Целиноград ауданы әкімдігінің резерв қаражаттарын пайдалану тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысының Целиноград ауданы әкімиятының 2003 жылғы 18 тамыздағы N 242 қаулысы. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 2 қыркүйекте N 1985 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 351-1 "Бюджет жүйесі туралы" Заңын Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 261 Заңымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен бірге жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қаражаттарын пайдалану  Тәртібін бекіту туралы", Ақмола облысы әкімдігінің 2002 жылғы 10 маусымдағы N а-6/72 "Ақмола облысы әкімдігінің резерв қаражаттарын  пайдалану Тәртібін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес, аудан әкімдігі қаулы етеді:
      1. Целиноград ауданы әкімдігінің резерв қаражаттарын  пайдалану Тәртібі бекітілсін (қосымша).
      2. Осы қаулы 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
      3. Целиноград ауданы әкімінің 2001 жылғы 1 маусымдағы N 121-а "Целиноград ауданы әкімдігінің резерв қоры қаржыларын пайдалану Тәртібін бекіту туралы" шешімінің күші жойылған деп танылсын.

      Аудан әкімі     

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Аудан әкімінің орынбасары
      Аудан әкімі аппаратының жетекшісі
      Аудан әкімінің құқық мәселесі жөніндегі кеңесшісі
      Аудандық қаржы бөлімінің бастығы
      Аудан әкімі аппаратының бас маман-аудармашысы                

Целиноград ауданы әкімдігінің
2003 ж. 18.08. N 242
қаулысына қосымша

Целиноград ауданы әкімдігінің
резерв қаражаттарын пайдалану
Тәртібі

      Осы Тәртіп Целиноград ауданы әкімдігінің резерв қаражаттарын бөлу және пайдалану тәртібін анықтайды.
      1. Целиноград аудан әкімдігінің резерві, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 "Бюджет жүйесі  туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 261 Заңымен енгізілген соңғы өзгерістерді есепке ала отырып, тиісті қаржы жылында көзделмеген шығындарды қаржыландыру үшін бекітілген аудандық бюджет шығындардың, аудандық бюджет дайындау кезінде жоспарланбаған және тиісті қаржы жылында тоқтаусыз қаржыландыруды талап ететін шығындар есепке алынып жасалады.
      2. Целиноград ауданы әкімдігінің құрамында Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін және Целиноград ауданы әкімдігінің міндеттемелерін өтеу үшін Целиноград ауданы әкімдігінің қаулыларымен анықталған өзге де көзделмеген шығындарды жою үшін қаражаттар қарастырылған.
      3. Целиноград ауданы әкімдігінің резерв мөлшері Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 "Бюджет жүйесі  туралы" Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес аудандық бюджет түсімі көлемінің екі пайызынан аспау керек.
      4. Целиноград ауданы әкімдігінің резервінен қаражат бөлу тиісті қаржы жылына осы мақсаттар үшін аудандық бюджет шығындары мен несиелендіру құрамында бекітілген шамалар шегінде аудандық қаржы бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Қаржыландыру заңнамада белгіленген тәртіп бойынша Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде жүргізіледі. Онда алушы, бөлінген қаржы көлемі және оларды пайдалану мақсаттары, сондай-ақ бөлінген қаржыны қайтарып алу негізінде олардың беру шарттары мен мерзімі көрсетіледі.
      5. Целиноград ауданы әкімдігінің резерв қаражаттары мақсатты түрде тағайындалған және осы Ережелерде қаралмаған қажеттіліктер мен Целиноград ауданы әкімдігінің резервтен қаражаттар бөлу туралы қаулысынсыз жұмсалуға тиісті емес.
      6. Целиноград ауданы әкімдігінің, аудан әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы қаулылары ағымдағы қаржы жылының соңында күшін жояды.
      Целиноград ауданы әкімдігінің пайдаланылмаған резерв қаражаттардың қалдықтары аудандық бюджетке қайтарылады.
      7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар  туындаған жағдайда Целиноград ауданы әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы өтінішті төтенше жағдай жөніндегі аудандық бөлімі  қарайды.
      Жергілікті масштабтағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық бөлім аудандық қаржы бөліміне тиісті есептеулердің қосымшасымен бірге қаулы жобасын қарауға ұсынылады.
      Целиноград ауданы әкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің қаулысының қолдау тапқан жобасы белгіленген заңнамалық тәртіп бойынша Целиноград ауданының әкімдігіне бекітуге ұсынылады.
      8. Целиноград ауданы әкімдігінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және олардың бағынышты ведомстволық мекемелерінің сот шешімдері бойынша міндеттерін өтеуі Целиноград ауданы әкімдігінің резерв қаражаттардың есебінен қамтамасыз етіледі.
      Сот шешімдері бойынша төлеуге міндетті болып табылған аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган мен оның бағынышты ведомстволық мекемелердің қолданылып жүрген заңнамада қаралған негіздері бар болған жағдайды көрсетілген шешімдер бойынша барлық сот сатыларына шағым беруге тиіс.
      Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган мен оның бағынышты ведомстволық мекемелері аудандық қаржы бөліміне шағым берілген сот актілерінің көшірмесін тапсыруға тиісті.
      Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган мен оның бағынышты ведомстволық мекемелері өздерінің заңсыз қолданған актілері үшін, сондай-ақ әкімшілік басқару саласында өз қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері үшін "Әкімшілік шығындар" бағдарламасы бойынша бөлінген ақшамен жауап береді.
      Целиноград ауданы әкімдігінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен оның бағынышты ведомстволық мекемелерінің міндеттерін өтеу үшін Целиноград ауданы әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысының жобасын заңнамада белгіленген тәртіп бойынша аудандық қаржы бөлімі даярлайды.
      9. Жергілікті бюджетті даярлау кезінде жоспарланбаған, басқа да көзделмеген және ағымдағы қаржы жылында кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін шығындарды жоюға Целиноград ауданы әкімдігінің резервінен қаражат бөлу үшін аудандық бюджет бағдарламаларының әкімшілері негіздемелер мен есептеулерге көрсетілген қаржы бөлу туралы өтінімін аудандық қаржы бөліміне ұсынады.
      Аудандық қаржы бөлімі ұсынылған өтінім негізінде Целиноград ауданы әкімдігінің резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды жасайды.
      10. Аудандық бюджет бағдарламасы әкімшілер өтінімі бойынша оң қорытынды жасалған жағдайда Целиноград ауданы әкімдігінің резервінен көзделмеген шығындарға қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысының жобасын заңнамада белгіленген тәртіп  бойынша аудандық бюджет бағдарламасының әкімшісі даярлайды.
      11. Ағымдағы қаржы жылында шараларды кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін міндеттер туындаған жағдайда резервтен қаражат бөлу басымдық тәртіппен осы Тәртіпке сәйкес аудандық бюджетте тиісті қаржы жылында қаралған сомалар мөлшерінде жүзеге асырылады.
      12. Егер бюджетті орындау кезінде кірістер шығындардан асып кетсе немесе бюджетке түсетін кіріс өте төмендеп кетсе, Целиноград ауданының әкімдігі Целиноград ауданы әкімдігі резервінің шығындары бойынша енгізуге құқылы.
      13. Резервтен бөлінген қаражатты алушылар олардың пайдаланылуы, көлемі, орындалған жұмыстардың құны туралы аудандық қаржы бөлімі белгілеген мерзімде есеп беруге тиісті.
      14. Аудандық қаржы бөлімі Целиноград ауданының әкімдігіне ай сайын резерв қаражатының жұмсалуы және оның тиісті кезеңдегі қалдықтары жөнінде ақпарат тапсырып отырады.
      15. Резервтен бөлінген қаражатты мақсатсыз жұмсалғаны үшін  Қазақстан Республикасының заңнамасында қаралған тәртіп бойынша алушы жауап береді.
      16. Целиноград ауданы әкімдігінің резерв қаражатының мақсатты түрде жұмсалуына бақылау жасау аудандық қаржы бөлімі арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады