Ақмола облыстық төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс қызметтері туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 15 шешімі. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 4 шілдеде N 1905 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009.04.02 № 7 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" 7 мамыр 1997 ж. N 100-1  Заңына , ҚР "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы"  Заңының 4 және 5 баптарына, ҚР Үкіметінің "Республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында қиратқыштық жерсілкінуден залалды төмендету жөніндегі шаралар туралы" 26 тамыз 1997 жылғы N 1286  Қаулысына сәйкес және қызмет құрылымдарында болған өзгерістерге байланысты облыс әкімі шешім етті:

      1. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар облыстық қызметтерінің және оларды құру базаларының тізбесі бекітілсін (қосымша 1).

      2. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар облыстық қызметтерінің бастықтары болып ұйымдардың лауазымдық тұлғалары 2 қосымшаға сәйкес тағайындалсын.

      3. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар облыстық қызметтерінің бастықтары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша істің жайы, Азаматтық қорғаныстың арнаулы шараларының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен облыс әкімінің аппаратына облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы арқылы тапсырып отырсын.

      5. Қалалар мен аудандардың әкімдері өздерінің шешімдерімен қалалық, аудандық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметін құрсын, ал объектілер мен кәсіпорындарда жергілікті жағдайларға сәйкес және сай келетін базасы бар екендігі ескеріліп, басшылардың бұйрықтарымен құрылсын. Азаматтық Қорғаныс пен Төтенше жағдайлар қызметінің қалалық, аудандық қызметінің бастықтары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша істің жайы, Азаматтық қорғаныстың арнайы шараларының орындалуы туралы ақпаратты АҚ пен ТЖ облыстық қызметінің бастықтарына тапсырсын. 

      6. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің бастықтары, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары өздерінде құрылған қызметтің ұйымдастырылуына және жүргізілуіне, күш пен құралдардың қажетті мөлшерін дайындауға, оның жеке құрамын жасақтауға, техникамен және мүліктермен жабдықтауға жеке басымен жауап береді.

      7. Облыс әкімінің 2000 ж. 17 наурыздағы N 1-231ө өкімі күшін жойды деп есептелсін.

      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін. <*>
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облыстық әкімінің 2005 жылғы 7 қыркүйектегі  N 17 шешімімен.   

       Облыс әкімі                                           

    Облыс әкімінің
      "Ақмола облыстық
      Азаматтық қорғаныс және
      төтенше жағдайлар қызметі туралы"
      12 мамырдағы 2003 ж.
      N 15, N№1 қосымша шешімімен бекітілді <*>

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облыстық әкімінің 2005 жылғы 7 қыркүйектегі  N 17 шешімімен.   

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі
облыстық қызметтердің тізбесі және олардың құрылу негізі

      1. Хабар тарату және байланыс қызметі. Облыстық телекоммуникация дирекциясының негізінде құрылды (келісімі бойынша).
      2. Қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі. Ақмола облысы ішкі істер департаменті негізінде құрылды (келісімі бойынша).
      3. Өрттен сақтандыру қызметі. Ақмола облысы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша басқармасы негізінде құрылды.
      4. Медициналық қызмет. Ақмола облыстық денсаулық сақтау департаменті негізінде құрылды.
      5. Сауда және тамақтандыру орындарының қызметі. Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің негізінде құрылды.
      6. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі. Ақмола облыстық ауыл шаруашылық департаментінің негізінде құрылды, "Республикалық ветеринарлық лаборатория" РГП Ақмола облыстық филиалымен және "Республикалық ветеринарлық лаборатория" РГП Ақмола облыстық аймақтық филиалымен келісім бойынша.
      7. Ақпарат қызметі. Ақмола облыстық ішкі саясат департаменті негізінде құрылды.
      8. Радиациядан және химиядан қорғану қызметі. Ақмола облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті негізінде құрылды.
      9. Инженерлік қызмет. Ақмола облыстық сәулет, қала құрылысы, құрылыс департаменті негізінде құрылды.
      10. Көлік тасымалы қызметі, (автомашина, темір жол, әуе тасымалы). Ақмола облысы жолаушыларды тасымалдау көлігі және автомобиль жолдары басқармасы негізінде құрылды, "Қазақстан темір жолы" "Ұлттық компаниясы" Ақмола тасымалдау бөлімшесі акционерлік қоғамы филиалымен және "Авиакомпания Көкшетау" ашық акционерлік қоғамымен келісім бойынша.
      11. Энергетика қызметі. "Ақмола ЭҮК" ЖАҚ, "Көкше-Энерго" ЖШС-тің негізінде құрылды (келісімі бойынша).
      12. Жанар-жағармай материалдары қызметі. Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті негізінде құрылды.
      13. Жол және көпірлер қызметі. Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігінің көлік инфрақұрылымын дамыту Комитетінің Ақмола облыстық басқармасы негізінде құрылды.
      14. Коммуналдық-техникалық қызмет. Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының негізінде құрылды.
      15. Техникалық қызмет. "Қазақавтожол" РМК Ақмола филиалының
негізінде құрылды (келісім бойынша).

  Облыс әкімінің
"Ақмола облыстық
Азаматтық қорғаныс және
төтенше жағдайлар қызметі туралы"
12 мамырдағы 2003 ж.
N 15, N 2 қосымша шешімімен бекітілді <*>

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облыстық әкімінің 2005 жылғы 7 қыркүйектегі  N 17 шешімімен.   

      Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі
     облыстық қызметтердің бастықтары болып тағайындалған
                Ақмола облысы ұйымдары лауазымдық
                     тұлғаларының тізімі

Сексенбаев Жәркен Кәкімұлы            - хабар тарату және
Ақмола облыстық телекоммуникация        байланыс қызметі
дирекциясының бас директоры
(шешім бойынша)

Түсіпбеков Дауыл Төлеутайұлы          - қоғамдық тәртіпті
Ақмола облысы ішкі істер                қорғау қызметі
департаментінің бастығы  

Ысқақов Зейнелғаби Ысқақұлы           - өрттен сақтандыру қызметі
Ақмола облысы төтенше жағдайлар
саласындағы мемлекеттік бақылау
және қадағалау бойынша
басқарма бастығы (келісім бойынша)

Сәдуақасов Нұрбек Қабыкенұлы          - медициналық қызмет
Ақмола облыстық денсаулық сақтау
департаментінің директоры

Батырханов Шынарбек Бүркітбайұлы      - сауда және тамақтандыру
Ақмола облыстық кәсіпкерлік және        орындарының қызметі
өнеркәсіп департаменті директорының
орынбасары    

Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы        - жануарлар мен
Ақмола облыстық ауыл шаруашылық         өсімдіктерді қорғау қызметі
департаментінің директоры                                      

Байдәулетова Күләш Ақанқызы           - ақпарат қызметі
Ақмола облыстық ішкі саясат
департаментінің директоры

Еремеев Александр Максимович          - радиациядан және химиядан
Ақмола облыстық мемлекеттік             қорғану қызметі
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау департаментінің директоры

Мартыненко Александр Григорьевич      - автокөлік тасымалы қызметі
Ақмола облысы жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы
бастығының орынбасары

Зотов Григорий Николаевич             - энергетика қызметі
"Ақмола ЭҮК" ЖАҚ басқарма 
бастығының бірінші орынбасары         

Батаев Берік Әділгерейұлы             - ЖЖМ қызметі
Ақмола облыстық кәсіпкерлік
және өнеркәсіп департаментінің
директоры   

Долгих Геннадий Васильевич            - жол және көпірлер қызметі
ҚР көлік және коммуникация 
Министрлігінің көлік инфрақұрылымын
дамыту комитеті Ақмола облыстық
басқармасының бастығы

Митрофанов Анатолий Филиппович        - инженерлік қызмет
Ақмола облыстық сәулет, құрылыс,    
қала құрылысы департаментінің
директоры

Мырзахметов Болат Кәмәлиұлы           - коммуналдық-техникалық
Ақмола облысы жолаушылар                қызмет
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасының бастығы

Құлышов Бегалы Шорманұлы              - техникалық қызмет
"Қазақавтожол" республикалық
мемлекеттік кәсіпорынның
Ақмола филиалының директоры

Облыс әкімінің 2003 жылғы
12.05. N 15 "Ақмола облыстық
Азаматтық қорғаныс және төтенше
жағдайлар қызметі туралы"
шешіміне N 3 қосымша <*>

      Ескерту. 3-қосымша өзгертілді - Ақмола облыстық әкімінің 2005 жылғы 7 қыркүйектегі  N 17 шешімімен.   

  Облыстық Азаматтық қорғаныс және
төтенше жағдайлар қызметінің негізгі міндеттері

  1. Жалпы ереже

      1. АҚ және ТЖ қызметтері республикалық, облыстық, аудандық, қалалық деңгейлерде және шаруашылық кешендері объектілерінде (ШКО) құрылады. Олар АҚ және ТЖ қызметінің бейбіт уақыттағы барлық кезеңдерінде, сондай-ақ жаудың қауіп туғызу жағдайы шыққанда, зақымдану ошақтарында құтқару жұмыстарын жүргізу мәселелерін шешеді. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың ұйымдастырушылық және практикалық шараларын шешу мен сол міндеттерді орындау үшін меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар жұмылдырылады. 

      2. АҚ және ТЖ қызметтерінің бастықтарын облыс, қала және аудан әкімдері тағайындайды, ал шаруашылық кешені объектілерінің бастықтары олардың бірінші басшыларының бұйрығымен тағайындалады. Шаруашылық кешені объектілері қызметінің бастықтары болып бірінші басшылардың орынбасарларының біреуі немесе тәжірибелі бас мамандардың бірі тағайындалады.

      3. АҚ және ТЖ облыстық, аудандық, қалалық қызметтері сәйкес әкімдердің шешімімен құрылады, ал шаруашылық кешені объектілерінде  объектілердің басшыларының бұйрығымен құрылады.

      4. АҚ және ТЖ қызметтерінің бастықтары, ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындарының басшылары өз негізінде құрылған қызметтің жұмысын ұйымдастыру мен оның іс-әрекетіне, қажетті күш пен құралдар санын дайындауға, оларды жеке құраммен, техникамен және мүлікпен жарақтандыруға дербес жауап береді.

      5. АҚ және ТЖ қызметінің ұйымдастырылуы және іс-әрекеттері қызмет бастықтары әзірлеген ережелермен белгіленіп, облыстық ТЖ жөніндегі басқармамен келісіледі және оларды өз әкімдері - азаматтық қорғаныс бастықтары бекітеді.
      Ақ және ТЖ қызметтері бастықтарының жанында қызмет штабтары құрылады, олар бөлімдерден, бөлімшелерден және топтардан тұруы мүмкін.

      6. Облыстағы, аудандағы, қаладағы және шаруашылық кешендеріндегі объектілердің жергілікті жағдайларына, базалардың санына байланысты мынадай АҚ және ТЖ қызметтері құрылуы мүмкін:
      хабарландыру және байланыс, қоғамдық тәртіпті қорғау, энергетикалық, техникалық, өрттен сақтандыру, медициналық, сауда және тамақтандыру, жанар және жағармай материалдары, жол және көпірлер, инженерлік, жан-жануарларды және өсімдіктерді қорғау, транспорттық, коммуналды-техникалық.
      Қажет болған жағдайда басқа да қызметтер құрылуы мүмкін.

  2. АҚ және ТЖ қызметтерінің жалпы міндеттері

      1. АҚ және ТЖ қызметтерінің негізгі міндеттері болып мыналар саналады:
      1) бейбіт жағдайда және соғыс кезінде халықты қорғау және зілзала зардаптарынан болған залалды, апатты, қиратуды төмендету бойынша АҚ және ТЖ кешенді шараларын қамтамасыз етуді жоспарлау және жүзеге асыру;
      2) бейбітшілік жағдайда және соғыс кезінде құтқарушы және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру мен атқаруды қамтамасыз ету, зардап шеккен халыққа көмек көрсету. Мамандандырылған құрамалар құру мен дайындау, олардың құтқару жұмысын жүргізуге дайындығын қолдау;
      3) бағынышты органдарды және АҚ күштерін басқаруды ұйымдастыру, оларды қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамту. Басшы құрамды дайындау, бейбіт жағдайда және соғыс кезінде төтенше жағдайлар туындағанда халықты қорғау және қимыл жасау тәсілдеріне үйрету;
      4) АҚ және ТЖ басқару жүйесінің жоғары дәрежелі дайындығын құру мен қолдауды қамтамасыз ету, қауіп, зілзала, ірі апат болу мүмкіндігі, жаудың соңғы заманғы зақымдану құралдарын қолданғаны туралы халыққа хабарлау мен ақпарат беру, радиоактивтік, химиялық ластанудың және бактериологиялық зақымданудың тұрақты қадағалануы мен бақылануын ұйымдастыру.
      5) тиісті басқару органдарымен және әскери басшылық күштерімен өзара қимылды ұйымдастыру және қолдау;
      6) бағынышты ұйымдар мен мекемелердің бытыраңқы орналастырылуы мен эвакуациялануына басшылық жасау, бейбіт жағдайда және соғыс кезіндегі төтенше жағдайларда олардың қызметін қамтамасыз ету, қала сыртындағы аймақта орналастыру аудандарын күнілгері дайындау шараларын қолдану;
      7) бейбіт жағдайда және соғыс кезінде АҚ және ТЖ жоспарын әзірлеу, төменгі буындарда азаматтық қорғаныстың жоспарлануына басшылық жасау;
      8) Қорғаныс және басқа да кейінге қалдырмайтын жұмыстар (әрі қарай - Қ және БКЖ) енгізуге шешім қабылдау үшін АҚ бастығына ұсыныс дайындау;
      9) АҚ бастығы алға қойған міндеттерді орындау кезінде бағынышты күштер мен қызмет құралдарына басшылық ету;
      10) апат жағдайының шығу қаупін азайту шараларын әзірлеу мен жүзеге асыруға, бейбіт жағдайда және соғыс кезіндегі ТЖ салалардың, бірлестіктердің және мекемелердің қалыпты жұмыс істеуін арттыруға басшылық жасау;
      11) белгіленген тәртіп бойынша АҚ және ТЖ қызметтері жүргізетін қаржыландыру және материалдық-техникалық жабдықтау шараларын қамтамасыз ету, ТЖ алдын алу бойынша жедел шара қолдану, қажет болса оның резервін құру, құтқарушылар жұмысын қамтамасыз ету және зардап шеккендерге көмек көрсету; 
      12) қызметтің құзыреті шегінде АҚ және ТЖ кешенді шараларының бәріне тікелей басшылықты іске асыру.

  3. АҚ пен ТЖ қызметтері

      1. Хабарлау және байланыс қызметі

      Қызметтің міндеттері: 
      - бейбітшілік және соғыс кездерінде жалпы мемлекеттік, ведомстволық мекемелердің, кәсіпорындардың байланыс арналарын пайдаланып АҚ және ТЖ басқармасы органдарын байланыспен қамтамасыз ету, олардың қандай меншік түрінде екеніне қарамай, ТЖ бойынша басқармалармен бірлесіп халықты қорғау бойынша АҚ және ТЖ шараларын жоспарлау және ұйымдастыру, сондай-ақ Қ және БКЖ жүргізу кезінде хабарлау және байланыс жүйелерін дамыту мен жетілдіру; АҚ және ТЖ автоматтандырылған басқару жүйесін құру; АҚ және ТЖ хабарлау дабылын беруді техникалық жағынан ұйымдастырып, жүзеге асыру;
      зілзала, апат, қирау, жаудың шабуылы, радиоактивті, химиялық, бактериологиялық зақымдану қаупі туралы халыққа хабарлау, байланыс құралдарына қызмет көрсету және олар істен шыққан жағдайда тез жөндеу.
      Басқару нүктелерін байланыспен қамтамасыз ету және желілер мен байланыс құрылыстарында, байланыс кәсіпорындарының негізінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатымен байланыс құрамалары құрылады.

      2. Қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі

      Қызметтің міндеттері: 
      - АҚ және ТЖ басқармасы органдарының басшы құрамдарын, халықты зілзала шығу және қауіп-қатер, апат, қирау жағдайлары туындағанда осы туралы хабарлауға қатысуы, қоғамдық тәртіпті қолдау, қалаларда, елді мекендерде, зардап ошағы болған жерде, адамдар шоғырланған жерлерде, жолдарда жол қозғалысын қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін, азаматтардың жеке мүлкін қорғау, қылмыскерлікпен күрес, бейбіт жағдайда, соғыс кезінде халықтың өлім-жітімін есепке алу, эвакошараларды қамтамасыз ету, қаруды, оқ-дәрілерді, күшті әсер ететін қиратушылық жүйе объектілеріндегі улы заттарды сақтау, азаматтар уақытша орналастырылған орындарды жылыту, тамақтандыру пункттерін қорғау, халық арасында дүрбелеңге, жалған және арандатушылық әрекеттерді таратуға жол бермеу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу. 

      3. Өртке қарсы қызмет

        Қызметтің міндеттері: Қ ж БКЖ жүргізу кезінде зұлмат, апат және қирау болған аудандарда, зақымданған ошақтарда өртті жайылтпау және сөндіру, қалалардың аудандардың, елді мекендер мен объектілердің өртке қарсы тұрақтылығын арттыруға бағытталған техникалық, ұйымдастырушылық және өрттен сақтандыру шараларының мерзімді уақытында орындалуына бақылауды жүзеге асыру, ТЖ шығуы мен оны жою кезінде апаттан құтқару, іздестіру, өртке қарсы жұмыстарды жүргізу; ТЖ халықты іс-қимыл жасауға үйретуге қатысу, ТЖ ескертуі бойынша шаралар әзірлеп жүзеге асыруға қатысу, оның салдарынан болған залалды азайту және халықты қорғау, өртке қарсы бөлімшелердің, елді мекендердің және объектілердің дайындығын бақылауды жүзеге асыру, олардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан өрт шығу кезінде олардың іс-қимылына басшылық жасау.

      4. Медициналық қызмет

      Қызметтің міндеттері: АҚ және ТЖ медициналық шараларды жүзеге асыру, емдеу-эвакуациялық, медициналық көмекті уақытында көрсету, ТЖ зардабын жою кезінде құрамалар мүшелерінің денсаулығын сақтау, құтқарушы бөлімшелердің жеке құрамына медициналық көмек көрсету, халықты өз-өзіне және өзара көмек көрсету тәсіліне үйрету, өлу себебін анықтау мен қайтыс болған адамға сот-медициналық сараптама жасау, алған жарақатының дәрежесін анықтау үшін зақымға ұшырағандығына соттық-медициналық куәландыру алу, медицина мекемелерінде медициналық препараттардың қорын жасау, АҚ және ТЖ қызметін, медицина құрамаларын ұстау, жарақтандыру және жедел дәрігерлік жәрдем қызметін құру, оларды ТЖ медициналық-санитарлық жұмысты жүргізуге дайын болуын қамтамасыз ету.

      5. Инженерлік қызмет

      Қызметтің міндеттері: зұлмат, апат, қирау салдарын жою шараларын инженерлік қамту жұмыстарын дайындау мен жүргізу, инженерлік команда құру мен ұстау, оларды техникамен, мүлікпен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу, соғыс кезінде қорғаныс құрылыстарының қорын жинақтауға бақылау жасау мен жүзеге асыру, зақымданған ошақтарға және жұмыс объектілеріне жақындағанда бастапқы аудандарда АҚ күштерінің пайдаланылуын қамтамасыз ету.

      6. Көлік қызметі (әуе, теміржол, көлік тасымалы)

      Қызметтің міндеттері: бейбіт жағдайда және соғыс кезінде АҚ жоспары бойынша көлікпен қамтамасыз етудің есебін әзірлеу, темір жол, әуе жолы және автомобиль көлігі ұйымдарымен бірлесе отырып, зардап шеккен адамдарды, әскери бөлімшелерді, техникаларды және мүлікті, АҚ және ТЖ құрамаларын Қ және БКЖ өткізетін жерге тасымалдау, оларды отырғызу және түсіру орындарын анықтау, қажетті құрал-жабдықтармен, техникамен жарақтандыру, ауысым жұмысшыларын жұмыс объектілеріне тасымалдау (отырғызу, түсіру), бірінші кезектегі тәртіп бойынша апаттан құтқару қызметінің жеке құрамын және ТЖ зардабын жоюға қажетті арнайы жүктерді жеткізуді қамтамасыз ету, зардап шеккен халыққа көмек көрсету.

      7. Энергетика қызметі

      Қызметтің міндеттері: бейбіт жағдайда және соғыс кезінде тұтынушыларды энергиямен үздіксіз жабдықтау бойынша энергетика жүйесінің, энергообъектілердің қалыпты жұмысын атқаруына бағытталған АҚ және ТЖ шараларын күні бұрын жүргізу, төтенше жағдайлар аудандарында энергожелілерінің, автономды электроэнергия көздерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, энергетика құрылысындағы және желілеріндегі апатты дер кезінде және тез жою, Қ және БКЖ өткізетін жерді, зардап шегіп көшірілген халық орналасқан аудандарды электр энергиясымен қамтамасыз ету, экономика объектілерін, қалаларды, басқа елді мекендерді жарықтан бүркемелеу шараларын жүзеге асыру, олардың ведомстволық бағыныштылығына және меншік түріне қарамастан автономиялы, жылжымалы, тұрақты электрстанцияларын есепке алу және сақтау жағдайына бақылау жасау, бейбіт жағдайда және соғыс кезінде оны пайдаланудың және жұмыс режимінің жоспарын әзірлеу, арнайы қызмет құрамаларын құру мен дайындық сапына қою шараларын жүзеге асыру.

      8. Радиациялық және химиялық қорғау

      Қызметтің міндеттері: санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу, зақымға ұшырағандарды эвакуациялау және емдеу, емдеу-сақтандыру шараларын жүргізу, апат және зұлмат болған аудандардың және оған жақын аймақтарға орналасқан жерлердің халқы арасында жаппай жұқпалы аурулардың шығуы мен таралуының алдын алу. ТЖ кезінде радиоактивті сәуленің халыққа шамадан тыс әсер етуін азайту мақсатымен іс-шаралар ұйымдастыру мен жоспарлау; жердің, азық-түліктің, жем-шөптің және судың радиоактивті зақымданғандығы туралы облыстың зертханалық бақылау мен қадағалау жүйесі мекемесінен ақпарат алып, қорыту, облыстық АҚ және ТЖ хабарландыру және байланыс қызметтерімен бірлесіп халыққа радиоактивтік зақымдану туралы хабарлау ісін ұйымдастыру; радиациялық қауіпті объектілерде апат болған кезде (зақымданған ошақ) іс-қимыл жасау ережелері туралы халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу, апатқа ұшыраған және зақымданған жерлердегі халыққа дозиметриялық бақылау ұйымдастыру; халықты және азаматтық қорғаныс күштерін сақтап қалу мақсатымен оларды қарсыластардың жаппай зақымдайтын қаруларынан қорғау, зақымданған ошақтарда іс-қимыл жасау кезінде АҚ құрамаларының қауіпсіздігін және қорғалуын қамтамасыз ету, атом энергетикасы объектілеріндегі және тасымалдау кезіндегі апаттың зардаптарын жоюды ұйымдастыру; ТЖ аудандарында қатерсіздендіру жұмысын жүргізу үшін материалдық құрал-жабдықтардың қорын жасау; радиациялық-қауіпті объектілерде және тасымалдау кезінде апаттың алдын алу жұмыстарын жүргізу; радиоактивті заттарды өндірісте пайдаланатын мекемелер мен кәсіпорындарды және иондалған сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылау; радиоактивті қалдықтарды көмуді ұйымдастыруға қатысу.

      9. Сауда және тамақтандыру қызметі

      Қызметтің міндеттері: бейбіт жағдайда және соғыс кезіне бірінші кезекте қажетті азық-түлік және өндіріс тауарларының қорын жасау, қолда бар қордың сақталуын қамтамасыз ету, зұлматтан, апаттан, қираудан және зақымданған ошақтардан зардап шеккен халықты тамақпен, киіммен, төсек орынмен қамтамасыз ету және жоспарлау, құрамалардың жеке құрамын, қираған жерлерде, үйінділерде және зақымданған ошақтарда жұмыс істейтіндерді тамақпен, ауыз сумен қамтамасыз ету, арнайы өңдеуден өткен жеке құрам нүктелеріне алғашқы дәрігерлік көмек беретін отрядтарды, күзет және МАИ ретке келтіріп отыратын посттарды іш-киіммен және аяқ-киіммен қамтамасыз ету, оған қай меншік түрінде, қай қызметте болмасын сауда және тамақтандыру мекемелері салаларын жұмылдыру.

      10. Жан-жануарларды және өсімдіктерді қорғау қызметі

      Қызметтің міндеттері: бейбіт жағдайда және соғыс кезінде ауыл шаруашылық жануарлары мен өсімдіктерді, мал шаруашылығының және өсімдік шаруашылығының өнімдерін, су көздерін қорғау мен сумен жабдықтау шараларын ұйымдастыру және орындау, малдәрігерлік  барлау, зақымданған малды емдеу, өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру, егінді, мал жайылымдарын, мал және егін шаруашылығының өнімдерін залалсыздандыру.  

      11. Жанар-жағармай материалдары қызметі

      Қызметтің міндеттері: бейбіт жағдайда және соғыс кезінде ЖЖМ қорын жасауды жоспарлау және құру, зұлмат, апат, қирау болған ауданда АҚ және ТЖ шараларын ЖЖМ-мен қамтамасыз ету, тұрақты және жылжымалы жанар май құятын станциялардың, ЖЖМ құятын сыйымды ыдыстардың қолда барын есепке алып, оның жұмысын бақылау, сондай-ақ АҚ және ТЖ шараларын қамтамасыз ету үшін меншік түріне, қызмет түріне қарамай, облыс мекемелерінің жанармай құятын станцияларының мүмкіндіктерін іске жұмылдыру, Қ және БКЖ өткізетін жерлерге ЖЖМ жеткізу.

      12. Жол және көпірлер қызметі

      Қызметтің міндеттері: бейбіт жағдайда және соғыс кезіне АҚ және ТЖ жол және арнайы шараларын ұйымдастырып, орындау, осы мақсатқа күштер мен құралдарды дайындау, сондай-ақ зұлмат, апат, қирау және зақымдану болған жерлерде Қ және БКЖ-ның іс-әрекетін қамтамасыз ету, облыстың жол жүйесіне, оның маңызды объектілеріне техникалық бойтаса жасау, қираған жол құрылыстары арқылы автомобиль жолдарында қозғалысты қалпына келтіру, автомобиль жолдарының жайына үнемі барлау жасау, құрамалардың қираған ошақтарға енуін, сонымен қатар эвакуацияланған тұрғындарды тиеген колонналардың қала құрылысының шеткі шекарасына дейін жүруін қамтамасыз ету.

      13. Ақпарат қызметі

      Қызметтің міндеттері: меншік түріне қарамастан теле-радио құрылымы мекемелерімен бірлесе отырып, халықты, экономика объектілерін, ұйымдарды, кәсіпорындарды қауіп төнгендігі және зұлматтың шығуы, апат туралы ақпараттандыру бойынша АҚ және ТЖ шараларын әзірлеу және орындау; халықтың қысылтаяң жағдайдағы іс-қимылы туралы теле-радио мектебін ұйымдастыру; төтенше жағдайларда халықтық өзін-өзі ұстау ережелері жөнінде жаднама, плакат, буклет, кітапша, басқа әдебиеттер шығару, баспасөз, телевизия, радио арқылы әңгімелесу, әңгімелер циклын, сұрақ және жауап әзірлеп шығару; АҚ жаттығуы және оқуы болған жерден репортаж ұйымдастыру; озық тәжірибені насихаттау; облыстық мәдени мекемелеріне АҚ және ТЖ бойынша оқу кинофильмдерін көрсетуді, басқа да шаралар өткізуді ұйымдастыруға көмек көрсету мен бақылау.

      14. Коммуналдық-техникалық қызмет

      Қызметтің міндеттері: энергиялық-газ, жылумен қамту, су құбыры және канализация желілеріндегі, қаладағы коммуникациялар жүйесіндегі бүлінушіліктің зиянын азайту шараларын әзірлеп оның орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ су көздері мен сумен қамту жүйесін, оның ішінде қала сыртындағы аймақты қандай да болмасын ластанудан қорғау, соғыс кезінде өз объектілерін, ең алдымен қала сыртында орналасқан объектілерді пайдалануға алдын ала дайындау, халықты санитарлық өңдеуден өткізу, сырт киімдерді залалсыздандыру, ТЖ аудандарында қатерсіздендіру жұмысын жүргізу үшін материалдық құралдардың қорын жасау.

      15. Техникалық қызмет

      Қызметтің міндеттері: АҚ және ТЖ қажеті үшін жұмылдырылатын техникаларды, жабдықтарды, агрегаттарды, қарапайым құралдарды және механизмдерді жұмысқа жарамды жағдайда және үнемі дайындықта ұстау; зұлмат, апат және басқа зақымданған ошақтарда қауырт және құтқару жұмыстарын атқару барысында істен шыққан техникаларды жөндеуді ұйымдастыру; бүлінген және істен шыққан техникаларды маршрутынан, жұмыс орнынан қираған машиналарды жинайтын пунктке, соңынан жөндеу кәсіпорындарына көшіру, жөндеу кәсіпорындарын, құрамаларды және қызметтерді қосалқы бөлшектермен, жөндеу материалдарымен бір орталықтан жабдықтауды ұйымдастыру және есепке алу, оған меншіктің қай түріне жататынына қарамастан жөндеу базасы, қоймалары, тұрақты және жылжымалы жөндеу бөлімшелері бар облыс кәсіпорындарын тарту.

4. Қорытынды ережелер

      1. Қажетті жағдайда және сәйкес күштердің барлығына қарай басқа да қызметтер құрылады, әсіресе аудандарда, қалаларда және шаруашылық кешені объектілерінде, мәселен, апатты-техникалық, адамдарды санитарлық өңдеу және киімді залалсыздандыру, материалды-техникалық жабдықтау, адамды жерлеу, жарық бүркеніші т.б. 

      2. АҚ және ТЖ барлық қызметтері арнаулы шараларды өткізу және АҚ және ТЖ күшінің іс-әрекетін қамтамасыз ету бойынша өз жоспарларын ТЖ бойынша басқармамен, өзара, эвакуация комиссиясымен және әскери басшылармен келіседі.

      3. Бейбіт жағдайда және соғыс кезінде эвакуациялық шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін барлық аймақтық инстанцияларда мемлекеттік холдингтік компанияларда, комитеттерде, сондай-ақ экономика объектілерінде және басқа құрылымдарда, олардың қай меншікте, не шешетін міндеттерінің сипатына қарамастан, эвакуациялық комиссия құрылады. Комиссияның құрамына АҚ және ТЖ қызметтерінің, әскери комиссариаттың, ішкі істер, білім (бөлім) басқармаларының өкілдері енуі тиіс.

      4. Эвакуациялық комиссияның төрағасы болып меншік түріне, не шешетін міндеттерінің сипатына қарамастан, аудан, қала, округ, ауыл, облыс әкімдерінің орынбасарлары, мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындарының және оқу орындарының басшылары тағайындалады.

      5. Зұлмат, апат, қирау салдарынан зардап шеккен халықтың тіршілігін қамтамасыз етуді, орналастыруды, қабылдауды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ халықты шоғырландыру және эвакуациялау міндетін орындау үшін қалаларда, аудандарда, елді мекендерде эвакуациялық қабылдау орындары құрылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады