Ақмола облысы Әділет департаментінде 2004 жылғы 3 ақпанда № 2260 болып тіркелген Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" 2003 жылғы 13 желтоқсандағы N С-5/4 шешімінің қосымшасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Көкшетау қалалық мәслихатының 2004 жылғы 25 мамырдағы N С-10/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 01 маусымда N 2561 тіркелді. Күші жойылды - Көкшетау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 21 сәуірдегі № С-34/28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Көкшетау қалалық мәслихатының 2010.04.21 № С-34/28 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 8-бабының 3-тармақ 5-тармақшасы, 9 бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының ұсыныстарының 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 105/126 негізінде, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. (Ақмола облыстық Әділет департаментінде 2004 жылғы 3 ақпанда N 2260 болып тіркелген, 2004 жылы 3 ақпанда "Көкшетау" газетінде жарияланған) Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" 2003 жылғы 13 желтоқсандағы N С-5/4 шешімінің қосымшасына келесі өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы:
      1) Осы қосымшаға сәйкес 6-1 бөліммен толықтыру;
      2) 75, 76, 77, 78, 79 тармақтары сәйкесінше 89, 90, 91, 92, 93 тармақтар болып саналсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен соң күшіне енеді.

      Қала мәслихатының 10-шы кезектен тыс сессиясының төрағасы
      Қала мәслихатының хатшысы

Ақмола Әділет департаментінде
2004 жылғы 3 ақпанда
№ 2260 болып тіркелген
Көкшетау қалалық мәслихатының
"Көкшетау қалалық мәслихатының
Регламентін бекіту туралы"
2003 жылғы 13 желтоқсандағы
№ С-5/4 шешімінің қосымшасына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
2004 жылғы 25 мамырдағы N С-10/5
шешімінің қосымшасы

6-1 Бөлім.
Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
учаскелік, округтік және қалалық сайлау комиссияларының
сайлануы мен қалыптастырылуы

      75. Сайлау комиссияларының жаңа құрамдарының сайлануы мен қалыптастырылуы сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімінің аяқталуына дейін екі ай бұрын басталып үш күнге дейін аяқталады.
      76. Қала мәслихатының хатшысы бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау комиссияларының қалыптастыру туралы хабарлама жарық көргенге дейін үш күн бұрын өз өкімімен депутаттар мен аппарат қызметкерлерінен сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру бойынша Жұмыс тобын жасайды.
      77. Қалалық мәслихаттың Жұмыс тобы саяси партиялардан, басқа да қоғамдық ұйымдардан, олардың құрылымдылық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиялардан, қалыптастырылатын сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы ұсыныстарды жинақтау мен өңдеумен айналысады.
      Қалалық, округтік, учаскелік комиссиялардың құрамдарына тиісті саяси партияның бір ғана өкілі кіре алады.
      Саяси партияда және олардың құрамдас бөлімшелерінде сайлау комиссиясының құрамына бұл саяси партиясының мүшесі болып табылмайтын кандидатураны ұсынуға құқығы бар.
      Жұмыс тобына саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер ұсынатын құжаттардың тізімі:
      1) Саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрамдас бөлімшелердің отырыстарының хаттамасының көшірмесі. Тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінің көшірмесі;
      2) Әділет департаментінде саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрамдас бөлімшесінің тіркелуі туралы құжаттық көшірмесі;
      Сайлау комиссиясының жұмысына өз қалауымен қатысатыны туралы кандидаттың мәслихатқа өтініші және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 105/126 қаулысымен бекітілген қосымшаға сәйкес кандидат туралы өмірбаяндық мәліметтер.
      78. Сайлау комиссиясының құрамын дайындауда Жұмыс тобы бірінші кезекте саяси партиялардан түскен ұсыныстарды қарастырады, олардың саны 7-ден аз болса, басқа да қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған органдардан түскен кандидатураларды қарастырады.
      79. Жаңа сайлау комиссияларының құрамына ұсыныстар түсу мерзімі аяқталған соң Жұмыс тобы сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау бойынша шешім жобалары мен бюллетеньдерді дайындайды.
      80. Шешім жобалары мен бюллетеньдер жеке дайындалады:
      1) Қалалық сайлау комиссия бойынша;
      2) Көкшетау қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссиялары бойынша;
      3) Учаскелік сайлау комиссиялары бойынша.
      81. Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиялар ұсынған барлық кандидатуралар шешім жобалары мен бюллетеньдерге Жұмыс тобының арнайы журналында тіркелу тәртібі бойынша кезекпен кіргізіледі.
      82. Сессияға қатысып отырған барлық қалалық мәслихат депутаттары сайлау комиссия құрамы туралы бюллетеньдерді алып, өз қолдарымен толтырады. Бюллетеньнің формасы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 105/126 қаулысымен бекітілді. Сессияда сайланған есеп комиссиясы сайлау қорытындысын шығарады. Сайлау қорытындысын қалалық мәслихат сессиясында Есеп комиссиясы төрағасымен жарияланады. Есеп комиссиясының төрағасы және оның құрамы қалалық мәслихат сессиясында анықталады. Сессияда қатысып отырған депутаттар көп дауыс берген комиссия мүшесі сайланған деп есептеледі.
      83. Егер де саяси партиялардан түскен ұсыныстардың саны тиісті сайлау комиссия мүшелерінің санына (жеті) тең келсе Жұмыс тобы қалалық мәслихат сессиясына бұл сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсыныс жасайды. Ал саяси партиялар түскен ұсыныстар сайлау комиссия мүшелері санынан көп (жетіден) болса, Жұмыс тобы қалалық мәслихат сессиясына рейтингтік дауыс беру өткізуге ұсыныс жасайды.
      Егер де саяси партиялардан түскен ұсыныстар тиісті сайлау комиссия мүшелерінің санынан (жетіден) аз болса, Жұмыс тобы бюллетеньнің бос орындарына басқа да қоғамдық бірлестіктерден түскен кандидатураларды енгізеді, ал ондай кандидатуралар болмаса, жоғары тұрған органдар ұсынған (ұсыныс түскен тәртіптің кезегі бойынша) кандидатуралары енгізеді. Сайлау комиссиясының бос орындарына ұсынылған кандидатуралар саны бос орындардың санына тең болса, онда Жұмыс тобы сессия отырысына осы сайлау комиссия құрамына дауыс беруге ұсыныс жасайды. Егер де бос орындарға ұсынылған кандидаттардың саны бос орындар санынан көп болса, Жұмыс тобы мәслихат сессиясында комиссия құрамына саяси партиялардың өкілдерін сайлауға, ол бос орындарға рейтингтік дауыс беруді өткізуге ұсыныс жасайды.
      Егер де сайлау комиссиясының құрамы бойынша сайлаудың барысында ұсынылған кандидатуралар саны жетіге тең болып, депутаттар белгілі бір кандидатураға қарсы шықса, ол сол саяси партияның немесе қоғамдық бірлестік өкілі болып табылатын басқа кандидатураға ауыстырылады. Бұл процедураны бір рет қана өткізуге болады.
      84. Бюллетеньде кандидатуралардың тегі, аты, әкесінің аты қай саяси партиядан ұсынысымен (басқа да қоғамдық бірлестіктердің, жоғары тұрған органның) осы кандидатуралар енгізілгені көрсетіледі. Депутаттар өзі дауыс беретін кандидаттың аты-жөнінің оң жағындағы бос шаршыға (крест, тырнақша) белгі қояды. Депутаттар жеті шаршыға белгі қояды.
      85. Есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасарын мен хатшысын сайлау бойынша ұйымдастыру отырысын жүргізетін сайлау комиссия мүшесі туралы жариялайды.
      Бұл кандидатураны қалалық мәслихат депутаттардың ең көп дауысын жинауы бойынша есеп комиссиясы анықтайды.Берілген дауыстар саны тең болса, бұл кандидатура бюллетеньдегі орны арқылы анықталады.
      86. Қалалық мәслихатының хатшысы Қазақстан Республикасында Конституциялық Қазақстан Республикасының сайлау туралы Заңының 10 бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті сайлау комиссия құрамының жарық көруін қамтамасыз етеді.
      87. Қазақстан Республикасы Конституциялық "Қазақстан Республикасында сайлау туралы" Заңында қарастырылған жағдайларды қалалық мәслихат тиісті сайлау комиссиясының мүшесін босату және босатылған орынға басқа мүшені сайлау туралы шешім қабылдайды. Босатылған орынға бұл сайлау комиссияда өкілеттігі жоқ саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қабылданады.
      88. Сессияда сайлау комиссияларды сайлағанда қалалық мәслихат Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына сәйкес оны бір мекеменің жұмысшыларынан сайлануын жібермеуге тиісті. Президенттікке кандидаттар, Парламент, мәслихат депутаттары, жергілікті басқару органдардың сенімді тұлғалары мен мүшелері, кандидаттардың жұбайы мен жақын туыстары және оған бағынатын тұлғалар сайлау комиссиясының мүшелері бола алмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады