүзеге асыру
ережесі
Ескерту. Ереженің бүкіл мәтіні бойынша "қайтару талабын", "қайтару талабы", "қайтару талабының", "қайтару талаптарының", "қайтару талаптарын" деген сөздер "репатриациялау талабын", "репатриациялау талабы", "репатриациялау талабының", "репатриациялау талаптарының", "репатриациялау талаптарын" деген сөздермен,
"он мың" деген сөздер "елу мың" деген сөздермен,
"валюта түсудің болжанған", "Валюта түсудің болжанған", "валютасының түсуінің болжамды", "валюта түсуінің болжамды", "Валюта түсудің болжамды", "валюта түсудің болжамды" деген сөздер тиісінше "репатриациялау", "Репатриациялау", "репатриациялау", "репатриациялау", "Репатриациялау", "репатриациялау" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" (бұдан әрі - Заң), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру тәртiбiн және резиденттердің шетел және ұлттық валютаны репатриациялау талабын (бұдан әрі - репатриациялау талабы) орындауын қамтамасыз ету мақсатында экспорт және импорт бойынша мәмілелер паспорттарын ресімдеу талаптарын белгiлейдi.
1-тарау. Негізгі ұғымдар және терминдер
1. Ережеде қолданылған ұғымдар Заңда көрсетілген мағыналармен пайдаланылады.
2. Ереженің мақсаты үшін сондай-ақ мынадай терминдер және ұғымдар пайдаланылады:
1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен айқындалған теңгенің шетел валютасына орташа өлшемді биржалық бағамын, сондай-ақ теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына бағамы Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептелген бағамы;
2) валюталық бақылау құжаттары:
жүк кедендік декларациясының көшірмесі;
келісім-шарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімдерінің, талаптарының, сондай-ақ тараптардың өзгерісін растайтын құжаттарды қоса алғанда валюталық шарт;
лицензия, тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік;
Мәміле паспорты, мәміле паспортына қосымша парақ;
мәміле паспорты бойынша салыстырып тексеру актісі;
шетелдік банктердегі шоттардағы ақша қозғалысы жөніндегі үзінді көшірмелерді, келісім-шарттар шеңберінде шетелдік банктердегі шоттардан төлемдерді және (немесе) аударымдарды растайтын және бірегейлендіретін төлем және өзге құжаттарды қоса алғанда келісім-шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттар;
3) кеден органдары - кеден істері мәселелері бойынша уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері, кедендер және кеден постылары;
4) келісім-шарт - тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты немесе импорты көзделген валюталық шарт;
5) лицензия - резиденттің резидент емеске 180 күннен (Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тауарлардың жеке тізбесі бойынша 365 күннен) астам мерзімге коммерциялық кредит беруі үшін Ұлттық Банк 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейін берген лицензия;
6) мәміле паспорты банкі - мәміле паспортын ресімдеген және мәміле бойынша бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті банк (оның филиалы), Ұлттық Банктің аумақтық филиалы (бұдан әрі - филиал);
7) мәміле паспорты бойынша салыстырып тексеру актісі - мәміле паспорты банкі және кеден органы арасында мәміле паспорты бойынша тауарлар қозғалысы бойынша жүргізген салыстырып тексеру нәтижелері бойынша ресімделген акт;
8) мәміле паспорттарын тіркеу журналы - мәміле паспорттарын тіркеу үшін мәміле паспорты банкі жүргізетін журнал;
9) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспортының немесе импортының күні болып:
тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде - жүк кедендік декларациясын шығару және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өткізілетін тауарларды сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік режимдердің бірінде орналастыру күні;
басқа жағдайларда:
тауарлар беруді, жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындауды растайтын құжаттарға қол қойылған (қабылданған) күн;
тауарлар беруді, жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындауды растайтын құжаттар жасауды көздемейтін шарттар бойынша нақты берілген тауарлар, орындалған жұмыстар (қызмет көрсетулер) үшін шот-фактураны, инвойсты ұсыну күні;
тауарлар беруді, жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындауды растайтын құжаттарға қол қоюды (қабылдауды) және нақты берілген тауарлар, орындалған жұмыстар (қызмет көрсетулер) үшін шот-фактура, инвойс ұсынуды көздемейтін шарттың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындаудың басталған күні саналады;
10) экспортер немесе импортер - келісім-шарт жасаған не резидент емеске келісім-шарт бойынша талап ету құқығы өткен Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлға, оның филиалы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке кәсіпкер).
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
2-1. Шет тіліндегі құжаттардың көшірмелері экспортердің немесе импортердің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталып, уәкілетті банктің немесе Ұлттық Банктің филиалының талап етуі бойынша экспортер немесе импортер сол тәртіппен растаған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен қоса ұсынылады.
Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
2-тарау. Экспорт-импорт валюта бақылау рәсімдері
3. Уәкілетті банктер, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдары Ереженің 20-тармағының 1)-5), 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, елу мың АҚШ доллары баламасынан жоғары сомаға келісім-шарттар бойынша репатриациялау талабын орындауға бақылауды жүзеге асырады.
Егер келісім-шарт АҚШ долларынан өзгеше валютада көрсетілсе және келісім-шартта АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамына нұсқау көрсетілмесе, келісім-шарт сомасының АҚШ долларындағы баламасын анықтау үшін қайта санау келісім-шарт жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Егер келісім-шарт АҚШ долларынан өзгеше валютада көрсетілсе, орындалмаған міндеттемелер сомасы келісім-шарт валютасында оны кейіннен келісім-шарт бойынша репатриациялау мерзімі аяқталатын айдың соңғы күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып АҚШ долларымен қайта санау арқылы есептеледі.
Егер келісім-шарт міндеттемелерді орындау валютасынан өзгеше валютада көрсетілсе, валюталық келісу болмаған кезде орындалған міндеттемелер сомасын келісім-шарт валютасында айқындау міндеттемелерді орындау күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
4. Экспортер немесе импортер уәкілетті банктердің, сондай-ақ Ұлттық Банк филиалдарының талап етуі бойынша олардың репатриациялау талабының орындалуын бақылау мақсатында мәміле паспортын ресімдеу талап етілетін келісім-шарттар бойынша - мәміле паспортында немесе оған қосымша парақта, мәміле паспортын ресімдеу талап етілмейтін келісім-шарттар бойынша - еркін нысандағы өтініште:
1) экспорт күні және экспорт бойынша келісім-шартқа ақы төлеу үшін валюта түскен күн;
2) төлем және (немесе) ақша аудару күні және импорт бойынша келісім-шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына импортер аударған валютаны қайтару күні, резидент емес міндеттемелерді орындамаған (және немесе) толық орындамаған жағдайда (бұдан әрі - пайдаланылмаған авансты қайтару) не келісім-шартта пайдаланылмаған авансты қайтарудың осындай мерзімдері болмаған жағдайда импорт күні арасындағы болжанған уақыт кезеңін (күн, жыл санын) көрсетеді.
Аталған уақыт кезеңін (бұдан әрі - репатриациялау күні) экспортер немесе импортер тараптардың келісім-шарт бойынша міндеттемелерін орындау талаптарын негізге алып, осы Ереженің талаптарын есеп ала отырып есептейді.
Егер келісім-шарт шеңберінде резидент еместің тауарды жеткізу немесе ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындаудың әртүрлі талаптары бар тауардың бірден көп тобының (жұмысты немесе қызметті орындаудың бірден көп кезеңінің) экспорты немесе импорты көзделсе, онда репатриациялау мерзімі ретінде тауардың жекелеген топтары (жұмысты немесе қызметті орындаудың кезеңдері) бойынша валюта түсудің барлық мерзімінің ең жоғарысы қабылданады.
Мәміле паспортын ресімдеу талап етілмейтін келісім-шарттар бойынша экспортердің немесе импортердің репатриациялау мерзімі көрсетілген өтініші болмаған жағдайда аталған мерзім 180 күнтізбелік күнге тең болып қабылданады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
4-1. Репатриациялау мерзімі мәміле паспортына қосымша парақта немесе мәміле паспортын ресімдеу талап етілмейтін келісім-шарттар бойынша жаңа өтініште мынадай жағдайларда жаңа мерзімді көрсету арқылы өзгертіледі:
1) егер мәміле паспортында көрсетілген репатриациялау мерзімін экспортер немесе импортер келісім-шарттың талаптарына сәйкес келмейтіндей және (немесе) осы Ереженің нормаларын ескерместен есептесе;
2) келісім-шарт бойынша резидент еместің міндеттемелерін орындау мерзімдеріне және талаптарына әсер ететін жағдайлардың басталуын растайтын мынадай құжаттар болса:
келісім-шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар;
сот немесе өзге мемлекеттік органның, төрелік соттың шешімі;
дүлей күш жағдайларының туындауын растайтын құжаттар.
Дүлей күш жағдайлары туындаған немесе сот немесе өзге мемлекеттік органның, төрелік соттың шешімінде келісім-шарт бойынша резидент еместің міндеттемелерін орындау мерзімдері болмаған кезде репатриациялау мерзімі үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28 N 93 Қаулысымен.
5. Экспортер немесе импортер келісім-шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімдері мен талаптарына әсер ететін жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті банкке немесе Ұлттық Банктің филиалына (Ұлттық Банктің филиалында ресімделген мәмілелер паспорты бойынша) растайтын құжаттарды ұсынады.
Құжаттар олар бар болған кезде резидент еместің экспортер немесе импортер алдындағы орындалмаған міндеттемелерінің сомасы баламасы елу мың АҚШ долларынан асқан репатриациялау мерзімі аяқталатын айдың соңғы күнінен кешіктірмей ұсынылады.
Вексель бойынша төлем алған кезде немесе вексель бойынша талаптар құқықтарын үшінші тұлғаға өткізу кезінде растау құжаттарын экспортер немесе импортер вексель бойынша төлем немесе вексель бойынша талаптар құқықтарын өткізу күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде ұсынады.
Келісім-шарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын резидент емес үшінші тұлға (тұлғалар) жүзеге асырған кезде импортер мәміле паспорты банкіне резидент емес үшінші тұлғаның атауын немесе аты-жөнін, тұратын елін, төлемнің күнін, сомасы мен валютасын көрсете отырып, осы төлемдер бойынша ақпаратты төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүргізілген күннен бастап 180 күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28 N 93, өзгерту енгізілді - 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) Қаулыларымен.
5-1. Ереженің 5-тармағына сәйкес құжаттар ұсынылмаған кезде уәкілетті банк Ереженің 44-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдай басталған айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей экспортердің немесе импортердің атына келісім-шарт бойынша резидент еместің міндеттемелерінің немесе келісім-шарт бойынша резидент еместің міндеттемелерін орындау мерзімдері мен талаптарына әсер ететін жағдайлардың орындалғанын растайтын құжаттар ұсынуы туралы сұрату (жазбаша нысанда не электрондық цифрлы қолтаңбаны пайдалана отырып) жібереді.
Ұлттық Банктің филиалы уәкілетті банк Ереженің 44-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жіберген ақпарат, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалында ресімделген мәмілелер паспорты негізінде экспортердің немесе импортердің атына жазбаша ақпарат және тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімдері мен талаптарына әсер ететін жағдайларды растайтын құжаттарды, сондай-ақ келісім-шарт бойынша резидент еместің міндеттемелерін орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынуы туралы жазбаша сұрату жібереді.
Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28 N 93 Қаулысымен.
5-2. 5-1-тармаққа сәйкес сұратылған құжаттарды (бар болған кезде) және ақпаратты экспортер немесе импортер сұрату алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде жазбаша түрде ұсынады.
Уәкілетті банк экспортердің немесе импортердің Ереженің 5 және 5-2-тармақтарында көзделген мерзімдерді сақтауын бақыламайды.
Ескерту. 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28 N 93 Қаулысымен.
6. Уәкілетті банк келісім-шарт бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы жүргізілгенге дейін қолда бар валюта бақылау құжаттарын экспортер немесе импортер ұсынған (не уәкілетті банктің қызметкері - уәкілетті банк экспортер немесе импортер болып табылатын келісім-шарттар бойынша) құжаттармен және ақпаратпен келісім-шарттың және мәміле паспортының деректемелеріне сәйкес келуіне салыстырып тексереді.
Келісім-шарттың және мәміле паспортының деректемелері экспортер немесе импортер (не уәкілетті банктің қызметкері - уәкілетті банк экспортер немесе импортер болып табылатын келісім-шарттар бойынша) ұсынған құжаттарға және ақпаратқа сәйкес келмеген кезде уәкілетті банк жіберілетін төлемдер бойынша төлем жасаудан бас тартады. Кіріс төлемдері (экспортердің немесе импортердің шетелдік банктегі шотына экспорттық келісім-шарт бойынша ақы төлеу ретінде не импорттық келісім-шарт бойынша пайдаланылмаған авансты қайтару ретінде түскен қаражат аударымын қоса алғанда) бойынша банкаралық хабарламаларда келісім-шарттың және мәміле паспортының деректемелері сәйкес келмеген не болмаған кезде уәкілетті банк ақша есептеуді экспортер немесе импортер осы ақша түсімі бойынша келісім-шарттың және мәміле паспортының деректемелерін жазбаша растағаннан кейін жүргізеді
Репатриациялау мерзімдерін сақтамау уәкілетті банк үшін ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
Ереженің 47 және 49-тармақтарында белгіленген жағдайларда уәкілетті банк Ереженің аталған тармақтарында белгіленген тәртіппен мәміле паспортына қосымша парақ ресімделгеннен кейін экспортердің немесе импортердің тапсырмасы бойынша немесе пайдасына ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізеді.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
6-1. Ереженің 7-тармағының 1) және 6) тармақшаларына сәйкес резидент емес те не резидентте баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын сомадағы берешектер қалдығының болуы негізінде мәмілелер паспорттары жабылған жағдайда тараптардың қарым-қатынастарын аяқтау мақсатында берешектің көрсетілген қалдық сомасына келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындау келісім-шарт негізінде мәміле паспортынсыз жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
7. Ұлттық Банктің филиалы Ереженің 5 және 5-2-тармақтарына сәйкес экспортер немесе импортер ұсынған құжаттар және ақпарат негізінде экспортердің немесе импортердің іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтың болуы туралы мәселені қарайды не қылмыстық жазалау іс-әрекеттерінің белгілері болған кезде құқық қорғау органдарына олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес ақпарат жібереді.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28 N 93 Қаулысымен.
8. Кеден органының тауарларды кедендік ресімдеуді жүргізген лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өтетін тауарларды кедендік ресімдеу кезеңінде мәміле паспортын ресімдеу талап етілетін келісім-шарттар бойынша:
1) мәміле паспортының болуын, ал Ереженің 47 және 49-тармақтарында көрсетілген жағдайларда сондай-ақ мәміле паспортына қосымша парақты тексеруді;
2) мәміле паспортындағы ақпараттың, жүктің кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтердің және Ереженің 41-тармағында белгіленген тәртіппен Ұлттық Банк жіберген ақпараттың сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.
Мәміле паспорттары жөніндегі ақпарат болмаған немесе Ереженің 41-тармағында белгіленген тәртіппен Ұлттық Банк жіберген мәміле распорттары жөніндегі ақпарат мәміле паспорттарындағы ақпаратпен сәйкес келмеген кезде, кедендік ресімдеу экспортер немесе импортер ұсынған мәміле паспорты негізінде, ал Ереженің 47 және 49-тармақтарында көрсетілген жағдайларда сондай-ақ экспортер немесе импортер ұсынған мәміле паспортына қосымша парақ негізінде жүргізіледі.
3-тарау. Мәміле паспортын ресімдеу
тәртібі және талаптары
9. Ереженің осы тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда мәміле паспортын экспортердің немесе импортердің банктік шотына қызмет көрсететін уәкілетті банкте ашылады және жабылады.
Мәміле паспорты экспортер немесе импортер келісім-шарт бойынша ақша төлемін және (немесе) аударымын жүзеге асыруды бастағанға дейін және келісім-шарт бойынша тауарлар кедендік ресімделгенге дейін ашылады.
Ереженің осы тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары экспортердің немесе импортердің Заңның 12-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген шетелдік банктегі шоттарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын келісім-шарттар бойынша мәміле паспорты экспортердің немесе импортердің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банк филиалында Ереженің осы тарауында белгіленген тәртіппен ашылуы, жабылуы тиіс
Уәкілетті банк экспортер немесе импортер болып табылатын келісім-шарттар бойынша мәміле паспорттары уәкілетті банкте ашылады және жабылады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
10. Мәміле паспорты:
1) тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік режимдердің бірінде ресімделіп, экспортер немесе импортер жасаған тауарлар сатып алу немесе сату келісім-шарттар бойынша алып өткізілген;
2) бұрын экспорттан (еркін айналысқа шығарудан) өзгеше кедендік режимде ресімделген тауарлар меншіктеу құқығының резиденттен резидент емеске (резидент еместен резидентке) өтуіне байланысты осы тауарларды экспорттау (еркін айналыс үшін шығару) үшін кеден органына мәлімдеген;
3) егер осы тауарлардың құны осы келісім-шартты жасау күні елу мың АҚШ долларынан асқан жағдайда, жұмыс орындау, қызмет көрсету келісім-шарттары бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік режимдердің бірінде ресімдеп, алып өткен;
4) егер лизинг беруші немесе лизинг алушы резидент емес болып табылған жағдайда, тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасынан тауарды меншіктеу құқығының лизинг алушыға өтуі көзделетін, бір күнтізбелік жылдан астам мерзімге лизинг келісім-шарттары бойынша алып өткен жағдайда;
5) мәміле паспорты банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге берілген лицензиясы тоқтатыла тұрған не одан айырған және мәміле паспортын жабу үшін негіз болмаған жағдайда, мәміле паспортының банкі болып табылмайтын уәкілетті банкке қызмет көрсетуге өткен;
6) Ереженің 35-тармағында белгіленген жағдайларда әрбір келісім-шартқа жеке ашылады (егер келісім-шарт бойынша жеткізілетін тауарлардың құны оны жасау күні елу мың АҚШ долларынан асса).
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
11. Мәміле паспортын ресімдеу үшін экспортер немесе импортер:
1) мәміле паспортының Ереженің 1 және 2-қосымшаларында белгіленген нысан бойынша толтырылған екі данасын;
2) келісім-шарттың түпнұсқасын не оның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
Резидент емеспен құжаттар жіберудің электрондық құралдарын пайдалана отырып келісім-шарт жасаған жағдайда экспортер немесе импортер уәкілетті банкке оның техникалық құралдар арқылы жасалған көшірмесін барлық тараптың қолдары мен мөрлері болған кезде мәміле паспорты ресімделген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде келісім-шарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін бере отырып ұсынады.
Мәміле паспорты банкінің қызметкері келісім-шарттың экспортер немесе импортер ұсынған түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін іс қағазында бар көшірмесімен салыстырып тексереді және тараптардың және тараптар қатысушыларының міндеттемелерді орындау мерзімдері, сомасы және нысаны бойынша айырмашылықтар болған жағдайда, Ереженің 44-тармағында белгіленген тәртіппен Ұлттық Банкке ақпарат жібереді.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
12. Мәміле паспорты банкінің қызметкері экспортер немесе импортер Ереженің 11-тармағында көрсетілген барлық құжатты ұсынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мәміле паспортында көрсетілген ақпараттың келісім-шарттың талаптарына сәйкес келуін тексереді, мәміле паспортының ұсынылған даналарына қол қояды, Ереженің 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша мәміле паспорттарын тіркеу журналына тіркеу арқылы мәміле паспортының нөмірін және күнін береді, экспорт немесе импорт жөніндегі іске орналастыру үшін келісім-шарттың көшірмесін дайындайды. Мәміле паспортының уәкілетті банктің қызметкері қол қойған бірінші данасы экспортерге немесе импортерге қайтарылады. Мәміле паспортының екінші данасы мәміле паспорты банкінің экспорт немесе импорт бойынша іс қағаздарын қалыптастыру үшін негіз болады.
Мәміле паспортының экспортер немесе импортер ұсынған даналарында шамалы дәлсіздіктер (әріптерді, сандарды тастап кету, мәміле паспорты банкінің, резидент еместің деректемелеріндегі қате) анықталған кезде мәміле паспорты банкінің қызметкері қолын қойып және уәкілетті банктің мөрімен расталған түзетулерді жүзеге асырады.
Мынадай талаптардың тым болмаса біреуінің болуы мәміле паспорты банкі үшін мәміле паспортын ресімдеуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) экспортердің немесе импортердің мәміле паспортын оны ресімдеу тәртібін және талаптарын бұза отырып толтыруы, оның ішінде экспортер немесе импортер мәміле паспортында көрсеткен ақпараттың келісім-шарттағы ақпаратпен сәйкес келмеуі;
2) келісім-шартта Қазақстан Республикасының валюта заңнамасының талаптарына қайшы келетін талаптардың болуы, оның ішінде келісім-шартта резидент еместің міндеттемелерді орындау мерзімдерінің болмауы;
3) экспортердің немесе импортердің қолдарының және (немесе) мөрлерінің экспортердің немесе импортердің банктік шоты бойынша бірінші қолды қоюға құқығы бар тұлғалардың қолдарының үлгісі бар құжаттағы қол қою және мөр үлгісіне сәйкес келмеуі және (немесе) экспортердің немесе импортердің уәкілетті банкте банктік шотының болмауы.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
13. Мәміле паспортына қосымша парақтар:
1) осы Ереженің 4-1-тармағында көрсетілген;
2) Ереженің осы тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда мәміле паспортында көрсетілген ақпарат өзгерген;
3) Ереженің 47 және 49-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, ақпараты нақтылануға жататын бөлімдері толтырыла отырып мәміле паспортының нысаны бойынша жасалады.
Мәміле паспортына қосымша парақтарды одан әрі ресімдеу және пайдалану мәміле паспорты үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте қосымша парақта жоғарғы оң бұрышта оны мәміле паспорты банкінің ресімдеген күні көрсетіледі. Ресімделген қосымша парақтарды мәмілелер паспорттарын тіркеу журналында көрсету талап етілмейді.
Экспортер немесе импортер тіркеу куәлігін және (немесе) хабарлама туралы куәлікті ұсынған кезде мәміле паспортының банкі мәміле паспортының өз данасының және экспортер немесе импортер данасының "Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері" бөліміне куәлігінің және (немесе) хабарлама туралы куәлігінің деректемелерін енгізеді.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28 N 93, 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) Қаулыларымен.
14. Мәміле паспортының банкі мәміле паспорттары бойынша әрбір экспортер немесе импортер бойынша валюта бақылау құжаттарынан, олардың түсуіне қарай қалыптастырылатын іс қағазын жүргізеді.
15. Түскен сомаларды бірегейлендіру үшін экспортер немесе импортер резидент еместі экспортердің немесе импортердің пайдасына ақша аударуға арналған төлем құжаттарында келісім-шарттың деректемелерін және мәміле паспортының нөмірлерін көрсету қажеттілігі туралы хабарлайды.
16. Келіп түскен тауарларды бірегейлендіру үшін импортер резидент емеске импортердің атына жіберілетін және тауарды оның пайдасына тиеп жіберілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттарда келісім-шарттың деректемелерін және мәміле паспортының нөмірін көрсету қажеттілігі туралы хабарлайды.
17. Төлем құжатында мәміле паспорты бойынша түскен ақшаны есепке алу үшін қажетті деректер болмаған жағдайда, мәміле паспортының банкі оларды экспортерді немесе импортерді келіп түскен сомаларды бірегейлендіру қажеттілігі туралы алдын ала жазбаша хабарлай отырып жіберушінің нұсқауларын сақтау шотына есепке алады.
Экспортер немесе импортер мәміле паспортының банкін келісім-шарттың деректемелерін және мәміле паспортының нөмірін көрсете отырып түскен соманың сипаты туралы жазбаша хабардар етеді. Егер 180 күн ішінде ақша нақты мәміле паспорты бойынша бірегейлендірілмесе не экспортер немесе импортер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген құжаттар мен ақпаратты ұсыну бойынша өзге іс-әрекеттерді орындамаса, мәміле паспортының банкі жіберушіге осындай нұсқауды орындамастан қайтарады.
18. Келісім-шарт бойынша басқа уәкілетті банкке ақша түскен кезде уәкілетті банк ақшаны экспортердің немесе импортердің банктік шотына есепке алады және экспортердің немесе импортердің тапсырмасы негізінде түскен ақшаны мәміле паспортының банкіне аударуды жүзеге асырады. Экспортер немесе импортер ақша аударуға арналған өтінішке мәміле паспортының банкі растаған мәміле паспортының көшірмесін қоса береді, ол ақша аударуға арналған өтінішпен бірге өзге уәкілетті банк үшін ақша аударуды жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.
19. Егер ақша төлемінің және (немесе) аударымының валютасы келісім-шарттың валютасымен сәйкес келмесе, мәміле паспортының банкі түскен соманы:
1) ақша төлемі және (немесе) аударымы келісім-шарт бойынша төлем валютасымен жүзеге асырылған жағдайда валюталық келісімге сәйкес;
2) өзге жағдайларда экспортермен немесе импортермен келісілген бағам бойынша келісім-шарттың валютасымен есепке алады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) қаулысымен.
20. Мәміле паспортын ресімдеу:
1) уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша алып өткен кезде;
2) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банктер шетел банктеріндегі металл шоттарға орналастыру үшін қымбат металдарды әкеткен кезде;
3) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының аумағына қымбат металдар әкелген кезде;
4) ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыртқы заемдары немесе Қазақстан Республикасының кепілдік беруімен қамтамасыз етілген сыртқы заемдар есебінен жүргізілетін келісім-шарттар бойынша;
5) Қазақстан Республикасының ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын мемлекеттік органдарының бөлімшелері (ведомстволары) арқылы жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерімен және мемлекеттік кәсіпорындарымен жасалған келісім-шарттар бойынша;
6) экспортермен немесе импортермен жасаған, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өту көзделмейтін және тиісінше кедендік ресімдеу талап етілмейтін келісім-шарттар бойынша;
7) тауарларды өтеусіз келісім-шарттар бойынша алып өткен кезде талап етілмейді.
21. Нақты соманы және мәміле паспортын толтыру үшін қажетті басқа ақпаратты айқындамайтын келісім-шарттар бойынша мәміле паспортын ресімдеу келісім-шарт және мәміле паспортының бөлімдерін толтыру үшін қажетті мәліметтер бар келісім-шартқа қосымшалар, ерекше нұсқамалар немесе инвойстар негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте экспортер немесе импортер аударылған сомаларды мәміле паспортының нөміріне және осындай инвойстардың, қосымшалардың немесе ерекше нұсқамалардың деректемелеріне сәйкес бірегейлендіруді қамтамасыз етеді.
22. Жеткізілетін тауарлардың болжамды бағалары көзделетін келісім-шарттар бойынша мәміле паспорттарын ресімдеу кезінде мәміле паспортының "Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері" бөлімінде бағалардың болжамды екенін көрсетіледі. Тауарлардың құнын белгілеу кезінде мәміле паспортына қосымша парақ тауар құнын растайтын құжаттар негізінде ресімделеді.
23. Дистрибьютордың немесе дилердің банктік шоты арқылы ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізу белгіленетін, әкелінетін тауарлар еркін айналыс үшін шығару режимінде ресімделетін және келісім-шарттың дәл сомасы алдын ала белгілі болмайтын дистрибьюторлық немесе дилерлік келісімдер бойынша мәміле паспорты мәміле паспорты банкінің инвойстар негізінде ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізу алдында толтырылатын ашық бағандармен ресімделеді.
24. Егер ақы төлеу аударым аккредитивін пайдалану арқылы экспортердің (сауда делдалының) және резидент жүк жіберушінің пайдасына жүргізілсе, онда мәміле паспорты экспортерге қызмет көрсететін, аударым аккредитиві бойынша аудару банкі ретінде болатын мәміле паспортының банкінде ресімделеді.
Тауар экспорты үшін ақы төлеу түсімі мынадай жағдайларда толық көлемде түскен болып саналады:
1) егер екі бенефициардың (экспортердің және жүк жіберушінің) банктік шоттарына түсімдердің сомасы келісім-шарт пен мәміле паспортының талаптарына сәйкес келсе. Бұл ретте экспорттан түскен түсім туралы ақпаратта аккредитив бойынша уәкілетті банкке түскен барлық сома бірінші бенефициар экспортер мен екінші бенефициар - жүк жіберуші арасында бөлінгенге дейін көрсетіледі;
2) егер екінші бенефициардың банктік шотына түскен сома бірінші бенефициардың банктік шотына түсуі тиіс соманы шегере отырып келісім-шарт сомасына тең болса (бірінші бенефициар аударатын банктің алғашқы талабы бойынша екінші бенефициардың шотының (инвойстың) орнына өз шотын (инвойс) ұсынбаған және аккредитив бойынша ақы төлеуді банк-эмитент екінші бенефициардың пайдасына жүзеге асырған жағдайда).
4-тарау. Жеке оқиғалар. Мәміле паспортын үшінші
тұлғалардың қатысуымен ресімдеу
25. Ереженің 6-тарауына сәйкес ақпарат алмасу мақсаттарында пайдаланылатын, атауын, пошта адресін, сондай-ақ электрондық адресін өзгерткен мәміле паспортының банкі мыналарды:
1) осындай өзгерістер күнінен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей Ұлттық Банкті хабардар етуді;
2) мәміле паспорттарына кезекті қосымша парақтарды ресімдеу кезінде "Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері" бөлімінде жаңа атауын көрсетуді;
3) оның бұрынғы адресіне немесе бұрынғы атауына экспорт-импорт валюта бақылауы шеңберінде келіп түскен хат-хабарларды Ереженің осы тармағының 1) тармақшасы орындалған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қабылдауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) қаулысымен.
26. Экспортер немесе импортер басқа уәкілетті банктің қызмет көрсетуіне өткен және резидент еместің келісім-шарт бойынша елу мың АҚШ доллары баламасынан асатын берешегінің қалдығы болған жағдайда, экспортер немесе импортер алдыңғы мәміле паспорты банкіне басқа уәкілетті банктің қызмет көрсетуіне өтуге байланысты мәміле паспортын жабу туралы өтінішті және мәміле паспорты бойынша ақша және тауар қозғалысы туралы ақпаратты басқа мәміле паспорты банкіне оның сұратуы бойынша беруге жазбаша келісім береді.
Экспортер немесе импортер мәміле паспортын жабу туралы өтінішті берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Ереженің 3-тарауында белгіленген тәртіппен жаңа мәміле паспорты банкінде мәміле паспортын ресімдейді. Жаңа мәміле паспорты банкі жаңа мәміле паспорты ресімделген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде экспортердің немесе импортердің жазбаша келісімі негізінде алдыңғы мәміле паспортының банкіне жаңа мәміле паспортының ресімделгені туралы хабарламаны және мәміле паспорты бойынша ақша және тауар қозғалысы туралы ақпаратты беру туралы жазбаша сұратуды жібереді.
Алдыңғы мәміле паспорты банкі көрсетілген хабарламаны және жазбаша сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мәміле паспортын жабады және жаңа Мәміле паспорты банкіне ақша және тауар қозғалысы және Мәміле паспортын жабу туралы қолда бар ақпаратты береді.
Мәміле паспорты банкі уәкілетті банктің бір филиалынан уәкілетті банктің басқа филиалының қызмет көрсетуіне өту арқылы өзгерген жағдайда, Мәміле паспортын қайта ресімдеу талап етілмейді. Мәміле паспорты банкі жөніндегі жаңа ақпарат мәміле паспортының "Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері" деген бөлімінде көрсетіледі. Бұл ретте Мәміле паспортына бұрын қызмет көрсеткен уәкілетті банктің филиалы екі жұмыс күні ішінде Мәміле паспорты бойынша барлық құжаттар мен ақпаратты уәкілетті банктің осы Мәміле паспортын бақылауға қабылдайтын филиалына береді.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) қаулысымен.
27. Мына төмендегі:
1) уәкілетті банктің:
экспортерге немесе импортерге банктік шот ашқаны және келісім-шарт бойынша жүргізілген төлемдер мен (немесе) ақша аударымдары жөнінде банктік шот ашылған немесе төлем жүргізілген және (немесе) ақша аударылған операциялық күннен кешіктірмей уәкілетті банк пен оның филиалы арасында ақпарат алмасуға;
Ережеде белгіленген тәртіппен ұсынылған мәміле паспорттары бойынша тауар қозғалысы туралы ақпаратқа уәкілетті банк көрсетілген ақпаратты алған операциялық күннен кешіктірмей кіруге;
ресімделген мәміле паспорттары бойынша уәкілетті банк (оның филиалдары) мәміле паспортын ресімдеген операциялық күннен кешіктірмей уәкілетті банк жөнінде тұтасымен жиынтық ақпараты болуға;
экспорт немесе импорт бойынша маңызды электрондық іске кіруге мүмкіндік беретін интеграцияланған автоматтандырылған ақпарат жүйесі болған;
2) мына:
экспортердің немесе импортердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүргізу;
уәкілетті банктің өз филиалдарына мәміле паспорты бойынша тауар қозғалысы туралы ақпаратты жіберу;
уәкілетті банктің тәуекелдерді басқару жүйесі шегінде уәкілетті банк филиалының валюталық бақылау агенттерінің функцияларын жүзеге асыруға және уәкілетті банктер филиалдарының келісім-шарттар бойынша ақша және тауар қозғалысы туралы ақпаратқа кіруіне байланысты тәуекелдерді бағалауды, өлшеуді, бақылауды және мониторингін жүзеге асыру рәсімдерін реттейтін ішкі ережелер болған;
3) уәкілетті банк (оның филиалы) бойынша мәміле паспорттарына нөмірлерді ретін сақтай отырып беруді қамтамасыз ететін мәміле паспорттарын тіркеу журналын және экспорт немесе импорт бойынша іс қағаздарын электрондық түрде жүргізу мүмкіндігі болған жағдайларда, мәміле паспорттары бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын уәкілетті банктің әртүрлі филиалдарында жүзеге асыруға, сондай-ақ уәкілетті банктің (оның филиалының) әртүрлі орналасқан жері бар операциялық залдарының мәміле паспорттарын ресімдеуіне рұқсат етіледі.
28. Мәміле паспорты банкінің корреспонденттік шотына экспорттық түсімнің түсуін не уәкілетті банктің банк және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясын тоқтата тұру не одан айыру себепті кейіннен экспортердің немесе импортердің банктік шотына есептелмеген импорт жөніндегі келісім-шарт бойынша бұрын аударылған ақшаның қайтарылуын бақылауды жүзеге асыру үшін, экспортердің немесе импортердің пайдасына ақша түскенін растайтын құжат ретінде мәміле паспорты банкінің тарату комиссиясының мәміле паспортының таратылатын банкінің корреспонденттік шотына нақты мәміле паспорты бойынша бірегейлендірілген ақшаның түскені туралы анықтамаларын қабылдауға рұқсат етіледі.
Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) қаулысымен.
29. Резиденттің келісім-шарт бойынша төлеуші үшінші тұлға ретінде қатысуы:
1) резидент үшінші тұлға резидент емеске кредит ұсынған;
2) импортер және резидент үшінші тұлға арасында жасалған бірлескен қызмет туралы шарт немесе агенттік шарт шеңберінде резидент үшінші тұлға келісім-шарт бойынша төлемдерді жүзеге асырған;
3) экспортердің резидент емеске және резидент еместің резидент үшінші тұлғаға талаптары ескерілген;
4) үшінші тұлғалар тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетуді) сатып алуды және өзге де мәмілелерді қаржыландырған, сондай-ақ үшінші тұлғалардың кредитор алдындағы нәтижесінде қаржыландыруды және (немесе) осы орындауды ұсынған тұлғаға сыйақымен немесе ондайсыз ақшаны және өзге мүлікті қайтару жөніндегі міндеттемелері орындалып берілген тұлғаның міндеті туындайтын міндеттемелерін орындаған жағдайларда мүмкін болады.
Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) қаулысымен.
30. Бір резидент үшінші тұлға келісім-шартқа ақы төлеген кезде мәміле паспортын экспортер немесе импортер толтырады және үшінші тұлғаның қатысуымен үшінші тұлғаға қызмет көрсететін уәкілетті банкке (бұдан әрі - үшінші тұлғаның банкі) мәміле паспортының барлық бөлімдерін, оның ішінде "Үшінші тұлғаның деректемелерін" бөлімін толтыра отырып, төрт данамен (экспортер немесе импортер, мәміле паспортының банкі, үшінші тұлға және үшінші тұлғаның банкі үшін бір-бір данадан) ұсынылады.
Үшінші тұлғаның банкі Ереженің 11-тармағына сәйкес мыналарды ескере отырып, мәміле паспортының барлық данасын ресімдейді:
мәміле паспортына нөмір мен күн берілмейді;
мәміле паспортының барлық данасы мәміле паспортының банкіне беріледі.
Мәміле паспортының банкі үшінші тұлғаның банкінен мәміле паспортының барлық данасын алған соң, мыналарды ескере отырып, оларды Ереженің 11-тармағына сәйкес ресімдейді:
мәміле паспортының нөмірі мен күні мәміле паспортының бір данасына беріледі, мәміле паспортының қалған даналарында осы нөмір және күн көрсетіледі;
мәміле паспорты банкінің қызметкері қол қойған мәміле паспортының бірінші данасы экспортерге немесе импортерге қайтарылады, мәміле паспортының екінші данасы мәміле паспорты банкінің іс қалыптастыруына негіз болады, мәміле паспортының қалған даналары үшінші тұлғаға және үшінші тұлғаның банкіне (үшінші тұлға және үшінші тұлғаның банкі үшін бір-бір данадан) беріледі.
Егер екі және одан да көп резидент үшінші тұлға келісім-шартқа ақы төлеген жағдайда, экспортер немесе импортер үшінші тұлғаларды көрсетпей, мәміле паспортын екі данада толтырады және экспортердің немесе импортердің банктік шотына қызмет көрсететін уәкілетті банкке (мәміле паспорты ресімделгеннен кейін мәміле паспортының банкі болатын) ұсынады.
Мәміле паспорты тиісінше ресімделгеннен кейін экспортер немесе импортер үшінші тұлғаның банкіне үшінші тұлғаның қатысуымен мәміле паспортына толтырылған қосымша парақтарды төрт данамен (экспортер немесе импортер, мәміле паспортының банкі, үшінші тұлға және үшінші тұлғаның банкі үшін бір-бір данамен), немесе "Үшінші тұлғаның деректемелері" бөлімі толтырылатын одан да көп данамен (келісім-шартқа қатысушы үшінші тұлғалардың санына қарай) ұсынылады. Үшінші тұлғаның банкі мәміле паспортының қосымша парағын валюталық бақылауға қабылдағаннан кейін үшінші тұлғаның банкі (егер үшінші тұлғалар бірнешеу болса, онда үшінші тұлғаның қосымша параққа қол қойған банктерінің ең соңғысы) мәміле паспортының қосымша парағының барлық данасын мәміле паспортының банкіне жібереді. Мәміле паспортының банкі Ереженің 13-тармағына сәйкес мәміле паспортының қосымша парақтарын ресімдейді, мәміле паспортының қосымша парағының бір данасын өзінде қалдырады және экспортерге немесе импортерге, үшінші тұлғаға, үшінші тұлғаның банкіне (банктеріне) мәміле паспортының қосымша парағының даналарын береді.
Үшінші тұлғаның банкі мәміле паспортының банкінен мәміле паспортына ресімделген қосымша парақты алғанға дейін ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізбейді. Үшінші тұлғаның банкі ақша төлемдері және (немесе) аударымдары жүзеге асырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мәміле паспортының қосымша парағы бойынша жүргізілген ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпаратты мәміле паспортының банкіне жібереді. Ереженің 29-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда келісім-шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін импортер және резидент үшінші тұлға арасындағы төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты Мәміле паспорты банкінің Ұлттық Банкке беруі талап етілмейді.
Мәміле паспортының банкі мәміле паспортының қосымша парақтары шеңберінде үшінші тұлғалардың банктері төлеген сомаларды ескере отырып, келісім-шарт бойынша валюта бақылауын жүзеге асырады.
Экспортердің немесе импортердің Мәміле паспортын жабу туралы өтініші түскен кезде Мәміле паспорты банкі Мәміле паспортын жабу үшін негіздер болған кезде оны Ереженің 36 және 37-тармақтарына сәйкес жабады және үш жұмыс күні ішінде үшінші тұлғаның банкіне Мәміле паспортының деректемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жабу туралы хабарлама жібереді.
Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) қаулысымен.
31. Келісім-шартқа резидент емес үшінші тұлға (-лар) ақы төлеген кезде ол (олар) бойынша ақпарат ол келісім-шартта болған кезде Мәміле паспортының "Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері" бөлімінде көрсетіледі.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) қаулысымен.
32. Мәміле паспортының банкі есеп айырысулардың вексельді нысанын көздейтін мәміле паспорты бойынша бақылауды вексель ұстаушылар болып табылатын экспортерден немесе импортерден мынадай құжаттарды:
1) төлеуші не вексель бойынша міндетті өзге тұлға вексель бойынша өтеу кезінде оны өтеген кезде ол бойынша төлем түскен жағдайда, осы төлемді растайтын құжаттар (акцептелген вексельдің көшірмесі және төлем құжаты);
2) экспортер немесе импортер есепке алу үшін есеп кеңсесіне вексель ұсынған жағдайда, вексельдің жүргізілген есебін, яғни дисконтты шегере отырып немесе онсыз (есеп кеңсесінің пайдасына индоссирленген вексельдің көшірмесі және төлем құжаты) экспортерге немесе импортерге төлем жасалғанын растайтын құжаттарды;
3) вексельді төлем құралы ретінде пайдаланған жағдайда, вексель бойынша құқық берілген тұлғамен келісім-шарт, тиісті ауыспалы жазуы (индоссаменті) бар осы вексельдің көшірмесі осы операцияның жүргізілгенін растайтын өзге де құжаттар (мәміле паспорты, жүктің кедендік декларациясы және басқалары) алғанға дейін жүзеге асырады (экспортер немесе импортер вексельді пайдалануына байланысты).
Вексель бойынша валюта басқа уәкілетті банкке түскен кезде вексель ұстаушы болып табылатын экспортер немесе импортер басқа уәкілетті банкке валютаны мәміле паспортының банкіне аударуды тапсырады.
Егер вексель беруші импортер болып табылса және импорт жөніндегі келісім-шарт бойынша тауарлар вексель бойынша төлем мерзімі басталғанға дейін жеткізілген жағдайда, мәміле паспорты осы вексель үшін ақы төлеуге ұсынылған күнге дейін бақылануы тиіс, бұл ретте вексель сомасы келісім-шарттың жалпы сомасынан аспауы тиіс. Есеп айырысулардың вексельді нысанындағы импорт жөніндегі келісім-шарттар бойынша вексель эмитенті үшінші тұлға болып табылған жағдайда, мәміле паспорты тауарлар импортерге жеткізілген күнге дейін жабылмайды.
33. Ақпарат жазылған ақпарат тасымалдағыштарды (магнитті дискілерді, магнитті ленталарды, компакт-дискілерді, басқа да ақпарат тасымалдағыштарды) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс әкету кезінде мәміле паспорты келісім-шарттың бүкіл сомасына ресімделеді.
34. Экспортер немесе импортер мәміле паспортын немесе оның қосымша парағын жоғалтқан жағдайда, мәміле паспортының дубликаты немесе мәміле паспортының қосымша парағының дубликаты экспортердің немесе импортердің жазбаша өтініші негізінде ресімделеді. Бұл ретте мәміле паспортының банкінде тұрған құжаттарды қайта ұсыну талап етілмейді. Мәміле паспортының дубликаты немесе мәміле паспортының қосымша парағының дубликаты мәміле паспорты банкінің экспорты немесе импорты жөніндегі істе тұрған мәміле паспортының немесе мәміле паспортының қосымша парағының түпнұсқасының нақты көшірмесі болып табылады. Мәміле паспортының дубликатын немесе мәміле паспортының қосымша парағының дубликатын ресімдеу кезінде мәміле паспортының банкі мәміле паспортында немесе мәміле паспортының қосымша парағының дубликатында "Дубликат" деген сөзді көрсетеді.
35. Экспортер немесе импортер резидент емеске қойылатын талап ету құқығын резидентке берген кезде қайтару талаптарының орындалуына бақылауды мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) егер құқықты беру нәтижесінде экспортердің немесе импортердің және сол сияқты резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резиденттің резидент емеске қойылатын талап ету сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидент жөніндегі ақпаратты мәміле паспортының "Үшінші тұлғаның деректемелері" бөлімінде көрсету үшін Ереженің 30-тармағында көрсетілген тәртіппен мәміле паспортына қосымша парақ ресімдеу қажет. Резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидентке қызмет көрсететін Банк клиенттен ақпаратты алған немесе төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы ақпаратты экспортердің немесе импортердің мәміле паспортының банкіне Ереженің 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша хабарлайды;
2) егер құқықты беру нәтижесінде немесе жүргізілген төлемдерден және (немесе) ақша аударымдарынан және жеткізулерден кейін Ереженің осы тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайларда резидент емеске қойылатын талап ету құқығының сомасы экспортерде немесе импортерде елу мың АҚШ доллары баламасынан аспаса, онда экспортердің немесе импортердің мәміле паспорты мыналар ескеріле отырып жабылуы тиіс:
егер резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидентте беру нәтижесінде немесе Ереженің осы тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайларда ақша төлемдері және (немесе) аударымдары және жеткізілімдер жүргізілгеннен кейін алынған, резидент емеске қойылатын талап ету құқығының сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асса, онда мәміле паспортының банкі резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банктен осы келісім-шарт бойынша мәміле паспортын ресімдеу туралы хабар алмайынша, мәміле паспортын жаппайды;
резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидент жаңа мәміле паспортын Ереженің 3-тарауында белгіленген тәртіппен мәміле паспортының "Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері" бөлімінде талап ету құқығы туралы келісім-шарттың деректемелерін көрсете отырып, ресімдейді.
Экспортердің немесе импортердің мәміле паспортының банкі мәміле паспортын жабады және Ұлттық Банкке Ереженің 43-тармағына сәйкес жіберілетін ақпаратта резидент еместің міндеттемелерді орындауы ретіндегі беру сомасын көрсетеді, сондай-ақ алдыңғы мәміле паспортының төлемдерінің және (немесе) ақша аударымдарының белгісі резидент емеске талап ету құқығы көшкен резиденттің жаңа мәміле паспорты бойынша ескереді.
Экспортердің немесе импортердің Мәміле паспорты банкі резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банктен Мәміле паспортының ресімделгені туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде экспортердің немесе импортердің жазбаша келісімі негізінде жабылған Мәміле паспорты бойынша ақша және тауар қозғалысы туралы қолда бар ақпаратты резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банкке жібереді.
Келісім-шарт бойынша одан әрі бақылауды резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банк ақша және тауар қозғалысы туралы ақпаратты, сондай-ақ алдыңғы мәміле паспорты репатриациялау мерзімдерін ескере отырып, жүзеге асырады.
Ескерту. 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) қаулысымен.
"35-1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды кедендік аумақта, аумақтан тыс, сондай-ақ еркін айналыс үшін қайта өңдеу режимінде ресімдеп өткізуді көздейтін жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындау келісім-шарты бойынша Мәміле паспорты, егер келісім-шартта жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) экспорты көзделсе, экспорт бойынша не келісім-шартта жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) импорты көзделсе, импорт бойынша ресімделеді.
Ескерту. 35-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) қаулысымен.
35-2. Мәміле паспорты банкін таратқан жағдайда банктің тарату комиссиясы:
экспортерлерге немесе импортерлерге - банк клиенттеріне өкілеттіктерді қабылдаған сәттен бастап үш ай ішінде Ереженің 37-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Мәмілелер паспорттарын жабу қажеттілігі туралы хабарлауды;
Ережеге сәйкес экспортерлердің немесе импортерлердің өтініштері негізінде мәмілелер паспорттарын жабуды;
Ұлттық Банкке Ережеге сәйкес жазбаша нысанда Мәмілелер паспортын жабу туралы хабарламаларды жіберуді (Ереженің 39 және 40-тармақтарына сәйкес хабарламаларды электрондық түрде жіберу мүмкін болмаған жағдайда);
тарату ісінің барлық мерзімі ішінде мәмілелер паспорттары, оның ішінде жабылған Мәмілелер паспорттары бойынша істердің сақталуын және бес жұмыс күні ішінде жаңа Мәміле паспорты банкіне не Ұлттық Банкке олардың жазбаша сұратуы негізінде ақша және тауар қозғалысы туралы қолда бар ақпаратты беруді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 35-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) қаулысымен.
35-3. Ереженің 37-тармағының 1)-3), 6), 12)-14) тармақшалары негізінде бұрын мәмілелер паспорттары жабылған келісім-шарттар бойынша Мәміле паспорты банкіне экспортердің немесе импортердің тиісті жазбаша өтініші негізінде экспортердің немесе импортердің таңдауы бойынша бұрында жабылған Мәмілелер паспорттары мәміле паспорты банкінде жаңартылуы не жабылған Мәміле паспортының деректемелерін "мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері" бөлімінде көрсете отырып, жаңа мәмілелер паспорттары ашылуы мүмкін.
Ескерту. 35-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) қаулысымен.
5-тарау. Мәміле паспортын жабу талаптары
36. Келісім-шарт бойынша мәміле паспортын жабуды мәміле паспортының банкі мәміле паспортын жабу үшін Ереженің 37-тармағында көрсетілген қажетті негіздемелер бар болған жағдайда, экспортердің немесе импортердің мәміле паспортын жабу туралы өтініш жасаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде не Ереженің 26-тармағында көрсетілген мерзімде жүзеге асырады. Ереженің 37-тармағының 5)-8), 15), 18) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда мәміле паспортын экспортердің немесе импортердің тиісті өтінішінсіз жабуға жол беріледі.
Жабылған мәміле паспорттары бойынша экспорт немесе импортқа байланысты істер мәміле паспорты банкінде мәміле паспорты жабылған күннен бастап бес күнтізбелік жыл бойы сақталады.
Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) қаулысымен.
37. Мәміле паспортын жабу үшін мыналар негіз болып табылады:
1) келісім-шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін толық орындауы не резидент еместің не резиденттің елу мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын сомада берешегінің қалдығы болуы, оның ішінде жеңілдікті, есепке алуды ұсыну арқылы, борышкер мен кредитор бір тұлға болған, мемлекеттік орган актісінің шығуы салдарынан орындау мүмкін емес жағдайда міндеттемелердің тоқтатылуын растайтын құжаттар және экспортердің немесе импортердің тараптардың келісім-шарт бойынша міндеттемелерінің тоқтатылғаны туралы жазбаша растауы болған жағдайда;
2) импортердің осы келісім-шарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша растауы болған жағдайда, резидент емеске бұрын алынған тауарларды не импортерге пайдаланылмаған авансты қайтару;
3) резидент емес тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспортерге бұрын тиеп жөнелтілген тауарларды қайтару не экспортердің осы келісім-шарттың қолданылуын тоқтатылуы туралы жазбаша растауы болған кезде экспортер тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспорт бойынша келісім-шарттың ақысына экспортер алған валютаны резидент емеске қайтару;
4) экспортер немесе импортер резидент еместің алдында міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспортер немесе импортер алдында өз міндеттемелерін толық көлемде орындаған резидент еместің тарапынан наразылықтардың жоқтығын растайтын құжаттарды ұсыну;
5) жеке кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты мекен-жайға кетуі туралы уәкілетті органның растамасы;
6) келісім-шарт мерзімінің аяқталуы және тараптар міндеттемелерін орындаған соңғы күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде тараптар міндеттемелерді балама орындаған немесе резидент еместің не резиденттің елу мың АҚШ долларына балама болатын сомадан аспайтын қалдық берешегі болған жағдайда мәміле паспорты бойынша ақша және тауар қозғалысының болмауы;
7) резидент еместі тарату туралы немесе банкрот деп тану туралы сот шешімінің не шет мемлекеттің өзге уәкілетті мемлекеттік органы құжатының болуы. Бұл ретте ақша қайтарылған жағдайда мәміле паспортын қайта ресімдеу талап етілмейді;
8) құқықтық мұрагері болмаған жағдайда, экспортердің немесе импортердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен таратылуы;
9) резидент еместің міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған жағдайда, экспортердің немесе импортердің сақтандыру төлемдерін алуы;
10) экспортердің немесе импортердің банктік шотына шарт шеңберінде ақша талап етуін (факторинг) беруді қаржыландыруға ақшаның түсуі;
11) мәміле паспорты банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын тоқтата тұру не одан айыру;
12) уәкілетті банктің тараптар келісім-шарт бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындаған не резидент еместің елу мың АҚШ долларына балама болатын сомадан аспайтын берешек қалдығы болған кезде келісім-шарт бойынша есеп айырысу үшін импортер шығарған резидент емес ұсынған вексельді есепке алуы;
13) экспортердің немесе импортердің келісім-шарт бойынша резидент емес алдындағы өз борышын басқа тұлғаға резидент еместің келісімін растайтын құжаттар негізінде және экспортердің немесе импортердің мәміле паспортының банкіне ұсынылған осы келісім-шарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша өтініші болған жағдайда аударуы;
14) растайтын құжаттар (талап ету құқығын беру шарты, өзара міндеттемелер бойынша салыстыру актісі, тауарларды қабылдау-өткізу актісі, тауардың ілеспе құжаттары және т.б.) және экспортердің немесе импортердің осы келісім-шарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша өтініші болған жағдайда, Ереженің 35-тармағына сәйкес, экспортердің немесе импортердің резидент емеске қойылатын талап ету құқықтарын басқа тұлғаға беруі немесе аударуы;
15) құқықтық мұрагері жоқ болған жағдайда, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің қайтыс болуы;
16) Ереженің 38-тармағында көзделген жағдайлар;
17) экспортердің немесе импортердің Ереженің 26-тармағының талаптарын ескере отырып, мәміле паспорты ресімделген келісім-шартқа қызмет көрсететін мәміле паспорты банкін өзгертуі;
18) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4417 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 тамыздағы N 86 қаулысының 4-тармағында көзделген жағдайлар;
19) мәміле паспорты ресімделген күннен бастап үш жыл ішінде мәміле паспорты бойынша ақша және тауар қозғалысының болмауы.
Ереженің осы тармағының 5), 7), 8), 15), 16) тармақшаларында көзделген жағдайларда мәміле паспортын жабу мүмкіндігі туралы шешімді Ережеге сәйкес алынған ақпарат негізінде экспортердің немесе импортердің мемлекеттік тіркелген жері бойынша Ұлттық Банктің филиалы қабылдайды.
Ескерту. 37-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) қаулысымен.
38. Мәміле паспорттары:
1) мәміле паспорты бойынша өзге операциялар болмаған жағдайда, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс шеңберінде келісім-шартқа байланысты жүргізілген операциялар бойынша репатриациялау талаптарын бұзғаны үшін шешім қабылданған;
2) экспортер немесе импортер мемлекеттік тіркелген орны бойынша болмаған жағдайларда экспортер немесе импортер мемлекеттік тіркелген жері бойынша Ұлттық Банктің филиалында жеке есепке алынуы тиіс.
Ұлттық Банктің филиалы жеке есепке алынған мәміле паспорттары бойынша экспортерден немесе импортерден жыл сайын репатриациялау талаптарын орындау үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат сұратады немесе салық органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне қарай экспортердің немесе импортердің қызметі немесе олардың орналасқан жері туралы сұрату жіберу арқылы экспортердің немесе импортердің орналасқан жерін анықтайды.
Қажетті ақпарат алынғанға қарай, мәміле паспорты жеке есепке алынған күннен бастап үш күнтізбелік жылдан кешіктірмей, Ұлттық Банктің филиалы мәміле паспортының банкіне мәміле паспортының жабылуы мүмкін екендігі туралы хабарлайды.
6-тарау. Экспорт немесе импорт жөніндегі
келісім-шарттар бойынша ақпарат алмасу
39. Уәкілетті банктер, Ұлттық Банк және уәкілетті орган арасында кеден ісі мәселелері жөніндегі ақпарат алмасу Ереженің 40-45-тармақтарына сәйкес электрондық түрде Ұлттық Банк кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және уәкілетті банктермен келіскен нысанда жүзеге асырылады. Уәкілетті банктер Ұлттық Банкке бұрын Ереженің 40 және 43-тармақтарына сәйкес жіберілген ақпаратқа Ұлттық Банк уәкілетті банктермен келіскен форматқа сәйкес электрондық түрде түзетулер енгізе алады.
Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) қаулысымен.
40. Уәкілетті банк мәміле паспорттары бойынша ақпаратты мәміле паспорты ресімделген немесе жабылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, Ереженің 5-қосымшасында белгіленген нысанда Ұлттық Банкке жібереді.
Мәміле паспортына қосымша парақ, оның ішінде репатриациялау мерзімін түзету жөнінде парақ, ресімделген жағдайда, ресімделген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті банк Ұлттық Банкке Ереженің 5-қосымшасында белгіленген нысанда ақпарат жібереді.
41. Ұлттық Банк кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға уәкілетті банктерден мәміле паспорттары жөнінде алынған ақпаратты Ереженің 5-қосымшасында белгіленген нысанда күн сайын жібереді.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Ұлттық Банктен мәміле паспорттары бойынша алынған ақпаратты жүк кеден декларациясында мәлімделген мәліметтердің мәміле паспортындағы ақпаратқа сәйкестігін тексеру үшін күн сайын кеден органдарына жібереді.
42. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың он біріне дейінгі мерзімде, Ұлттық Банкке Ереженің 6-қосымшасында белгіленген нысанда мәміле паспорттары бойынша есептік айдағы тауар қозғалысы туралы ақпаратты жібереді.
Ұлттық Банк кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан мәміле паспорттары бойынша тауар қозғалысы туралы ақпарат алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, ақпаратты мәміле паспортының банктеріне жібереді.
43. Уәкілетті банк (Ұлттық Банктің филиалдарын қоспағанда) ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың он бесіне дейінгі мерзімде Ұлттық Банкке мәміле паспорттары бойынша міндеттемелерді есепті айда орындалуы туралы осы ақпаратты мыналарды ескере отырып, Ереженің 4-қосымшасында белгіленген нысанда жібереді:
1) есеп айырысудың аккредитивті нысанында не банктік кепілдеме орындалған кезде деректер ақша төлемі және (немесе) аударымы жүзеге асырылу кезінде көрініс табады;
2) есеп айырысудың вексельді нысанында вексельді беру кезінде, сондай-ақ одан әрі Ереженің 32-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда ақпарат түскен кезде деректер көрсетіледі.
Аккредитив немесе кепілдік беру мәміле паспортының банкінде ресімделмеген жағдайда, аккредитивті немесе кепілдік беруді ресімдеген уәкілетті банк:
егер орындаушы банк болып табылса, ақша төлемі және (немесе) аударымы күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;
егер орындаушы банк шетелдік банк болып табылса, ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мәміле паспортының банкіне ақша төлемі және (немесе) аударымы жүзеге асырылғанын растайтын төлем құжатының көшірмесін жібереді.
44. Уәкілетті банктер есептік айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде Ұлттық Банкке Ереженің 7-қосымшасында белгіленген нысан бойынша:
1) резидент еместің репатриациялау мерзімдерінде келісім-шарт бойынша экспортер немесе импортер алдындағы есепті айдың соңғы күнгі жағдайы бойынша елу мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы міндеттемелерді орындамауы;
2) алынып тасталды;
3) есепті айда валюталық бақылауға сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан артық, мәміле паспортын ресімдеу талап етілмейтін, репатриациялау мерзімі бір күнтізбелік жылдан асатын келісім-шартты қабылдағаны туралы ақпаратты жібереді.
Ескерту. 44-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28 N 93, 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) Қаулыларымен.
45. Егер бір күнтізбелік ай ішінде экспортер немесе импортер бір уәкілетті банк арқылы Ереженің 20-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы елу мың АҚШ долларына дейінгі сомада тауар алып өту көзделетін келісім-шарттар бойынша жүргізген ақша төлемдерінің және (немесе) аударымдарының немесе алған ақшаның жалпы сомасы бір жүз мың АҚШ долларынан асып кетсе, уәкілетті банк күнтізбелік ай аяқталғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке осы экспортер немесе импортер туралы мынадай ақпарат ұсынады: заңды тұлғалар үшін кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы мемлекеттік жіктеуші коды (бұдан әрі - КҰЖЖ коды), жеке тұлғалар үшін салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН), экспортердің немесе импортердің атауы, аты-жөні, орналасқан жері, жүргізілген ақша төлемдерінің және (немесе) аударымдарының жалпы сомасы.
Ескерту: 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
46. Мәміле паспортының банкінде бар мәміле паспорттары бойынша тауар қозғалысы жөніндегі ақпарат пен экспортер немесе импортер ұсынған ақпарат арасында айырмашылық анықталған жағдайда, мәміле паспортының банкі және кеден органы қолданылып жүрген мәміле паспорттары бойынша қажет болған жағдайда, бірақ жарты жылда бір реттен көп емес салыстырып тексеру жүргізілуі мүмкін.
Мәміле паспорты жабылған және мәміле паспортының банкінде бар мәміле паспорттары бойынша тауар қозғалысы жөніндегі ақпарат пен экспортер немесе импортер ұсынған ақпарат арасында айырмашылық анықталған кезде, қажет болған кезде мәміле паспорты бойынша салыстырып тексеру жүргізілуі мүмкін.
Салыстырып тексеру нәтижесі мәміле паспорты банкі және кеден органы басшының не тиісті өкілеттігі бар өзге де тұлғалар қол қойған жүктің кедендік декларациясының нөмірі мен күнін, тауардың шыққан күнін, мәміле паспортының нөмірі мен күнін, кеден режимін көрсете отырып, мәміле паспорты бойынша салыстыру актісі түрінде ресімделеді.
Кеден органы айырмашылық болмаса, Ереженің осы тармағына сәйкес салыстырып тексеру актісін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салыстырып тексеру актісіне қол қояды немесе мәміле паспортының банкіне анықталған айырмашылықтар туралы ақпарат жібереді.
7-тарау. Өтпелі ережелер
47. Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін мәміле паспортын ресімдеген экспортер немесе импортер ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізген және Ереже қолданысқа енгізілгеннен кейін келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, "Репатриациялау мерзімі" бөлімін, "Есеп айырысу тәсілі" бағанын және ақпарат нақтыланатын өзге бөлімдер мен бағандарды толтыра отырып, Ереженің 1 немесе 2-қосымшасының нысаны бойынша жаңа мәміле паспортына қосымша парақты мәміле паспортының банкіне ұсынады.
Мәміле паспортының банкінде бар валюта бақылау құжаттарын, егер олар мәміле паспортының банкіне ұсынған соңғы күннен бастап өзгермесе, қайтадан ұсыну талап етілмейді.
Мәміле паспортының банкі Ереженің 3-тарауына сәйкес мәміле паспортына қосымша парақты ресімдейді, мәміле паспортын тіркеу журналына тіркеу арқылы мәміле паспортының нөмірін және күнін береді және мәміле паспортына қосымша парақта мәміле паспортының бұрынғы және қолданылып жүрген нөмірі мен күнін көрсетеді.
48. Егер экспортер немесе импортер уәкілетті банкке өзге ақпарат ұсынбаса, Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, мәміле паспортын ресімдеу талап етілмейтін келісім-шарттар бойынша репатриациялау мерзімі 180 күнтізбелік күнге тең болып қабылданады.
49. Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін ресімделген мәміле паспорттары бойынша репатриациялау мерзімін экспортер немесе импортер есептеуі және уәкілетті банкке:
1) резиденттің резидент емеске 180 күннен асатын мерзімге коммерциялық кредит ұсынуға лицензия болған жағдайда - лицензияда белгіленген міндеттемелерді орындау мерзімінен бастап 180 күннен;
2) басқа жағдайларда - 2007 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей ұсынылуы тиіс.
Осы Ереженің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мерзім аяқталғаннан және экспортер немесе импортер Ереженің 47-тармағына сәйкес мәміле паспортына қосымша парақты ресімдемегеннен кейін уәкілетті банк Ұлттық Банкке Ереженің 44-тармағында белгіленген тәртіпте ақпарат жібереді.
Экспортер немесе импортер Ұлттық Банктің әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті лауазымды тұлғасы осы Ережені бұзу фактісін қарағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Ереженің 47-тармағына сәйкес мәміле паспортына қосымша парақты ресімдейді.
Ескерту. 49-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
жүзеге асыру ережесіне
1-қосымша
Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2008.11.28 N 93; 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз);
2009.09.25 N 91 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
Экспорт бойынша мәміле паспорты
Мәміле паспортының бұрынғы нөмірі мен күні
"___"__________ жылғы _________________________
Мәміле паспортының қолданыстағы нөмірі мен күні
"___"__________ жылғы 1/_____________/________/_______
Мәміле паспортының банкі бойынша ақпарат:
Атауы _________________________
КҰЖЖ коды _________________________
Өзге сәйкестендіру нөмірі _________________________
Шетел банкінің атауы _________________________
Экспортер бойынша ақпарат:
Атауы немесе аты-жөні _________________________
КҰЖЖ коды _________________________
СТН _________________________
Өзге сәйкестендіру нөмірі _________________________
Мекен-жайы _________________________
Үшінші тұлға бойынша ақпарат:
Атауы немесе аты-жөні _________________________
КҰЖЖ коды (резиденттер үшін) _________________________
СТН (болған жағдайда) _________________________
Өзге сәйкестендіру нөмірі _________________________
(болған жағдайда)
Мекен-жайы _________________________
Шетелдік сатып алушы жөнінде ақпарат:
Атауы немесе аты-жөні _________________________
Елі _________________________
Мекен-жайы _________________________
Келісім-шарт бойынша ақпарат:
Нөмірі _________________________
Күні _________________________
Сомасы _________________________
Төлем валютасы _________________________
Есеп айырысу тәсілі _________________________
Келісім-шарт бойынша валюта _________________________
Валютаны келісу _________________________
Соңғы күні _________________________
Алдыңғы мәміле
паспортының деректемелері: _________________________
Уәкілетті тұлғалардың қолдары:
мәміле паспорты банкінің атынан экспортердің атынан
_________________________ _______________________
Аты-жөні, қызметі Аты-жөні, қызметі
Мөр орны Мөр орны
үшінші тұлғаның банкінің атынан үшінші тұлғаның атынан
_________________________ _______________________
Аты-жөні, қызметі Аты-жөні, қызметі
Мөр орны Мөр орны
Валюта түсудің болжамды мерзімі: _______________________
Экспортердің атынан қойылған қол _______________________
Аты-жөні, қызметі
Мөр орны
Ескерту. Резиденттің ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды қамтамасыз етпеуі және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесінің 5 және 5-2-тармақтарына сәйкес құжаттарды ұсынбауы (уақтылы ұсынбауы) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 187 және 180-баптарында көзделген жауапкершілікке алып келеді.
Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
1-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау
1. Мәміле паспортының банкі "Мәміле паспортының бұрынғы нөмірі мен күні" бағанында Ереженің 47 және 49-тармақтарында көрсетілген жағдайларда Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін ресімделген мәміле паспортының нөмірі мен күнін көрсетеді.
2. Мәміле паспортының банкі "Мәміле паспортының қолданылып жүрген нөмірі мен күні" бағанында Ережеге сәйкес мәміле паспортына берілген нөмір мен күнін көрсетеді.
Бұл ретте мәміле паспорты көлбеу сызықпен бөлінген төрт бөліктен тұрады:
1) бірінші бөлікте 1 көрсетіледі;
2) екінші бөлікте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 754 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына сәйкес Ұлттық Банк берген банктің коды не банк филиалының коды көрсетіледі;
3) үшінші бөлікте уәкілетті банктің ішкі анықтамалығына сәйкес төрт саннан тұратын мәміле паспорты банкінің коды көрсетіледі;
4) төртінші бөлікте экспорт бойынша осы мәміле паспортының рет нөмірі мәміле паспорттарын тіркеу журналына сәйкес көрсетіледі.
Мәміле паспортының банкі мәміле паспортының күні ретінде мәміле паспорттарын тіркеу журналында мәміле паспорты тіркелген күн көрсетіледі.
3. "Мәміле паспортының банкі бойынша ақпарат" бөлімі төмендегідей толтырылады:
1) "Атауы" деген баған мыналар ескеріле отырып толтырылады:
егер мәміле паспортының банкі ретінде уәкілетті банк болатын болса, уәкілетті банктің толық атауы көрсетіледі;
егер мәміле паспортының банкі ретінде уәкілетті банктің филиалы немесе Ұлттық Банктің филиалы болатын болса, филиалдың толық атауы көрсетіледі;
1-1) «КҰЖЖ коды» деген баған мыналар ескеріле отырып толтырылады:
мәміле паспортының банкі ретінде уәкілетті банк әрекет етсе, уәкілетті банктің сегіз мәнді коды көрсетіледі;
мәміле паспортының банкі ретінде уәкілетті банктің филиалы немесе Ұлттық Банктің филиалы әрекет етсе, филиалдың он екі мәнді коды көрсетіледі;
2) алынып тасталды
3) «Өзге сәйкестендіру нөмірі» деген бағанда мәміле паспортының банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілген нөмір (бар болған жағдайда) көрсетіледі.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
4. "Шетел банкінің атауы" бөлімінде экспортердің шоты ашылған және Заң талаптарына сәйкес мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша экспорт түсімінің түсуі мүмкін шетел банкінің толық атауы көрсетіледі.
5. "Экспортер бойынша ақпарат" бөлімі төмендегідей толтырылады:
1) "Атауы немесе аты-жөні" бағанында экспортердің толық атауы немесе аты-жөні көрсетіледі;
1-1) «КҰЖЖ коды» деген баған экспортердің (егер экспортер заңды тұлға болып табылса) сегіз мәнді кодын немесе экспортердің (егер экспортер заңды тұлғаның филиалы болып табылса) он екі мәнді кодын көрсету арқылы толтырылады;
1-2) «СТН» деген баған экспортердің (егер экспортер дара кәсіпкер болып табылса) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің он екі мәнді кодын көрсету арқылы толтырылады;
2) алынып тасталды
3) алынып тасталды
4) «Өзге сәйкестендіру нөмірі» деген бағанда экспортер Қазақстан Республикасының Ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілген нөмір (бар болған жағдайда) көрсетіледі;
5) "Мекен-жайы" бағанында экспортердің толық пошталық адресі көрсетіледі. Экспортердің нақты мекен-жайы келісім-шартта көрсетілген кезде экспортердің заңды мекен-жайын көрсетуге болады.
Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
6. "Үшінші тұлға бойынша ақпарат" бөлімі үшінші тұлғаның қатысуымен мәміле паспорты (мәміле паспортына қосымша парақ) ресімделген жағдайда "Экспортер бойынша ақпарат" бөлімінің тиісті бағанына ұқсас толтырылады.
7. "Шетелдік сатып алушы бойынша ақпарат" бөлімі келісім-шартқа сәйкес толтырылады:
1) "Атауы немесе аты-жөні" бағанында экспортталатын тауарды шетелдік сатып алушының атауы көрсетіледі;
2) "Елі" бағанында шетелдік сатып алушының тұрған елінің коды ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін кодтар. 1-бөлік. Ел коды", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2 - 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3 - 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін код. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар" мемлекеттік жіктеушіге сәйкес көрсетіледі;
3) "Мекен-жайы" бағанында шетелдік сатып алушының мекен-жайы көрсетіледі;
4) алынып тасталды
8. "Келісім-шарт бойынша ақпарат" бөлімі төмендегідей толтырылады:
1) "Нөмір" бағанында негізінде экспорт бойынша мәміле паспорты ресімделген келісім-шарттың нөмірі көрсетіледі. Келісім-шарттың осындай деректемелері болған жағдайда толтырылады;
2) "Күні" бағанында келісім-шарт жасалған күн көрсетіледі;
3) "Сомасы" бағанында келісім-шарттың жалпы сомасы көрсетіледі. Егер келісім-шарт бойынша болжамды баға бегіленетін тауар жеткізу көзделсе, онда мәміле паспортында "Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері" бөлімінде келісім-шарттың болжамды және нақты сомасы мәміле паспортында көрсетілген сомадан аса алатындығын бір мезгілде көрсете отырып, болжамды бағаға жеткізудің белгіленген көлемін көбейту арқылы есептелген келісім-шарттың сомасы көрсетіледі;
4) "Төлем валютасы" бағанында валютаның әріптік мәні көрсетіледі, мұнымен экспортталатын тауарға ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюталар мен қорларды белгілеу кодтары" мемлекеттік жіктеушіге сәйкес ақы төлеу жүргізіледі;
5) "Есеп айырысу тәсілі" бағанында жіктеушіге сәйкес келісім-шарт талаптарына сай экспортталатын тауар үшін есеп айырысудың қолданылатын тәсілінің коды көрсетіледі:
Есеп айырысу тәсілі |
Код |
1. Ақша төлемі және (немесе) аударымы: |
|
аккредитив шеңберінде |
11 |
банктік кепілдеме шеңберінде |
12 |
экспортердің немесе импортердің шоты арқылы |
|
оның ішінде: |
|
алдын ала ақы төлеу |
13 |
тауар тиелгеннен кейін ақы төлеу |
14 |
2. Міндеттемелерді өзгеше орындау: |
|
есептеу |
21 |
беру |
22 |
борышты аудару |
23 |
вексельді беру |
24 |
бағалы қағаздарды беру |
25 |
резидент еместің міндеттемелерді орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін алу |
26 |
өзгелері |
29 |
Есеп айырысудың құрама тәсілдерін қолдануға жол беріледі, мұндайда екі және одан да көп код қойылады;
6) "Келісім-шарт бойынша валюта" бағанында ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюталар мен қорларды белгілеу үшін кодтар" мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес келісім-шарт валютасы сомасының әріптік мәні көрсетіледі;
7) "Валютаны келісу" бағанында келісім-шарт бойынша валюта бағамының төлем валютасына есеп айырысу тәсілі көрсетіледі ("Келісім-шарт бойынша валюта" және "Төлем валютасы" сәйкес келмеген жағдайда ғана толтырылады);
8) "Соңғы күні" бағанында келісім-шарт қолданылатынға дейінгі күн көрсетіледі. Келісім-шартта осындай талап болған жағдайда толтырылады.
9. алынып тасталды
10. алынып тасталды
11. алынып тасталды
12. "Алдыңғы мәміле паспортының деректемелері" бөлімі Ереженің 35-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларда толтырылады. Бұл ретте алдыңғы мәміле паспортының нөмірі мен күні көрсетіледі, оның орнына жаңа мәміле паспорты ресімделеді.
13. "Уәкілетті тұлғалардың қолдары" бөлімін:
1) мәміле паспорты банкінің және үшінші тұлғаның банкінің атынан - мәміле паспортын ресімдеуді жүзеге асыратын қызметкер;
экспортердің атынан - экспортердің басшысы;
үшінші тұлғаның атынан - үшінші тұлғаның басшысы толтырады;
2) экспорт бойынша барлық мәміле паспорттары мәміле паспорты банкінің, экспортердің мөрлерімен бекітіледі және қажет болған жағдайда үшінші тұлғаның және үшінші тұлғаның банкінің мөрлерімен бекітіледі.
14. "Репатриациялау мерзімі" бөлімі нүктемен бөлінген екі бөліктен тұрады:
бірінші бөлікте репатриациялау мерзімінің күн саны көрсетіледі;
екінші бөлікте репатриациялау мерзімінің жыл саны көрсетіледі.
Егер экспортердің тауар жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткеннен кейін тауарды беру болса, экспортер репатриациялау мерзімін келісім-шарт бойынша шетелдік сатып алушы тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындаудың ең ұзақ мерзіміне бір күнтізбелік жылдан аспайтын тауарды беру орнына дейін Қазақстан Республикасында кедендік тіркелгеннен кейін тауарды жеткізу үшін қажетті мерзімді қоса отырып есептейді.
Егер экспортердің тауар жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткенге дейін тауарды беру болса, экспортер репатриациялау мерзімі ретінде шетелдік сатып алушының тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындаудың келісім-шарт бойынша ең ұзақ мерзімін көрсетеді.
Егер келісім-шартта шетелдік сатып алушының тауарға ақы төлеуі бойынша міндеттемелерін орындауының түрлі талаптары көзделсе (тауарға экспортер тауарды тиегенге дейін ақы төлеу, тауарға экспортер тауарды тиегеннен кейін ақы төлеу), репатриациялау мерзімі экспортер тауарды тиегеннен кейін келісім-шартта белгіленген шетелдік сатып алушының тауарға ақы төлеуі бойынша міндеттемелерін орындаудың мерзімдерін ескере отырып, есептейді.
Егер келісім-шартта экспорт бойынша валюта түсімінің экспорт күні болғанға дейін (шетелдік сатып алушының алдын ала ақы төлеуі) не 180 күннен аспайтын мерзімде түсуін көзделсе, репатриациялау мерзімін экспортер 180 күн деп көрсетеді.
Репатриациялау мерзімін есептеу мақсаты үшін күнтізбелік күн пайдаланылады, бұл ретте 30 күн мерзімі бір ай болып, 360 күн - бір күнтізбелік жыл болып қолданылады.
Мысалдар:
1) келісім-шартқа сәйкес тауар жеткізу бойынша экспортердің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауар Омбы қаласында өткізілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік сатып алушының тауарға ақы төлеуі: ішінара - алдын-ала ақы төлеу, ішінара - экспортер тауарды тиегеннен кейін ақы төлеу арқылы. Шетелдік сатып алушы тауарға ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі - 210 күн. Тауарды кедендік ресімдеу күні мен шетелдік сатып алушының тауарды Омбы қаласында өткізу күні арасындағы Экспортер болжайтын мерзім (тауарды өткізу фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді есептей отырып) - 30 күн.
Есеп: 210 күн + 30 күн = 240 күн, яғни 240 күн, 00 жыл.
Экспортер "Репатриациялау мерзімі" бағанында 240.00 көрсетеді;
2) келісім-шартқа сәйкес тауар жеткізу бойынша экспортердің тауар жеткізу бойынша міндеттемесі тауар 1-Алматы станциясына өткізілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік сатып алушы тауарға ақыны экспортер тауарды тиегеннен кейін төлейді. Тауарға ақы төлеудің ең ұзақ мерзімі - 210 күн.
Экспортер "Репатриациялау мерзімі" бағанында 210.00 көрсетеді;
3) келісім-шартқа сәйкес шетелдік сатып алушы тауарға толық көлемде алдын ала ақы төлейді.
Экспортер "Репатриациялау мерзімі" бағанында 180.00 көрсетеді;
4) келісім-шартқа сәйкес шетелдік сатып алушы тауарға ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі -160 күн.
Экспортер "Репатриациялау мерзімі" бағанында 180.00 көрсетеді.
15. "Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері" бөлімінде мәміле паспортының бөлімдерінде көрінбеген, алайда Ережеде көзделген ақпаратты немесе мәміле паспорты банкінің оңайлатылған жұмысын көрсетеді.
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша
Ескерту: 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2008.11.28 N 93, 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
Импорт бойынша мәміле паспорты
Мәміле паспортының бұрынғы нөмірі мен күні
"___"__________ жылғы ____________________
Мәміле паспортының қолданыстағы нөмірі мен күні
"___"__________ жылғы 2/_____________/________/_________
Мәміле паспортының банкі бойынша ақпарат:
Атауы ___________________________
КҰЖЖ коды ___________________________
Өзге сәйкестендіру нөмірі ___________________________
Шетел банкінің атауы, ___________________________
Импортер бойынша ақпарат:
Атауы немесе аты-жөні ___________________________
КҰЖЖ коды ___________________________
СТН ___________________________
Өзге сәйкестендіру нөмірі ___________________________
Мекен-жайы ___________________________
Үшінші тұлға бойынша ақпарат:
Атауы немесе аты-жөні ___________________________
КҰЖЖ коды (резиденттер үшін) ___________________________
СТН (болған жағдайда) ___________________________
Өзге сәйкестендіру нөмірі ___________________________
(болған жағдайда)
Мекен-жайы ___________________________
Шетелдік жеткізуші бойынша ақпарат:
Атауы немесе аты-жөні ___________________________
Елі ___________________________
Мекен-жайы ___________________________
Келісім-шарт бойынша ақпарат:
Нөмірі ___________________________
Күні ___________________________
Сомасы ___________________________
Төлем валютасы ___________________________
Есеп айырысу тәсілі ___________________________
Келісім-шарт бойынша валюта ___________________________
Валютаны келісу ___________________________
Соңғы күні ___________________________
Алдыңғы мәміле
паспортының деректемелері: ___________________________
Уәкілетті тұлғалардың қолдары:
мәміле паспорты банкінің атынан импортердің атынан
________________________ __________________________
Аты-жөні, қызметі Аты-жөні, қызметі
Мөр орны Мөр орны
үшінші тұлғаның банкінің атынан үшінші тұлғаның атынан
________________________ __________________________
Аты-жөні, қызметі Аты-жөні, қызметі
Мөр орны Мөр орны
Валюта түсудің болжамды мерзімі: __________________________
Импортердің атынан қойылатын қол __________________________
Аты-жөні, қызметі
Мөр орны
Ескерту. Резиденттің ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды қамтамасыз етпеуі және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесінің 5 және 5-2-тармақтарына сәйкес құжаттарды ұсынбауы (уақтылы ұсынбауы) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 187 және 180-баптарында көзделген жауапкершілікке алып келеді.
Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау
2-қосымша мыналарды ескере отырып, 1-қосымшаға ұқсас толтырылады:
1. Қолданыстағы мәміле паспортының бірінші бөлігінде 2 көрсетіледі.
2. "Шетел банкінің атауы" бөлімінде импортердің шоты ашылған және мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы жүзеге асырылатын не заң талаптарына сәйкес пайдаланылмаған авансты қайтарған жағдайда импорт бойынша келісім-шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына импортер аударған валюта түсуі мүмкін шетел банкінің толық атауы көрсетіледі.
3. "Есеп айырысу тәсілі" бағанында есеп айырысу тәсілдерінің 13, 14 кодтары мынаны білдіреді:
алдын ала жеткізу 13
тауарға ақы төлегеннен кейін жеткізу 14.
4. "Репатриациялау мерзімі" бөлімін импортер мыналарды ескере отырып толтырады.
Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткеннен кейін тауарды беру болса, импортер шетелдік жеткізушінің келісім-шарт бойынша тауар жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудың ең ұзақ мерзіміне пайдаланылмаған авансты (келісім-шартта ол болған жағдайда) қайтару мерзіміне қосу арқылы репатриациялау мерзімін есептейді.
Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына өткенге дейін тауарды беру болса, импортер шетелдік жеткізушінің келісім-шарт бойынша тауар жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудың ең ұзақ мерзіміне Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына дейін тауарды жеткізу және тауарды Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеуге қажетті мерзімді (бір күнтізбелік жылдан аспауы тиіс) және пайдаланылмаған авансты (келісім-шартта ол болған жағдайда) қайтару мерзімін қосу арқылы репатриациялау мерзімін есептейді.
Егер келісім-шартта шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізу міндеттемелерін орындауының түрлі талаптары (тауарға төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылғанға дейін тауар жеткізу, тауарға төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылғаннан кейін тауар жеткізу) көзделсе репатриациялау мерзімін импортер шетелдік жеткізушінің тауар жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудың келісім-шартта белгіленген мерзімдерін ескере отырып тауарға ақша төлемін және (немесе) аударымын жүзеге асырылғаннан кейін есептейді.
Егер келісім-шартта тауарға төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылғанға дейін не төлем жүргізілген және (немесе) ақша аударылған күннен бастап 180 күннен аспайтын мерзімде тауарды жеткізу (шетелдік жеткізушінің алдын ала жеткізуі) көзделсе, репатриациялау мерзімін импортер 180 күн деп көрсетеді.
Мысалдар:
1) келісім-шартқа сәйкес шетелдік жеткізушінің тауар жеткізу бойынша міндеттемелері Омбы қаласында тауар жеткізілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуі - ішінара алдын ала жеткізу арқылы, ішінара - тауарға төлем жүргізгеннен және (немесе) ақша аударғаннан кейін. Шетелдік жеткізуші тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 800 күн. Импортер тауарды кедендік ресімдеу күні (тауарды беру фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді ескере отырып) мен шетелдік жеткізуші тауарды Омбы қаласында беру күні арасындағы болжамды күнді - 70 күн деп болжайды. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі - тауарды Омбы қаласында болжамды берілді деген күннен бастап 100 күн.
Есеп: 800 күн + 70 күн + 100 күн = 970 күн, яғни 250 күн, 02 жыл.
Импортер "Репатриациялау мерзімі" бағанында 250.02 көрсетеді;
2) келісім-шартқа сәйкес шетелдік жеткізушінің тауар жеткізу бойынша міндеттемелері Омбы қаласында тауар жеткізілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуі - ішінара алдын ала жеткізу арқылы, ішінара - тауарға төлем жүргізгеннен және (немесе) ақша аударғаннан кейін. Шетелдік жеткізуші тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 210 күн. Импортер тауарды кедендік ресімдеу күні (тауарды беру фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді ескере отырып) мен шетелдік жеткізуші тауарды Омбы қаласында беру күні арасындағы болжамды күнді - 70 күн деп болжайды. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі келісім-шартта белгіленбеген.
Есеп: 210 күн + 70 күн = 280 күн, яғни 280 күн, 00 жыл.
"Репатриациялау мерзімі" бағанында импортер 280.00 көрсетеді;
3) келісім-шартқа сәйкес шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізу бойынша міндеттемелері тауар 1-Алматы станциясына берілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуі - ішінара алдын ала жеткізу, ішінара - тауарға төлегеннен кейін және (немесе) аударғаннан кейін жеткізу. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 100 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі - 100 күн.
Есеп: 100 күн + 100 күн = 200 күн, яғни 200 күн, 00 жыл.
"Репатриациялау мерзімі" бағанында импортер 200.00 көрсетеді;
4) келісім-шартқа сәйкес тауар жеткізу бойынша шетелдік жеткізушінің міндеттемесі тауар 1-Алматы станциясына өткізілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуі - ішінара алдын ала жеткізу, ішінара - тауарға төлегеннен кейін және (немесе) аударғаннан кейін. Шетелдік жеткізушінің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 100 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі келісім-шартта белгіленбеген.
"Импортер" Репатриациялау мерзімі" бағанында 180.00 көрсетеді;
5) келісім-шартқа сәйкес шетелдік жеткізуші тауарды толық көлемде алдын ала жеткізуді жүзеге асырады.
"Репатриациялау мерзімі" бағанында импортер 180.00 көрсетеді;
6) келісім-шартқа сәйкес шетелдік жеткізушінің тауар жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 160 күн.
"Импортер" Репатриациялау мерзімі" бағанында 180.00 көрсетеді.
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
жүзеге асыру ережесіне
3-қосымша
____________________ (атауы) мәміле паспорты банкінің
мәміле паспорттарын тіркеу
журналы
_____ жылы басталды
_____ жылы аяқталды
№N |
Мәміле паспортын ресімдеу күні |
Экспортердің немесе импортердің атауы немесе аты-жөні |
Келісім-шарттың деректемелері |
1 |
2 |
3 |
4 |
3-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау
Мәміле паспорттарын тіркеу журналының 1-бағанында көрсетілген нөмір мәміле паспортының төртінші бөлігіндегі нөмірге сәйкес келуі тиіс.
Мәміле паспорттарын тіркеу журналын мәміле паспортының банкі экспорт және импорт бойынша жеке-жеке жылдан жылға ілеспелі түрде жүргізеді.
Мәміле паспорттарын тіркеу журналы электрондық түрде жүргізілген жағдайда жұмыс күнінің аяғында жұмыс күні ішінде толтырылған мәміле паспорттарын тіркеу журналының парағы қағазға басып шығарылады және кейін сақталуы үшін мәміле паспортының банкінде тігіледі.
Мәміле паспорттарын тіркеу журналы аяқталысымен (немесе мәміле паспорттарын тіркеудің электрондық журналының шығарылған парақтарының тігінділері) мәміле паспорты банкінің басшысы не тиісті өкілеттігі бар өзге тұлға қол қояды және мәміле паспорты банкінің мұрағатында сақталады.
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
жүзеге асыру ережесіне 4-қосымша
Ескерту: 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
_____ жылғы ____айдағы
мәміле паспорттары бойынша міндеттемелерді
орындау туралы ақпарат
Уәкілетті банктің КҰЖЖ коды ________________
N |
Қолданыстағы мәміле паспортының деректемелері |
Ақша жіберуші |
|||||||
N |
Күні |
Атауы немесе аты-жөні |
КҰЖЖ коды |
СТН |
Белгісі - заңды |
Елі |
Облыстың коды |
Резиденттік коды |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
кестенің жалғасы
Бенефициар |
||||||
Атауы немесе аты-жөні |
КҰЖЖ коды |
СТН |
Белгісі - заңды тұлға немесе жеке тұлға |
Елі |
Облыстың коды |
Резиденттік коды |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
кестенің жалғасы
Төлем және (немесе) ақша аударымы немесе басқалай міндеттемені орындау туралы ақпарат |
Сомалар жаңа мәміле паспортына ауыстырылған жағдайда |
|||||||
Күні |
Мың бірліктегі сома |
Есеп айырысу валютасы |
Есеп айырысу тәсілінің коды |
Белгісі - шығыс, кіріс |
Есепке алуға немесе беруге немесе басқалай орындауға араналған негісіз |
Жаңа мәміле паспортының күні |
Жаңа мәміле паспортының нөмірі |
|
N |
Күні |
|||||||
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
4-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау
Уәкілетті банктің ҚҰЖЖ коды бойынша деректер сегіз мәнді кодты көрсету арқылы толтырылады.
2, 3-бағандарында қолданыстағы мәміле паспортының деректемелері көрсетіледі, яғни:
егер мәміле паспортына Ереженің 47 және 49-тармақтарына сәйкес жаңа нөмір мен күн берілген болса, онда оның жаңа нөмірі мен күні көрсетіледі;
егер берілмесе - ескі нөмірі мен күні көрсетіледі (Ереженің 49-тармағында көрсетілген мерзімдер аяқталғанша жол берілмейді).
3, 18, 24, 25-бағандар сегіз санды көрсету арқылы мынадай тәртіппен толтырылады: күні, айы, жылы.
5, 12-бағандар егер 7, 14-бағандарда 1 саны көрсетілсе толтырылады. 5, 12-бағандар ақша жіберушінің немесе бенефициардың (ақша жіберуші немесе бенефициар заңды тұлға болып табылса) сегіз мәнді кодын немесе ақша жіберушінің немесе бенефициардың (егер ақша жіберуші немесе бенефициар заңды тұлғаның филиалы болып табылса) он екі мәнді кодын көрсету арқылы толтырылады.
5, 6, 12, 13-бағандар ақша жіберуші немесе бенефициар резиденттер болып табылса.
6, 13-бағандар егер 7, 14-бағандарда 2 саны көрсетілсе толтырылады. 6, 13-бағандар ақша жіберушінің немесе бенефициардың салық төлеушісінің тіркеу нөмірінің он екі мәнді кодын көрсету арқылы толтырылады.
7, 14-бағандар мынадай белгілерді ескере отырып толтырылады: 1 - ақша жіберуші немесе бенефициар заңды тұлғалар болып табылса және 2 - ақша жіберуші немесе бенефициар жеке тұлға болып табылса.
8, 15-бағандар ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін кодтар. 1-бөлік. Ел коды", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2 - 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3 - 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін код. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар" мемлекеттік жіктеушілерін пайдалана отырып толтырылады.
9, 16-бағандарда (ақша жіберуші немесе бенефициар - резидент болған жағдайда) әкімшілік-аумақтық объектілердің (КАТО) ҚР МЖ 11-2003 жіктеушісіне сәйкес облыс кодының алдыңғы 2 саны көрсетіледі.
10, 17-бағандар төлем мақсатының бірыңғай жіктеушісінің мемлекеттік жіктеушісінің мақсаты үшін пайдаланылатын резиденттік анықтамасына сәйкес толтырылады.
20-бағанда ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюталар мен қорларды белгілеу үшін кодтар" мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес валютаның әріптік мәні көрсетіледі.
21-баған Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 8-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жіктеушіге және 2-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 3-тармағына (есептеудің бірнеше тәсілдері көрсетілуі мүмкін) сәйкес толтырылады.
22-баған мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 - шығыс (яғни шетелдік сатып алушының немесе шетелдік жеткізушінің пайдасына ақша төлемі және (немесе) аударымы) және 2 - кіріс (яғни экспортердің немесе импортердің пайдасына ақша төлемі және (немесе) аударымы).
23, 24-бағандар егер 21-бағанда 21-23 сандары көрсетілсе, 23-бағанда валюта шартының (келісім-шарттың осындай деректемесі болған жағдайда) күнін, ал 24-бағанда - валюта шартының күшіне ену күні, болмаған жағдайда - валюта шарты жасалған күнді көрсету арқылы толтырылады.
Толтырылған 25, 26-бағандар мәміле паспортының сомалары Ереженің 35-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларда жаңа мәміле паспорты бойынша ескерілетінін білдіреді.
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
жүзеге асыру ережесіне 5-қосымша
Ескерту: 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
_____жылғы _____(күні)___________(айы)
мәміле паспорттары және мәміле паспорттарына
қосымша парақтар бойынша ақпарат
Уәкілетті банктің КҮЖЖ коды_______________
N |
Мәміле паспортының деректемелері |
Экспортер немесе импортер бойынша ақпарат |
|||||||
Бұрынғы |
Қолданыстағы |
Атауы немесе аты-жөні |
КҰЖЖ коды |
СТН |
Белгі - заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер |
Облыстың коды |
|||
N |
Күні |
N |
Күні |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
кестенің жалғасы
N |
Келісім-шарт бойынша ақпарат |
|||||||
Белгісі - экспорт немесе импорт |
Нөмір |
Күні |
Төлем валютасы |
Мың бірліктегі келісім-шарт сомасы |
Келісім-шарттың валютасы |
Валютны келісу |
Соңғы күні |
|
1 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
кестенің жалғасы
Резидент емес |
Репатриациялау мерзімдері |
Есептеу тәсілінің коды |
Лицензия |
Тіркеу куәлігі |
|||
Атауы және аты-жөні |
Елі |
N |
Күні |
N |
Күні |
||
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
кестенің жалғасы
Хабарлама туралы куәлік |
Мәміле паспорты бойынша қосымша парақтың деректемелері |
Қосымша парақты ресімдеуге негіз |
Мәміле паспортын жабу |
|||
N |
Күні |
N |
Күні |
Күні |
Негіз |
|
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
32 |
33 |
5-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау
Уәкілетті банктің КҰЖЖ коды бойынша деректер сегіз мәнді кодты көрсету арқылы толтырылады.
Мәміле паспортын ресімдеу туралы ақпаратты жіберу кезінде лицензия болған жағдайда 23 және 24-бағандар, тіркеу куәлігі болған жағдайда 25 және 26-бағандар, хабарлама туралы куәлік болған жағдайда 27 және 28-бағандар толтырыла отырып, 4-22-бағандар толтырылады.
Ереженің 47 және 49-тармақтарында белгіленген жағдайларда мәміле паспортына қосымша парақты ресімдеу туралы ақпаратты жіберу кезінде 2-22, лицензия болған кезде - 23, 24-бағандар, тіркеу куәлігі болған кезде - 25, 26-бағандар, хабарлама туралы куәлік болған кезде - 27, 28-бағандар, сондай-ақ 29-31-бағандар толтырылады. Осындай мәміле паспорты бойынша келесі ақпаратты жіберу кезінде 4 және 5-бағандарда мәміле паспортының қолданылып жүрген нөмірін және күнін көрсету қажет.
Өзге жағдайларда мәміле паспортына қосымша парақты ресімдеу туралы ақпаратты жіберу кезінде 2, 3 немесе 4, 5, сондай-ақ мәліметтері нақтылануы тиіс бағандар толтырылады. Бұл ретте 2 және 3-бағандар Ереженің 47 және 49-тармақтарына сәйкес жаңа нөмірі мен күні әлі берілмеген мәміле паспортына қосымша парақ ресімделген жағдайда толтырылады (Ереженің 49-тармағында көрсетілген мерзімдер аяқталғаннан кейін рұқсат етілмейді).
Мәміле паспортын Ереженің 35-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларда ресімдеген кезде 2-22-бағандар, лицензия болған кезде 23, 24-бағандар, тіркеу куәлігі болған кезде 25, 26-бағандар, хабарлама туралы куәлік болған кезде 27, 28-бағандар толтырылады.
Мәміле паспортын жабу туралы ақпаратты жіберу кезінде 2, 3 немесе 4, 5, 32, 33-бағандар толтырылады.
3, 5, 13, 18, 24, 26, 28, 30, 32-бағандар мынадай тәртіпте сегіз санды көрсету арқылы толтырылады: күн, ай, жыл.
7-баған, егер 9-бағанда 1 саны көрсетілсе экспортердің немесе импортердің (егер экспортер немесе импортер заңды тұлға болып табылса) сегіз мәнді кодын және экспортердің немесе импортердің (экспортер немесе импортер заңды тұлғаның филиалы болып табылса) он екі мәнді кодын көрсету арқылы толтырылады.
8-баған, егер 9-бағанда 2 саны көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің салық төлеушісінің тіркеу нөмірінің он екі мәнді кодын көрсету арқылы толтырылады.
9-баған мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 - егер экспортер немесе импортер заңды тұлға болып табылса және 2 - егер экспортер немесе импортер жеке кәсіпкер болып табылса.
10-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілердің (КАТО) ҚР МЖ 11-2003 жіктеушісіне сәйкес облыс кодының алғашқы 2 саны көрсетіледі.
11-баған мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 - егер келісім-шарт экспорт бойынша және 2 - егер келісім-шарт импорт бойынша болса.
12-баған келісім-шарттың осындай деректемесі болған жағдайда келісім-шарттың нөмірін көрсету арқылы толтырылады.
14, 16-бағандарда ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" мемлекеттік жектеушісіне сәйкес валютаны әріппен белгілеу көрсетіледі.
15-баған келісім-шарт валютасымен толтырылады.
17-баған Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 8-тармағының 7) тармақшасына сәйкес толтырылады.
18-баған Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 8-тармағының 8) тармақшасына сәйкес толтырылады.
20-баған ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Елдің коды", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2 - 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3 - 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеуге арналған бұрын пайдаланылған кодтар" мемлекеттік жіктеушілерін пайдалана отырып толтырылады.
21-бағанда Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 14-тармағына және 2-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 4-тармағына сәйкес репатриациялау мерзімі көрсетіледі.
22-баған Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 8-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жіктеушіге және 2-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 3-тармағына сәйкес толтырылады (есептеудің бірнеше тәсілі көрсетілуі мүмкін).
29-бағанда мәміле паспортына қосымшасы парақтың рет нөмірі көрсетіледі.
31-баған мынадай жіктеуші ескеріле отырып толтырылады:
1 - міндеттемелерді орындау мерзімі мен талаптарына әсер ететін өзгерістер мен толықтырулар;
2 - мәміле паспортында көрсетілген ақпараттың өзгеруі;
3 - Ереженің 47 және 49-тармақтарында көрсетілген жағдайлар.
33-баған мынадай жіктеуші ескеріле отырып толтырылады:
1 - тараптардың келісім-шарт бойынша міндеттемелерін толық орындауы не резидент еместің немесе резиденттің елу мың АҚШ доллары сомасынан аспайтын берешек қалдығының болуы, оның ішінде борышкер мен кредитор бір тұлға болған жағдайда жеңілдік, есепке алуды ұсыну арқылы міндеттемелерді тоқтату, растайтын құжаттар болған кезде мемлекеттік органның актісінің шығуы салдарынан орындау мүмкін болмауы;
2 - резидент емеске бұрын алынған тауарды қайтару не импортердің осы келісім-шартты тоқтату туралы жазбаша растамасын алған кезде импортерге пайдаланылмаған авансты қайтару;
3 - резидент емес тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда бұрын тиелген тауарларды экспортерға қайтару не экспортердің осы келісім-шарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша растамасы болған кезде тауарды жеткізу бойынша экспортер міндеттемелерін орындамаған жағдайда экспорт бойынша келісім-шартқа ақы төлеуге экспортер алған валютаны резидент емеске қайтару;
4 - экспортер немесе импортер резидент еместің алдында өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда экспортер немесе импортер алдында өз міндеттемелерін толық орындаған резидент еместің тарапынан шағым-талап болмайтынын растайтын құжаттарды ұсыну;
5 - жеке кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұратын жерге кету туралы уәкілетті органның растамасы;
6 - келісім-шарт мерзімінің аяқталуы және тараптар міндеттемелерін балама орындау немесе резидент еместің елу мың АҚШ долларына балама болатын сомадан аспайтын берешек қалдығының болу талабымен тараптар міндеттемелерін орындаған соңғы күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде мәміле паспорты бойынша ақша немесе тауар қозғалысының болмауы;
7 - сот шешімінің не резидент еместі тарату немесе банкрот деп тану туралы шетел мемлекетінің басқа уәкілетті мемлекеттік органы құжатының болуы;
8 - экспортерді немесе импортерді құқықтық мұрагері болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тарату;
9 - экспортердің немесе импортердің тәуекелді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы болған кезде резидент еместің міндеттемелерін орындамауы;
10 - экспортердің немесе импортердің банктік шотына ақшаны талап етуді (факторинг) беруге қаржыландыру шарты шеңберінде ақшаның түсуі;
11 - мәміле паспорты банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны тоқтату не одан айыру;
12 - тараптар келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған не резидент еместің елу мың АҚШ долларына балама болатын сомадан аспайтын берешек қалдығы болған кезде келісім-шарт бойынша есеп айырысу үшін импортер шығарған, резидент емес ұсынған вексельді уәкілетті банктің есепке алуы;
13 - резидент еместің келісімін растайтын құжаттар негізінде және экспортердің немесе импортердің мәміле паспортының банкіне ұсынған осы келісім-шарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша өтініші болған кезде экспортердің немесе импортердің келісім-шарт бойынша резидент емес алдындағы өз борышын басқа тұлғаға аударуы;
14 - Ереженің 35-тармағын ескере отырып, осы келісім-шарттың қолданылуын тоқтату туралы экспортердің немесе импортердің жазбаша өтініші және растайтын құжаттар (талап ету құқығын беру шарты, өзара міндеттемелер бойынша салыстыру актісі, тауарларды қабылдау-өткізу актісі, тауармен бірге жүретін құжаттар және басқалары) болған жағдайда экспортердің немесе импортердің резидент емеске талап ету құқығын басқа тұлғаға беру немесе аудару;
15 - жеке кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің құқықтық мұрагері болмаған жағдайда қайтыс болуы;
16 - Ереженің 38-тармағында көзделген жағдайлар.
Ұлттық Банк Ереженің 41-тармағына сәйкес кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға осы Ереженің 1-8, 12, 13, 29-32-бағандарында көрсетілген ақпаратты жібереді.
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
жүзеге асыру ережесіне 6-қосымша
Ескерту: 6-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2009.08.24 N 77 (қолданысқа 2009.11.01 бастап енгізіледі, 4-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
_____жылғы _____(күні)___________(айы)
мәміле паспорттары бойынша тауарлардың
қозғалысы туралы ақпарат
N |
Мәміле паспортының деректемелері |
Белгісі - экспорт немесе импорт |
Келісім-шарт деректемелері |
Экспортердің немесе импортердің деректемелері |
||||
N |
Күні |
Нөмірі |
Күні |
КҰЖЖ коды |
СТН |
Белгісі - заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
кестенің жалғасы
Жүк кедендік декларацияның нөмірі |
Жүк кедендік декларациясында көрсетілген кедендік режим |
Тауарды шығару күні |
Тауардың құны |
|||
Статистикалық |
Фактуралық |
Жеткізу валютасы |
Валюта бағамы |
|||
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
6-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау
3, 6, 12-бағандар мынадай тәртіппен сегіз санды көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.
5-баған келісім-шарттың осындай деректемесі болған жағдайда келісім-шарттың нөмірін көрсету арқылы толтырылады.
4-баған мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 - егер келісім-шарт экспорт бойынша болса және 2 - егер келісім-шарт импорт бойынша болса.
7-баған, егер 9-бағанда 1 саны көрсетілсе экспортердің немесе импортердің (егер экспортер немесе импортер заңды тұлға болып табылса) сегіз мәнді кодын және экспортердің немесе импортердің (экспортер немесе импортер заңды тұлғаның филиалы болып табылса) он екі мәнді кодын көрсету арқылы толтырылады.
8-баған, егер 9-бағанда 2 саны көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің салық төлеушісінің тіркеу нөмірінің он екі мәнді кодын көрсету арқылы толтырылады.
9-баған мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 - егер экспортер немесе импортер заңды тұлға болып табылса және 2 - егер экспортер немесе импортер жеке кәсіпкер болып табылса.
11-баған Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды декларациялау мақсаты үшін кедендік органдар пайдаланатын жіктеушіге сәйкес кедендік режимді сандық белгілеу арқылы көрсете отырып толтырылады.
13-бағанда тауардың статистикалық құны АҚШ доллары бірлігінде көрсетіледі.
14-бағанда тауардың фактуралық құны жеткізу валютасының бірлігінде көрсетіледі.
15-бағанда ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес жеткізу валютасын әріппен белгілеу көрсетіледі.
16-бағанда фактуралық құнға қайта есептеу үшін пайдаланылған және жүктің кедендік декларациясында көрсетілген валюта бағамы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
жүзеге асыру ережесіне 7-қосымша
Ескерту: 7-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.09.24. N 110 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2008.11.28 N 93; 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
N_____/_____ Банктік бақылаудың жеке карточкасы
_________жылғы _____________есептік ай
(есептік айдың аяғындағы жағдай бойынша)
N |
Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпараттың атауы |
Жолдың коды |
Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпарат |
1. |
Жеке карточканы жіберуге негіз: |
10 |
|
2. |
Экспортер немесе импортер бойынша ақпарат: |
20 |
|
3. |
Атауы немесе аты-жөні |
21 |
|
4. |
КҰЖЖ коды |
22 |
|
5. |
СТН |
23 |
|
6. |
Белгісі - заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер |
24 |
|
7. |
Мекен-жайы |
25 |
|
8. |
Облыстың коды |
26 |
|
9. |
Мәміле паспорты: |
30 |
|
10. |
Нөмір |
31 |
|
11. |
Күні |
32 |
|
12. |
Мәміле паспорты банкінің КҰЖЖ коды |
40 |
|
13. |
Келісім-шарт бойынша ақпарат: |
50 |
|
14. |
Белгісі - экспорт немесе импорт |
51 |
|
15. |
Нөмірі |
52 |
|
16. |
Күні |
53 |
|
17. |
Мың бірліктегі сома |
54 |
|
18. |
Келісім-шарт валютасы |
55 |
|
19. |
Резидент емес бойынша ақпарат: |
60 |
|
20. |
Атауы немесе аты-жөні |
61 |
|
21. |
Елі |
62 |
|
22. |
Репатриациялау мерзімі: |
70 |
|
23. |
Резидент еместің келісім-шарт бойынша экспортер немесе импортер алдындағы репатриациялау мерзімдерінде орындамаған міндеттемелерінің сомасы туралы ақпарат |
80 |
|
24. |
Келісім-шарттың валютасымен |
81 |
|
25. |
АҚШ долларымен |
82 |
|
26. |
Ескерту: |
90 |
7-Қосымшаны толтыру бойынша нұсқау
Банктік бақылаудың жеке карточкасының нөмірі көлбеу сызықпен бөлінген үш бөліктен тұрады:
бірінші бөлікте уәкілетті банктің сегіз мәнді КҰЖЖ коды көрсетіледі;
екінші бөлікте келісім-шарт бақылауда тұрған уәкілетті банк филиалының КҰЖЖ кодының соңғы төрт саны көрсетіледі. Егер келісім-шарт уәкілетті банкте бақылауда болса, екінші бөлікте төрт нөл қойылады;
үшінші бөлікте уәкілетті банк (оның филиалдарын ескере отырып) үшін банктік қабылдаудың жеке карточкасының бірегей нөмірі көрсетіледі.
10 деген коды бар жол мынадай жіктеушіге сәйкес толтырылады:
1 - резидент еместің экспортер немесе импортер алдында есептік айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша елу мың АҚШ долларына баламасынан асатын сомаға репатриациялау мерзімінде келісім-шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы;
2 - экспортердің немесе импортердің уәкілетті банкке Ереженің 5-тармағына сәйкес құжаттарды және ақпаратты уақтылы ұсынбауы;
3 - есептік айда репатриациялау мерзімі бір күнтізбелік жылдан асатын мәміле паспортын ресімдеу талап етілмейтін он мың АҚШ долларына балама болатыннан артық сомаға келісім-шартты валюталық бақылауға қабылдау;
4 - Ереженің 11-тармағында көрсетілген жағдайлар;
5 - Ереженің 49-тармағында көрсетілген жағдайлар.
10 деген коды бар жолда жеке карточканы жіберуге бірнеше негіздер көрсетілуі мүмкін.
Ұлттық Банкке осы келісім-шарт бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасын жіберу күні экспортер немесе импортер уәкілетті банкке резидент еместің осы келісім-шарт бойынша міндеттемелерін орындауын растайтын құжаттарды ұсынса, банктік бақылаудың жеке карточкасын жіберу талап етілмейді.
Экспортер немесе импортер болжамды мерзімді өзгертетін құжаттарды есептік айда келісім-шарт бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасын 10 деген коды бар жолда 1 санын көрсете отырып жіберсе, онда осы келісім-шарт бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасын көрсетілген жолда 2 санын көрсете отырып кейін жіберу талап етілмейді.
22 деген коды бар жол экспортердің немесе импортердің - заңды тұлғаның, оның филиалының немесе қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің БСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.
23 деген коды бар жол экспортердің немесе импортердің - қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің ЖСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.
24 деген коды бар жол мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 - егер экспортер немесе импортер заңды тұлға болып табылса және 2 - егер экспортер немесе импортер жеке кәсіпкер болып табылса.
26 деген коды бар жолда (КАТО) КР МЖ 11-2003 әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеушісіне сәйкес облыс кодының алғашқы 2 саны көрсетіледі.
31-32 деген кодтары бар жолдар мәміле паспорты бар болған жағдайда толтырылады.
мәміле паспортының банкі уәкілетті банктің филиалы болып табылса, он екі мәнді код көрсетіледі.
32, 53 деген кодтары бар - жолдар мынадай тәртіпте сегіз сан көрсетіле отырып толтырылады: күні, айы, жылы.
51 деген коды бар жол мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 - келісім-шарт экспорт бойынша болса және 2 - егер келісім-шарт импорт бойынша болса.
55 деген коды бар жолда ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес валютаны әріппен белгілеу көрсетіледі.
62 деген коды бар жол коды ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Ел коды", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2 - 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3 - 2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған код. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар" мемлекеттік жіктеушілерін пайдалана отырып толтырылады.
70 деген коды бар жол Ереженің 1-қосымшасын толтыру бойынша нұсқаудың 14-тармағына және 2-қосымшасын толтыру бойынша 4-тармағына сәйкес толтырылады.
81 және 82 деген кодтары бар жолдар, егер коды бар 10-жолда 1,5 саны көрсетілсе толтырылады.
81 және 82-жолдар валютаның мың бірлігімен толтырылады.
90 деген коды бар жолда уәкілетті банк кез келген басқа қосымша ақпаратты көрсетеді.
Келісім-шарт бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасы бұрын жіберілген болса және келесі есептік күні оны жіберу үшін негіз бар болса, уәкілетті банк алғашқы рет 20-70 деген кодтары бар жолдарды толтырмай, осы жолдардағы ақпарат өзгерген жағдайларды қоспағанда, банктік бақылаудың жеке карточкасы жіберілген нөмірді көрсете отырып, банктік бақылау жеке карточкасын жібереді.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2006 жылғы 17 тамыздағы
М 86 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
күшi жойылды деп танылған нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 343 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1669 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2001 жылғы 19 қараша - 2 желтоқсанда жарияланған).
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 343 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 575 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1743 тiркелген).
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 343 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 203 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1923 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2002 жылғы 29 шiлде - 11 тамызда жарияланған).
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1669 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 343 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 484 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2696 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2004 жылғы 2 - 15 ақпанда жарияланған).
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 343 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 29 қарашадағы N 137 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3957 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Юридическая газета" газетiнде 2006 жылғы 26 мамырдағы N 94-95 (1074-1075) жарияланған).