Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007.06.26 N 23-541қ қаулысымен.
Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 19 ақпандағы N 3-1-376қ "2000-2002 жылдарға арналған кедейшiлiк пен жұмыссыздыққа қарсы күрес жөнiндегi аймақтық бағдарламасын орындау туралы" қаулысына сәйкес Астана қаласының әкiмдiгi қаулы етеді:
1. Астана қаласы әкiмдiгінiң 2002 жылғы 18 ақпандағы N 3-1-227қ "Учаскелiк комиссиялар туралы Ереженi бекiту туралы" қаулысына(Астана қаласының Әдiлет басқармасында 2002 жылғы 25 наурызда N 182 болып тiркелген; 2002 жылғы 4 мамырдағы N 58 "Астана ақшамы"; 2002 жылғы 20 сәуiрдегi N 43 "Вечерняя Астана") мына өзгерiс енгiзiлсiн.
4-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары Қ.К. Мұқановқа жүктелсiн.
Астана қаласының әкімі
Визалар: