Аудандық төтенше эпидемияға қарсы комиссияның құрамы туралы

Жаңа

Ақмола облысының Атбасар ауданы әкімиятының 2003 жылғы 27 мамырдағы N а-5/186 қаулысы. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 25 маусымда N 1878 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 17 тармағына, Қазақстан Республикасының "ҚР азаматтардың денсаулығын Қорғау жөнiнде Заңының 1 бабының 1 және 2 тармақтары, Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулықтары туралы" Заңының 2 бөлiмiнiң 8 бабына сәйкес, аудан әкiмдiгi қаулы еттi:
       1. Аудандық төтенше эпидемияға қарсы комиссия төмендегi құрамда құрылсын:

      Боброва Людмила Ивановна - аудан әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрайымы.

      Михель Юрий Эмануилович - ауданның бас санитарлық дәрiгерi, комиссия төрайымының орынбасары /келiсiмi бойынша/.

      Файзуллина Бахытжан Уәзiрқызы - iшкi саясат бөлiмiнiң бастығы, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелерi:

      Баклан Виктор Григорьевич - Атбасар қаласының әкiмi

      Тұрманов Мырзағұл Ерғалиұлы - аудандық әскери комиссар /келiсiмi бойынша/.

      Жолдаш Иван Юрьевич - Ақмола облыстық аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының уәкiлеттi мемлекеттiк инспекторы   /келiсiмi бойынша/.

      Тұрқашев Амангелдi Қобланбекұлы - "Орталық" телекоммуникацияның бiрлескен торабының басшысы /келiсiмi бойынша/

      Қапанова Зейнегүл Қасымқызы - "Аудандық денсаулық сақтау бөлiмi" ММ меңгерушiсi

      Марунич Людмила Васильевна - Атбасар қ. әкiмiнiң орынбасары

      Сексенбаева Жанат Бекетовна - "Аудандық бiлiм бөлiмi" ММ меңгерушiсi

      Ермак Тарас Александрович - аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң басшысы

      Стригун Николай Андреевич - "Ауылшаруашылық бөлiмi" ММ меңгерушiсi

      Кәженов Жоламан Ғалымұлы - ҚР АШМ аймақтық басқармасының    басшысы /келiсiмi бойынша/.

      Қамбатыров Нұржан Төлегенұлы - аудан әкiмi аппаратының АҚ және ТЖ жөнiндегi бас маман

      Ғазизов Жанат Ыдрысұлы - ауданның бас ветеринарлық дәрiгерi   /келiсiмi бойынша/.

      2. Комиссия жұмысын аудандық төтенше эпидемияға қарсы комиссия туралы Ережеге сәйкес жүргiзедi.
       3. Аудандық төтенше эпидемияға қарсы комиссияның құрамын аудандық мәслихат сессиясында бекiтуге енгiзу.
       4. Аудан әкiмiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы "Аудандық төтенше эпидемияға қарсы комиссияның құрамын өзгерту жөнiнде" N№83 шешiмi күшiн жойды деп есептелсiн.
       5. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкiмiнiң орынбасары Л.И.Боброваға жүктелсiн.

      Атбасар ауданының әкiмi

Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң
27 мамыр 2003 жылғы N а-5/186
қаулысымен бекітілді

Аудандық төтенше эпидемияға қарсы комиссия туралы
Ереже

1. Жалпы Ереже

      1. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      2. Комиссияның құрамы аудан әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiледi және аудандық мәслихат сессиясына бекiтуге салынады.
      3. Комиссия өз қызметiн мемлекеттiк органдармен, мекемелермен өзара байланыста жүзеге асырады.

2. Комиссияның мақсаты, мiндетi және қызметi

      4. Комиссияның мақсаты аурудың алдын алу, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар дайындау.
      5. Жұқпалы және паразиттiк аурулар қаупi туғанда шектеулi шаралар, халық тұрмысы мен шаруашылық қызметiнiң аса маңызды жағдайларымен карантин орнатады.
      6. Аудан халқының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын сұрыптау, жан-жақты және объективтi зерттеу.
      7. Комиссия өз құзырының шегiндегi отырыстарына мемлекеттiк орган, мекеме, ведомство және кәсiпорын басшыларын шақыруға және эпидемиологиялық жағдайда қатер туындау сұрақтары жөнiнде есептерiн, хабарлама тыңдауға, өз қызметiне қажеттi құжаттар, материалдар және ақпараттар сұрауға құқылы.

3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      8. Комиссияны аудан әкімі тағайындаған төраға басқарады.
      9. Комиссия құрамына аудандық мемлекеттiк органдар мен басқа ұйым өкiлдерi енедi.
      10. Комиссия отырысы қажеттiлiгiне орай өткiзiледi.
      11. Комиссия отырысына қатысқан мүшелердiң санынан жай дауыстардың көптiгiмен комиссия шешiм қабылдайды. Дауыстардың теңдiгi кезiнде төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады. Комиссияның отырысы құқықты болып есептеледi, егер оған кеңес мүшелерiнiң жалпы санынан кем дегенде 2/3 қатысса. Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi.
      12. Комиссияның төрағасы:
      - комиссияның қызметiн ұйымдастырады және жетекшiлiк етедi;
      - комиссияның отырысының күн тәртiбiн ресiмдейдi;
      - комиссияның отырысын шақырады және төрағалық етедi. Комиссияның төрағасы жоқ болған кезде оның тапсырмасымен отырысты орынбасары немесе комиссия мүшелерiнiң бiреуi төрағалық етедi.
      13. Комиссияның қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдастыруды қамтамасыз ету комиссия хатшысымен жүзеге асырылады, аудан әкiмi аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрiнiң функциясын орындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады