Ауданның бюджеттік комиссиясы туралы

Жаңартылған

Целиноград ауданы әкімиятының 2003 жылғы 7 шілдедегі N 180 қаулысы. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 9 шілдеде N 1918 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 "Бюджеттік жүйе туралы" Заңына сәйкес Целиноград ауданының  әкімдігі қаулы етеді:
       1. Ауданның бюджеттік комиссиясы құрылсын.
       2. Ауданның бюджеттік комиссиясының дербес құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына бекітілуге ұсынылсын (1-қосымша);
       3. Ауданның бюджеттік комиссиясы туралы Ереже бекітілсін (2-қосымша);
       4. Целиноград ауданы әкімдігінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 18 "Тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі Бюджеттік комиссия туралы" қаулысының күші жойылған деп танылсын.

      Аудан әкімі                                            

      Келісілген:
      Аудан әкімінің орынбасары

      Аудан әкімі аппаратының жетекшісі

      Аудан әкімінің құқық
      мәселелері жөніндегі кеңесшісі

      Аудандық қаржы бөлімінің бастығы

      Целиноград аудандық
      қазынашылық бөлімінің бастығы

      Аудандық Мәслихат хатшысы

      Целиноград ауданы бойынша
      салық комитетінің төрағасы

      Аудан әкімі аппаратының
      бас маман-аудармашысы

Целиноград ауданы
әкімдігінің 2003 жылғы
07.07. N 180 қаулысына
1-қосымша<*>

      Ескерту. Қосымша өзгертілді - Ақмола облысының Целиноград ауданы әкімиятының 2004 жылғы 02 шілдедегі N 194 қаулысымен.

Аудандық бюджеттік комиссияның
Құрамы

      Жангузаров                      Целиноград ауданының әкімі,
      Тимур Ибрагимович               комиссия төрағасы;

      Ермағамбетов                    Целиноград ауданы әкімінің
      Мұрат Қабиұлы                   орынбасары, төрағаның
                                      орынбасары;

      Ибраева                         Целиноград аудандық қаржы
      Әлмира Бақытқызы                бөлімінің меңгерушісі,
                                      төрағаның орынбасары
                                      (келісім бойынша);

      Комиссия мүшелері:

      Скрипко                       аудандық қаржы бөлімі
      Валентина Михайловна          меңгерушісінің орынбасары,
                                    комиссия хатшысы
                                    (келісім бойынша);

      Ищанова                       Целиноград аудандық қазынашылық
      Руслана Қуанышқызы            бөлімінің бастығы
                                    (келісім бойынша);

      Мәжіренов                     аудандық Мәслихат хатшысы
      Балтабай Нәженұлы             (келісім бойынша);

      Красавская                    экономика бөлімінің бастығы;
      Любовь Александровна

      Әділбеков                     Целиноград ауданы бойынша
      Думан Зекенұлы                салық комитетінің бастығы;

2-қосымша
Целиноград ауданы әкімдігінің
2003 жылғы 07.07. N 180
қаулысымен бекітілген

Ауданның бюджеттік комиссиясы туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже тұрақты негізде қызмет атқаратын ауданның бюджеттік комиссиясының қызметін ретке келтіреді (әрі қарай - Комиссия).
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның мақсаты

      3. Комиссияның қызметінің басты мақсаты тиісті қаржы жылына  аудан бюджетінің және аудандық бюджет жобасының сапалы және уақытында әзірленуін қамтамасыз ету және аудандық бюджеттің нақтылануы мен орындалуы бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.

3. Комиссияның міндеттері мен қызметтері.

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) ауданның орташа мерзімдік кезеңге арналған индикативтік  әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының негізінде 3 жылдың кезеңге аудан бюджетінің негізгі болжалды көрсеткіштерін қарау;
      2) тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеттің жобасын және алдағы 3 жылдық кезеңге аудан бюджетінің болжалды көрсеткіштерін анықтау;
      3) алдағы 3 жылдық кезеңге аудан бюджетінің негізгі болжалды көрсеткіштерінің, тиісті қаржы жылына аудандық бюджеттің жобасының,  мемлекеттік салалық бағдарламалардың, ауданның индикативтік әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының тиісті кезеңге сәйкестігін анықтау;
      4) тиісті қаржы жылына аудан бюджетінің нақтылануы бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.
      5. Комиссия жүктелген міндеттерге сәйкес төмендегідей қызметтерді атқарады:
      1) Комиссияның жұмысшы органымен дайындалған материалдарды қарап:
      алдағы 3 жылдық кезеңге арналған аудандық бюджеттің болжалды және шығыс лимиттерінің енгізілуімен, соның ішінде ағымдағы жылда жүзеге асырылудағы жобаларды есепке алғандағы инвестициялық жобалар бойынша көрсеткіштерін;
      ағымдағы жылда жүзеге асырылатын жобалардың, соның ішінде ауданда жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың есепке алынуымен, алдағы 3 жылдық кезеңге жергілікті бюджеттен инвестициялық жобаларды қаржыландырудың көлемі мен тізбесін;  
      аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басында бюджеттік бағдарламалар (бағдарламашылар) бойынша қалыптасқан несиегерлік берешегінің  жоспарланудағы қаржы жылында өтелу көлемін;
      алдағы қаржы жылына аудандық бюджеттің жобасын;
      Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының 18-2 бабымен белгіленген басқа да көрсеткіштерді анықтайды;
      2) ауданның жергілікті уәкілетті органы мен ауданның жергілікті атқарушы органдарының арасындағы келісе алмаушылықты реттеу;
      аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері жөніндегі мәселелерді қарап, шешімін шығарады;
      3) төмендегі мәселелерді қарап:
      аудандық бюджетті нақтылау бойынша;
      бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттарын нақтылау және бюджеттік бағдарламалардың алдағы уақытта жүзеге асырылуының нәтижелері туралы ақпараттың негізінде бюджеттік бағдарламалардың  алдағы уақытта жүзеге асырылуы жөнінде;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары, аумақтың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары туралы ұсыныстар әзірлейді;
      4) Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес басқа да қызметтерді атқарады.

4. Комиссия құқықтары

      6. Өз міндеттеріне сәйкес Комиссия:
      1) аудандық бөлімдермен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға және Комиссияның міндеттерін жүзеге асыру үшін мамандарды, сарапшыларды жұмысқа тартуға;
      2) өз құзырына енетін басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар дайындауға және шешімдер қабылдауға;
      3) заңдылықтармен белгіленген тәртіпте аудандық атқарушы органдарда және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін жүзеге асыруға қажетті материалдарды сұратып алдыруға;
      4) құзырына енетін мәселелер бойынша аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін Комиссия мәжілісіне шақырып, есебін тыңдауға құқылы.

5. Комиссияның құрылуы мен қызметінің реті

      7. Комиссия құрамы аудан әкімдігімен анықталады және аудан мәслихатының сессиясында бекітіледі.
      8. Комиссия органдары:
      1) жұмысшы орган;
      2) Комиссия төрағасы;
      3) Комиссия төрағасының орынбасары;
      4) хатшы.
      9. Комиссия мәжілістерінің аралығында оның қызметін ұйымдастыру мәселелерін Комиссияның жұмысшы органы шешеді.
      10. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, Комиссия мәжілістерінде төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, Комиссияның атқаратын қызметі үшін жауап береді, шешімдерінің жүзеге асырылуына бақылау жасайды;
      Комиссия төрағасы болмаған кезде оның қызметін төрағамен тағайындалған орынбасары атқарады.
      11. Комиссия хатшысы комиссия мәжілісінің күн тәртібі жөнінде ұсыныстар жасап, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды, ал тексерілгеннен кейін хаттамаларын ресімдейді.
      12. Жұмыстың кесте-жоспары Комиссиямен белгіленеді. Аудан бюджетінің жобасын әзірлеу кезеңінде жұмыстың кесте-жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу Ережелерімен белгіленген мерзімге орай анықталады.
      13. Комиссия мүшелері мәжіліске қатысу жөніндегі өз өкілеттілігін басқа тұлғаларға табыстауға құқысы жоқ.
      14. Комиссия шешімдері, егер комиссия мүшелерінің жалпы құрамының көбі өз дауыстарын берсе, ашық дауыспен, сонымен бірге комиссия мүшелерінің пікірін сұрау арқылы да қабылданады және қабылданды деп есептеледі.
      Комиссия мүшелері шешім қабылдағанда тең дауыстарға ие.
      Дауыстар тепе-тең болған болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
      15. Комиссияның күн тәртібіндегі сұрақтардың қаралу нәтижесі әр мәселе бойынша дауыс беру қорытындысымен тиісті хаттамаға енгізіліп және төрағамен анықталған жағдайларда мәжіліске қатысушы Комиссия мүшелерімен бұрыштама қойылады. Комиссияның қабылдаған шешімі бойынша хаттама ресімделіп, Комиссия төрағасы мен хатшы қолдарын қояды.
      Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өз көзқарасын жазбаша түрде жазып беруге құқылы және ол хаттамаға қосылады.
      16. Жүктелген міндеттерді атқару мақсатында қабылданған Комиссияның шешімдері барлық мемлекеттік органдармен міндетті түрде қаралып, көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс.
      17. Комиссияның жұмысшы органының қызметтік міндеттері аудан әкімімен қаржыны басқаруға уәкілеттік берілген жергілікті уәкілетті орган аудандық қаржы бөліміне жүктеледі.
      18. Комиссияның жұмысшы органының қызметтік міндеттері  Комиссиямен анықталған күн тәртібі мен көрсетілген мерзімде мәжіліске қажетті материалдарды дайындау, оларды Комиссия мүшелері мен жергілікті атқарушы органдарға және аудандық бағдарламалар әкімшілеріне тарату, Комиссия мәжілісінің хаттамаларын дайындау,  нормативтік құқықтық актілерден және осы Ережеден туындайтын басқа да міндеттерді орындау болып табылады. 

6. Комиссияның қызметін тоқтату

      19. Аудан әкімдігінің Комиссия қызметінің тоқтатылуы жөнінде  қаулы қабылдауы комиссияның қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.
      20. Осы Ереженің 19 тармағында айтылған жәйттер туындап, Комиссия өз қызметін тоқтатқан жағдайда, аудандық мәслихатқа   атқарылған жұмыс жөнінде есеп-хат жіберіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады