Ауданның бюджеттiк комиссиясы туралы

Жаңартылған

Атбасар ауданы әкиматының 2003 жылғы 20 наурыздағы N а-3/100 қаулысы. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 22 сәуірде N 1730 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148-11 Заңы және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi "Бюджет жүйесi туралы" № 357-1 Заңына сәйкес Атбасар ауданының әкiмдiгi қаулы еттi:
      1. Қосымша бойынша ауданның бюджеттiк комиссиясын құру.
      2. Аудандық мәслихат сессиясына ауданның бюджеттiк комиссиясының арнайы құрамын бекiтуге енгiзу.
      3. Бюджеттiк комиссия туралы ұсынған Ереженi бекiту.
      4. Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 27 наурыздағы "Бюджет бағдарламаларын тиiстi қаржы жылына және келешекте iске асыруға аудандық бюджеттiң жобасын қалыптастыру бойынша бюджеттiк комиссия туралы" N а-3/33 қаулысы күшiн жойды деп саналсын.
      5. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Атбасар ауданының әкiмi

"Ауданның бюджеттiк
комиссиясын бекiту туралы"
Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң
қаулысына қосымша
20.03.2003ж. N№3-а/100<*>

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияға - Ақмола облысының Атбасар ауданы әкімиятының 2004 жылға 27 мамырдағы N а-5/90 қаулысымен.
 

Ауданның бюджеттiк комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Ахмедьянов Қабидолла Үгібайұлы - аудан әкiмi, комиссия төрағасы

Пішенова Жамал Әбдiғалиқызы    - аудан әкiмiнiң орынбасары,
                                 комиссия төрағасының орынбасары

Корн Зинаида Сергеевна         - ауд. қаржы бөлiмінің меңгерушiсi,
                                 комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелерi:

Серкебаева Марияш Нұркенқызы   -  аудандық Қаржы бөлiм
                                  меңгерушiсiнiң орынбасары,
                                  бюджет бөлiмінің бастығы

Жакина Әлия Құсманқызы         -  аудандық қаржы бөлiмiнiң
                                  болжамдау және кiрiс түсiмiн
                                  сұрыптау бөлiмiнiң бастығы

Кот Владимир Иванович          -  аудандық Қазынашылық
                                  бөлiмiнiң бастығы /келiсiмi
                                  бойынша/

Хитров Владимир Григорьевич    -  аудандық мәслихаттың
                                  бюджеттiк-жоспарлау
                                  комиссиясының төрағасы

Жәкенов Бахытжан Нүкешұлы      -  әкiм аппаратының
                                  экономикалық реформа
                                  бөлiмiнiң меңгерушiсi

Ыдырысов Қанат Мұратұлы        -  Салық комитетiнiң бастығы

Күзембаева Динара Тiлеубергенқызы-ауд. қаржы бөлiмiнiң
                                  жетекшi маманы, комиссия
                                  хатшысы

Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң
Қаулысымен бекiтiлдi
20.03.2003ж. N№3-а/100

Аудандық бюджет комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Нақты Ереже аудандық бюджет комиссиясының қызметiн тұрақты негiзге қатысты реттейдi /алдағы - Комиссия/.
      2. Комиссия қызметiнiң құқықтықөнегiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ Ереже құрайды.

2. Комиссияның мақсаты

      3. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты аудан бюджетiнiң жобасын тиiстi қаржы жылына және аудандық бюджеттiң анықталуы мен орындалуы бойынша ұсыныстар дайындауда дер кезiнде және сапалы дайындалуын қамтамасыз етедi.

3. Комиссияның мiндеттерi мен қызметтерi

      4. Комиссияның басты мiндеттерi үш жылдық кезеңге аудандық
бюджеттiң басты болжамдық көрсеткiштерiн ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму индикативтiк жоспары негiзiнде орташа жылдам кезеңге қарау болып табылады;
      ауданның жергiлiктi өкiлдi органына келер қаржы жылына аудандық бюджет жобасы мен келер 3 жылдық кезеңге аудандық бюджеттiң болжамдық көрсеткiштерiн құру және ұсыну;
      аудандық бюджеттiң басты болжамдық көрсеткiштерiн келер үшжылдық кезеңге, аудандық бюджеттiң жобасын тиiстi қаржы жылына, мемлекеттiк салалық бағдарламаларды, ауданның әлеуметтiк- экономикалық даму индикативтiк жоспарын тиiстi кезеңге сәйкестiгiн белгiлеу;
      Аудандық бюджеттi тиiстi қаржы жылына нақтылау бойынша ұсыныстар шығару.
      5. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес келесi қызметтi жүзеге асырады:
      1) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және анықтайды:
      аудандық бюджеттiң болжамдық көрсеткiштерiн шығын лимиттерiн қоса, келер үшжылдық кезеңге, оның iшiнде ағымдағы жылы орындалған жобалар есебiмен инвестициялық жобалар бойынша;
      аудандық бюджеттен қаржыландырылатын  инвестициялық жобалардың келер үш жылғы кезеңге ағымдағы жылы орындалған жобаларының есебiмен тiзбесi мен көлемi;
      ағымдағы қаржы жылының басына орай құрылған бюджеттiк бағдарламалар /бағдарламашалар/ бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң қаржы жылында жоспарланған кредиторлық қарыздарын өтеу көлемi;
      келер қаржы жылына аудандық бюджеттiң жобасы;
      басқа көрсеткiштер, "Бюджет жүйесi туралы"»Қазақстан Республикасының Заңының 18-2 бабымен бекiтiлген;
      2) Шешiмдi қарайды және шығарады:
      аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджет бағдарламалары әкiмшiлiктерiнiң бюджеттiк тапсырмасы бойынша;
      3) ұсыныстар бойынша дайындалып және қаралатындар:
      аудан бюджетiн анықтау;
      бюджет бағдарламасының паспортын анықтау және бюджет бағдарламасының орындалу қорытындысы туралы ақпарат негiзiнде бюджет бағдарламасының келешекте орындалуы;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағдарламасымен аумақтың экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламасы;
      4) Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес басқа қызметтердi де жүзеге асырады.

4. Комиссияның құқығы

      6. Өз мiндеттерiне сәйкес Комиссия құқылы:
      1) аудандық бөлiмдер және ұйымдармен өзара бiрлесiп әрекеттесуi, сондай-ақ Комиссия мiндеттерiн орындау үшiн жұмысқа мамандар мен сарапшыларды тартуға;
      2) өз құзырына енетiн сұрақтар бойынша шешiм қабылдауға және ұсыныстарын енгiзуге;
      3) белгiленген заң тәртiбiмен Комиссия мiндеттерiн орындау үшiн ауданның және басқа ұйымдардан қажеттi материалдар алуға және талап етуге;
      4) Комиссия отырыстарында Комиссияның мiндеттерiн орындауға байланысты сұрақтары бойынша аудандық бюджет бағдарламаларының әкiмшiлiктерiн тыңдауға.

5. Комиссияның қызметi және құрылу тәртiбi

      7. Комиссия құрамы аудан әкiмдiгiмен белгiленедi және аудандық мәслихат сессиясында бекiтiледi.
      8. Комиссияның органдары:
      1) жұмысшы органы;
      2) Комиссия төрағасы;
      3) Комиссия төрағасының орынбасарлары;
      4) хатшы.
      9. Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның қызметiн ұйымдастыру сұрақтарын Комиссияның жұмысшы органы шешедi.
      10. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, оның жұмыстарын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң орындалуы бойынша жалпы бақылау жасайды және Комиссиямен орындалатын оның қызметiне жауапкершiлiкте болады.
      Комиссия төрағасының жоқ уақытында оның қызметiн төрағалыққа тағайындалған орынбасары орындайды.
      11. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн хаттама ресiмдейдi.
      12. Жұмыс жоспары-кестесi Комиссиямен белгiленедi. Аудандық бюджет жобасын дайындау кезiнде жұмыс жоспары-кестесi Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген жергiлiктi бюджет жобасын дайындау Ережесiмен белгiленген мерзiм бойынша белгiленедi.
      13. Комиссия мүшелерi отырыстарда басқа тұлғаларға қатысуға өз өкiлеттiгiн беруге құқылы емес.
      14. Комиссия шешiмi ашық дауыспен, сондай-ақ Комиссия мүшелерiнен сұрау жолымен қабылданады, егер Комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан артық дауыс берiлсе қабылданды деп саналады.
      Комиссия мүшелерi шешiм қабылдау кезiнде тең дауысқа ие болады.
      Комиссия төрағасы берген дауысқа берген дауыстар тең болған жағдайда шешiм қабылданды деп саналады.
      15. Әрбiр сұрақ бойынша дауыс қорытындысы көрсетiлген Комиссия отырысының күн тәртiбiндегi сұрақтарды қарау нәтижесi тиiстi хаттамаға енгiзiледi және мынадай жағдайларда, төрағамен белгiлеген отырысқа қатынасушы комиссия мүшелерiмен рұқсатнама қойылады.
      Егер комиссия мүшелерi қабылданған шешiмге қарсы болса, өздерiнiң көзқарастарын жазбаша түрде бiлдiруге хұқығы бар, ол отырыстың хаттамасына енгiзiледi.
      16. Комиссияның шешiмi, өзiне жүктелген мiндеттемелердi орындау мақсатында қабылданған комиссия шешiмдерi көрсетiлген мерзiмде барлық мемлекеттiк органдармен мiндеттi түрде қаралуға және орындалуға жатады.
      17. Комиссияның жұмыс органының қызметi жергiлiктi өкiлеттi органға - қаржы басқару жағынан әкiм өкiлдiгi аудандық қаржы бөлiмiне жүктеледi.
      18. Жұмыс органының қызметтерi комиссиямен белгiленген күн тәртiбiне және мерзiмiне сәйкес отырысқа материалдар дайындау, оны комиссия мүшелерiне, аудандық бюджет бағдарламасының әкiмшiлiктерiне және жергiлiктi атқару органына тарату, комиссия отырысының хаттамасын дайындау, сондай-ақ басқа нормативтiк құқық актiлерi мен осы Ережеден шығатын басқа қызметтерi болып табылады.

6. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы

      19. Комиссия қызметiнiң тоқтатылу негiзiне аудандық мәслихат сессиясында бекiтiлген комиссия қызметiнiң тоқтатылуы туралы аудан әкiмдiгiнiң қаулысы қызмет етедi.
      20. Осы Ереженiң 19-бөлiмiнде көрсетiлген жағдай түскен кезде Комиссия қызметiнiң тоқтатылуына аудандық мәслихатқа iстелген жұмысы туралы есеп беру хаты жолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады