Көкшетау қалалық мәслихатының Регламенті бекіту туралы

Күшін жойған

Көкшетау қалалық мәслихатының 2003 жылғы 13 желтоқсандағы N С-5/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 03 ақпанда N 2260 тіркелді. Күші жойылды - Көкшетау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 21 сәуірдегі № С-34/28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Көкшетау қалалық мәслихатының 2010.04.21 № С-34/28 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-П "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 8-бабының 3-тармақ 5-тармақшасы, 9 бабы негізінде, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Көкшетау қалалық мәслихатының Регламенті қосымшаға сәйкес бекітілсін
      2. Осы шешім Ақмола облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құрамдарында жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

      қалалық мәслихаттың                        қалалық  мәслихаттың
      кезекті 5-ші сессиясының                   хатшысы
      төрағасы

Қалалық мәслихаттың
2003 жылғы 13 желтоқсандағы
N№С-5/4 шешімімен бекітілген
қосымша

Көкшетау қалалық
мәслихатының Регламенті
(одан әрі - Регламент)

1-Бөлім. Жалпы жағдай

      1. Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты тұрғындармен сайланатын, олардың ерігін білдіретін және ортақ мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны жүзеге асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және іске асырылуын қадағалайтын сайланбалы орган болып табылады.
      Қалалық мәслихат пен оның органдарының жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңымен, қалалық мәслихаттың шешімдерімен белгіленеді.
      2. Қалалық мәслихаттың жұмыстары негізделеді: мәселелердің ұйымдасып еркін шешілуіне; жариялылыққа; құрған органдарының қалалық мәслихат алдында есептілігі мен жауаптылығына, және сайланатын немесе тағайындалатын қызмет адамдарының да есептілігімен жауаптылығына; қоғамдық пікірді тұрақты есепке алып, азаматтарды мемлекет басқару ісіне кеңінен тартуға.
      3. Осы Регламент мәслихаттың сессияларын, оның органдарының мәжілістерін өткізу, оларға мәселелер ұсынып қарау, мәслихаттың органдарын құру және сайлау, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртібі, сондай-ақ дауыс беру тәртібі, аппарат жұмысын ұйымдастыру, басқа рәсім және ұйымдастыру мәселелерін белгілейді.

2-Бөлім. Қалалық мәслихат жұмыстарының тәртібі және ұйымдастыру 1-тарау. Мәслихат сессияларының отырыстарын жоспарлау

      4. Қалалық мәслихат қызметінің негізгі формасы сессия болып табылады, онда заң бойынша оның құзырына жататын мәселелер шешіледі. Қалалық мәслихаттың сессиясы қалалық мәслихатқа сайланған депутаттардың кемі үштен екісі қатысқанда заңды.
      Қалалық мәслихат сессиясының жалпы мәжілісін төраға шақырады.
      Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылы төрт рет шақырылады және оны қалалық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді. Қалалық мәслихат кезектен тыс сессиясын осы қалалық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ қала әкімінің ұсынысы бойынша қалалық мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді. Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімінен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкін.
      Мәслихат хатшысы қалалық мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ сессиясының қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкімге сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды.
      5. Қала мәслихатының мәжілістері қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
      6. Сессияның жұмысына қалалық мәслихаттың шешімі бойынша қалалық мәслихат белгілеген мерзімде үзіліс жасалуы мүмкін, бірақ ол 15 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Сессиясының ұзақтығын қалалық мәслихат белгілейді.
      Жалпы мәжілістерде төраға депутаттар сананың басым көпшілігінің ұсынысымен үзіліс жариялайды. Сессия мәжілістерін өткізу күндерінде қалалық мәслихаттың органдарының отырысын өткізуге жол берілмейді.
      7. Депутаттарды тіреу сессиясының жұмысына 20 минут қалғанда басталады және оның жұмысы басталған сәтте аяқталады. Сессия жұмысына қатысатын депутаттардың сессиядағы одан арғы өзгерістер сессия хатшылығында тіркеліп, сессияның төрағасын мәлім етіледі.
      8. Қалалық мәслихаттың депутаты қалалық мәслихаттың сессия мәжілісіне қатысуға міндетті. Қалалық мәслихаттың депутаты дәлелді себеппен сессия мәжілісіне қатысуға ешбір мүмкін еместігі жайында сессия өтуден бір күн бұрын қалалық мәслихаттың хатшысын хабарлар міндетті.
      9. Жабық сессияларды сессия төрағасының, қалалық мәслихат хатшысының ұсынысымен, егерде қатысып отырған депутаттардың басым көпшілігі яки үштен бірі оны жақтап дауыс берген жағдайда қалалық мәслихаттың шешімі бойынша өткізуге болады.
      Қалалық мәслихаттың сессиясының жабық мәжiлiстерiнiң мазмұны туралы мағлұматтарды жария етуге болмайды тек депутаттар қалалық мәслихаттағы қызметі үшiн пайдалануы мүмкiн.
      10. Қалалық мәслихат сессия төрағасының мәслихат қызметiне қатысты мәселелер бойынша хабарламамен таныс болу үшiн қалада орналасқан жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын, ұйымдардың, мекемелердiң және кәсiпорындардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдарын қалалық мәслихаттың сессиясына шақыруға құқы бар. Бұл ретте шақырылғандар заң бойынша мiндеттi түрде келулерi тиiс.
      Хабарлармен таныс болу үшiн адамдардың ешбiр себепсiз басшылардың және лауазымды адамдардың шақырылғандардың қалалық мәслихаттың сессиясына келмей қалуы қалалық мәслихат хатшысының iс үстiндегi заңдылықтарға сәйкес оларды тәртiпшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы тиiстi органдардың алдына мәселе қоюға негiз болып табылады.
      11. Сессияға шақырылғандардың тiзiмiн қалалық мәслихаттың хатшысы қаралатын мәселелердi және тиiстi тұрақты комиссиялар төрағаларының ұсыныстарын ескерiп, сессия төрағасының келiсiмi бойынша жасайды. Тiзiм бойынша шақырылғандарға қалалық мәслихат сессиясының мәжiлiс залына кiру үшiн рұқсат қағаз болатын арнайы шақыру билеттерi жазылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қалалық мәслихаттың ашық сессия мәжiлiстерiне редакциялардың тапсырмасы негiзiнде шақырусыз-ақ куәлiктерiн көрсетiп қатысуға құқылы.
      12. Қалалық мәслихаттың сессиясына шақырылған адамдарға мәжiлiс залында арнайы орындар қалдырылады. Олардың қалалық мәслихаттың қызметiне араласуға құқы жоқ, оның жұмысын мақұлдаудан немесе құптаудан қалыс қалуға, белгiленген тәртiптi сақтауға және төрағалық етушiнiң үкiмiне бағынуға мiндеттi.
      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасының ұсынысы бойынша шақырылғандардың сессияда сөйлеуге және депутаттардың сұрақтарына жауап беруге құқы бар.
      Осы талаптар сақталмаған сәтте олардың залдан аластатылуы әбден-ақ мүмкiн. Депутаттардың қызметiн қамтамасыз ету мақсатында қалалық мәслихаттың аппаратындағы мемлекеттiк қызметшiлер қалалық мәслихат хатшысы айқындаған тәртiпке сай қалалық мәслихат сессияларының мәжiлiстерiне қатысады. Қалалық мәслихаттың сессиясын өткiзу барысында қолқанат сымтетiктердi және радиосымтетiктерiн, пейджерлердi және басқа да байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
      13. Қалалық мәслихаттың мәжілісін қалалық мәслихат аппаратының қызметкері хаттамалайды. Сөйлеуші өзінің сөз көшірмесін мәжіліс қалалық мәслихат аппаратының қызметкер хаттамалаушы қызметкеріне береді
      Қалалық мәслихаттың депутаттары және сессия сөйлеушілері хаттамамен танысуға құқы бар. Сессия хаттамалары сессиядан кейін, күннен арқылы 3 күннен соң басып шығарылады.
      14. Қалалық мәслихаттың әрбiр сессиясында ашық дауыс берумен, сессия мәжiлiсiне қатысушы депутаттардың басым көпшiлiгi дауысымен, есеп, хатшылық, редакциялық комиссия сайланады.
      Сессияның осынау жұмысшы органдарының жекелеген құрамы жөнiндегi ұсыныстарды қалалық мәслихаттың ұйымдық-құқықтық қызметiн қамтамасыз ету және депутаттық этика мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия әзiрлейдi және сессия жұмысының басталар алдындағы тiркеу кезiнде жоба түрiнде депутаттарға таратылады.
      15. Хатшылық және редакциялық комиссиялар құру туралы шешім қабылданады.
      Қалалық мәслихаттың сессиясының хатшылығы және редакциялық комиссиялары үш адамнан сайланады.
      Хатшылығы:
      1) сөйлегендердiң сөзiн жазып отырады, депутаттардан түсетiн мәселелердi, анықтамаларды, арыздарды, ұсыныстар мен басқа да материалдарды тiркейдi;
      2) сөйлеуге жазылғандардың тiзiмi туралы және аталған материалдар жайында төрағалық етушiге хабарлайды, сессия мәжiлiсiнiң стенограммалық жазбасын бақылайды, сессияның өтiп жатқан кезiнде депутаттардың төрағалық етушiмен байланысын қамтамасыз етедi.
      Хатшылық жұмыстарына қала мәслихаты аппаратының қызметкерлері қатысуға болады.
      Редакциялық комиссиясы;
      3) қалалық мәслихат шешiмдерiнiң жобалары бойынша депутаттың топтардан, уақытша комиссиялардан, депутаттардан түскен ұсыныстар мен сын-ескертпелердi өңдеп байытады және оларды қабылдау кезiнде қалалық мәслихат шешiмдерiнiң жобаларына қосымша және өзгерiстер түрiнде енгiзуге дауысқа салады.
      16. Есеп комиссиясы сайланғаны туралы қалалық мәслихат шешім қабылдайды.
      Есеп комиссиясы өз құрамынан өз төрағасын және комиссия хатшысын сайлайды.
      Есеп комиссиясы үш адамнан сайланады.
      17. Сессияның күн тәртiбiн қалалық мәслихаттың ағымдағы жылға жасаған жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ тұрақты комиссиялардың және қалалық мәслихат хатшысының ұсыныстары негiзiнде қалалық мәслихат сессиясының төрағасы тиянақтайды, сөйтiп шешiмдердiң жобасы ретiнде алдын ала барлық депутаттарға таратылады.
      Сессиясының күн тәртiбi бекiтiлгенге дейiн оның мәжiлiсiне қалалық мәслихат енгiзген мәселелер олардың ынтагерлерi берген жазбаша пiкiрi негiзiнде сессия төрағасының немесе қалалық мәслихат хатшысының қарауы бойынша алынып тасталуы мүмкiн.
      18. Қалалық мәслихаттың сессиясында мәселелердi қараған кезде кандидатураны талқылағанда, дауыс беру рәсiмi мәжiлiстi алып бару тәртiбi бойынша, сондай-ақ сұрау салу, арыздану, жолданымдар бойынша сөз сөйлеудiң төмендегi түрлерi пайдаланылады: баяндама, қосымша баяндама, талқыланған мәселе бойынша қорытынды сөз, хабарлама, жарыссөз.
      19. Қалалық мәслихаттың депутаты бiр мәселе бойынша екi-ақ рет сөйлей алады.
      20. Сессияда сөз сөйлеушiлер өзiнiң сөзiн дөрекі түрде құруына немесе заңсыз әрекет жасауға шақыруға болмайды. Ондай жағдайда төрағалық етушi осындай сөздер мен қылықтарды болдырмау жөнiнде ескерту жасауға құқылы. Екi рет ескерту жасалғаннан кейiн сөз сөйлеушiге сөз берiлмейдi. Осы сөз сөйлеушілерге сөзін талқыланған мәселе тағы рет бермейді.
      21. Баяндама, қосымша баяндамалардың, қорытынды сөзін уақытын, төрағалық етуші баяндамашымен келісу арқылы белгілейді, - баяндама 30 минут мөлшерінде және қосымша баяндамаға 10 минут береді.
      Жарыссөзге 10 минутқа дейін, жарыссөзге 5 минутқа дейін, кандидатуралар жөнінде отырыстың сұрау кіргізу, сұрақтарға, сұранысқа анықтама мен хабарларға - 3 минутқа дейін.
      Бір жағдайларға байланысты төрағалық етуші депутаттардың келісумен баяндаманы созуға болады.
      Сөз беру туралы өтініш сессия төрағасының атына жазбаша түрде секретариатқа беріледі, секретариат оны түскен ретімен тіркеп, сессия төрағасына береді. Сессия төрағасы депутат ауызша өтінгенде де сөз бере алады.
      Сессияда тек трибунадан ғана сөйлеуге болады
      Жағдайларға байланысты отырыстың соңында депутаттарға 20 минут қысқаша, екі минут сөйлеуге, өтініш пен хабарландыруға беріледі. Жарыссөз бұған болмайды.
      22. Төрағалық етуші жарыссөз кезінде түрлі пікірлер айтылуын қамтамасыз етеді.
      Жарыссөз ашық дауысқа салынып тоқтатылады. Мәселенің бойынша жарыссөздің тоқтатылу туралы төрағалық етуші депутаттарға хабарлайды және кім сөз сұрағысы келгенін сұрайды.
      Жарыссөзден кейін баяндамашы мен қосымша баяндамашы қорытынды сөз сөйлеуге құқығы бар.

3-тарау. Қалалық мәслихаттың сессиясында дауыс беру тәртiбi

      23. Қалалық мәслихаттың сессиясы ашық және жасырын дауыс беру түрінде өткізіледі. Жасырын дауыс беру кез келген сұрақтар бойынша болуы мүмкін егерде депутаттардың көпшілігі өтінсе, немесе дауыс беру осындай заңмен көзделсе.
      24. Ашық дауыс беру кезiнде дауыстарды есептеу есеп комиссиясына тапсырылады, оның құрамын сессия белгiлейдi.
      Ашық дауыс берудiң алдында төрағалық етушi дауысқа салынған ұсыныстардың санын көрсетедi, олардың формулировкасын анықтайды, шешiмдi қабылдау тәртiбiн еске салады.
      Дауыс беру дауыс берушiлердi есептемей, басым жағдайды ескеру жолымен өткiзiлуi мүмкiн. Ашық дауыс беру кезiнде әрбiр депутат бiр дауысқа ие болады және оны "жақтау" және "қарсы" етiп бередi немесе қалыс қалады.
      Дауыс беру есептелгеннен кейін төрағалық етуші санын көрсетіп хабарлап, ұсынысты қабылдағаны немесе қабылдап болғанын хабарлайды.
      25. Жасырын дауыс беру бюллетень бойынша өткізіледі.
      Есеп комиссиясының байқауымен бюллетень формасы мен саны қарастырылады. Жасырын дауыс беру керекті анықтамаларымен құрастырылған. Бюллетенді сайлау бойынша уақыты мен есеп комиссияның төрағасы хабарлайды.
      26. Қалалық мәслихаттың хатшысы мен тексеруші комиссияның төрағасы жасырын немесе ашық дауысқа салынып сайланады, тұрғылықты комиссияның төрағасы ашық дауыс берумен мажоритарлық система бойынша сайланады. Кандидаттарға тексеруші комиссияның төрағасына қалалық мәслихаттың тұрғылықты комиссиясының төрағасына сөз беріледі, алдағы бағдарламаларды айтуға құқылары бар.
      Мәслихат сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында қалалық мәслихат депутаттарының жалпы санының басым көршілік дауысымен ашық дауысқа салу арқылы сайланады.
      Қалалық мәслихаттың хатшысы, тексеруші комиссияның төрағасы мен тұрғылықты комиссияның төрағасы сайланды деп саналады, егер де бұларды депутаттардың көпшілігі жақтаса.
      27. Әрбір қалалық мәслихаттың депутатына бір бюллетень беріледі.
      Жасырын дауыс салу бюллетені қалалық мәслихаттың депутаты куәлігі көрсетсе ғана беріледі.
      Бюллетеньді толтыру жасырын дауыс беру кандидаттардың сызу арқылы жүргізіледі бюллетеньде жобалау шешімі бойынша "келісемін" және "қарсымын" сөздері шешім варианттарының жанында, белгіленді.
      Егерде бюллетеньде екі немесе одан да көп кандидатура сайлауда өшірілмесе әр кандидатураға санау кезінде бір дауыс саналады.
      Бюллетень белгілі формасы болмаса жарамсыз деп саналады. Бюллетеньде жазылған аты-жөні санау кезінде есепке алынбайды.
      28. Жасырын дауыс беру қорытындысына есеп комиссиясы хаттама жазады. Есеп комиссиясы өздерінің қолдарын қояды. Есеп комиссияның баяндамасы туралы қалалық мәслихат ашық дауыс беру арқылы шешімін бекітеді.
      Дауыс беру кезінде қателіктер бойынша қалалық мәслихаттың шешімімен қайта дауыс берілуі мүмкін.
      29. Депутат дауыс беру кезінде өзінің құқығын жүзеге асыруға міндетті.
      Дауыс беру кезінде болмаған депутат, соңында дауыс беруге құқығы жоқ.

4-тарау. Қалалық мәслихат сессиясына мәселелер енгізу және шешiмдер жобасын қарау

      30. Сессияда бекітілуге енгізілетін барлық материалдар (шешімдер жобасы, қосымшалар, түсініктеме қағаздар, келісім парақшалар) қалалық мәслихатқа әкімнің ұсынысы бойынша тұрақты комиссияларда алдын ала қарау үшін екі тілде қалалық мәслихаттың хатшысына беріледі.
      31. Қалалық мәслихаттың аппараты зерттеу барысында немесе оның нәтижелері бойынша жобаны мемлекеттік органға мыңдай негізде кейін қайтаруға құқықты:
      1) жоғары органдардың құқықты кесімдеріне оның сәйкессіздігі анықталғанда;
      2) жоба мәтінінің мемлекеттік және орыс тілдерінде түпнұсқаға сай болмауы анықталғанда;
      3) заңнама және осы Регламенттің талаптарын бұрмалау анықталғанда.
      32. Қабылданған шешімдердің жобаларын, басқа да актілерді сессияның төрағасы немесе қалалық мәслихаттың хатшысы тұрақты комиссияларға қарауға және ұсыныстар дайындауға жібереді. Бір мезгілде сессияға қосымша баяндама бойынша қорытынды дайындау, қосымша аппаратты тексеру және жинау өткізу жүктелуі мүмкін.
      33. Сессияның төрағасы, қалалық мәслихаттың хатшысы, тұрақты комиссиясы, жұмыс топтары шешімдердің жобаларын ғылыми сараптауға жіберіп, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың пікірлерін сұрайды, дайындалған мәселені және шешімдердің жобаларын еңбек ұжымдары мен азаматтардың жиналыстарында алдын ала талқылай алады.
      34. Сессияда мәселені қарағанда әдетте баяндама, ал қажет болған жағдайда жетекші комиссияның, жұмыс тобының, уақытша комиссияның қосымша баяндамалары. Тұрақты комиссиялардың, комиссияның және жұмыс топтарының қосымша баяндаманың немесе шешімнің жобасы жөніндегі қорытындыларының қағидаларымен келіспейтін жекелеген мүшелері өз пікірлерін осы мәселе бойынша жалпы жарыссөз басталғанға дейін мазмұндап бере алады.
      35. Депутаттар және шақырылған адамдар баяндаманы, қосымша баяндаманы және шешімнің жобасы жөнінде тұрақты комиссия қорытындысын талқылайды, шешімнің жобасына түзету ретінде ұсыныстар мен ескертпелер айтуды. бойынша өткізіледі. Жобаны талқылау баптар бойынша өткізіледі. Жобаға түзетулер сессияның хатшылығына ұсынылатын өзгерістер мен қосымшаларды айқын мазмұндай отырып, олардың шешім жобасы мәтінінің қай жерінде екені көрсетіле отырып, жазбаша түрде беріледі. Осы талаптарды қанағаттандырмайтын түзетулер қарауға қабылданбайды.
      36. Әрбiр мәселенi талқылау аяқталған соң сессия ол бойынша шешiм қабылдайды. Егер бiр мәселе бойынша шешiмдердiң жобалары бiрнешеу болса, олардың әрқайсысы талқыланғанша барлық депутаттарға берiлуi тиiс. Редакциялық комиссия өз пiкiрiн айтады және дәлелдейдi: шешiмдер жобасының қайсысын негiзге алып, қайсысын қабылдамау керек. Дауыс беруге барлық енгiзiлген шешiмдердiң жобалары қойылады, жобалардың бiрiне қатысушы депутаттар көпшiлiгi негiзге алынғаннан кейiн депутаттар оған түзетулер енгiзу процедурасына көшедi.
      37. Шешiм жобасына түзетулер енгізіліп болғаннан кейін дауыс беру мынадай ретпен жүзеге асырылады:
      1) ұсынылған (өңделген) жоба негiзге алынады, ол қабылданбаған жағдайда одан әрi дауыс беру тоқтатылады.
      2) дауыс беруге мiндеттi түрде кезекпен негiзге алынған жобаға кiрмеген барлық түзетулер қойылады, дауыс беру арқылы сайланған депутаттардың көпшiлiгi дауыс бергендерi шешiмге енгiзiледi.
      Қабылданбаған жобалар, шешiмдер және оларға түзетулер бойынша ағымдағы сессияда қайырадан дауыс беруге жол берiлмейдi
      38. Бiрiн-бiрi жоятын түзетулер бойынша дауыс берiлер алдында оларды төрағалық етушi оқып бередi. Түзетудi енгiзушi оның мәнi бойынша түсiніктерге немесе дауыс берер алдында оны алып тастауға құқылы. Дауыс беру қабылданатын шешiмнiң әрбiр бабы бойынша жеке өткiзiледi.

4-бөлім. Қалалық мәслихаттың органдарының жұмысы
және сайлау тәртібі 5-тарау. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары

      39. Қазақстан Республикасының Заңдары және басқада жоғарғы мемлекеттік органдар актілерін жүзеге асыру, мәселелерді алтын ала қарап дайындау үшін, қалалық мәслихат қатысы бар, сондай-ақ мәслихат шешімін өмірге енгізуде, қала мәслихаты депутаттары арасынан тұрақты комиссия құрады.
      Тұрақты комиссиялар қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау мақсатында өз отырыстарында кезекпен қарап қажет болса келесі сессияға мәселе қояды.
      40. Тұрақты комиссияның төрағасы қажет болған кезде комиссияның бiр жылғы жұмыс жоспарына сәйкес мәжілісін шақырады және егерде комиссия құрамына кiретiн депутаттардың жалпы санының жартысынан астамы қатысса заңды деп есептеледi.
      Тұрақты комиссияның барлық мәселелер қатысып отырған депутаттар санының көршілігі дауысымен қабылданады. Тұрақты комиссияның мәжiлiсi туралы депутаттарға, сондай-ақ басқа да мәжiлiске қатысушыларға ең кемi екi тәулiк бұрын мәлiм етiледi.
      Тұрақты комиссияның мәжiлiсiне оның құрамына кiрмейтiн қалалық мәслихаттың депутаттары кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады.
      Тұрақты комиссияның мәжiлiсiне қатысу үшiн шақырылған тiзiмiн тұрақты комиссияның төрағасы анықтайды.
      Қалалық мәслихаттың депутаты өзi мүше болған тұрақты комиссияның мәжiлiсiне қатысуға мiндеттi.
      Тұрақты комиссияның мәжiлiсiне мiнәйi себеппен қатыса алмайтындығы туралы қалалық мәслихаттық депутаты уақтылы тұрақты комиссияның төрағасына хабарлайды.
      Тұрақты комиссияның мәжiлiсiн тұрақты комиссияның төрағасы өткiзедi. Тұрақты комиссиялардың мәжiлiстерiне хаттама жасалады. Хаттамаларды тұрақты комиссияға бекітілген қалалық мәслихаттың аппарат қызметкері жүргiзедi.
      Тұрақты комиссияның қаулысына және мәжiлiс хаттамасына оның төрағасы немесе орынбасары қол қояды.
      Тұрақты комиссиялар бiрлесе мәжiлiс өткiзуге құқылы, бұл ретте мәжiлiс хаттамасына және қабылданған шешiмдерге бiрлескен мәжiлiске қатысушы тұрақты комиссиялардың төрағалары қол қояды.
      41. Тұрақты комиссиялар өзiнiң құзырындағы мәселелер бойынша тиiстi тұлғалармен белгiленген мерзiмдерде қарау үшiн мiндеттi болып табылатын қаулы қабылдайды.
      Тұрақты комиссиялардың қаулылары мәжiлiске қатысушы комиссия мүшелерi жалпы санының басым көпшiлiгiмен дауысқа ие болғанда қабылданады.
      Тұрақты комиссияның төрағасы, егерде комиссия мәжiлiсiнде депутаттардың дауыстары теңдей түссе, шешушi дауыс беру құқымен пайдаланады.
      42. Тұрақты комиссиялар жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын қалалық әкiмшiлiктен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнен, атқарушы органдардан, қалада жайғасқан кәсiпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден олардың құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпараттарды сұрап алуға құқылы, жоғарыда аталған органдардың және мемлекеттiк мекемелердiң лауазымды тұлғалары қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының сұраған мәлiметтерiн мерзiмiнде беруге мiндеттi.
      Лауазымды тұлғалар тұрақты комиссияларға жалған ақпарат берсе, яки қасақана ақпаратты жасырып қалса, заңға сәйкес жауап бередi.
      43. Тұрақты комиссиялардың ұсыныстары бойынша аталған органдар мен ұйымдардың басшылары мен өкiлдерi олардың мәжiлiстерiнде қаралатын мәселелер бойынша түсiнiктемелер мен ақпарат табыс етедi.
      44. Тұрақты комиссиялар қалалық мәслихатқа бағынышты және ең кем дегенде жылына бiр мәрте өз қызметi туралы есеп бередi.
      Тұрақты комиссиялардың жұмысы туралы есептер сессияда тыңдалады.

5-тарау. Тұрақты комиссияларда көпшiлiк тыңдаулар

      45. Тұрақты комиссиялар өз ынтасы немесе қалалық мәслихаттың шешiмi бойынша көпшiлiк тыңдаулар өткiзедi. Көпшiлiк тыңдау тұрақты комиссиялардың қызметiне жататын аса маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында, депутаттардың, атқарушы органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен бұл комиссиялардың кеңейтiлген мәжiлiстерi формасында өткiзiледi.
      46. Көпшiлiк тыңдаулардың тақырыбы, уақыты және оларды өткiзудiң орны туралы құлақтандыру ашықтан ашық тыңдаулар басталғанға дейiнгi ең кемi жетi күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берiледi. Көпшiлiк тыңдауларға шақырылған тұлғалардың құрамын бұл тыңдауларды ұйымдастырған тұрақты комиссиялар анықтайды. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары бiрлескен ашықтан ашық тыңдауларды да өткiзе алады. Көпшiлiк тыңдаулар бұқаралық ақпарат құралдары және жұртшылық үшiн ашық. Оларды өткiзудiң есептерi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      47. Көпшiлiк тыңдауларды тиiстi тұрақты комиссияның төрағасы жүргiзедi. Көпшiлiк тыңдаулар төрағалық етушiнiң қысқаша кiрiспе сөзiмен басталады. Ол талқылайтын мәселенiң зәрулiгi, оның маңызы, мәжiлiстi өткiзудiң тәртiбi, шақырылған тұлғалардың құрамы туралы хабарлайды. Талқылайтын мәселе бойынша баяндама үшiн 30 минутке дейiн сөз берiледi, содан соң ашықтан ашық тыңдауларға қатысушы депутаттар мен шақырылғандар сөйлейдi.
      Шақырылған тұлғалар ашықтан ашық тыңдауларда тек төрағалық етушiнiң рұқсатымен сөйлейдi. Сөйлеудiң уақыты - 10 минуттен аспайды. Көпшiлiк тыңдауларда баяндамадан және сөйлегендерден кейiн депутаттар баяндамашыға, тыңдауға арнайы шақырылған лауазымды тұлғаларға, мамандарға, сарапшыларға сауалдар берiп, тиiстi жауаптар алады. Сауалдар ауызша, жазбаша түрiнде берiледi. Шақырылған тұлғалардың ашықтан ашық тыңдаулардың барысында араласуға, оларды езуге, ренiш немесе мақұлдау сыңай танытуға құқы жоқ. Төрағалық етушiнiң шақырылғандар арасынан тәртiп бұзғандарды залдан аластауға құқы бар.
      48. Көпшiлiк тыңдаулардың қорытындысы бойынша тыңдауға қатысушы депутаттардың көпшiлiгiнiң мақұлдауымен ұсыныстамалар қабылданады. Көпшiлiк тыңдауларда қабылданған ұсыныстамалар қалалық мәслихаттың барлық депутаттарына жеткiзiледi.
      49. Көпшiлiк тыңдауларға арнайы хаттама жүргізіледі және төрағалық етушi қол қояды.

6-тарау. Уақытша комиссия

      50. Қалалық мәслихат кез-келген сұрақтар бойынша уақытша комиссия құрайды. Қала мәслихаты уақытша комиссияны депутаттар арасынан ашық дауыс беру өткізіп төраға мен комиссия сайлайды. Комиссия мамандарды өзінің жұмысына шақыруы мүмкін.
      Уақытша комиссияның тәртібі мен қызметін қалалық мәслихат оны құрғаннан бастап қарастырады.
      Уақытша комиссия берілген жұмысты бітіргеннен кейін қалалық мәслихаттың шешім бойынша қызметін тоқтатады.
      51. Қалалық мәслихаттың уақытша комиссиялары өздерiнiң шегiндегi мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды, олар баяндамалар, қосымша баяндамалар, шешiмдердiң жобаларын әзiрлеу кезiнде пайдалану үшiн тиiстi тұрақты комиссияларға жолданады.
      52. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшiн ақы төленбейдi.

7-тарау. Тексеру комиссиясы

      53. Жергілікті бюджеттің орындалуына бақылау жасау үшін қалалық мәслихат өкілетті мерзімге тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын мәслихат белгілейді. Процедура сайлауына сәйкес Регламентте белгіленген қалалық мәслихат депутаттардың арасынан тексеру комиссиясының төрағасын сайлайды. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"»Қазақстан Республикасының Заңына 16 және 20 баптарына сәйкес қалалық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы өз міндетін босатылған және босатылмаған негізгі жағдайларда атқарады.
      Тексеру комиссиясының төрағасы басқа жұмыстан босатылған негізде төрағасы болып сайланған жағдайда, оған тиісті Көкшетау қала әкімінің аппаратының жетекшісі үшін белгіленген мөлшерде жалақы белгіленеді.

4-Бөлім. Қалалық мәслихат депутаттарының
өкілеттігін жүзеге асыру туралы 8-тарау. Депутаттық сауалдар (одан әрі-сауалдар)

      54. Мәслихат депутаттары қалалық мәслихат құзырына жататын мәселелер бойынша қала аумағына жататын мекеме, ұйым мемлекеттік атқарушы органдар басшылары, қала мәслихаты хатшылығына, мәслихат сессиясының төрағасына ауызша немесе жазбаша сауалдар беруге құқықты.
      55. Сауалдар мен берілген жауаптар бойынша мәслихат сессиясында шешім қабылданды.
      56. Сауал жазбаша түрде бiрнеше депутаттың атынан берiлсе, онда олардың аты-жөні мен сайлау округтерiнiң номерi көрсетiлiп, барлық депутаттар қол қоюы тиiс. Қалалық мәслихаттың тұрақты немесе уақытша комиссиясының атынан жасалатын жазбаша сауалға оның төрағасы қол қояды. Тексеру комиссияның атынан сауал беру туралы шешiм комиссияның отырысында қабылданып, хатталады.
      57. Сессияның басталуына дейiн енгiзiлген сауалдар сессияның төрағасына, қалалық мәслихаттың хатшысына берiледi де мәселе оның отырысында сессияның күн тәртiбiне енгiзудi шешу қойылғанда қаралады. Сауалдардың көшiрмесiн қалалық мәслихаттың хатшысы мерзiмi және жауап беру тәртiбiн көрсете отырып, ол бағытталған органға немесе лауазымды адамға жолдайды. Сессияны өткiзу барысында енгiзiлген сауалдар төрағалық етушiге отырыста берiледi. Сауалдар жауапты оқу және кейiн талқылау үшiн қалалық мәслихат хатшысы мемлекеттiк органның басшысы немесе оның орнындағы адамды сессияға шақырады.
      58. Мәслихат сауалды қарауды басқа сессияға ауыстыруы мүмкiн. Сессияның күн тәртiбiн бекiткенге дейiн оны енгiзген депутаттар қайтарып ала алады. Күн тәртiбi бекiтiлгеннен кейiн сауалды қараудан алып тастау тек ғана мәслихаттың шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Жазбаша түрде берiлген сауалдар сессияның хаттамасына тiркеледi.
      59. Депутаттық сауал жолданған мемлекеттiк органның басшысы, немесе лауазымды адам, егер сауалда жауап берудiң бұдан ұзақ мерзiмi көрсетiлмесе, осы сессияда оған қалалық мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша жауап беруге мiндеттi
      60. Депутаттық сауал, оған жауап, сауал бойынша қабылданған шешiм ол туралы қысқаша ақпарат қалалық баспасөзде жарияланып, радио немесе телевизия арқылы берiлуi мүмкiн.

9-тарау. Депутаттық топтар

      61. Қалалық мәслихат депутаттары белгiленген заң тәртiбiмен тіркеуден өткен саяси партиялардың депутаттық тобы түрiндегi депутаттар бiрлестiктерiн құруға, құқылы.
      Депутаттық топ - тиiстi саяси партияның қалалық мәслихаттағы мүддесiн бiлдiру мақсатында құрылатын депутаттар бiрлестiгi. Саяси партияның депутаттық тобы кем дегенде қалалық мәслихаттың бес депутатын бiрiктiруi қажет. Мәслихат хатшысы депутаттық топқа кірмейді. Мәслихат сессиясының төрағасы уақытша міндетін атқару кезінде мүшелігін тоқтатады.
      62. Саяси партиялардың депутаттық тобын тiркеу қалалық мәслихаттың сессиясында жүзеге асырылады. Депутатты депутаттық топқа енгізілу оның жекелеп арызымен жүзеге асады.
      Депутаттық топты тiркеу үшiн қалалық мәслихатқа жазбаша хабарлама жiберiледi, онда оның атауы, мақсаты, құрамы және депутаттық топтық атынан сөйлейтiн және оның қалалық мәслихаттың сессиясында, мемлекеттiк органдарда, саяси партияларда және қоғамдық ұйымдарда өкiлi болатын адамдары белгiленедi.
      Қалалық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарына депутаттық топтық құрамы туралы мәлiметтер бередi.
      Депутаттық топ өзiнiң шешiмдерi туралы қалалық мәслихат хатшысына ақпарат берiп тұрады.
      63. Қалалық мәслихаттың депутаттары тiркелу кезiнде депутаттық топтық бiрде бiрiне кiрмеген болса, кейiннен олардың кез келгенiне кiре алады.
      Депутаттық топ жаңа мүшелердi қабылдағаны немесе депутаттардың олардың құрамынан шыққандығы туралы қалалық мәслихатқа хабарлайды. Депутаттардың депутаттық топтан шыққан жағдайындағы олардың сан құрамы тiркеу кезiндегi мөлшерiнен азайып кетсе, онда депутаттың топ өзiнiң жұмысын тоқтатады.
      Қалалық мәслихаттың депутаты бiр ғана депутаттық топқа мүше болуы мүмкiн.
      64. Депутаттық бiрлестiк өкiлдерi топ атынан құқылы:
      1) қалалық мәслихаттың күн тәртiбi, талқыланатын мәселенiң қаралу тәртiбi және мәнi бойынша ескертпелер мен ұсыныстар енгiзуге;
      2) қалалық мәслихатқа сайланатын қызмет адамының кандидатуралары бойынша, сондай-ақ қалалық әкiмияттың жеке құрамын келiсу кезiнде, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық - кеңесшi органдардың жеке құрамын бекiткенде пiкiрлерiн бiлдiруге;
      3) қалалық мәслихат шешiмiнiң жобасына, қалалық мәслихат қабылдайтын өзге де актiлерге түзету енгiзуге;
      4) депутаттық топтың азаматтар өңдеуi бойынша қабылдаған шешiмдерiмен қалалық мәслихат депутаттарын таныстыруға;
      5) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан депутаттық топтың қызмет жасауы үшiн қажеттi материалдар мен құжаттарды сұрауға;
      6) жарыссөз тоқтатылған кезде депутаттық топ атынан сөз сөйлеудi талап етуге. Бұл жағдайда төрағалық етушi оларға сөз беруге мiндеттi.
      65. Депутаттық бiрлестiктердiң iшкi қызметiн олар дербес ұйымдастырады.
      66. Депутаттық бiрлестiктер қызметiн ұйымдық, құжаттық, ақпараттық-талдау және өзге де қамтамасыз етудi қалалық мәслихат аппараты қалалық мәслихат хатшысы және сессия төрағасы жүзеге асырады.
      Депутаттық топ мүшелері сөз сөйлеу тоқтағаннан кейінде өз өкілдігінің сөйлеуін сұрануы мүмкін. Ондайда төраға оған сөз беруі керек.

5-Бөлім. Мәслихат сессиясының төрағасы, қалалық мәслихат хатшысы

      67. Мәслихат сессиясының төрағасын оның депутаттары қатарынан мәслихат сайлайды.
      68. Мәслихат сессиясының төрағасы осы Регламенттің 3 тарау 2 бөлім 26 тармағына сәйкес сайлайды. Мәслихат сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады.
      69. Мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметін босалқы емес негізде жүзеге асырады.
      70. Сессия төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
      71. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.
      72. Мәслихат сессиясының төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері«"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңмен айқындалады.

6-Бөлім. Қалалық мәслихаттың депутаттарын оқыту

      73. Депутаттардың белсендiлiгiн арттыру, олардың мемлекеттiк құрылыс, құқық, экономика мәселелері бойынша бiлiмдерiн тереңдету және жағадан шыққан заң актiлерiмен шұғыл таныстыру үшiн мәслихат депутаттарға арнап оқу ұйымдастырады.
      74. Оқу мамандармен жүргiзiлетiн дәрiс, семинар, кеңес ретiнде ұйымдастыру бiлiмiмен тұрақты комиссиялардың төрағаларымен бiрлесiп жасалған оқудың күнтiзбелiк жоспары бойынша өтедi. Оқу жоспары қалалық мәслихаттың хатшысымен бекiтiледi.

6-1 Бөлім.
Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
учаскелік, округтік және қалалық сайлау комиссияларының
сайлануы мен қалыптастырылуы.

      Ескерту.6-1 бөлімімен толықтырылды - Көкшетау қалалық мәслихатының 2004 жылғы 25 мамырдағы N С-10/5 шешімімен.

