Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының және 1999 жылдың 1 сәуірдегі N 357-1 "Бюджеттік жүйе туралы"Заңына сәйкес Зеренді ауданының әкімдігі қаулы етті:
1. Ауданның бюджеттік комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрамда белгіленсін.
2. Ауданның арнайы бюджеттік комиссиясының құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсынылсын.
3. Ауданның бюджеттік комиссия туралы Ережесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Зеренді ауданы әкімдігінің 2002 жылдың 7 ақпандағы 21 Бюджеттік комиссия туралы»қаулысы күші жойылған деп танылсын.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін заңды күшіне енеді.
Аудан әкімі
Аудан әкімінің орынбасары
Аудан әкімі аппаратының жетекшісі
Аудандық мәслихаттың хатшысы
Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі
Аудандық білім бөлімінің меңгерушісі
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Аудандық тұрғындарды әлеуметтік қорғау
бөлімінің меңгерушісі
Ұйымдастыру кадрлық жұмыстар бөлімі
Жалпы бөлімнің бастығы
Аудан әкімінің құқықтық мәселелер
жөніндегі көмекшісі
Жетекші маман-аудармашы
Зеренді ауданы әкімдігінің
"Ауданның бюджеттік
комиссиясы туралы"
24.04.2003 ж. N 86
қаулысына 1-қосымша
Аудандық бюджеттік комиссияның
құрамы<*>
Ескерту. Қосымша өзгертілді - Зеренді ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 31.12 N 285, Ақмола облысының Зеренді ауданы әкімиятының 2004 жылға 01 желтоқсандағы N 324 қаулыларымен.
Ербол Болатұлы Сағдиев - Аудан әкімі
Комиссия төрағасы
Әлия Аманжолқызы Таласбаева - Аудан әкімінің
орынбасары
Төрағаның орынбасары
Берікжан Нұртайұлы Әбутәліпов - Аудандық қаржы бөлімінің
меңгерушісі
Төрағаның орынбасары
Владимир Юрьевич Гофман - аудандық қаржы бөлімі
меңгерушісінің орынбасары,
Комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Кентай Күшайырұлы Хасенов - Аудандық мәслихаттың
хатшысы (келісім бойынша)
Сатыбай Ахетұлы Тұрсынбаев - аудан әкімінің орынбасары
Жасұлан Жұмашұлы Шәймерденов - Салық комитетінің
төрағасы (келісім
бойынша)
Татьяна Александровна Коробченко - экономика және шағын
кәсіпкерлікті дамыту
бөлімінің бастығы
Ғалия Жанқабайқызы Жұмабаева - Аудандық қазыналық
бөлімінің бастығы
(келісім бойынша)
Аппарат жетекшісі
Зеренді ауданы әкімдігінің
2003 жылдың 24.04
N 86 "Ауданның бюджеттік
комиссиясы туралы"
қаулысына 2-қосымша
Ауданның бюджеттік комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже тұрақты негізде жұмыс істейтін ауданның бюджеттік комиссиясының жұмысын белгілейді (әрі қарай комиссия).
2. Комиссия өз жұмысын жүргізгенде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комиссияның негізгі атқаратын жұмысы қаржыландыру жылына сәйкес аудан бюджетінің жобасын дер кезінде, сапалы дайындау және аудандық бюджеттің нақтыландырылуы мен орындалуына байланысты ұсыныстарды қарау.
3. Комиссияның мақсаты мен атқаратын міндеттері
4. Комиссияның негізгі мақсаты - аудандық бюджетке байланысты алдын ала, үш жыл мерзімге индикативтік жоспардың негізінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжау көрсеткіштерін қарау болып табылады;
- ауданның жергілікті басқарушы ұйымына алдағы қаржыландыру жылына байланысты аудандық бюджеттің жобасын дайындап, ұсыну;
және алдағы үш жылға дейінгі аудан бюджетінің көрсеткішін болжау;
- белгіленген мерзімге сәйкес ауданның индикативтік жоспары бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуына қарай алдағы үш жыл мерзімдегі қаржыландыру жылына байланысты аудандық бюджет жобасының, мемлекеттік салалық бағдарламалардың болжау көрсеткіштеріне сәйкестігін анықтау.
- қаржыландыру жылына сәйкес аудандық бюджетті анықтауға байланысты ұсыныстарды дайындау.
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес төмендегідей жұмыстар атқарады:
1) Комиссияның жұмысшы ұйымының дайындаған материалдарын қарап, анықтайды:
аудандық бюджеттің алдағы үш жылға болжау көрсеткіштерін бақылайды;
ағымдағы жылы іске асырылатын жобаларды ескере отырып, шығын лимиттері мен инвестициялық жобаларды қоса есептеу арқылы аудандық бюджеттің алдағы үш жылға болжау көрсеткішін бақылайды;
алдағы үш жылдың ішінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауданда ағымдағы жылы іске асырылатын жобаларды оның ішінде инвестициялық жобаларды ескере отырып қаржыландырудың көлемі мен тізбесін дайындайды;
ағымдағы қаржыландыру жылының басында болған аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламалар мен бағдарламашалар бойынша өтелетін кредиторлық берешектерінің көлемін айқындайды;
алдағы қаржыландыру жылына аудандық бюджеттің жобасы;
басқа да Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының 18-бабында бекітілген міндеттерді атқарады
2) төмендегідей мәселелерді қарап, шешімдер шығара алады:
жергілікті облыстық басқарушы ұйымдар мен аудандық басқарушы ұйымдардың арасындағы аудандық бюджеттің алдын ала болжау көрсеткіштеріне байланысты келіспеушіліктерді анықтап, шешеді;
аудандық аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің қаржылық сұраныстарын;
3) төмендегілер бойынша ұсыныстарды қарап, дайындайды:
аудандық бюджетті нақтылау бойынша;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын айқындап, оның орындалуы жайлы ақпараттардың негізінде әрі қарай іске асыру бойынша;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларына, аймақтың дамуы бойынша экономикалық-әлеуметтік бағдарламалары;
4) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді атқарады.
6. Өзіне жүктелген міндеттеріне сәйкес комиссияның төмендегідей құқықтары бар:
1) ауданның жергілікті атқарушы, басқарушы ұйымдарымен бірлесе жұмыстар атқаруға, сондай-ақ Комиссияның тапсырмасын іс жүзінде орындау үшін арнайы мамандар мен сарапшыларды тартуға;
2) өзінің құзыретіндегі мәселелерге сәйкес шешімдер қабылдап, ұсыныстар енгізуге;
3) Комиссияның тапсырмаларын іске асыру барысында бекітілген заңдарға сәйкес аудандық және басқа да ұйымдарға сұрау салуға, қажетті материалдар алуға;
4) Комиссияның мәжілісінде аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің Комиссия тапсырмаларының орындалуына байланысты есептерін тыңдауға.
5. Комиссияны және оның жұмысын бекітудің тәртібі
7. Комиссияның құрамын аудан әкімдігі белгілеп, аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
8. Комиссияның ұйымдары:
1) жұмысшы ұйым;
2) Комиссия төрағасы;
3) Комиссия төрағасының орынбасарлары;
4) хатшы.
9. Комиссия мәжілістерінің арасында оның жұмысының мәселелерін Комиссияның жұмысшы ұйымы шешеді.
10. Комиссия төрағасы оның жұмысына жетекшілік жүргізеді, мәжілістерінде төрағалық етіп, жұмыстарын жоспарлайды, шешімдерінің орындалуына жалпы бақылау жасайды және Комиссияның жүргізген жұмыстарына жауап береді.
Комиссия төрағасы болмай қалған жағдайда оның міндеттерін төрағаның өзі тағайындаған орынбасары атқарады.
11. Комиссияның хатшысы комиссия мәжілісінің күн тәртібінде қаралатын ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды, мәжіліс өткен соң оның хаттамасын рәсімдейді;
12. Жоспар, жұмыс кестесін Комиссия белгілейді, аудан бюджетінің жобасы талқыланып жатқан кезде жоспар, жұмыс кестесі Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен жергілікті бюджеттердің жобасын дайындаудың Ережелеріндегі талаптарға сай жүргізіледі.
13. Комиссия мүшелері өз өкілеттілігі бойынша мәжіліске қатысуға басқа тұлғаларды жіберуге құқығы жоқ.
14. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы, сұрау салу жолымен, комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілген жағдайда қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқы тең.
Саны жағынан тең дауыс берілген жағдайда Комиссия төрағасының дауыс берген шешімі қабылданды деп есептеледі.
15. Комиссия мәжілісінің күн тәртібінде қаралған мәселелерге байланысты дауыс беру қорытындысы тиісті хаттамаға енгізіліп, төрағаның анықтауымен әрбір мәжіліске қатысқан комиссия мүшелерінің қолы қойылады. Комиссияның қабылдаған шешімі хаттамамен рәсімделеді, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Комиссия мүшелері наразы болған жағдайда өздерінің қабылдаған шешімге байланысты ерекше пікірін жазбаша түрде хаттамаға қосуға құқы бар.
16. өзіне жүктелген міндеттеріне сәйкес Комиссияның шығарған шешімін барлық мемлекеттік ұйымдар көрсетілген мерзімде бұлжытпай орындауы тиіс.
17. Комиссияның жұмысшы органының міндеттері жергілікті уәкілетті орган әкімнің қаржыны басқаруға уәкілеттік берген аудандық қаржы бөліміне жүктеледі.
18. Жұмысшы органның міндеті: күн тәртібіне және мерзімдеріне
сәйкес Комиссия мәжілісіне материалдар әзірлеу; оларды Комиссия мүшелеріне, аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне, жергілікті атқарушы ұйымдарға жөнелту болып табылады. Комиссия мәжілістерінің хаттамаларын, сондай-ақ басқа да нормативтік - құқықтық актілер мен осы Ережеге қатысты жұмыстарды атқарады.
6. Комиссияның жұмысының тоқтатылуы
19. Комиссияның өз жұмысын тоқтатуына аудандық мәслихаттың сессиясында бекітілген аудандық әкімдіктің Комиссияның жұмысын тоқтату туралы қаулысы негіз бола алады.
20. Осы Ереженің 19-тармағында ескерілген жағдай Комиссия өз жұмысын тоқтату қажет болса, аудандық мәслихатқа өздерінің атқарған жұмыстары жайлы есеп-хатын жолдайды.
Аппарат жетекшісі