Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2005.02.03 № 14 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357-1 "Бюджеттiк жүйе туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы¶Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N№1408 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сақтық қорындағы қаражатты пайдалану Ережесiн бекiту туралы" қаулысына жүзеге сәйкес аудан әкiмдiгi қаулы еттi:
1. Қорғалжын ауданы әкiмдiгiнiң сақтық қорындағы қаражатты пайдалану Ережелерi бекiтiлсiн. (1 қосымша)
2. Осы қаулы облыстық әдiлет басқармасында тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
Аудан әкiмi
Қорғалжын аудандық әкімдігінің
2003 жылғы 13 қаңтарындағы N 1
қаулысына
1 қосымша
Қорғалжын аудандық әкімдігінің сақтық
қорындағы қаражатты пайдалану
Ережелері
Бұл Ережелер Қорғалжын аудандық әкімдігінің сақтық қорындағы қаржының бөлінуі мен пайдалануының ретін анықтайды.
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылға 7 желтоқсандағы N 261 Заңымен енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, құрамына ағымдағы қаржы жылындағы аудандық бюджеттің бекітілген шығыстарының енгізілуімен,шұғыл қаржыландыруды қажет ететін, аудандық бюджетте қамтылмаған күтпеген шығындарды қаржыландыру үшін сақтық қоры құрылады.
2. Қазақстан Республикасының 1999 жылға 1 сәуірдегі "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес аудан бюджетінің сақтық қорының құрамында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың зардаптарының шығындарын, Қорғалжын аудандық әкімдігінің қаулысымен анықталған басқа да күтпеген шығындарды жоюға, соттардың шешімдері бойынша Қорғалжын аудандық әкімдігінің,аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың,олардың ведомстволық бағыныстағы органдарының міндеттемелерінің орындалуына, сонымен қатар кассалық алшақтықты жабу үшін бағдарламалар әкімшілерін несиелендіруге арналған қаражат қарастырылады.
3. Сақтық қорының мөлшері Қазақстан Республикасының 1999 жылға 1 сәуірдегі N 357-1 "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес аудандық бюджет түсімі көлемінің 2 пайызынан аспауы тиіс.
4. Аудан әкімдігінің сақтық қорынан қаржы бөлу аудан қаржы бөлімімен қаржы жылындағы аудандық бюджеттің осы мақсаттарға арналған шығыстарды мен несиелерінің бекітілген мөлшерлерінің шегінде жүзеге асырылады. Қаржыландыру қазіргі заңдылықтарға сәйкес бөлінген қаржының мөлшері, алушысы, қаржыны пайдалану мақсаты және де егер қайтарылуға тиіс болса, онда қайтару мерзімі көрсетілген аудан әкімдігінің қаулысы негізінде орындалады.
5. Сақтық қорының қаражаты белгілі бір мақсатпен тағайындалады,осы ережемен және қордан қаржы бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысымен қамтылмаған басқа да мақсаттарға пайдаланылмайды.
6. Аудан әкімдігінің сақтық қорынан қаражат бөлу туралы әкімдік қаулысы қабылданғанда мына шарттар ескеріледі:
1)аудандық бюджеттен ағымдағы қаржы жылына қаржының бөлінбегендігі;
2)ағымдағы қаржы жылында аудан әкімінің сақтық қорындағы қаржыны қажетсіну мен оның қажеттілігінде тек сот шешімі негізінде өтелуге тиіс міндеттемелер болмаса, алушының басқа міндеттемелеріне қатысы жоқтығы;
7. Аудан әкімдігінің қаулысы қаржы жылының аяқталуына байланысты өз күшін жояды. Қаржының пайдаланылмаған қалдығы жергілікті бюджетке қайтарылады.
8. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға аудандық қордан бөлінетін қаржы бойынша ұсыныстарды аудандық комиссия қарайды.
Сақтық қорынан қаржы бөлу туралы өтінішін аудандық төтенше жағдайлар комиссиясы қарап, негізге алынатын есептер қосымшасымен қабылданатын шешімнің жобасын аудандық қаржы бөлімінде қаралуға ұсынады.
Мақұлданған шешімді аудандық комиссиясы қазіргі заңдылықтарға сәйкес жергілікті атқарушы органға бекітуге ұсынады.
9. Аудандық бюджет бағдарламаларында жүктелген, сот шешімінің негізінде атқарылуы тиіс жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелері, соттың орындау құжаттары болған жағдайда,аудан әкімінің сақтық қоры есебінен орындалады.
Сот шешімі арқылы шығындарды өтеуге тиісті жергілікті атқарушы органдар заңды негіз болған жағдайда, заңдарда қарастырылған тәртіп бойынша сот органдарының ондай шешімдеріне жоғары инстанцияларға арыз бере алады.
Жергілікті атқарушы органдар аудандық бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне арыз жазылатын сот актілерінің көшірмелерін тапсырады.
Жергілікті атқарушы органдар өздерінің заңсыз қабылданған актілері, сонымен қатар, өз лауазымды қызметкерлерінің әкімшілік басқару саласындағы заңсыз әрекеттері үшін«"Әкімшілік шығындар" Бағдарламасы бойынша бөлінген ақшаларымен жауап береді.
10. Аудан әкімдігінің сақтық қордан жергілікті атқарушы органның міндеттерін өтеу үшін қаражат бөлу туралы қаулысының жобасын заңда белгіленген тәртіп бойынша аудандық қаржы бөлімі дайындайды.
11. Аудан әкімдігінің сақты қорынан кезек күттірмейтін шараларды және жергілікті бюджетте қаралмаған міндеттемелерді орындауға қаржы жылында қаражат бөлу туралы өтініштерін бағдарламалар әкімшілері ауданы қаржы бөлімінің қарауына ұсынады. Осы ұсыныстар бойынша аудандық қаржы бөлімі арнайы қордан қаражат бөлу не бөлмеу туралы тұжырым қабылдайды.
12. Ұсыныстар бойынша он тұжырымдама қабылданған жағдайда, аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері аудан әкімдігінің арнайы қорынан кезек күттірмейтін шараларға шығу түрде қаржы бөлінуі туралы қаулысының жобасын заңға сәйкес дайындайды.
13. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға,жергілікті атқарушы органдардың сот шешімдері бойынша міндеттемелерін орындауға, кассалық алшақтықты жабу үшін бағдарламалар әкімшілерін несиелендіруге арналған аудан әкімінің арнайы қорының қаражатын үнемді пайдалану мақсатында, аталған шығындарға ағымдағы қаржы жылында аудан әкімінің сақтық қорынан тоқсан сайын бөлінетін қаржы мөлшері осы шараларды қаржыландыруға аудандық бюджетте қарастырылған жылдық мөлшердің 25 пайызынан аспауы тиіс.
14. Кезек күттірмейтін шараларды шұғыл түрде сақтық қорынан қаржыландыру міндеттемелері туындаған жағдайда қаражат бөлу аудандық бюджетте қамтылған қаржы жылында қаржыландыру шегінде және осы ережеге сәйкес басым тәртіпте орындалады.
15. Егер бюджеттің атқарылу үдерісінде шығыс түсетін кірістен асып кеткен болса немесе бюджетке түсетін табыс өте азайып кетсе, онда аудан әкімі сақтық қорының шығыстарын шектеуге құқылы.
16. Сақтық қорынан қаражат алушылар қаржының қайда жұмсалғаны туралы, орындалған жұмыстың көлемі мен төленетін ақысы жөнінде аудандық қаржы бөлімімен тағайындалған тәртіпте және мерзімінде есеп беруі тиіс.
17. Аудандық қаржы бөлімі аудандық әкімдікке сақтық қорындағы қаржының пайдаланылуы жөнінде және тиісті кезеңдегі оның қалдықтары жөнінде ай сайын ақпарат беріп отырады.
18. Бөлінген қаржының мақсатсыз жұмсалғандығы үшін жауапкершілік қазіргі заңдылықтарға сәйкес алушыға жүктеледі.
19. Аудандық қаржы бөлімі аудан әкімінің сақтық қорындағы қаржының мақсатты пайдаланылуына бақылау жасайды.