      75. Сайлау комиссияларының жаңа құрамдарының сайлануы мен қалыптастырылуы сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімінің аяқталуына дейін екі ай бұрын басталып үш күнге дейін аяқталады.
      76. Қала мәслихатының хатшысы бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау комиссияларының қалыптастыру туралы хабарлама жарық көргенге дейін үш күн бұрын өз өкімімен депутаттар мен аппарат қызметкерлерінен сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру бойынша Жұмыс тобын жасайды.
      77. Қалалық мәслихаттың Жұмыс тобы саяси партиялардан, басқа да қоғамдық ұйымдардан, олардың құрылымдылық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиялардан, қалыптастырылатын сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы ұсыныстарды жинақтау мен өңдеумен айналысады.
      Қалалық, округтік, учаскелік комиссиялардың құрамдарына тиісті саяси партияның бір ғана өкілі кіре алады.
      Саяси партияда және олардың құрамдас бөлімшелерінде сайлау комиссиясының құрамына бұл саяси партиясының мүшесі болып табылмайтын кандидатураны ұсынуға құқығы бар.
      Жұмыс тобына саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер ұсынатын құжаттардың тізімі:
      1) Саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрамдас бөлімшелердің отырыстарының хаттамасының көшірмесі. Тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінің көшірмесі;
      2) Әділет департаментінде саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрамдас бөлімшесінің тіркелуі туралы құжаттық көшірмесі;
      Сайлау комиссиясының жұмысына өз қалауымен қатысатыны туралы кандидаттың мәслихатқа өтініші және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 105/126 қаулысымен бекітілген қосымшаға сәйкес кандидат туралы өмірбаяндық мәліметтер.
      78. Сайлау комиссиясының құрамын дайындауда Жұмыс тобы бірінші кезекте саяси партиялардан түскен ұсыныстарды қарастырады, олардың саны 7-ден аз болса, басқа да қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған органдардан түскен кандидатураларды қарастырады.
      79. Жаңа сайлау комиссияларының құрамына ұсыныстар түсу мерзімі аяқталған соң Жұмыс тобы сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау бойынша шешім жобалары мен бюллетеньдерді дайындайды.
      80. Шешім жобалары мен бюллетеньдер жеке дайындалады:
      1) Қалалық сайлау комиссия бойынша;
      2) Көкшетау қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссиялары бойынша;
      3) Учаскелік сайлау комиссиялары бойынша.
      81. Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиялар ұсынған барлық кандидатуралар шешім жобалары мен бюллетеньдерге Жұмыс тобының арнайы журналында тіркелу тәртібі бойынша кезекпен кіргізіледі.
      82. Сессияға қатысып отырған барлық қалалық мәслихат депутаттары сайлау комиссия құрамы туралы бюллетеньдерді алып, өз қолдарымен толтырады. Бюллетеньнің формасы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 105/126 қаулысымен бекітілді. Сессияда сайланған есеп комиссиясы сайлау қорытындысын шығарады. Сайлау қорытындысын қалалық мәслихат сессиясында Есеп комиссиясы төрағасымен жарияланады. Есеп комиссиясының төрағасы және оның құрамы қалалық мәслихат сессиясында анықталады. Сессияда қатысып отырған депутаттар көп дауыс берген комиссия мүшесі сайланған деп есептеледі.
      83. Егер де саяси партиялардан түскен ұсыныстардың саны тиісті сайлау комиссия мүшелерінің санына (жеті) тең келсе Жұмыс тобы қалалық мәслихат сессиясына бұл сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсыныс жасайды. Ал саяси партиялар түскен ұсыныстар сайлау комиссия мүшелері санынан көп (жетіден) болса, Жұмыс тобы қалалық мәслихат сессиясына рейтингтік дауыс беру өткізуге ұсыныс жасайды.
      Егер де саяси партиялардан түскен ұсыныстар тиісті сайлау комиссия мүшелерінің санынан (жетіден) аз болса, Жұмыс тобы бюллетеньнің бос орындарына басқа да қоғамдық бірлестіктерден түскен кандидатураларды енгізеді, ал ондай кандидатуралар болмаса, жоғары тұрған органдар ұсынған (ұсыныс түскен тәртіптің кезегі бойынша) кандидатуралары енгізеді. Сайлау комиссиясының бос орындарына ұсынылған кандидатуралар саны бос орындардың санына тең болса, онда Жұмыс тобы сессия отырысына осы сайлау комиссия құрамына дауыс беруге ұсыныс жасайды. Егер де бос орындарға ұсынылған кандидаттардың саны бос орындар санынан көп болса, Жұмыс тобы мәслихат сессиясында комиссия құрамына саяси партиялардың өкілдерін сайлауға, ол бос орындарға рейтингтік дауыс беруді өткізуге ұсыныс жасайды.
      Егер де сайлау комиссиясының құрамы бойынша сайлаудың барысында ұсынылған кандидатуралар саны жетіге тең болып, депутаттар белгілі бір кандидатураға қарсы шықса, ол сол саяси партияның немесе қоғамдық бірлестік өкілі болып табылатын басқа кандидатураға ауыстырылады. Бұл процедураны бір рет қана өткізуге болады.
      84. Бюллетеньде кандидатуралардың тегі, аты, әкесінің аты қай саяси партиядан ұсынысымен (басқа да қоғамдық бірлестіктердің, жоғары тұрған органның) осы кандидатуралар енгізілгені көрсетіледі. Депутаттар өзі дауыс беретін кандидаттың аты-жөнінің оң жағындағы бос шаршыға (крест, тырнақша) белгі қояды. Депутаттар жеті шаршыға белгі қояды.
      85. Есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасарын мен хатшысын сайлау бойынша ұйымдастыру отырысын жүргізетін сайлау комиссия мүшесі туралы жариялайды.
      Бұл кандидатураны қалалық мәслихат депутаттардың ең көп дауысын жинауы бойынша есеп комиссиясы анықтайды.Берілген дауыстар саны тең болса, бұл кандидатура бюллетеньдегі орны арқылы анықталады.
      86. Қалалық мәслихатының хатшысы Қазақстан Республикасында Конституциялық Қазақстан Республикасының сайлау туралы Заңының 10 бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті сайлау комиссия құрамының жарық көруін қамтамасыз етеді.
      87. Қазақстан Республикасы Конституциялық "Қазақстан Республикасында сайлау туралы" Заңында қарастырылған жағдайларды қалалық мәслихат тиісті сайлау комиссиясының мүшесін босату және босатылған орынға басқа мүшені сайлау туралы шешім қабылдайды. Босатылған орынға бұл сайлау комиссияда өкілеттігі жоқ саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қабылданады.
      88. Сессияда сайлау комиссияларды сайлағанда қалалық мәслихат Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына сәйкес оны бір мекеменің жұмысшыларынан сайлануын жібермеуге тиісті. Президенттікке кандидаттар, Парламент, мәслихат депутаттары, жергілікті басқару органдардың сенімді тұлғалары мен мүшелері, кандидаттардың жұбайы мен жақын туыстары және оған бағынатын тұлғалар сайлау комиссиясының мүшелері бола алмайды.

7-Бөлім. Қалалық мәслихат аппаратының жұмыстарын ұйымдастыру

      Ескерту. 75, 76, 77, 78, 79 тармақтары сәйкесінше 89, 90, 91, 92, 93 тармақтар болып саналады - Көкшетау қалалық мәслихатының 2004 жылғы 25 мамырдағы N С-10/5 шешімімен.

      89. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 25 бабына сәйкес қалалық мәслихаттың және оның органдарының қызметiн ұйымдастыру, құқықтық және материалдық - техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға олардың өкiлеттiгiн жүзеге асыру жөнiнде көмек көрсету қала әкiмдігімен құрылатын аппаратқа жүктеледi.
      90. Қалалық мәслихаттың iс жүргiзуi мен мәслихатқа түсетiн хат-хабарлардың өңдеуi аппаратқа жүктеледi және Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк процедуралар туралы" Заңының, басқа нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес әзiрленетiн және мәслихат хатшысымен бекiтiлетiн тәртiпте iске асырылады.
      91. Ұйымдастыру бөлiмiнiң қызметi қалалық мәслихатпен бекiтiлетiн аппарат туралы қағидаға сәйкес және "Көкшетау қалалық мәслихаты аппараты"»мемлекеттік мекемесі туралы жағдайға сәйкес, қалалық мәслихат аппараты қызметкерлерінің міндеттері туралы" қалалық мәслихат хатшысы бекіген құжатпен жүргізіледі.

8-Бөлім. Қорытынды ережелер

      92. Қалалық мәслихаттың Регламентi, оған өзгертулер мен қосымшалар депутаттар жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады және қалалық мәслихаттың шешiмiмен хатталады.
      Регламенттiң қарауы және бекiтiлуi, оған өзгертулер енгiзу қалалық мәслихат шешiмiн қабылдау тәртiбiне сәйкес жүргiзiледi.
      93. Регламент ережелерiн түсiндiрудi және оны сақтауға бақылауды халықтың этика, денсаулық, білім, мәдениет, заңдылық, құқық сақтау, депутаттық өкілеттік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы жүзеге асырады. Осы комиссияның төрағасы өзiнiң қалауы немесе сессия төрағасының, қалалық мәслихат хатшысының және депутаттардың ұсынысы бойынша Регламентінiң ережелерiн түсiндiру үшiн кез-келген уақытта сессияда сөз алуға құқы бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады