Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің резервінің қаражатын пайдалану Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысының Сандықтау ауданы әкімиятының 2003 жылғы 19 мамырдағы N а-6/93 қаулысы. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 26 мамырда N 1812 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 13 бабын жүзеге асыру мақсаттарында, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 28-бабын және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы "Төтенше жайлар туралы" Заңының 8-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының негізінде аудан әкімдігі қаулы етеді:
       1. Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің (бұдан әрі Аудан әкімдігі) қоса тіркелген резервінің қаражатын пайдалану Ережесін бекітсін.

      Сандықтау ауданының әкімі

Ақмола облысы
Сандықтау ауданы әкімдігінің
2003 жылғы 19.05. N а-6/93
"Ақмола облысы Сандықтау ауданы
әкімдігінің резервінің қаражатын
пайдалану Ережелерін бекіту туралы"
қаулысына қосымша

Ақмола облысы Сандықтау ауданы
әкімдігінің (бұдан әрі Әкімдік)
резервінің қаражатын пайдалану туралы

      Осы Ережелер Аудан әкімдігінің резервінің қаражатын бөлу және пайдалану тәртібімен анықталады.
      1. Резерв Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 13 бабына сәйкес пайда болады. Аудан бюджетін және ағымдағы қаржы жылына шұғыл талап ететін қаржыландыруды әзірлеу кезінде шығыстарды қаржыландыру үшін тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінің бекітілген шығыстар құрамында.
      2. Аудан әкімдігінің резервінің құрамында Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 13 бабының 1 тармағына сәйкес сот шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар міндеттемелерін орындауға және басқа да күтпеген шығыстар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін қаражат көзделген. <*>
      Ескерту. 2-тармақ толықтырылды - Ақмола облысының Сандықтау ауданы әкімиятының 2004 жылғы 05 мамырдағы N а-4/72 қаулысымен.

      3. Резерв мөлшері Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі«"Бюджет жүйесі туралы" Заңының 13 бабының 3 тармағына сәйкес аудан бюджетіне түсетін түсімдер көлемінің екі процентінен аспауға тиіс.
      4. Аудан бюджетін және ағымдағы қаржы жылына шұғыл талап ететін қаржыландыруды әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығыстарға, жатады:
      1) келесі іс-шараларын қосатын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою;
      төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
      зардап шеккендер үшін тамақтандыру және орналастыру уақытша пункттерін ашу және ұстау;
      құтқарушы техникалық құралдармен, жабдықтар мен құралдармен шұғыл әсерін тигізу авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтіру құрылымдарын қосымша жабдықтау;
      төтенше жағдайлар аймағында күштер мен құралдар қамтамасыз ету;
      қоршаған ортаны жақсарту, азаматтар мен ұйымдарда шаруашылық қызметтерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларын жүргізу;
      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін транспорттық құралдарды қамтамасыз ету, материалдық, техникалық, медициналық және басқа да ресурстар қорларын құру;
      2) сот шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар міндеттемелерін орындау;
      3) басқа да күтпеген шығыстар. <*>
      Ескерту. 4-тармақ толықтырылды - Ақмола облысының Сандықтау ауданы әкімиятының 2004 жылғы 05 мамырдағы N а-4/72 қаулысымен.

      5. Аудан әкімдігінің резервінен қаржы бөлу тиісті жылға сәйкес осы мақсатқа арналған аудан бюджетінің шығыстар құрамында бекітілген, мөлшерлер шегінде аудандық қаржы бөлімімен жүзеге асырылады. Қаржыландыру аудан әкімдігінің қаулысының негізінде, алушы, бөлінетін қаржының көлемі және оның пайдаланылу мақсаты көрсетілген белгіленген заң тәртібінде жүргізіледі.
      6. Резерв қоры қаражатының мақсатты белгілеуі болады және осы Ережелермен және аудан әкімдігінің резервтен қаржы бөлу туралы қаулысында көзделмеген керегіне пайдалануға болмайды. Аудан әкімдігінің қаулысы қаржы жылы өткеннен кейін күшін жояды. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы қайтарып беруге жатады.
      7. Аудан әкімдігінің резерв қорынан қаржы бөлу туралы қаулысын әзірлеу кезінде Аудан әкімдігі келесі шарттарды ескертеді:
      1) аудан бюджетінде ағымдағы қаржы жылына бөлінген ақшаның жоқтығы;
      2) Аудан әкімдігінің резерв қаражатынан ағымдағы қаржы жылы мұқтаждық және сот шешімі бойынша атқарушы органдар міндеттемелерін жою жағдайларын қоспағанда, алушының өткен міндеттемелерімен байланысты емес қажеттілік тууы.
      8. Төтенше жағдайлар болған жағдайда Аудан әкімдігі төтенше жағдайлар таратылған масштабы мен аймағын анықтайды және оны объектілік немесе жергіліктіге жатқызады.
      9. Аудан әкімдігінің резервінен қаржы бөлу туралы заңды тұлғаның қолдаухатын төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия қарайды, сонымен қатар дәлелдейтін материалдар мен оның тізбелерін беру тәртібін анықтайды.
      10. Жергілікті масштабты төтенше жағдайларды жою қажеттігі кезінде төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия аудандық қаржы бөлімінің қарауына қаулының жобасын дәлелденген есеп айырысу қосымшасымен қоса тапсырады. Мақұлданған қаулының жобасын төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия белгіленген заң тәртібінде, Аудан әкімдігінің бекітуіне енгізеді.
      11. Аудан бюджетінің бағдарламаларының әкімгерлеріне бөлінген сот шешімдері бойынша атқарушы органдар міндеттемелерін орындау, соттың атқарушы құжаттары болған кезде Аудан әкімдігі қорының есебінен қамтамасыз етіледі.
      Аудан әкімдігінің міндеттемелерді орындауға резервтен қаржы бөлу туралы қаулысының жобасы аудандық қаржы бөлімімен әзірленеді.
      12. <*>
      Ескерту. 12-тармақ алынып тасталды - Ақмола облысының Сандықтау ауданы әкімиятының 2004 жылғы 05 мамырдағы N а-4/72 қаулысымен.

      13. Резервтен іс-шараларының шұғыл жағдайда қаржыландыруды талап етуші, міндеттемелер шыққан кезде, қаржы бөлу тиісті қаржы жылына аудан бюджетінен көзделген, ақша шегінде, осы Ережелерге сәйкес басымдылық тәртібінде жүзеге асырылады.
      14. Егер Бюджетті орындау үрдісінде шығыстар кіріске қарағанда басым болса немесе бюджетке түсетін кірістер айрықша төмендесе, онда аудан әкімдігі резерв шығыстары бойынша тексеріс жүргізуге құқығы бар.
      15. Резервтен бөлінетін қаржыны алушы аудандық қаржы бөлімімен белгіленген тәртібі мен мерзімінде оны пайдаланғаны, орындалған жұмыстар көлемі мен құны туралы есеп береді.
      16. Резервтен бөлінген қаржыны мақсатсыз пайдаланғаны үшін, алушы Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіпте жауап береді.
      17. Осы Аудан әкімдігінің резерв қаражатының бір мақсатты пайдаланылуы үшін бақылау жасау аудандық қаржы бөліміне жүктелсін.

      Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады