2003-2005 жылдарға арналған Астана қаласында мүгедектерді оңалту бағдарламасы туралы

Күшін жойған

Астана қалалық мәслихатының 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 223/42-ІІ шешімі. Астана қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 15 мамырда N 265 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 29 наурыздағы N 231/30-ІІІ шешімімен

       Үзінді: Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 29 наурыздағы N 231/30-ІІІ шешімінен.

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      ...
      2. Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 223/42-ІІ "Астана қаласының 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" шешімі (Астана қаласының әділет басқармасында 2003 жылғы 15 мамырдағы N 265 тіркелген, 2003 жылғы 20 желтоқсандағы "Астана ақшамы" газетінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
_____________________________________________

      Астана қаласының әкімдігі ұсынған 2003-2005 жылдарға арналған Астана қаласында мүгедектерді оңалту бағдарламасын қарап, Қазақстан Республикасы Конституциясының  86-бабын  және "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңын  басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты былай деп ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2003-2005 жылдарға арналған Астана қаласында мүгедектерді оңалту бағдарламасы бекітілсін.

       Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

      Келісілген:

       Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі Астана қаласы
      бойынша департаментінің директоры

      Астана қаласы еңбек, халықты жұмыспен қамту
      және әлеуметтік қорғау департаментінің
      бастығы

      Астана қаласы денсаулық сақтау
      Департаментінің директоры

      Астана қаласы білім департаментінің
      бастығы

      Астана қаласы қаржы
      департаментінің бастығы

      Астана қаласы туризм және спорт
      департаментінің директоры

      Астана қаласы ішкі істер
      бас басқармасының бастығы

      Астана қаласы мәдениет
      департаментінің директоры

      Алматы ауданының әкімі

      Сарыарқа ауданының әкімі

      Астана қаласы көлік және коммуникация
      басқармасының бастығы

      Астана қаласы ішкі саясат
      департаментінің директоры

      Астана қаласын дамыту бағдарламаларына
      әкімшілік ету жөніндегі департаментінің
      директоры

      Астана қаласы коммуналдық шаруашылық
      департаментінің директоры

Астана қаласы мәслихатының
2003 жылғы 8 сәуірдегі  
N№223/42-ІІ шешімімен   
бекітілген        

2003-2005 жылдарға арналған
Астана қаласында мүгедектерді оңалту
Бағдарламасы

  1.  БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

Аталуы     2003-2005 жылдарға арналған Астана қаласында мүгедектерді
           оңалтудың аймақтың бағдарламасы     

Іске асыру 2003-2005 жылдар
мерзімі

Әзірлеуге  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 сәуірдегі
негіз      N 367  қаулысымен  (4,1; 3,3-тармақтары) бекітілген 
болған     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға 
           арналған іс-әрекеттері Бағдарламасын жүзеге асыру
           жөніндегі іс-шаралар жоспары, "2002-2005 жылдарға
           арналған мүгедектерді оңалту Бағдарламасы
           туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7
           сәуірдегі N 367 қаулысы.

Негізгі    Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Еңбек 
орындау.   және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Астана
шылары     қаласы бойынша департаменті, Астана қаласы Еңбек,
           жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау
           департаменті, Астана қаласының Білім департаменті,
           Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті,
           Астана қаласының қаржы департаменті, Астана қаласының
           Туризм және спорт департаменті, Астана қаласының Ішкі
           істер бас басқармасы, Астана қаласы Алматы және Сарыарқа
           аудандары әкімдерінің аппараттары, Астана қаласын дамыту
           бағдарламаларына әкімшілік ету жөніндегі департаменті,
           Астана қаласының Көлік және байланыс басқармасы, Астана
           қаласының Мәдениет департаменті, Астана қаласы Ішкі
           саясаты департаменті

Мақсаты    Мүгедектерді оңалту жүйесін құру, олардың қоғамдық өмірге
           жан-жақты қатысуына мүмкіндік туғызу, мүгедектік деңгейін
           төмендету 

Міндеттер  Мүгедектерді оңалту, мүгедектерді кәсіби оңалту,
           сондай-ақ,
           оңалту мекемелерінің желілерін дамытып, олардың
           материалдық-техникалық базасын нығайту, мүгедектерге
           протездік-ортопедиялық көмек көрсету, оларды техникалық
           оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі
           ұйымдастырушының
           іс-шараларын іске асыру. Денсаулық сақтау, білім, еңбек
           және халықты әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру және спорт
           жүйесіндегі мүгедектерге көрсетілетін қызмет пен
           іс-шараларының
           тізбесі мен көлемін әзірлеу, мүгедектердің әлеуметтік
           инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз жүріп-тұрып, оларды
           пайдалануларына мүмкіндік беретін іс-шаралардың
           өткізілуін
           қамтамасыз ету, оңалту жүйесінің құқықтық және
           әдістемелік
           жағынан қамтамасыз етілуін жетілдіру

Қаржылан.  Астана қаласының қаржы департаменті ескерілген бюджеттік
дыру       қаражат шегінде Бағдарламаның 2003 жылға арналған
           бағдарламаның
           іс-шараларын қаржыландырылуды қамтамасыз етеді

Бағдарла.  Бағдарламаның іске асырылуы оңалту шараларының көлемін
маның іске ұлғайтуға, мүгедектердің дара сұраныстарын ескере
асыры.     отырып, олардың техникалық оңалту құралдарымен 
луынан     қамтылуын, мүгедектердің тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік 
күтілетін  қызмет ету қабілеттерін қалыпқа келтіріп, 
нәтижелер  конституциялық-құқықтарының толық көлемде жүзеге
           асыруларына және олардың қоғам өміріне сіңуін тездетуге
           жағдай туғызады     

  2. КІРІСПЕ

      Мүгедектерді әлеуметтік қорғау элементтерінің бірі ағзаның зақымданған немесе жоғалтылған функцияларын, мүгедектің өзіне өзі қызмет көрсету қабілеттерін, әртүрлі кәсіби қызмет түрлерін меңгеру жөніндегі қабілеттерін қалыпқа келтіріп, орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық шаралар кешенін ұсынатын оңалту болып табылады.

  3. АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МҮГЕДЕКТІК ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ
АХУАЛЫН ТАЛДАУ

      Қалада барлығы - 7808 мүгедек тұрады;
      Оның ішінде әйелдердің саны - 3334, ер адамдардың саны - 4474;
      16 жасқа дейінгі балалар - 624.
      N 1 кестеде Астана қалалық медициналық әлеуметтік сараптама
комиссиясының жылдық статистикалық есебінің негізінде жасалған N№1 кестеде 1999-2002 жылдардағы алғашқы мүгедектік серпіні көрсетілген.

      N 1 кестеден алғаш рет мүгедек, уақытша еңбекке жарамсыз болып танылған азаматтар санының төмендегенін байқауға болады. Мұны қала тұрғындарының көлемі елордаға жұмысқа орналасу, сондай-ақ бұдан әрі қызметтік көтерілу үшін келген дені сау, еңбекке жарамды азаматтар есебінен өсіп келе жатқанымен түсіндіруге болады.
      Мүгедектікті анықтауға қажетті айғақтамаларды белгілеу кезінде жүргізілетін сараптаманың сапасы артты. Бұл медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан былай - МӘС) негізсіз жолдау фактілерінің едәуір, яғни 19%-дан (1999 ж.) 3%-ға (2001 ж.) дейін төмендеуімен дәлелденеді. Соңғы үш жылда алғашқы мүгедектіктің үнемділік көрсеткіші Астана қаласында Республикалық көрсеткіштен төмен. Бұл медициналық әлеуметтік сараптама және денсаулық сақтау органдарымен қосылып мүгедектердің және науқастардың еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруіне істеген жұмысының нәтижесі.
      Алғашқы мүгедектік құрылымында басымы:
      қатерлі ісіктердің жылдан жылға өсуі; 1999 жылы - 17,8%; 2002 жылы - 23,3%;
      қан айналымы ауруларының 1993 жылдан 18%-ден 2002 жылда 20,9%-ға дейін өсуі;
      психикалық аурулар 1999 жылы 12,3%-дан 2002 жылы 14,6%-ға дейін өсуі.
      Ең жоғарғы мүгедектіктің ауырлығы (1, 2 топ) қатерлі ісіктер кезінде 95%-99,2%, қан айналым аурулары 81%-86%, психикалық науқастар 73%-85,4% және туберкулез 70%-84%.
      Мұндай көрсеткіштерге ие болу медициналық-әлеуметтік сараптама мен қаланың денсаулық сақтау органдарының науқастар мен мүгедектердің еңбекке жарамдылығын қалыпқа келтіру, мүгедектіктің алдын алу жолында бірлесе атқарған қарқынды жұмыстың нәтижесі деп айтуға болады.
      Қалыптасып отырған жағдайды:
      қолайсыз әлеуметтік-экономикалық факторлармен (төмен күнкөріс минимумы, жұмысқа орналасудың қиындығы, кедейлік пен баспанасыздық салдарынан үнемі күйзеліс күйде болу);
      лас экологиялық орта;
      қайта куәландыру мерзімі көрсетілмеген мүгедектердің флюорографиялық тексерістермен аз қамтылуы;
      мүгедектерді диспансеризациялаудың тиімсіздігі;
      мамандандырылған ауруханалардағы операция арқылы түзететін және қалыпқа келтіруге бағытталған өзге де емдік шараларды пайдаланудың қиындылығы;
      ауруханалардағы орындардың жетіспеушілігі;
      қала тұрғындары мәдениеттілік деңгейінің төменділігі - салауатты өмір қағидаларын ұстанбауымен (зиянды әдеттерге салыну, үйлестірілмеген тамақпен қоректену, гипокинезия, ағза мен денені шынықтыру шараларын қолданбау) түсіндіруге болады.
      Мүгедектерді оңалту - мүгедектің белгілі бір қызмет түрлерімен айналыса білу қабілеттерін қалыпқа келтіруге және потенциалды қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдай туғызуға бағытталған іс-шаралар кешенінен тұрады.
      Мүгедекті жеке дара оңалту бағдарламасы дене немесе ақыл-ой кемістігі салдарынан тіршілік ету әрекеттері шектелген мүгедектің құрылымына лайық келтірілген оңалту шараларының мазмұнын баяндайтын құжат болып табылады.
      Мүгедектерді оңалтудың негізгі қағидалары болып табылады. Оңалту шараларының әдістері биологиялық және әлеуметтік бейімдеу мен түзету тетіктерін пайдалануымен негізделеді және олар шартты түрде медициналық, кәсіби және әлеуметтік оңалту шаралары шеңберінде біріктірілуі мүмкін (N№2 кестені және N 2 қосымшаны қара).
      Қалалық стационарлық, диспансерлік бөлімдерінде мүгедектердің медициналық оңалтуы жүргізіледі. Арнайы бөлімдерінің және оңалту орталығының жоқтығына байланысты мүгедектердің толық емделуі жоғарғы деңгейде болмай тұр. 1999 жылдан (69%) бастап 2002 жылға (57,9%) дейін жылдан жылға жаппай стационарлық емделуі төмендеген. Стационарлық-шипажайларда емделудің пайызы 0,9%-0,1% төмендеген.
      Медициналық оңалтудың жетекші әдістері қалыпқа келтіру терапиясы және реконструктивтік хирургия болып табылады.
      Мүгедектерді кәсіби оңалту жұмысы мүгедектердің бұрынғы және жаңадан ие болған кәсіптік дағдылары мен білімдерін қалыпқа келтіріп, кейін оларды жұмысқа орналастыруға бағытталады (N№2 кестені және N№2 қосымшаны қара).
      Бүгінгі таңда қаланың өндірістік кәсіпорындары жұмыс істемей, тоқтап тұрғандықтан, сондай-ақ, азаматтарды жұмысқа қабылдау барысында жасқа қатысты шектеулер қолданылатындықтан, кәсіпорындарда жұмыс орындарына квота белгіленбейтіндіктен, жеке кәсіпорындардың басшылары басым жағдайда мүгедектерді жұмысқа қабылдаудан бас тартатындықтан мүгедектерді кәсіби оңалту мәселесі оңайшылықпен шешілмейтінін айту қажет. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың±ұсынысы бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектердің көлемі 1999 жылдағы 9,9%-дан (168) 2002 жылы 7,4%-ға (179) дейін азайып отыр. Оқитын мүгедектердің ішінде жоғары оқу орындарында - 41 адам, техникумдарда - 21, жалпы білім беру мектептерінде - 474, арнайы интернаттарда - 20, қосалқы мектептерде - 19, үйлерінде - 27 адам оқиды. 8 мүгедек мүлдем оқымайды және 25 бала мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленуде.
      Мүгедектерді әлеуметтік жағынан оңалту мәселесімен қаланың Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті айналысады. Аталмыш Департамент ІІІ топтағы мүгедектер үшін тегін компьютерлік, бухгалтерлік курстар ұйымдастырып, шаштараз, сағат жөндеу шебері мамандықтарына үйретеді. Осылайша, 1999 жылы департамент 3,4%, 2000 жылы - 4,8%, 2001 жылы - 4,2%, 2002 жылы - 6,4% мүгедекті оқытты. Сонымен қатар, мүгедектерге арналған жүріп-тұру құралдары - кресло-коляскалар сатып алынды, қала әкімі қоры есебінен Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арнап "ОКА" маркалы автомобильдер сатып алынды. Есту қабілеттері төмен мүгедектер есту аппараттарымен қамтамасыз етіледі, мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсетіледі.
      Қалада аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қор жұмыс атқарады, сондай-ақ, мүгедектерді қолдау жөніндегі "Жан" атты қоғамдық бірлестік, "Мүгедек әйелдер қоғамы", "Саңыраулар қоғамы", "Соқырлар қоғамы" жұмыс істейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті бұл ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс атқарады.

  4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

      Мүгедектерді оңалту жүйесін құру, олардың қоғамдық өмірге жан-жақты қатысуына мүмкіндік туғызу, мүгедектік деңгейін төмендету.
      Мүгедектерді оңалту, мүгедектерді кәсіби оңалту, сондай-ақ, оңалту мекемелерінің желілерін дамытып, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету, оларды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушының іс-шараларын іске асыру. Денсаулық сақтау, білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру және спорт жүйесіндегі мүгедектерге  көрсетілетін қызмет пен іс-шараларының тізбесі мен көлемін әзірлеу, мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз жүріп-тұрып, оларды пайдалануларына мүмкіндік беретін іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз ету, оңалту жүйесінің құқықтық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуін жетілдіру.

  5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ
ТЕТІГІ

      Ағзаның дамуындағы ауытқуларды неғұрлым ерте анықтаудың тиімділігін арттыру:
      перзентханалар мен амбулаторлық-емханалық мекемелерде "қауіпті" топқа жататын балаларды неғұрлым ерте анықтап, оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерге жолдау;
      мүгедектіктің алдын-алу үшін мүгедектіктің пайда болуы мен ұлғаюы себептерін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
      Мүгедектерді кешенді түрде оңалту жүйесін құру:
      мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды медициналық, әлеуметтік, кәсіптік оңалту жұмысын жетілдіру;
      елордада психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер ашу арқылы диагностикалық-кеңестік қызмет ұйымдастыру.
      Мүгедектерді белсенді өмір сүруге ынталандыру.
      Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық, білім жүйесіндегі мүгедектерді оңалту мәселелерімен айналысатын мекемелерде жұмыс атқаратын қызметкерлердің біліктілігін арттырып, оларды даярлау.
      Мүгедектерді оңалту мәселесіне қатысты ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру.

  6. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

      Астана қаласының қаржы департаменті ескерілген бюджеттік қаражат шегінде Бағдарламаның 2003 жылға арналған бағдарламаның іс-шараларының қаржыландырылуды қамтамасыз етеді.

  7. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫНАН
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

      Бағдарламаның іске асырылуы оңалту шараларының көлемін ұлғайтуға, мүгедектердің дара сұраныстарын ескере отырып, олардың техникалық оңалту құралдарымен қамтылуын, мүгедектердің тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік қызмет ету қабілеттерін қалыпқа келтіріп, конституциялық құқықтарының толық көлемде жүзеге асыруларына және олардың қоғам өміріне сіңуін тездетуге жағдай туғызады.

Астана қаласы мәслихатының  
2003 жылғы 8 сәуірдегі   
N№223/42-ІІ "2003-2005 жылдарға
арналған Астана қаласында   
мүгедектерді оңалту     
Бағдарламасына"     
N 1 қосымша       

1999-2002 жылдардағы бастапқы мүгедектік серпіні

1 кесте           

-------------------------------------------------------------------
            1999     %    2000   %    2001        %    2002   %
            жыл           жыл         жыл              жыл

-------------------------------------------------------------------
Куәландырыл-
ғандардың
жалпы саны  1049          983         890              853
Алғаш рет
мүгедек
болып таныл-
ғандар      910   86,7    882   89,7  796     89,4    738    85,6
Уақытша ең-
бекке жарам-
сыз болып
танылғандар 106   11,6    86    9,7   85      10,6    107    12,5
Алғаш рет
мүгедек
болып таныл-
ғандардың
ішінде топтар
бойынша
І топ             12,3    105   11,9  84      9,4     103    12
ІІ топ            58,2    545   61,8  504     56,6    464    54,3
ІІІ топ           29,4    323   26,3  208     23,3    171    20
Мүгедектік-
тің қарқынды
көрсеткіші:
Астана қаласы
бойынша           38,2       38,4         21,3           16,8
Республика
бойынша           47,5       44,8         38,6            -
Толық оңалту
көрсеткіші        5,2        5,8          5,4             -
Республика
бойынша           4          5,7          6               -
-------------------------------------------------------------------

Астана қаласы мәслихатының  
2003 жылғы 8 сәуірдегі   
N№223/42-ІІ "2003-2005 жылдарға
арналған Астана қаласында   
мүгедектерді оңалту     
Бағдарламасына"     
N 2 қосымша       

1999-2002 жылдарға арналған оңалту
шараларының орындалуы

2 кесте        

-------------------------------------------------------------------
            1999           2000          2001          2002
            жыл            жыл           жыл           жыл
            салыс.  %      салыс.  %     салыс.   %    салыс.   %
            тырмалы        тырмалы       тырмалы       тырмалы
-------------------------------------------------------------------
Барлығы     1694           2224          2434          2889
Ауруханада
емдеу       1185   69,9    1467    1410  1410   57,9   1725   59,2
Диспансер.
лік
Санатория.
лық-шипа.
жайда ем.
делу        16     0,9     5        15   15     0,6     5     0,1
Реконструк.
тивтік хи.
рургия      19     1,1     100      33   33     1,4     14    0,5
Протездеу   15     0,9     86       88   88     3,6     53    1,8
ұсыныстарға
сәйкес жұ.
мысқа орна.
ластыру     168    9,9    167       7,5  179    7,4     284   10,1
қалыпты
жағдайда    114    6,7    127       5,7  148    6,1     224   12,8
үйде        3      0,2    1         0,04 1      0,04    3     0,1
Оқыту       58     3,4    107       4,8  102    4,2     110   3,8
Жүріп-тұру
құралдары   35     2,1    19        0,9  39     1,6     26    0,8
-------------------------------------------------------------------

2003 жылғы 8 сәуірдегі N№223/42-ІІ    
2003-2005 жылдарға арналған Астана қаласында
мүгедектерді оңалту Бағдарламасына    
N 3 қосымша                  

2003-2005 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АСТАНА ҚАЛАСЫНДА МҮГЕДЕКТЕРДІ ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

------------------------------------------------------------
Іс-шаралар Аяқталу Орындауға жауаптылар Іске асыру Болжамды
           нысаны                       мерзімі    шығындар
                                                (мың теңге)
------------------------------------------------------------
                         1.  Медициналық оңалту
------------------------------------------------------------
1. Қала     Астана       Қала әкімдігі   2003 жыл.   Қаржы жұм.
әкімдігі.   қаласы                       дың І тоқ.  саудың
нің жаны.   әкімді.                      саны        қажеті жоқ
нан мүге.   гінің
дектердің   қаулысы
проблема.
лары жө.
ніндегі 
үйлестіру
Кеңесін
құру.

2. Мүгедек. Талдау анық. Денсаулық сақ.  2003 жылдың Шығындар
терді меди. тамасы, қар. тау департамен. І жарты     сомасы
циналық     жы-экономи.  ті, Қазақстан   жылдығында  01.07.03ж.
және кәсіп. калық негіз. Республикасы                дейін ұсы.
тік оңалту. деме         Еңбек және ха.              нылады
ға арналған              лықты әлеумет.
Оңалту орта.             тік қорғау
лығын ашу                Министрлігінің
бойынша не.              Астана қаласы
гіздеме                  бойынша депар.
ұсыну.                   таменті

3. Созыл.   Талдау анық. Денсаулық сақ.  2003 жылдың Шығындар
малы психи. тамасы, қар. тау, Қазақстан  І жарты     сомасы
калық       жы-экономи.  Республикасы    жылдығында  01.07.03ж.
ауруға шал. калық негіз. Еңбек және ха.              дейін ұсы.
дыққандарға деме         лықты әлеумет.              нылады
интернат                 тік қорғау Ми.
үйін ашу                 нистрлігінің
туралы не.               Астана қаласы
гіздеме                  бойынша, Астана
ұсыну.                   қаласының еңбек,
                         жұмыспен қамту
                         және
                         халықты әлеу.
                         меттік қорғау,
                         Экономика және
                         шағын бизнесті
                         дамыту,
                         Қаржы департа.
                         менттері

4. Әйелдер  Денсаулық    Денсаулық сақ.  Бағдарлама. Шығындар.
босанатын   сақтау мен   тау Департамен. ны іске     ды қажет
және амбу.  Қазақстан    ті, Қазақстан   асыру мер.  етпейді
латорлық-   Республикасы Республикасы    зімі ішінде
емханалық   Еңбек және   Еңбек және ха.
ұйымдарда   халықты әл.  лықты әлеумет.
"қатерлі"   еуметтік     тік қорғау
топтағы     қорғау Ми.   Министрлігінің
балаларды   нистрлігінің Астана қаласы
ертерек     Астана қала. бойынша депар.
анықтауды   сы бойынша,  таменті,
ұйымдастыру Білім депар. Білім департа.
және анық.  таменттері.  менті
талған "қа. нің бірлескен
терлі" топ. бұйрығы
тағы және
кемтар бала.
ларды Білім
департаметі
жанындағы 
психология.
лық-медици.
налық-педа.
гогикалық
консульта.
цияға жіберу.

5. Жиі ауы. Денсаулық    Денсаулық сақ.  Тұрақты     Шығындар.
ратын нау.  сақтау мен   тау департамен.             ды қажет
қастар мен  Қазақстан    ті, Қазақстан               етпейді
мүгедектер. Республикасы Республикасы
дің емдеу   Еңбек және   Еңбек және ха.
мекемеле.   халықты әл.  лықты әлеумет.
ріндегі     еуметтік     тік қорғау
диспансер.  қорғау Ми.   Министрлігінің
леу жағ.    нистрлігі.   Астана қаласы
дайына ба.  нің Астана   бойынша депар.
қылау жасау қаласы бой.  таменті
            ынша депар.
            таменттері.
            нің бірлес.
            кен бұйрығы

6. Мүгедек. Жолдама беру Астана қаласы.  2003-2005   Шығындар.
тердің са.  Денсаулық    ның Еңбек, ха.  жылдар      ды қажет
наторлық-   сақтау де.   лықты жұмыспен  Тұрақты     етпейді
шипажайлар. партаменті.  қамту және
да сауықты. нің бұйрығы  әлеуметтік қор.
руын және                ғау департамен.
оңалуын;                 ті, Денсаулық
мүгедектер.              сақтау департа.
ді емдеу-                менті
сақтандыру
мекемеле.
рінде сау.
ықтырылуын
ұйымдасты.
ру

2. Кәсіби  оңалту

7. Мүгедек. Мүгедектерді Астана қаласы.  2003-2005   2003 ж.-
терді жеке  кәсіби дай.  ның Еңбек, ха.  жылдар      820,0
оңалту бағ. ындау        лықты жұмыспен              2004 ж.-
дарламасына              қамту және әл.              870,0
сәйкес кә.               еуметтік қор.               2005 ж.-
сіби бағдар.             ғау, Қазақстан              920,0
лауды қамта.             Республикасы
масыз ету                Еңбек және ха.                           
                         лықты әлеумет.
                         тік қорғау
                         Министрлігінің
                         Астана қаласы
                         бойынша депар.
                         таменттері

8. Қабілет. Кабинеттер   Білім департа.  2003-2005   Шығындар.
тері шек.   ұйымдастыру  менті, Қазақс.  жылдар      ды қажет
теулі бала.              тан Республика.             етпейді
лар үшін:                сы Еңбек және
Психология.              халықты әлеу.
лық-медици.              меттік қорғау
налық-педа.              Министрлігінің
гогикалық                Астана қаласы
кеңестерде               бойынша депар.
психоло-                 таменті, Ден.                --//--
гиялық-педа.             саулық сақтау,
гогикалық                Қазақстан Рес.
түзеу каби.              публикасы Еңбек
неттерін                 және халықты
ұйымдастыру;             әлеуметтік
церебралды   Қосымша     қорғау Министрлі.  --//--   2003ж.-
сал ауруымен медициналық гінің Астана қа.   --//--   1267,0
ауыратын     көмек тіз.  ласы бойынша       --//--   2004ж.-
балаларға    бесі        департаменттері.            2533,0
(бұдан әрі -                                         2005ж.-
ЦСАБ) көрсе.                                         2700,0
тілетін 
медициналық
қызмет түр.
лерін кеңей.
ту мәселесін
қарастыру;
бала-бақша. Аталған      Білім департа.
ларда ақыл- топтарды ашу менті
ой қабілет.
тері сақтал.
ған ЦСАБ
арналған
топтар ашу.

9. Мақсатты Әкімдік қау. Астана қаласы.  2003-2005   Шығындар.
топтарға    лысы         ның Еңбек, ха.  жылдар      ды қажет
қосу арқылы              лықты жұмыспен              етпейді
мүгедектер.              қамту және
дің жұмыс.               әлеуметтік қор.
пен қамты.               ғау департа.
луына көмек              менті
көрсету.

10. Қалалық Талдау анық. Денсаулық сақ.  2003 жылдың Жұмсалатын
психиатрия. тамасы, қар. тау департамен. І-жарты     қаражат
лық ауруха. жы-экономи.  ті, Қазақстан   жылдығы     көлемі
на жанында  калық негіз. Республикасы                01.07.03ж.
созылмалы   деме         Еңбек және ха.              мерзіміне
психикалық               лықты әлеумет.              дейін ұсы.
ауруларға                тік қорғау                  нылады
шалдыққан                Министрлігінің
науқастар.               Астана қаласы
ға арналған              бойынша депар.
емдеу ше.                таменті
берханалар
ашу жөнінде
негіздеме 
ұсыну.

3. Әлеуметтік оңалту

11. Мүге.   Мұқтаж мүге. Астана қаласы.  2003-2005   2003ж.-
дектерді    дектерді     ның Еңбек, ха.  жылдар      1700,0
техникалық  қамтамасыз   лықты жұмыспен              2004ж.-
құралдар.   ету          қамту және                  1792,0
мен, әртүр.              әлеуметтік қор.             2005ж.-
лі модифи.               ғау департаменті            1881,0
кациядағы 
кресло-
қораптармен
қамтамасыз
ету.

12. Көпші.  Ақпарат      Сәулет және     2004-2005   Шығындар.
лік орында.              қала құрылысы   жылдар      ды қажет
ры объекті.              департаменті,               етпейді
лерін жоба.              Сәулет құрылыс
лау және                 бақылау, Жоба.
салу ке.                 ларды мемлекет.
зінде (тұр.              тік сараптау
ғын үйлер,               органдары,
әлеуметтік               Астана қаласын
тұрмыс                   дамыту бағдар.
объекті.                 ламаларына
лері және                әкімшілік ету
т.б.) "Қа.               департаменті,
зақстан                  тапсырыс
Республика-              берушілер
сындағы
мүгедектер.
ді әлеу.
меттік қор.
ғау туралы"
Заңының 8,
9,10,11-бап.
тарына және
"Қазақстан
Республика.
сындағы сәу.
лет, қала
құрылысы
және құрылыс
қызметтері
туралы" Заңы.
ның 11-бабы
2,3 тармақша.
сына сәйкес
сол объекті.
лерге мүге.
дектер кіре
алатындай
жағдай жасау.

13. Мүге.   Белгіленген  Астана қаласы.  2004-2005   2003 ж.
дектерге    жерлерде     ның Ішкі істер  жылдар      500,0
қызмет      бағдаршам.   бас басқармасы              2004 ж.
көрсете.    дарды орнату                             500,0
тін меке.                                            2005 ж.
мелер ор.                                            440,0
наласқан
жерлерде
8 синхрон.
ды дыбыс
сигналы
бар арнайы
бағдаршам.
дардың ор.
натуын
қамтамасыз
ету.

14. Жолдар. Мүгедектерге Коммуналдық     2004-2005   2004 ж.
дан өтетін  жүре алатын  шаруашылық      жылдар      150,0
жерлерде    жағдайды     департаменті                2005 ж.
мүгедектер  қамтамасыз                               156,4
қораптары   ету
жүре ала.
тындай
жолдың
жиектеме.
сін құру.

15. Мүге.   Қажеттілік   Астана қаласы.  2003-2005     -
дектердің   бойынша      ның Еңбек, ха.  жылдар
инфрақұры.               лықты жұмыспен
лым объек.               қамту және
тілеріне                 әлеуметтік
жүріп-тұ.                қорғау депар.
руына ар.                таменті, Көлік
налған                   және байланыс
арнайы                   басқармасы
автокөлік
жұмысын
ұйымдастыру.
 
16. Мүгедек Байқаулар    Қала аудандары. Жыл сайын      -
балалардың               ның әкімдіктері,
көркемөнер.              Мәдениет және
паздар бай.              Білім департа.
қауларын,                менттері
суреттер,
ұсақ-түйек
заттар көр.
мелерін
және т.б.
шығармашы.
лық түрле.
рін ұйым.
дастыру.

17. Мүге.   Көрмелер мен Қала аудандары  Жыл сайын      -
дектердің   сатулар      әкімдіктері,
шығармашы.               Ішкі саясат
лық жұмыс.               және Мәдениет
тарының,                 департаменттері
мүгедектер
ұйымдары
өнімдері.
нің көрме-
сатуларын
өткізу.

18. Интер.  Бос уақытты  Қала аудандары  Тұрақты     Шығындар.
нат үйле.   ұйымдастыру  әкімдіктері,                ды қажет
ріндегі                  Мәдениет депар.             етпейді
мүгедектер               таменті, Білім
мен қарт                 департаменті
адамдардың               және Астана
бос уақытын              қаласының Ең.
ұйымдастыру              бек, халықты
үшін көр.                жұмыспен қамту
кемөнерпаз               және әлеумет.
ұжымдарын                тік қорғау
тарту.                   департаменттері

19. Мүге.   Қажетті фор. Қала аудандары  2003-2005   Қарасты.
дектер ара. малар мен    әкімдіктері,    жылдар      рылған қа.
сында жа.   арнайы жаб.  Туризм және                 ражат кө.
рыстар өт.  дықтар       спорт департа.              лемінде
кізу үшін                менті, "Қайсар"
спорттық                 спорт мектебі
арбалар,
спорттың
қысқы түр.
лерін өт.
кізу үшін
спорт киім.
дері мен
арнаулы
жабдықтар
сатып алу.

20. Барлық  Мүгедектер.  Аудан әкімдік.  2003-2005   Қарасты.
санаттағы   дің жарысқа  тері, Туризм    жылдар      рылған
мүгедектер  қатысуы      және спорт                  қаражат
арасында                 департаменті                көлемінде
спорт жарыс.
тарын өткізу.

 
21. Мүгедек Спорт жарыс. Қала аудандары  2003-2005   Қарасты.
спортшылар. тарына       әкімдіктері,    жылдар      рылған
дың Пара.   қатысу       Туризм және                 қаражат
олимпия.                 спорт депар.                көлемінде
далық                    таменті, Астана
ойындарға,               қаласының Еңбек,
спорттық                 халықты жұмыс.
фестиваль.               пен қамту және
дарға,                   әлеуметтік қорғау
мерекелерге              департаменті
және басқа               (қамқорлық
да халық.                бөлімінде)
аралық және
республика.
лық спорт
жарыстарына
қатысуларына
көмектесу
 
22. Мүге.                Туризм және     2003-2005   Шығындар.
дектерді                 спорт депар.    жылдар      ды қажет
дене шынық.              таменті,                    етпейді
тыру және                "Қайсар"
спорт құрал.             спорт мектебі 
дарымен
оңалтуға
арналған
әдістемелік
ұсыныстар
әзірлеу.

23. Медици. Жыл сайынғы  Қазақстан Рес.  2003-2005   Шығындар.
налық-әлеу. тәжірибелі   публикасы Еңбек жылдар      ды қажет
меттік са.  конференция. және халықты                етпейді
раптаудың   лар          әлеуметтік қор.
және мүге.               ғау Министрлі.
дектерді                 гінің Астана
оңалтудың                қаласы бойынша
көкейтесті               департаменті,
проблемалары             Денсаулық
бойынша                  сақтау депар.
тәжірибелі               таменті
конферен.
циялар өт.
кізуді
ұйымдастыру.

24. Көз жа. Әкімшілік    Астана қаласы.  2003-2005   2003ж.
нарының ке. қаулысы      ның Еңбек, ха.  жылдар      - 2090,0
містігі                  лықты жұмыспен              2004ж.
бойынша                  қамту және                  - 2203,0
І топ мү.                әлеуметтік                  2005ж.
гедектеріне              қорғау департа.             - 2313,0
жергілікті               менті, Білім
деңгейде                 департаменті,
әлеуеттік                Қазақстан Рес.
көмек көр.               публикасы Еңбек
сету.                    және халықты
                         әлеуметтік
                         қорғау Минис.
                         трлігінің Астана
                         қаласы бойынша
                         департаменті

25. Үйлерге Оқыту бағ.   Астана қаласы.  2003-2005   2003ж.
барып әлеу. дарламасы    ның Еңбек, ха.  жылдар      - 9303,0
меттік                   лықты жұмыспен              2004ж.
көмек көр.               қамту және әлеу.            - 10000,0
сететін                  меттік қорғау               2005ж.
бөлімшелер               департаменті,               - 10500,0 
қызметкер.               Білім департа.
лерінің                  менті, Қазақстан
қайта даяр.              Республикасы
лануын                   Еңбек және
ұйымдастыру.             халықты әлеумет.
                         тік қорғау Минис.
                         трлігінің Астана
                         қаласы бойынша
                         департаменті

26. Жеке    Әкімшілік    Астана қаласы.  2003 жыл    2003 ж.
санаттағы   қаулысы      ның Еңбек, ха.              - 273208,0
азаматтарға              лықты жұмыспен
қалалық                  қамту және
көлікте                  әлеуметтік қорғау
(таксиден                департаменті,
 басқа)                  Астана қаласының
жеңілде.                 көлік және бай.
тілген                   ланыс басқармасы
жолақыны
ұйымдас.
тыру (оның
ішінде
І, ІІ топ
мүгедекте.
ріне).

27. Құлағы  Техникалық   Қазақстан Рес.  2003-       Қазақстан
естімейтін  құралдармен  публикасы Еңбек 2005ж.ж.    Республи.
және көзі   қамтамасыз   және халықты                касының
көрмейтін   ету          әлеуметтік қор.             Еңбек және
мүгедек.                 ғау министрлі.              халықты
терді сур.               гінің Астана                әлеумет. 
до-тифло.                қаласы бойынша              тік қор.
техникамен               департаменті,               ғау минис.
қамтамасыз               Денсаулық сақ.  Тұрақты     трлігінің
етуді ұйым.              тау департамен.             рұқсат
дастыру.                 ті, мүгедектер.             қағазы
                         дің қоғамдық                бойынша
                         бірлестігі

28. Жанұяда Әкімдік      Астана қаласы.  2003-2005   2003ж.
тәрбиеленіп қаулысы      ның Еңбек,      жылдар      - 2493,0
және үйден               халықты жұмыс.              2004ж.
оқытылып                 пен қамту және              - 2628,0
отырған мү.              әлеуметтік                  2005ж.
гедек баласы             қорғау депар.               - 2759,0
бар отбаста.             таменті
рына әлеу.
меттік көмек
көрсету.
 
29. Қала    Бұқаралық    Қазақстан Рес.  Тұрақты     Шығындар.
тұрғында.   ақпарат құ.  публикасы Еңбек             ды қажет  
рына бағ.   ралдарына    және халықты                етпейді
дарламаның  ақпарат      әлеуметтік
орындалу                 қорғау Минис.
барысын                  трлігінің Аста.
бұқаралық                на қаласы
ақпарат                  бойынша депар.
құралдары                таменті
арқылы жет.
кізіп оты.
руды қамта.
масыз ету.

таблицаның жалғасы

----------------------------------------
Қаржыландыру-
дыру көзі
----------------------------------------
       1.  Медициналық оңалту
----------------------------------------
1. 

2. Жергілікті
   бюджет

3. Жергілікті
   бюджет
4. 
5.
6. Респуб.
   ликалық
   бюджет

             2. Кәсіби  оңалту

7. Жергілікті
   бюджет
   --//--
8. Жергілікті
   бюджет
   --//--
   --//--
   --//--
   --//--
   --//--
9. 
10. Жергілікті
   бюджет

            3. Әлеуметтік оңалту

11. Жергілікті
    бюджет
12. 
13. Жергілікті
    бюджет
14. Жергілікті
    бюджет
15. Жергілікті
    бюджет
16. Демеушілік
    қаражат
    және заң.
    намамен
    тыйым са.
    лынбаған
    өзге де
    көздер
17. --//--
18. 
19. Жергілікті
    бюджет
20. Жергілікті
    бюджет
21.  
22. 
23. 
24. Жергілікті
    бюджет
25. Жергілікті
    бюджет
26. Жергілікті
    бюджет
27. Республи.
    калық бюджет
28. Жергілікті
    бюджет
29.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады