Жергілікті атқарушы ұйымның қаржы қорын пайдаланудың Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Зеренді ауданы әкімиятының 2003 жылғы 20 ақпандағы N 39 қаулысы. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 17 наурызда N 1613 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 24 қаңтардағы N№148-ІІ  "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 18 сәуірдегі № 1408 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржы қорын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" қаулысына сәйкес және жергілікті атқарушы ұйымның қорын мақсатты пайдалануды сапалы жүргізу үшін Зеренді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Жергілікті атқарушы ұйымның қор қаржысын пайдаланудың Ережесі (қосымшаға сәйкес) бекітілсін.

      Аудан әкімі

      Ескертулерсіз келісілді:

      Аудан әкімінің орынбасары

      Аудан әкімінің орынбасары

      Аудан әкімі аппаратының басшысы

      Аудандық әкімдік мүшелері:

      Аудандық мәслихаттың хатшысы

      Аудандық білім бөлімінің меңгерушісі

      Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы

      Аудандық тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі

      Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі

      Аудан әкімінің көмекшісі

Зеренді ауданы әкімдігінің
"Жергілікті атқарушы ұйымының
қорының қаражатын
пайдаланудың Ережесін
бекіту туралы" 2003 жылдың
20 ақпан N 39 қаулысына
Қосымша

Жергілікті атқарушы ұйымның қорының қаржысын
пайдаланудың тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Зеренді ауданы әкімінің қаржысын қорының бөлудің тәртібін белгілейді.
      1. Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 13 сәуіріндегі № 357-1 "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 13-бабына соңғы енгізілген өзгертулерді қоса есептеуге байланысты бекітілген аудандық бюджеттің шығыс бөлігінің құрамында ағымдағы қаржыландыру қорында алдын ала ескерілмеген шығындарды, аудандық бюджет жоспарына енгізілмеген және жедел қаржыландыруды қажет ететін шараларды қаржыландыруға міндетті.
      2. Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық қор қаржысы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды тоқтатуға арналған, ескерілмеген, аудан әкімінің шешімімен, жергілікті атқарушы ұйымдардың соттың шешімімен міндетті төлемдеріне, сондай-ақ төменгі көрсетілген бюджеттердің касса шығындарын өтеуге арналады.
      3. Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 1 сәуірдегі № 357-І  "Бюджет жүйе туралы" Заңының 13 бабының 3-тармағына сәйкес қор қаржысының мөлшері аудандық бюджетке түскен қаржының екі пайызынан аспауы қажет.
      4. Жергілікті атқарушы ұйымның қорынан қаржыландырылатын табиғи және техногендік сипаттағы, алдын ала ескерілмеген көріністерге төмендегілер жатады:
      1) Төтенше жағдайлардың алдын алуға  төтенше жағдайларды болдырмауға арналған іс-шаралар, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу үшін атқарылатын шаралар, материалдық шығын мөлшерін мейлінше аз шығаруға байланысты жұмыстар.
      2) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу шараларына мыналар жатады:
      - төтенше жағдай аймағындағы қорғаныс үшін жасалатын іс-шаралар;
      - білім насихаты, тұрғандардың, мамандардың білімін жетілдіру.
      3) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға құтқару, апаттың алдын алу, адамдардың өмірін, денсаулығын сақтап қалу, материалдық шығын мөлшерін азайтуға, төтенше жағдайды әрі қарай өршітпеу жұмыстары жатады.
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға байланысты жұмыстар жүргізуге Зеренді ауданы әкімінің төтенше жағдай туралы хабарлама жасауы негіз болады.
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою іс-шараларына төмендегілер жатады:
      - Зеренді ауданы әкімі мен жөндеу, апаттан құтқаруды қажет ететін, мен бұрындары жоспарға енгізіліп бекітілген мекемелердің жетекшілері құтқару қызметінің ұйымдасып қатысуымен атқарылатын жұмыстар;
      - төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
      - уақытша тұратын мекен-жайларды дайындап, зардап шеккендердің тамақтануын қамтамасыз ету;
      - төтенше жағдай бола қалғанда жедел көмек көрсетуші мекемелерді қосымша апаттан құтқару жабдықтарымен, техникамен толықтыру;
      - төтенше жағдай болып жатқан жерге күш, қаражат жеткізуді қамтамасыз ету;
      - қоршаған ортаны сауықтыру шаралары, азаматтар мен ұйымдардың шаруашылық жұмыстарын қалпына келтіру;
      - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезінде пайдалану үшін материалдық-техникалық, дәрігерлік, қор дайындау, ескерту үшін көлік, апатты жою жұмыстарын ұйымдастыру.
      4) Ағымдағы қаржыландыру жылында ескерілмеген, бюджетке енбеген бірақ жедел қаржыландыруды қажет ететін шығындар жатады.
      5. Жергілікті атқарушы ұйымның қорынан қаржы бөлуді аудандық қаржы бөлімі жүргізеді. Бұл орайда бюджеттен ағымдағы жылы осы аталмыш шығындарға бөлінген қаржы мөлшері ескеріледі.
      Қаржыландыру бекітілген заңға сәйкес, аудан әкімдігінің қаулысының негізінде, бөлінген қаржыны алушы мөлшерін, қандай мақсатқа жұмсалмақшы екендігі көрсет. Сондай-ақ, бөлінген қаржы кері қайтарылу қажет болса, қайтаруға байланысты талаптар мен мерзімі көрсетіледі.
      6. Қордан бөлінген қаражат сол көрсетілген мақсатқа жұмсалуға тиіс. Басқа осы Ережеде көрсетілмеген мақсаттарға жұмсалмайды.
      7. Зеренді ауданы әкімінің қорынан қаржы бөлу туралы қаулы дайындағанда төмендегі талаптар сақталуға тиіс:
      1) Ағымдағы қаржыландыру жылы аудандық бюджетте ассигнованияның болмауы;
      2) Жергілікті атқарушы ұйымның қорының қаржысын осы жылы пайдаланудың қажеттігі, алушының бұрынғы қажеттігіне пайдалануға болмайды. Зеренді ауданы әкімінің сот шешімдерімен міндетті төлемдеріне пайдалануға болады.
      8. Төтенше жағдай бола қалған жағдайда жергілікті атқарушы ұйымның төтенше жағдайдың алып жатқан жер көлемін, таралуын анықтайды.
      9. Заңды тұлғалардың жергілікті атқарушы ұйымның қорынан қаржы бөлу туралы өтініштерін аудандық төтенше жағдай туралы басқарма қарайды, осы орайда қаржы бөлуге негіз болатын құжаттар мен олардың тізімі анықталады.
      10. Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайды жою үшін аудандық төтенше жағдай туралы басқарма аудандық қаржы басқармасына шешімнің жобасын, шығын есебі көрсетілген қосымшасымен қоса тапсырады. Тиімді деп саналған шешімнің жобасын аудандық төтенше жағдай туралы басқарма бекітілген заңға сәйкес аудан әкімінің бекітуіне ұсынады.
      11. Зеренді ауданы әкімінің соттың шешімімен, аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлерінің міндетті төлемі жергілікті атқарушы ұйымның қорының есебінен, соттың орындаушы құжаттары болған жағдайда іске асырылады.
      Сот шешімімен міндетті төлем төлейтін жергілікті атқарушы ұйымдар заңға сәйкес негіз болған жағдайда сол шешімді барлық соттар деңгейінде шағымдануға міндетті.
      Жергілікті атқарушы ұйымдар аудандық бюджеттік бағдарламаның әкімгеріне шағымданған сот актілерінің көшірмелерін ұсынуы тиіс.
      Жергілікті атқарушы ұйымдар өздерінің заңсыз қабылдаған нормативтік актілері мен қызметкерлерінің әкімгерлік басқару шеңберінде заңсыз іс әрекеттері үшін ақшалай жауап береді. Ол қаражат "Әкімгерлер шығыны" деген бағдарламада бөлінген.
      Аудан әкімдігінің жергілікті атқарушы ұйымның қор қаржысынан әкімнің міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу туралы қаулының жобасы заңға сәйкес бекітілген соң аудандық қаржы бөлімі дайындайды.
      12. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды, алдын ала қарастырылмаған шығындарды, жергілікті атқарушы ұйымдардың міндеттемелерін - соттың шешімімен өтеуде жергілікті атқарушы ұйымның қорының қаржысын тиімді пайдалану мақсатында ағымдағы қаржыландыру жылында жергілікті атқарушы ұйымның қаржы қорында көрсетілген шығынға бөлінетін әр ағымдағы тоқсандағы қаржының мөлшері жылдық мөлшердің 25 пайызынан аспауы қажет.
      13. Қаржы қорынан ағымдағы қаржыландыру жылы жедел міндетті түрде қаржыландыратын жағдай туа қалса, қаражат бөлу Ережеде көрсетілген тиімді талаптарды сақтай отырып, ассигнациялау шеңберінде жүргізіледі.
      14. Егер бюджетті орындау барысында шығын мөлшері кіріс мөлшерінен елеулі асып кетсе, немесе бюджетке түсім азайған жағдайда жергілікті атқарушы ұйымның қорды  инвестициялауға құқы бар.
      15. Қаржы қорынан қаражат алғандар оны жұмсау туралы, атқарылған жұмыстардың көлемі мен құны туралы аудандық қаржы бөліміне көрсетілген мерзімге сәйкес есеп ұсынуы қажет.
      16. Аудандық қаржы бөлімі әр ай сайын жергілікті атқарушы ұйымға қаржы қорының жұмсалған бөлігі мен қалдық бөлігі туралы есеп беріп отырады.
      17. Қаржы қорынан алынған қаражаттың мақсатсыз жұмсалуына алушы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауап береді.
      18. Жергілікті атқарушы ұйымның қаржы қорының мақсатты жұмсалуын бақылауды аудандық қаржы бөлімі жүргізеді.

      Аудан әкімінің орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады