Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 17 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы және Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесі туралы"Жарлығына, сонымен қатар, Қазақстан халықтарының бірлігін, қоғамның тұтастығы мен келісімін одан әрі нығайту мақсаттарында облыс әкімі шешім қабылдайды:
1. Ақмола облысы бойынша Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының құрамы бекітілсін және облыстық мәслихаттың сессиясында бекітуге ұсынылсын. Қосымша 1.
2. Ақмола облысы бойынша Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясы туралы ереже бекітілсін. қосымша.
3. Ақмола облысы әкімінің 2001 жылғы 14 маусымдағы N 122 "Ақмола облысы бойынша Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының құрамы туралы" шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Облыс әкімі
Ақмола облысы әкімінің
2003 жылғы 07.11. № 37
"Ақмола облысы бойынша
Қазақстан халықтары кіші
Ассамблеясының құрамы туралы"
шешіміне қосымша 1
Ескерту. Қосымша 1 жаңа редакцияда - Ақмола облыстық әкімінің 2004 жылғы 23 маусымдағы N 32 шешімімен
Ақмола облысы бойынша Қазақстан
халықтары кіші ассамблеясының
ҚҰРАМЫ
Есенбаев |
облыс әкімі, Ақмола облысы бойынша Қазақстан халықтары кіші ассамблеясының төрағасы |
Бекмағамбетов |
облыс әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Әбутәліпов |
облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
Тохаева |
Қазақстан халықтары кіші ассамблеясының хатшысы, Ақмола облыс әкімі аппаратының бас маманы |
Әбдіхалық |
облыстық "Арқа ажары"»газетінің редакторы |
Авилова |
Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, Көкшетау қаласындағы N№17 мектептің мұғалімі |
Азнабаев |
зейнеткер, Зеренді ауданы "Қазақ тілі"» қоғамының төрағасы (келісім бойынша) |
Албаков |
Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, "Отан"»партиясының консультант-референті, (келісім бойынша) |
Әділбеков |
Көкшетау қаласының әкімі |
Ашаев Абдолла |
кәсіпкер, Еңбекшілдер ауданы (келісім бойынша) |
Ахметов |
облыстық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы |
Апракина |
Ерейментау қаласының бала-бақша-гимназиясын меңгеруші |
Байменов |
Науан Хазрет атындағы орталық мұсылмандар мешітінің имамы, Көкшетау қаласы |
Байдәулетова |
ішкі саясат департаментінің директоры |
Белецкий |
"Полония пулноцна"»поляк мәдени-ағарту қоғамының төрағасы (келісім бойынша) |
Біләлова |
облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры |
Боброва |
Атбасар ауданы әкімінің орынбасары |
Васильева |
Қ.Сәтпаев атындағы Кенесары орта мектебінің директоры, Щучье ауданы |
Героев |
Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, "Вайнах»чечен-ингуш ұлттық орталығы"» аймақтық қоғамдық бірлестігінің басшысы (келісім бойынша) |
Григорян |
Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, Қазақстан-Қытай "Кунь-Лунь" бірлескен кәсіпорнының директоры, Жарқайың ауданы (келісім бойынша) |
Демеуов |
зейнеткер, Қорғалжын ауданы (келісім бойынша) |
Жазин |
облыстық мәслихаттың хатшысы (келісім бойынша) |
Джахуташвили |
"Новокубанка"»ЖШС директоры, Шортанды ауданы (келісім бойынша) |
Дмитриенко |
облыстық білім басқармасының бастығы |
Жанәділов |
облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары |
Жангуразов Ибрагим Даутович |
Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, "Ижевское"» ЖШС директоры, Аршалы ауданы (келісім бойынша) |
Жанабергенов |
Степногорск қаласының әкімі |
Иткин Анатолий |
"Хатиква"»мәдени-ағарту орталығының төрағасы (келісім бойынша) |
Ыдрысова |
Ақмола облысы бойынша ақпарат басқармасының бастығы |
Ісмағұлова |
облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі (келісім бойынша) |
Каримова |
отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның аға дәрігері, Есіл ауданы |
Кәрішалова Күләш |
Қызыл Жартыай және қызыл Крест қоғамының төрайымы (келісім бойынша) |
Қасенов |
облыстық көші-қон және демография басқармасының бастығы |
Касонич Антонина |
Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, "Қазақстан поляктары" одағының вице-президенті (келісім бойынша) |
Качанкин |
Орыс православиялік шіркеуінің Шымкент Епархиясы Михайл Архистратигі приходының әулиеәкейі (келісім бойынша) |
Климошенко |
"Лад"»республикалық славян қоғамдық қозғалысы филиалының төрағасы (келісім бойынша) |
Корнеева |
"Видергебурт"»неміс қоғамының төрайымы |
Косянюк Валентина |
облыстық «"Акмолинская правда"»газетінің редакторы |
Митчинова |
А.Мырзахметов атындағы университеттің политология пәнінің оқытушысы (келісім бойынша) |
Морозова |
"Былина" орыс мәдени орталығының төрайымы (келісім бойынша) |
Поляков |
Сандықтау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Пригородова |
кәсіптік-техникалық лицейдің директоры, Ақкөл ауданы |
Сулькарнаев |
Көкшетау татар-башқұрт мәдени орталығының төрағасы (келісім бойынша) |
Санчило |
"Истоки" славян мәдени-ағарту қоғамының төрайымы (келісім бойынша) |
Сейтжанова Нүрикамал Сейітжанқызы |
облыстық мәдениет басқармасының бастығы |
Скляров Николай |
Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, ҚР ТЖ жөніндегі агенттігінің Көкшетау техникалық институтының оқытушысы (келісім бойынша) |
Султаньяев |
профессор, филология ғылымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (келісім бойынша) |
Трищ Тумгоева |
облыстық Әділет басқармасының бастығы (келісім бойынша) Жақсы мектеп-гимназиясының оқытушысы, Жақсы ауданы |
Төлеғұл |
облыстық мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы |
Томбаиди |
"Эллада" грек ұлттық орталығының төрағасы, "Фитосанитария"» РМК өкілі, Сандықтау ауданы (келісім бойынша) |
Хамхоев |
кәсіпкер, "Вайнах"»чечен-ингуш ҰМО басшысы, Бұланды ауданы (келісім бойынша) |
Чжен |
Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, "Корей" ҰМО төрағасы (келісім бойынша) |
Шуатаева |
зейнеткер, Көкшетау қаласы (келісім бойынша) |
Шораев |
Ақмола облыстық телерадиокомпанияның төрағасы |
Юрьева |
Малиновка селосының бас дәрігері, |
Яндиев |
Ақмола облыстық "Вайнах"»чечен-ингуш қоғамының төрағасы (келісім бойынша) |
Ақмола облысы
әкімінің 2003 жылғы
07.11. N№37
"Ақмола облысы бойынша
Қазақстан халықтары кіші
ассамблеясының құрамы
туралы" шешімімен бекітілген
Ақмола облысы бойынша Қазақстан халықтары
кіші ассамблеясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Ақмола облысы бойынша Қазақстан халықтары кіші ассамблеясы (бұдан әрі - кіші ассамблея) Ақмола облысы әкімінің жанындағы кеңестік консультативтік орган болып табылады. Оның шешімдері ұсыныстық сипатта болады.
Кіші ассамблея өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан халықтарының ассамблеясы туралы Ережені және осы Ережені басшылыққа алады.
Айналысатын жұмысының мақсаттары, міндеттері,
негізгі бағыттары және қағидалары
Кіші ассамблея өз жұмысын мына қағидалар бойынша жүргізеді:
Халық пен мемлекет мүддесінің басымдылығы, жариялылық, демократия, тең құқықтылық және мүшелерінің оның құрамындағы жұмысы үшін жеке жауапкершілігі;
заңдардың үстемділігі, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, қай әлеуметтік топқа жататындығына қарамастан адам мен азаматтың құқықтары мен еркіндіктері теңдігі;
Қазақстан халықтарының мәдениетін, тілдерін, салт-дәстүрлерін жан-жақты дамыту.
Кіші ассамблеяның мақсаттары:
Қазақстандық отансүйгіштік, азаматтық және рухани-мәдени бірлік негізінде мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің жақындастыру маңызын ескере отырып қоғамның тұрақтылығын, ынтымағын одан әрі нығайту;
өркениетті және демократиялық нормаларға сүйеніп азаматтардың саяси мәдениеттілігін қалыптастыру.
Кіші ассамблея қызметінің негізгі міндеттері:
бірлік идеясын қалыптастыру және тарату, халықтар достығын, ұлтаралық келісімді нығайту және сақтау, кіші ассамблеяның мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп қимылдауының бірыңғай жүйесін құру арқылы этникааралық қатынастар саласындағы келеңсіздіктердің алдын алу;
этникааралық қатынастар саласындағы жағдайлар мониторингі және сараптамасы бойынша жұмыстар ұйымдастыру, олардың негізінде қоғамның ынтымағын қамтамасыз ететін ұсыныстар әзірлеу;
Мемлекет жүргізіп отырған ұлттық саясатта барлық ұлттардың мүдделері ескерілуі қамтамасыз етілуіне қолдау жасау.
Кіші ассамблея қызметінің негізгі бағыттары:
этникааралық қатынастар мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп жұмыс істеу;
облыстың рухани, мәдени және әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамалары мен бағдарламаларының жобаларын әзірлеуге, ұлт мәселелері жөніндегі заң жобаларына қоғамдық саяси сараптама жасауға, этникааралық қатынастар саласындағы қайшылықтарды, дауларды, шиеленіскен жағдайларды реттеу және шешу жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға қатысу.
Мемлекеттік органдарда, тұрғындар арасында облыстың рухани, мәдени, әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын талқылауды ұйымдастыру, оларды жүзеге асыруға қолдау көрсету, халықаралық ұйымдармен және шетелдердің азаматтық қоғам институттарымен белсенді ынтымақтастық саясат жүргізу.
Ұйымдастыру және жұмыс тәртібі
1. Кіші ассамблеяның төрағасы - Ақмола облысының әкімі. Кіші ассамблея төрағасының екі орынбасары болады.
2. Кіші ассамблея сессиясын оның төрағасы жылына бір реттен кем шақырмайды. Өткізілетін күні, орны және ассамблея сессиясының ұсынылатын күн тәртібі оның жұмысы басталардан бір ай бұрын хабарланады.
Кіші ассамблеяның кезектен тыс сессиясын оның төрағасы өз ұсынысымен немесе кіші ассамблея мүшелерінің жалпы санының үштен бірі сұрауы бойынша шақырып, шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі.
Кіші ассамблея сессиясы оның жұмысына кіші ассамблея мүшелерінің жалпы санынан үштен екісі қатысса заңды күшіне ие болады. Сессия шешімі оған қатысушы кіші ассамблея мүшелерінің жартысынан көбі қолдаса қабылданады.
Кіші ассамблея сессиясы құқықты:
Қазақстан халықтары ассамблеясының тұжырымдамалары мен бағдарламалық құжаттарын талқылап, Қазақстан халықтары ассамблеясы қарауына ұсыныстар енгізуге;
кіші ассамблея мүшелерінің есептерін тыңдауға;
кіші ассамблеяның құзырына жататын басқа да мәселелерді қарастыруға және шешуге.
3. Сессиялар аралығында жұмыс жүргізу үшін кіші ассамблея төрағасының шешімімен кіші ассамблея құрамына енетін мемлекеттік органдардың, ұлттық мәдени орталықтардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен ассамблея кеңесі құрылады.
Кеңес кіші ассамблеяның мақсаттары мен міндеттеріне жетуге бағытталған маңызды мәселелерді қарастырады. Кіші ассамблея кеңесінің шешімі кіші ассамблея мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қабылдаса заңды. Сонымен қатар кеңес шешімі кіші ассамблеяның жұмыс органы жүргізген сұрау салу әдісімен қабылдануы мүмкін. Кіші ассамблея кеңесінің отырысын қажет болған жағдайда төрағасымен келісе отырып, кіші ассамблея төрағасының орынбасарлары шақыра алады.
4. Кіші ассамблеяның барлық ұйымдастыру, атқару функциялары мен жұмыстарын кіші ассамблея секретариаты атқарады.
5. Кіші ассамблея құрамы жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың, ұлттық мәдени орталықтар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен және басқа да қоғамда беделді, қоғамдық саясатта белсенді адамдардан қалыптастырылады.
Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшелігінен үміткерлер кіші ассамблея сессиясының шешімімен ұсынылады.
Қазақстан халықтары ассамблеясының, Қазақстан халықтары кіші ассамблеясының мүшелігінен үміткерлер кіші ассамблея кеңесінің отырысында талқыланады және кіші ассамблея төрағасының орынбасарлары мен кіші ассамблея төрағасының бекітуіне ұсынылады, оның ұсынылған үміткерлерді бекітпей өз қалауы бойынша кіші ассамблея құрамына басқаларды енгізуге құқығы бар.
Кіші ассамблея мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
Кіші ассамблея мүшелерінің құқықтары:
кіші ассамблеяның қарауына ұсынылған мәселелерді талқылауға қатысу;
кіші ассамблея шешімі қабылданғаннан кейін өз көзқарастары мен ойларын ашық айту еркіндігі;
өз еркімен кіші ассамблея құрамынан шығу.
Кіші ассамблея мүшелері міндетті:
еліміздегі ұлтаралық келісім мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға;
өз жұмыстарын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асыруға;
Қазақстан халықтары ассамблеясының негізгі мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуға оның идеялары мен жұмыстарын насихаттауға;
ассамблеяның беделін көтеруге, Қазақстан Республикасына пәле жабу әрекеттерінің алдын алуға және жол бермеуге;
ассамблея тапсырмаларын адал орындауға.
Басқару құрылымы және қаржыландыру
Кіші ассамблеяның жалпы жұмысына кіші ассамблеяның төрағасы басшылық етеді.
Төрағаның орынбасарлары оның сессиялары арасында кіші ассамблея кеңесі мен секретариат жұмысын басқарады, өкілеттілік функцияларын жүзеге асырады және төрағаның тапсырмаларын орындайды.
Кіші ассамблеяның жұмыстарын қаржыландыру мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да түсім көздерінен жүзеге асырылады.