Учаскелiк комиссиялар туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімиятының 2002 жылғы 18 ақпандағы N 3-1-227п қаулысы. Астана қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 25 наурызда тіркелді. Тіркеу N 182. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 26 маусымдағы N 23-541қ қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007.06.26 N 23-541қ қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi N 246-II " Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы ", " Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы " 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы  N 1685 "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы", "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" 2005 жылғы 2 қарашадағы  N 1092 қаулыларымен сәйкес, Астана қаласының әкiмияты  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту: Қаулының кіріспесіне өзгертулер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 23-10-1096қ  қаулысымен .

      1. Учаскелiк комиссиялар туралы қоса берiлген Ереже бекiтiлсiн. 
      2. Аудан әкiмдерi аудандық учаскелiк комиссиялар құрамын құрсын және бекiтсiн.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 23-10-1096қ  қаулысымен .
      3. Қалалық құрылымдар (салық комитетi, Әділет департаменті,  көшi-қон полициясы басқармасы, "Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары шегiнде тексеру өткiзу үшiн қажет мәлiметтердi беруге учаскелiк комиссияларға жәрдем берсiн.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласының әкімдігінің 2005 жылғы 17 тамыздағы  N 23-7-612 қаулысымен.
        4. <*>
      Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - Астана қаласының әкімдігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы  N 3-1-1048 қаулысымен.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.З.Нығматулинге жүктелсін.

       Астана қаласының әкімі

      КЕЛІСІЛДІ

      Алматы ауданының әкімі

      Сарыарқа ауданының әкімі

      Астана қаласы
      салық комитетінің төрағасы

      Астана қаласы Ішкі істер басқармасы
      көші-қон басқармасының бастығы

      "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      Тіркеу қызметі комитетінің Астана қаласы
      бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі
      орталығы" республикалық мемлекеттік
      кәсіпорынының директоры

      Астана қаласы қаржы
      департаментінің бастығы

      Астана қаласы еңбек, жұмыспен
      қамту және халықты әлеуметтік
      қорғау департаментінің бастығы

        КЕЛІСІЛДІ                        Астана қаласы әкімиятының
   Астана қаласы                        2002 жылғы 18 ақпандағы
Мәслихатының хатшысы                   N 3-1-227п қаулысымен
                                            БЕКІТІЛДІ

  Учаскелiк комиссиялар туралы
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi  N 246-II "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы, " Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы " 2005 жылғы 28 маусымдағы заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы  N 1685 "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы", "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру бойынша кейбiр шаралар туралы" 2005 жылғы 2 қарашадағы  N 1092 қаулыларымен және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2000 жылғы 28 шiлдедегi N 186-б "Учаскелiк комиссиялар қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру туралы ұсыныстар" бұйрығына сәйкес әзiрлендi.
      Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 23-10-1096қ  қаулысымен .

  1. Жалпы ережелер

      1. Учаскелiк комиссиялар Астана қаласы аудандары әкiмдерiнiң шешiмдерiмен тиiстi аумақтарда арыз иесiне мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi - атаулы әлеуметтiк көмек) және/немесе 18 жасқа дейiнгi балаларға (бұдан әрi - балаларға жәрдемақы) тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақыны берудiң қажеттiгi туралы қорытынды дайындау үшiн және материалдық жағдайына тексеру жүргiзу қажет болғанда құрылады.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 23-10-1096қ  қаулысымен .
      2. Учаскелiк комиссияларға аудан әкiмдерiнiң орынбасарлары басшылық етедi және мүшелерiнiң жалпы саны 7 адамнан кем болмауы қажет.
      Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 23-10-1096қ  қаулысымен .
        3. Учаскелiк комиссиялар жергiлiктi өкiлеттi органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi кооперативтерiнiң, ұйымдардың және бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау саласы уәкiлеттi органдарының өкiлдерiнен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiнен құрылуы мүмкін. 
      4. Учаскелiк комиссиялар отырысы он күнде бiр реттен кем өткiзiлмеуi тиiс. Учаскелiк комиссияның бiрiншi отырысы "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi өкiлiнiң қатысуымен өткiзiледi.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 23-10-1096қ  қаулысымен .
      5. Учаскелiк комиссияның отырысы құрамның 3/4 бөлiгi қатысқан жағдайда құқықты болып саналады. 
      6. Учаскелiк комиссиялар өз жұмысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын және осы Ереженi басшылыққа алады. 

  2. Комиссияның негізгi атқаратын қызметтерi

      7. Учаскелiк комиссиялар "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) аса қажет ететiн отбасыларына атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге, балаларға жәрдемақыны тағайындауға және төлеуге жәрдемдеседi.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - Астана қаласының әкімдігінің 2005 жылғы 17 тамыздағы  N 23-7-612 қаулысымен, 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 23-10-1096қ  қаулысымен. .
      8. Учаскелiк комиссиялар арыз иесiнiң ұсынған құжаттарын Уәкiлеттi орган жiберген күннен бастап бес күн iшiнде атаулы әлеуметтiк көмек және/немесе балаларға жәрдемақы беру туралы қорытынды әзiрлейдi (1-қосымша).
      Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 23-10-1096қ  қаулысымен .
      9. Қажет болғанда учаскелiк комиссиялар Уәкiлеттi орган тапсырма берген күннен бастап бескүндiк мерзiмде адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзедi, акт жасайды, қорытынды әзiрлейдi, қол қояды және Уәкiлеттi органға ұсынады (2-қосымша).
      10. Оның тұратын орнына шығу арқылы нақты материалдық жағдайына тексеру жүргiзуге өтiнiш берушi қарсы болған жағдайда учаскелiк комиссия акт жасайды және бұл туралы атаулы әлеуметтiк көмек және/немесе балаларға жәрдемақы тағайындау және бас тарту туралы шешiм қабылдайтын Уәкiлеттi органға хабарлайды.
      Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 23-10-1096қ  қаулысымен .

3. Комиссияның негiзгі құқықтары мен мiндеттерi

      11. <*>
       Ескерту. 11-тармақ алынып тасталды - Астана қаласының әкімдігінің 2005 жылғы 17 тамыздағы  N 23-7-612 қаулысымен.
        12. Учаскелiк комиссиялар Уәкiлеттi органның тапсырмасы бойынша өтiнiш берушiлердiң берген құжаттарын iрiктеп қайта тексеруi мүмкiн.
      13. Учаскелiк комиссиялар тексеру жүргiзу үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратуға құқығы бар.
      14. Учаскелiк комиссия мүшелерi Уәкiлеттi органға табыс етiлген актiде баяндалған мәлiметтердiң шындығы мен нақтылығына жауап бередi. 

4. Тексеру жүргiзу тәртiбi

      15. Атаулы әлеуметтiк көмек және/немесе балаларға жәрдемақы алуға өтiнiш берушi мен оның отбасының нақты материалдық жағдайын тексеру оның өзiнiң қатысуымен және осы Ережемен белгiленген мерзiмдерде екiден кем емес Учаскелiк комиссия мүшелерiмен жүргiзiледi.
      Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 23-10-1096қ  қаулысымен .
      16. Адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру Уәкiлеттi органның тапсырмасы бойынша атаулы әлеуметтiк көмек және/немесе балаларға жәрдемақы тағайындауға бiрiншi рет өтiнiш жасағанда жүргiзiледi, қайтадан өтiнiш жасағанда тек қажет болғанда ғана (отбасы құрамы мен табыстарында өзгерiс болған жағдайда, қосымша есепке алынбаған табыстары туралы мәлiметтер бар болғанда) жүргiзiледi, бiрақ жылына бiр реттен жиi емес.
      Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 23-10-1096қ  қаулысымен .
      17. Тексеру барысында учаскелiк комиссиялар өтiнiш берушiнiң көмек сұрауымен байланысты мән-жайларды анықтайды. Мұнда назар мыналарға аударылады: 
      отбасы құрамы мен саны; 
      отбасының жұмыс iстейтiн мүшелерiнiң саны; 
      отбасының еңбекке жарамды жастағы жұмыс iстемейтін мүшелерінің саны, олардың жұмыспен қамтылмау себебi; 
      отбасында балаларды, мүгедектерді, қарттарды, ауру адамдарды бағып-күтумен айналысатын еңбекке қабілеттi адамдардың бар-жоғы;
      отбасында кәмелеттiк жасқа толмаған балалар мен бағып-күтудi қажет ететін (мүгедек, қарт, ауру) адамдардың бар-жоғы;
      жер үлесi мен жеке қосалқы шаруашылығының (үй малдары, құстар, үй іргесіндегi телім, бақша) бар-жоғы және олардан алатын нақты табыс мөлшерi;
      баспана бiрлігі санының бар-жоғы (пәтерлер, үйлер);
      пайдалануға жарайтын автокөлігінің бар-жоғы немесе болмауы.
      18. Заңсыз төлемге тартылған акті деректерінің күмәнділігі немесе қандай-да бiр жөнсiздiк анықталған жағдайда залалды өтеу қолданыстағы заңнамада белгiленген тәртіппен кінәлі адамнан (арыз иесiнен) өндіріліп алынады.
      19. Өтінiш берушi мен оның отбасының материалдық жағдайын тексеру азаматтардың жеке өмірін сыйлауды сақтай отырып, әрі олардың қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттерді жоятындай ахуалда учаскелік комиссия арқылы жүргізілуі тиіс. Комиссия мүшелерінің азаматтардың жеке өмірі туралы мәліметтерді жариялауға құқы жоқ.

       Астана қаласы еңбек, жұмыспен
      қамту және халықты әлеуметтік
      қорғау департаментінің бастығы

Учаскелiк комиссиялар   
туралы Ережеге 1-қосымша 

      Ескерту: қосымшаға өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 23-10-1096қ  қаулысымен .

Астана қаласы _________________ ауданы

  УЧАСКЕЛIК КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

200__ жылғы "___" ___________ N _____

      Учаскелiк комиссия өтiнiш берушiнiң берген құжаттарын қарастыра келе, отбасы _______ адамнан тұратын
_________________________________________________________________
                        (Тегi, аты, әкесiнiң аты)
_________________________________________________________________
   (атаулы әлеуметтiк көмектi және/немесе балаларға жәрдемақы
              қажет етедi немесе қажет етпейдi)

туралы шешiм шығарады.

      Төраға:
      Комиссия мүшелерi: 1. _________________
                         2. _________________
                         3. _________________
                         4. _________________

Учаскелiк комиссиялар
туралы Ережеге 2-қосымша

                 Астана қаласы __________________
                                   (аудан)

  Отбасының материалдық жағдайын тексеру

  АКТI

                                          "___" _________ 200_ жыл

      1. Өтiнiш берушi туралы деректер:
      Тегi ________________________ Аты _________________________

      Әкесiнiң аты ______________________ Туған жылы ____________

      Тұрып жатқан мекен-жайы ___________________________________

      Соңғы жұмыс орны, қызметi _________________________________

      Отбасылық жағдайы: ________________________________________

      ___________________________________________________________

      2. Отбасы құрамы (өтiнiш берушiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi)

___________________________________________________________________
N   Отбасы  Туған  Туыстық  Жұмыс,   Әлеуметтiк топ:  Айына алатын
п/п мүшеле. жылы   дәрежесi қызмет,  жұмыс істеуші,   табыстар
    рiнiң                   оқу орны жұмыс істемеуші, түрі мен
    аты-жөнi                (оқу     зейнеткер,       сомасы
                            нысаны)  мүгедек, оқушы,  (теңге)-
                                     студент, мектеп
                                     жасына дейiнгi
                                     бала
___________________________________________________________________
1.
___________________________________________________________________
2.
___________________________________________________________________
3.
___________________________________________________________________
4.
___________________________________________________________________
5.
___________________________________________________________________
6.
___________________________________________________________________
7.
___________________________________________________________________
8.
___________________________________________________________________
9.
___________________________________________________________________
10.
___________________________________________________________________
11.
___________________________________________________________________
12.
___________________________________________________________________
13.
___________________________________________________________________

      3. Қозғалмайтын мүлік (мемлекеттік, жекешелендірілген, коммуналдық пәтер, жеке үй), тұрғын алаңды алып тұрған бөлмелердің саны.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      4. Үй іргесіндегі телімінің, қосалқы шаруашылығының бар-жоғы (жер участігінің көлемін, оны пайдалану мүмкіндігі мен нақты пайдалануды, үй малдары мен құстар санын, олардан алынатын нақты табыс мөлшерін көрсете отырып)

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      5. Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметке кететін шығындар
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      6. Отбасының материалдық жағдайына әсер ететін ерекше факторлар

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      7. Ескерту __________________________________________________
___________________________________________________________________

      8. Тексеру нәтижелері туралы учаскелік комиссияның қорытындысы

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:
      Мүшелерi:          1. _________________
                         2. _________________
                         3. _________________
                         4. _________________
                         5. _________________

      Тексеру актімен таныстым: ___________________________________
                              (Өтініш берушінің аты-жөні және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады