Ескерту - Астана қаласы мәслихатының
2006 жылғы 21 қыркүйектегі N 285/35-ІІІ шешімінен
Үзінді:
Заңнамалық нормалардың өзгеруiне және жекелеген шешiмдердiң қолданыс мерзiмдерiнiң өтуiне байланысты Астана қаласының мәслихаты шешiм қабылдады:
1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
2. Осы шешiм қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
Астана қаласы мәслихатының
сессия төрағасы
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы
Астана қаласы мәслихатының
2006 жылғы 21 қыркүйектегi
N 285/35-IIІ шешiміне қосымша
Астана қаласы мәслихатының күшiн жойған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзiмi
...
5. Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 8 сәуiрдегi N 224/42-II "Демографиялық дамудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы" шешiмi (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде 267 нөмiрмен тiркелген, 2003 жылғы 30 желтоқсанда "Астана ақшамы" газетiнде жарияланды);
...
Астана қаласы мәслихатының хатшысы
__________________________________________________
Астана қаласының әкімдігі ұсынған 2003-2005 жылдар кезеңіне арналған демографиялық дамытудың аймақтық бағдарламасын қарап, Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты былай деп шешті:
1. Қоса беріліп отырған 2003-2005 жылдар кезеңіне арналған демографиялық дамытудың аймақтық бағдарламасы бекітілсін.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы
Келісілген:
Астана қаласы бойынша Көші-қон және
демография басқармасының
бастығы
Денсаулық сақтау департаментінің
директоры
Статистика басқармасының
бастығы
Білім департаментінің
директоры
Қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру
орталығының директоры
Қаржы департаментінің
бастығы
Экономика және шағын бизнесті дамыту
департаментінің директоры
Тұрғын үй департаментінің
директоры
Ақпарат және қоғамдық
келісім басқармасының бастығы
Көші-қон полициясы басқармасының
бастығы
Астана қаласы мәслихатының
2003 жылғы 8 сәуірдегі
N№224/42-II шешімімен
бекітілген
2003-2005 ЖЫЛДАР КЕЗЕҢІНЕ АРНАЛҒАН
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМЫТУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ
БАҒДАРЛАМАСЫ
Атауы 2003-2005 жылдар кезеңіне арналған демографиялық
дамытудың аймақтық бағдарламасы (әрі қарай -
Бағдарлама).
Негізгі Астана қаласы бойынша Көші-қон және демография
әзірлеуші басқармасы.
Бағдарла. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы
маны әзір. демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған
леу қажет. бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 30 қазандағы N 1380
тілігінің
қаулысы
.
негізі
Мақсаты Демографиялық ағымдардағы келеңсіз үрдістерді болдырмау,
депопуляцияның алдын алу, елді ұзақ мерзімдік дамыту
стратегиясына сәйкес халықтың сандық және сапалық өсуін
қамтамасыз ету үшін кешенді шараларды әзірлеу.
Міндеттері Аймақта халықтың, оның ішінде өсіп-өну денсаулығы
жағдайын жақсарту, өлімді азайту.
Туылуды тұрақтандыру және оны келешекте ұрпақтар ауысуын
қамтамасыз ететін деңгейге көтеру; отбасылардың тіршілік
жағдайларын жақсарту, отбасылық-некелік
қарым-қатынастарды нығайту.
Көші-қон ағымдарын реттеу. Экологияның бұзылуының теріс
нәтижелерін болдырмау.
Бағдарла. Туылуды және халықтың өмірінің жалпы ұзақтығын арттыру,
маның салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әлеуметтік-
басымдық. экономикалық жағдайларды жақсарту, экономикалық және
тары әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттердің барлық салаларында
халықтың толыққанды еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ететін
тиімді әлеуметтік-демографиялық құрылымын жасау.
Қаржылан. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету жергілікті
дыру көз. бюджеттің, қоғамдық және Қазақстан Республикасының
дері заңдарымен тыйым салынбаған мемлекеттік емес ұйымдардың,
демеушілік көмектердің және басқа да қаржы көздерінің
қаражаттарымен қаралады. Бағдарламаны қаржыландыру
көлемі жыл сайын келесі жылдың бюджетін әзірлегенде
анықталып отырады.
Күтілетін Бағдарламаның шараларын жүзеге асыру Астана қаласында
нәтижелер туылуды көбейту, өлімді азайту, халықтың денсаулығының
жағдайын жақсарту, соның нәтижесінде өмір сүруін ұзарту,
халықтың өмір сүру деңгейінің және сапалық
көрсеткіштерінің жақсаруы нәтижесінде тұрғындардың санын
арттыруды қамтамасыз етеді.
2002-2005 жылдар кезеңіне арналған демографиялық дамытудың аймақтық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Қазақстан - 2030"
Стратегиясына
, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 30 қазандағы N 1380
қаулысына
сәйкес әзірленді.
Ол "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" мемлекеттік бағдарламасымен және елорданың 2010 жылғы кезеңге дейінгі дамуының Стратегиялық
жоспарымен
белгіленген шеңберде аймақтық деңгейдегі тиімді демографиялық саясат қалыптастыруды көздейді.
Бағдарлама әлеуметтік-демографиялық дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері анықталған, олардың айтылған мезгілінде жүзеге асырылуының негізгі бағыттары мен тетіктері белгіленген.
Ел Президентінің "Қазақстан - 2030"
Жолдауында
күшті демографиялық саясат елдің ұлттық қауіпсіздігінің басты басымдықтарының бірі етіп көрсетілген.
Бағдарлама демографиялық ағымдарды жүйелі талдау негізінде туылудың оң динамикасын, өмір ұзақтығының өсуін қамтамасыз ететін негізгі басымдықтарды анықтау және жүзеге асыруды, көші-қон ағымдарын тиімді реттеуді көздейді.
Бұл халықтың тұрмыс жағдайының негізгі факторларын оңтайлы пайдалануға және өмірдің қазіргі заманғы стандарттарын енгізуге, өсіп-өну денсаулығының жағдайын жақсартуға, отбасы институтын және некелік қарым-қатынастарды жетілдіруге мүмкіндік береді.
Бағдарламаның негізгі басымдықтарының ішінде демографиялық құрылымды әрі қарай оптимизациялауға ұйымдастырушылық, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын жасау қаралған.
Демографиялық дамытудың оптималдық өлшемдеріне қол жеткізу, елдің қорғаныс қуатына және оның егемендігін қамтамасыз етуге қолдау көрсету экономиканың әрі қарай өсуіне мүмкіндіктер жасайтын болғандықтан, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірінің ең елеулі аспектілерінің бірі.
3. Қазіргі демографиялық ахуалды талдау
Қазақстандағы демографиялық ахуал соңғы жылдары республика үшін айтарлықтай туылудың төмендеуі, өлімнің артуы және халықтың көші-қондық қайту легінің өсуіне қарай қолайсыз деп бағалануда.
Астана қаласында халықтың саны 2002 жылдың 1 қаңтарында, Статистика басқармасының мәліметтері бойынша 493600 адам. 1999 жылдың ақпанындағы алғашқы ұлттық халық санағының мәліметтерімен салыстырғанда халық санының өсуі 179276 адамға жетті. 2002 жылдың 1 желтоқсанына Қазақстанның елордасында 507100 адам тұрып жатыр.
Халық санының қарқынды өсуі қаланың Қазақстан Республикасының елордасы мәртебесін алуының нәтижесінде еліміздің басқа аймақтарынан көші-қондық лектің артуына және сыртқы шекарасының өзгертілуіне, экономикасының дамуына, әлеуметтік-қызмет көрсетулік инфрақұрылымның кеңейтілуіне, статистикалық мәліметтерді анықтау бойынша қосымша жүргізілген шараларға және жаңа құрылыстар бағдарламасының жүзеге асырылуына байланысты.
Соңғы уақытта туылудың өсу беталысы көріне бастағанымен халықтың жалпы санының елеулі өсуі тұсында табиғи өсім төменгі деңгейде қалып отыр. Туылғандардың саны 1998 жылы 3388 адам, 1999 жылы - 3605 адам, 2000 жылы - 4430 адам, ал 2001 жылы - 4837 адам болды, ал 2002 жылдың қаңтар-желтоқсанында - 5513 адам.
Жеке ұлттар бойынша талдап отырған мерзімде табиғи қозғалыс оң өсім негізінен тұрғылықты халықтың демографиялық көрсеткіштері есебінен қол жеткенін көрсетеді.
Ұлттық құрам бойынша 2002 жылғы қаңтар-желтоқсанда 3525 қазақтар (аналары қазақ), 1209 адам орыстар (аналары орыс), 150 адам немістер (аналары неміс) туылды. Жыныстық құрам да өзіне назар аударады. Бұрынғысынша, пайыздап санағанда ұл балалар көп туылады, бұл жағдай 14 жасқа дейінгі жасшамалық топта сақталады. Одан үлкенірек жастан бастап әйел адамдардың арасалмағы басым, жалпы 1000 әйел адамға 915 еркек адамнан келеді.
Аймақта өлім-жітімнің біртіндеп азаюы байқалады. 1998 жылы өлгендер саны 3054 адам, 1999 жылы - 2832 адам, 2000 жылы - 2932 адам, 2001 жылы - 3322 адам және 2002 жылдың 11 айында 3410 адам. Қала халқы санының күрт өсуі жағдайында өлім-жітімнің қомақты азаюы елеусіз болып қалып отыр. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 2001 жылы өлім-жітімнің азаюы 11,0 пайыз көрсеткішіне жеткен.
Бұрынғысынша өлім-жітімнің себептерінде негізгі рольді қан айналу жүйесі - 42,3%, жазатайым жағдайлар мен жарақаттар алу, уланудан - 21,4%, тыныс алу ауруларынан - 6,5%, оның ішінде жартысы туберкулез алады.
2000 жылы 65 нәресте, 2001 жылы 84 нәресте қайтты, ол 1999 жылмен (64 бала) салыстырғанда 1,6% кем. Бұл көрсеткіш 2001 жылы 84 адам болса, 2002 жылдың 11 айында 91 адам болды. Нәрестелердің қайтыс болуында бұрынғысынша іште жатқан кездегі жағдайларға байланысты (50,8%) шетінеу басым, тыныс алу органдары, туа біткен сырқаттар да бар.
Астана қаласы бойынша халықтың табиғи қозғалысының бес жыл және 2002 жылдың қаңтар-желтоқсаны ішіндегі динамикасы 1 таблицадағы мәліметтермен суреттеледі.
Сонымен қатар халықтың өсіп-өну денсаулығының да көрсеткіштері нашарлап отырғандығын атау керек: гинекологиялық аурулардың жиілеуі баланы ай-күніне жеткізбеуге әкеліп соғады, іштегі кезеңдегі аурушылдық артады.
Қан аздығы денсаулық сақтаудағы басты мәселелердің бірі болып қалып отыр. Ер адамдардың өсіп-өну жүйесі ауруларының саны өсуі байқалады.
Халықтың орта жасы салыстырмалы төмен деңгейде қалып, 67,7 жыл болды: ерлерде 61,8 жыл, әйелдерде 73,2 жыл.
60 жастан асқан (қартаю коэффициенті) топтағылардың үлесі 1998 жылы - 8,4%, 1999 жылы - 10,2% болды. Олай болса, үлкен жастағы кісілердің үлесі 1,8% артты. Демографиялық жағдайдың басты көрсеткіштерінің бірі - отбасылық-некелік қатынастар болып табылады. Неке мен ажырасу туралы статистикалық ресми деректерге сәйкес, соңғы жылдары отбасы қатынастарын ресми тіркеу санының азаюы байқалады. Егер, халықтың жалпы санының өсу жағдайында 1999 жылы АХАЖ органдарында 1809 неке тіркелсе, 2000 жылы - 1842, 2001 жылы 2153 неке тіркелген, ол 16,8 пайызға көп. Сонымен бірге ажырасу саны 1999 жылмен салыстырғанда 21,4 пайызға көбейіп, 844 отбасыға жетті. 2001 жылы ажырасу саны 953 болды. Қала бойынша құрылған мың жұп отбасына 2002 жылдың 9 айында 380 ажырасудан келеді (тіркелген неке - 1772, ажырасу - 674).
Демографиялық ағымдардың дамуында сыртқы және ішкі көші-қон шешуші роль атқарады. Төрт жылда (1998-2001 жылдар) және 2002 жылдың 9 айында 207941 адам келген, оның ішінде алыс шетелдерден - 623 (0,3%), ТМД елдерінен - 3231 (1,5%) және республиканың басқа аймақтарынан 201330 адам (98,2%).
2002 жылдың қаңтар-қыркүйегі кезеңінде басқа мемлекеттерден тұрақты тұруға келгендерден 69,0% - Ресейге, 19,9% - Өзбекстанға, 4,0% - Украинаға және 2,9% - Белоруссияға жатады.
2002 жылдың 1 қаңтары жағдайында елорда халқының құрамында қазақтардың үлес салмағы 52,7 пайыз, орыстар - 33,4, украиндар - 4,3, немістер - 2,3 пайыз болды. Сонымен, елордаға келушілердің басым бөлігін қазақтар мен орыстар құрайды.
Атап айту керек, 1999 жылғы халық санағы өткелі бері келгендердің 70 пайызы - 16-дан 59-ға дейінгі еңбек жасындағы адамдар, оның ішінде 52 пайызы - 16 мен 29 арасындағы жастар.
Талдау көрсеткендей, Астана білімді адамдарды тартуда: ішкі көшіп-қонудың жалпы санының 58 пайызы жоғары және аяқталмаған жоғары білімді келгендер.
Елорданың жаңа тұрғындарының 24,3 пайызының техникалық мамандықтары бар, педагогтары - 15,1 пайыз, дәрігерлері - 11,9 пайыз, экономикалық мамандықтар соңғы үш жылда келгендердің 10 пайызында бар.
Сонымен, Астана қаласының әлеуметтік-демографиялық ахуалы қолайлы деп бағалануда. Көшіп-қону ағынының есебінен табиғи өсім көрсеткіштерін, халықтың өмір сүруінің ұзақтығын едәуір жақсарту мүмкіндіктері бар.
Осымен қатар, қалалықтардың жоғары әлеуметтік-белсенділігі жағдайында халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға, отбасылық-некелік қатынастарды дамытуға және елорда халқының тиімді демографиялық құрамын қалыптастыруға алғышарттар баршылық.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуда негізгі әлует болып табылатын демографиялық ағымдарды тұрақтандыруды қамтамасыз ететін және халықтың жалпы санының өсуінің оң үрдістерін бекітуді қамтамасыз ететін кешенді ұйымдастырушылық-құқықтық, экономикалық және әлеуметтік шаралар әзірлеу және жүзеге асыру - Бағдарламаның мақсаттары болып саналады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
халықтың өсіп-өну және жалпы денсаулығының жағдайын жақсарту, өлім-жітімді азайту, нәтижесінде өмір сүру ұзақтығын арттыру;
туылуды тұрақтандыру және оны келешекте ұрпақтарды алмастыруды қамтамасыз ете алатын деңгейге көбейту;
отбасының өмір сүру жағдайын жақсарту, отбасылық-некелік қатынастарды нығайту, жастарды тәрбиелеуде ата-ананың ролін, үлкендердің әл-ауқаты үшін балалардың жауапкершілігін арттыру;
көші-қон ағымдарын реттеу;
экологияның бұзылуының теріс салдарын жою;
экономиканың реалдық секторын дамыту негізінде еңбек ресурстарын тиімді пайдалану және әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
салауатты өмір салтын қалыптастыру, өмір сүрудің орташа ұзақтығын арттыру;
еңбекті қорғаудың, санитарлық гигиеналық нормалардың қазіргі заманғы стандарттарын біртіндеп енгізу;
әр азаматтың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін көтеру, салауатты өмір салтын қалыптастыру ағымына халықтың өзін тарту;
демографиялық құрылымды әрі қарай жақсартатын және еңбек пен ой әлуетін толықтыратын көші-қон ағымындағы оң сальдоны тұрақтандыру.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны жүзеге
асыру тетіктері
Аймақтағы әлеуметтік-демографиялық дамытудың мақсаттарын жүзеге асыру және негізгі міндеттерін шешу үшін мына шаралар қаралады:
Бірінші кезекте халықтың санының кему беталысын төмендету мен оның тұрақталуына қол жеткізу бойынша шаралар қабылдау.
Бұлардың шешілу жолдары:
туылудың құлдырауын төмендету және оны тұрақтандыру;
өлім-жітімді төмендету және орташа өмір ұзақтығын арттыру;
эмиграцияны қысқарту және оралмандардың қайтуына аймақта қолайлы жағдай туғызу.
Екінші кезекте халықтың жалпы сан және сапа жағынан өсуін қамтамасыз ету.
Бағдарламаны жүзеге асыруда негізгі құралдар болып саналатындар:
халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, экономика мен әлеуметтің барлық аяларын тепе-тең дамыту шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту есебінен аймақта халықтың жұмыспен қамтылуын өсіру;
салауатты өмір салтын, адамның тіршілік әрекеттерінің барлық элементтерінің профилактикасы, еңбегі мен демалысын насихаттау негізінде аймақта халықтың денсаулық деңгейін көтеру;
аймақта халыққа медициналық қызметті жақсарту және оның санитарлық-гигиеналық салауаттылығын жоғарылату бойынша шаралар қолдану;
халықтың, бірінші кезекте, еңбекке жарамды жастағылардың еңбек жағдайының нашарлауына, нашақорлық пен алкоголизмнің таралуына байланысты жазатайым жағдайлардан, уланудан және өндірісте жарақат алудан өлім-жітімін төмендету;
аймақта өмірдің орташа ұзақтығын арттыру, денсаулық сақтау деңгейін көтеру есебінен ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтықтарындағы айырмашылықтарды қысқарту;
аймақта әлеуметтік көмек көрсету мен зейнеткерлер үшін емдік-сауықтыру мекемелерін, қарттар үшін күндізгі стационарлар тораптарын көбейту;
өсіп-өну денсаулығын сақтау, ана болудың қауіпсіздігі, рухани-жыныстық және мәдени-этникалық тәрбиелеу, отбасылық өмірге дайындау бойынша бағдарламалар әзірлеу және іске асыру, халықтың контрацепция әдістері мен қазіргі заманғы құралдарға сұранысын қамтамасыз ету, оқу орындарының бағдарламаларына валеология оқулық пәнін әрі қарай да енгізе беру;
ана мен баланың денсаулығын сақтауды денсаулық сақтау саласындағы басым бағдарлама деп мойындау, туу сәтінде ана өлімін, жүктіліктің және босанғаннан кейінгі қиналу жағдайларын қысқарту;
әйелдердің бедеулігін емдеу, түсік және оның салдарын болдырмау;
аймақта иммун тапшылығы вирусымен, немесе ЖҚТБ-мен және жыныс арқылы жұғатын аурулардың алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру;
көшіп келуді тәртіпке келтіру және нысаналы іс-шараларды атқару жолымен көші-қондық жоғалтуларды кеміту. Көшіп келуді реттеу, аймақтағы бар мүмкіндіктерді ескере отырып, этникалық қазақтарды репатриация жасау бойынша жыл сайынғы экономикалық негізделген квотаны анықтау;
мемлекеттік оқу орындарында психологиялық қызметтер аясын кеңейту, мектептерде, институттарда және мектепке дейінгі ұйымдарда психолог пен әлеуметтік педагог лауазымдарын енгізу;
жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру шараларын іске асыру;
кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстарын, тәртіп бұзуларын және бақылаусыз кетуліктерін болдырмау бойынша кешенді бағдарламалар әзірлеу.
6. Өсіп-өну денсаулығын сақтау
Жүкті әйелдердің, әйел-аналардың, нәрестелердің денсаулықтарын жақсартуға мына шараларды қабылдау қажет:
әр жүкті әйелге сапалы медициналық қызмет (қарау, консультация, жыныс жолымен берілетін ауруларға және адамның иммун тапшылығы вирусына скрининг, ішкі құрсақ инфекцияларын, тума аурудың ауытқуын тексеру, кеселі бар әйелдерге акушерлік персонаж) және кейінгі туу кезінде білікті көмек көрсету;
босанғаннан кейінгі ауруы асқынған күнкөрісі төмен әрбір әйелді қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз ету;
2003 жыл ішінде бала көтеретін жастағы экстрагениталды ауруы бар және әртүрлі акушерлік науқастың асқынуына душар болған әйелдерді сауықтыру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
бала туатын жастағы әйелдердің емшек безінің рак ауруына және басқа өсіп-өну органдары жолының онкологиялық ауруларына, 2004 жылға қарай толық қамтып, кезең-кезеңімен міндетті профилактика жүргізу.
Халықтың өсіп-өну денсаулығын сақтау саласында мынандай шараларды қолдану қажет:
2003 жылдың екінші жартысынан бастап күнкөрісі төмен әйелдердің, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі есебінен, отбасын жоспарлау жөніндегі қызметке, соның ішінде жектілікті жасанды әдіспен үзуге (әлеуметтік және медициналық көрсеткіштер бойынша) қол жеткізуін қамтамасыз ету;
контрацепция құралдарына, жыныстық тәрбиеге кеңінен қол жеткізу жолымен бірінші жүктілік жағдайындағы аборттың деңгейін азайту мақсатында оқушылар арасында 6-сыныптан бастап, сондай-ақ оқу орындарында жасөспірімдер жүктілігінің алдын алу жөніндегі түсінік жұмысын кеңінен жүргізуді жандандыру;
кезең-кезеңімен медициналық тексеру, кейіннен дерматология орталығында терапиядан өткізіп, балалардағы, жасөспірімдер мен жастардағы иммун тапшылығы вирусының жыныс арқылы жұғатын ауруларына 2005 жылдың аяғына қарай профилактика жүргізу;
2003 жылдың аяғына дейін адамның иммун тапшылығы вирусының жоғарыдан төмен қарай - анадан балаға жұғатын инфекция профилактикасының бағдарламасын әзірлеу және енгізу;
күнкөрісі төмен отбасы әйелдеріне бедеуліктен емдеу мәселелері бойынша тегін медициналық көмек көрсету.
Бұл бағыт негізінен отбасы және неке құндылықтарын насихаттау, ажырасқан жағдайда ата-аналардың балалар алдындағы жауапкершілігін күшейту арқылы қамтамасыз етіледі. Ол өсіп-өну және жыныстық денсаулықты сақтаумен, қоғамның ұясы ретінде отбасының әл-ауқаты қамтамасыз етілуінің әлеуметтік-экономикалық алғышарттарымен де тығыз өзара байланысты болады.
Бұл бағытта мына шаралар қолдану ізделген:
2002 жылдан бастап, білім беру жүйесі ұйымдарында және БАҚ арқылы дәстүрлі отбасын насихаттауды жандандыру;
танысу клубтарының желісін дамыту;
озық отбасылық, этномәдени дәстүрлер мен нормаларды қайта жаңғырту, отбасын тұрақтандыру және дамыту, оның имандылық негіздерін нығайту;
отбасыларға дағдарысты жағдайлардан шығу жөніндегі психологиялық-педагогикалық орталықтардың қызметін кеңейту және жандандыру.
8. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету жергілікті бюджеттің, қоғамдық және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған мемлекеттік емес ұйымдардың, демеушілік көмектердің және басқа да қаржы көздерінің қаражаттарымен қаралады.
Бағдарламаны 2003 жылы іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттермен бекітілген қаражат құралдары көлемдерінде атқарылады. Халықтың өсіп өну денсаулығын демеу бағытындағы шаралар бюджеттерден 2004 жылы қосымша қаражат бөлуді қажет етеді.
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі жыл сайын келесі жылдың бюджетін әзірлегенде анықталып отырады.
9. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру туылудың көбеюі, өлім-жітімнің қысқаруы, халықтың денсаулық жағдайының жақсаруына жеткізетін өмір сүру ұзақтығының артуы, халық өмірінің сапалық және тұрмыс жағдайының деңгейі көрсеткіштері жақсаруы нәтижесінде Астана қаласы тұрғындарының санының өсуін қамтамасыз етеді.
Халықтың жалпы саны:
2003 жыл аяғына 525 мың адам,
2004 жыл аяғына 540 мың адам,
2005 жыл аяғына 550-600 мың адам болады деп күтілуде.
Келешекте әлеуметтік бағытты экономика жағдайында аймақаралық көшіп келу ағынының біртіндеп төмендеуімен Астана қаласы тұрғындарының жалпы санының өсуі, халықтың табиғи өсімінің үлес салмағы арта бермек.
Астана қаласы мәслихатының
2003 жылғы 8 сәуірдегі N№224/42-II
"2003-2005 жылдар кезеңіне
арналған демографиялық дамытудың
аймақтық бағдарламасына" N№1 қосымша
1 таблица
Астана қаласы бойынша халықтың табиғи қозғалысының
бес жыл және 2002 жылдың қаңтар-желтоқсаны ішіндегі динамикасы
(1000 адамға шаққанда, промилле):
-------------------------------------------------------------------
Жылдар Туылу Өлім-жітім оның ішінде 1 жасқа дейінгі Табиғи
балалар (мың туылған балаға өсім
шаққанда)
-------------------------------------------------------------------
1997 10,84 10,03 17,6 0,81
1998 10,95 9,87 20,07 1,08
1999 10,41 8,21 17,75 2,20
2000 10,88 7,2 14,67 3,66
2001 10,4 7,1 17,4 3,3
2002 11,01 6,81 17,59 4,20
-------------------------------------------------------------------
Астана қаласы мәслихатының
2003 жылғы 8 сәуірдегі N№224/42-II
"2003-2005 жылдар кезеңіне
арналған демографиялық дамытудың
аймақтық бағдарламасына" N№2 қосымша
2003-2005 жылдар кезеңіне арналған демографиялық
дамытудың аймақтық Бағдарламасын іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР
-------------------------------------------------------------------
Рет Шаралар Аяқталу Орындауға жауаптылар Орындалу
саны қалпы мерзімі
-------------------------------------------------------------------
1. Ұйымдастырушылық және нормативтік-құқықтық
қамтамасыз ету
1. Қаладағы демографиялық Қала әкімді. Көші-қон және демо. Жыл
жағдай туралы мәліметтерді гіне ақпа. графия басқармалары сайын:
жинау және ұдайы жаңартып раттық баян. ақпан,
отыру. дама қазан
2. Демографиялық ахуалды Қала әкімі. Көші-қон және демо. 2003 ж.
талдау және демография нің әкімі графия басқармасы үшінші
аясында әлеуметтік сара. тоқсан
лаулар жүргізу бойынша
арнаулы жұмыс тобын құру.
3. Демографиялық ағымдарды Ұсыныстар Көші-қон және демо. 2003
құқықтық және экономикалық жобасы графия, статистика жыл,
реттеу бойынша қала және басқармалары, Ден. қараша
аудандар әкімдіктеріне саулық сақтау депар.
ұсыныстар әзірлеу және таменті
енгізу (денсаулық сақтау,
отбасы институтын нығайту).
2. Денсаулық сақтау, туылуды ынталандыру және
өлім-жітімді азайту
4. Дерматология мен жыныс Көмек каби. Денсаулық сақтау 2003
жолымен берілетін аурулар неттері департаменті жыл
орталығы жанында медицина.
лық-психологиялық көмек
кабинеттерін ашу.
5. Мектептерде және басқа Қала әкімді. Білім департаменті, 2003
білім орындарында валеоло. гіне есеп Салауатты өмір сал. жыл
гия негіздерін оқыту бой. тын қалыптастыру
ынша әрі салауатты өмір орталығы
салтын қалыптастыруға қа.
жетті жағдайларды қамтама.
сыз ету.
6. Жастар арасында наша. Қала әкімді. Салауатты өмір Тұрақты
қорлықты, темекі шегуді гіне ақпарат салтын қалыптастыру
таратудың, ішімдік ішудің орталығы
алдын алу, оған пәрменді
бақылау және қоғамдық қарсы
қозғалыс жүйесін қалыптас.
тыру бойынша БАҚ үгіт-наси.
хатты күшейту.
7. Өсіп-өну денсаулығының Қала әкімді. Денсаулық сақтау Тұрақты
бұзылуын тексеру мақсаты. гіне есеп департаменті
мен жасөспірімдер мен жас.
тарды қараудан өткізу.
8. Балалар және босану ме. Қала әкімді. Денсаулық сақтау Тұрақты
кемелеріне жаңа технология.гіне ақпарат департаменті
ларды енгізумен нәресте ше.
тінеулерін кеміту.
9. Бастапқы медико-сани. Қала әкімді. Денсаулық сақтау Жыл
тарлық көмек мекемелерінің гіне есеп департаменті, Қаржы сайын
материалдық-техникалық ба. департаменті
заларын жақсарту және жаңа
технологияларды енгізу.
3. Халықтың әлеуметтік-демографиялық
құрылымын жақсарту
10. Репатриацияның және Шаралар және Көші-қон және демо. Жыл
келуші көшіп-қонушылардың қала әкімді. графия басқармасы, сайын,
әлеуметтік-еңбектік бейім.гіне есеп Экономика және ша. қаңтар
делуі мәселелерін шешу, ғын бизнесті дамыту
олардың экономикалық және департаменті, Мәде.
әлеуметтік ортаға ықпал. ниет орталықтары,
дасуына жәрдемдесу. ҮЕҰ
11. Аз қамтылған отбасы. Шаралар және Білім департаменті, Жыл
лар балаларының жоғары қала әкімді. қаржы департаменті сайын,
және орта арнайы білім гіне есеп желтоқ.
алуларына қол жеткізуіші. сан
лігін қамтамасыз ету.
12. Аймақаралық біріккен Келісімдер Көші-қон және демо. Тұрақты
іс-қимылдар аясында көші- графия басқармасы,
қондық ағымдарды реттеу. Экономика және
шағын бизнесті дамыту
департаменті, Көші-қон
полициясы басқармасы
4. Ақпараттық-насихаттық қамтамасыз етулер
13. Демографиялық дамыту Конференция. Көші-қон және демо. Тұрақты
сұрақтары бойынша ғылыми- лар, семинар. графия басқармасы,
практикалық конференция лар Ақпарат және қоғам.
дайындау және өткізу. дық келісім басқар.
масы, Статистика
басқармасы
14. Елорданы демография. БАҚ ақпарат. Көші-қон және демо. Тұрақты
лық дамыту. Оның болаша. тар графия басқармасы,
ғының өзекті мәселелері Ақпарат және қоғам.
бойынша БАҚ ақпарат дық келісім басқар.
жасап отыру. масы
-------------------------------------------------------------------