Дәрiгерлiк көрсетпелер бойынша емделуге жiберiлген Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердiң, 16 жасқа дейiнгi жастайынан мүгедектердiң және оларды ертiп жүрген адамдардың Қазақстан Республикасы шегiнде жол жүру төлемiнiң Ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы әкімиятының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 135 қаулысы. Ақтөбе облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 19 маусымда N 2223 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 113 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2010.04.14 № 113 қаулысымен.

      " Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Жарлығына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына, "2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы N 4 шешіміне сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған дәрiгерлiк көрсетпелер бойынша емделуге жiберiлген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердiң, 16 жасқа дейiнгi жастайынан мүгедектердiң және оларды ертiп жүрген адамдардың Қазақстан Республикасы шегiнде жол жүру төлемiн өтеу Ережесi бекiтiлсiн.

      2. "Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" (Қ.Елеусiзұлы), "Облыстық денсаулық сақтау басқармасы" ММ (Н.Шомбалов), "Облыстық қаржы басқармасы" (Ж.Аманбаев) мемлекеттік мекемелері осы қаулыны орындау мақсатында шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулыны орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары О.Химчукке жүктелсiн.

       Облыс әкiмi

Облыс әкiмиятының
2003 жылғы 6 маусымдағы
N 135 қаулысымен бекiтiлген

Дәрiгерлiк көрсетпелер бойынша емделуге жiберiлген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердi, 16 жасқа дейiнгi жастайынан мүгедектердi және оларды ертiп жүрген адамдарды Қазақстан Республикасы шегiнде жол жүру төлемiнiң Ережесiн бекiту туралы

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңына және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заң күшi бар Жарлығына сәйкес жасалды.

      2. Дәрiгерлiк көрсетпелер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлген ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердiң, 16 жасқа дейiнгi жастайынан мүгедектердiң және оларды ертiп жүрген адамдардың жол жүру төлемi (екi жаққа да) "Облыстық денсаулық сақтау басқармасы" ММ берген, белгiленген үлгiдегi жолдама болған жағдайда:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға;
      2) I, II, III топ мүгедектерiне, 16 жасқа дейiнгi жастайынан мүгедектерге берiледi.

      3. "Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" ММ 258 51 00 "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша жекелеген азаматтар санаттарына әлеуметтiк төлемдер бағдарламасының әкiмшiсi болып табылады.

      4. Дәрiгерлiк көрсетпелер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлген ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердiң, 16 жасқа дейiнгi жастайынан мүгедектердiң және оларды ертiп жүрген адамдардың жол жүру төлемi жылына бiр рет (екi жаққа да) берiледi. Материалдық көмектi басқа түрлерi көрсетiлген тұлғаларға жол жүру төлемi төленбейдi. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген азаматтар санатына жататын дәрiгерлiк көрсетпелер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлген онкологиялық және урологиялық ауруларымен ауыратын науқастарды жол жүру төлемi (екi жаққа да) олардың өтiнiш  жасауларына қарай берiледi.

      5. Дәрiгерлiк көрсетпелер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлген ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердiң, 16 жасқа дейiнгi жастайынан мүгедектердiң жол жүру төлемiн қаржыландыру (екi жаққа да) облыс бюджетiнiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

  2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердiң, 16 жасқа дейiнгi жастайынан мүгедектердiң және оларды ертiп жүрген адамдардың»жол жүру төлемiн өтеу тәртiбi

      6. "Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" ММ дәрiгерлiк көрсетпелер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердiң, 16 жасқа дейiнгi жастайынан мүгедектердiң және оларды ертiп жүрген адамдардың жол жүру төлемi:
      1) СТН және Ақтөбе қаласы мен облыс банкiлерiнiң бөлiмшелерiндегі есеп шоты көрсетiлген өтiнiш;
      2) жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
      3) "Облыстық денсаулық сақтау басқармасы" ММ беретiн белгiленген үлгiдегi жолдамасы;
      4) осы Ереженiң 2 тармағында көрсетiлген санатқа жататындығын растайтын куәлiк көшiрмесi;
      5) жол жүрiп барғанын дәлелдейтiн билеттер негiзiнде жүргiзiледi.

      7. Заңнамамен белгiленген жағдайларда науқасты емдеу орнына ертiп жүрген адамның жол жүру төлемi (екi жаққа да) төленедi.

      8. Дәрiгерлiк көрсетпелер бойынша емделуге жiберiлген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердiң, 16 жасқа дейiнгi жастайынан мүгедектердiң және оларды ертiп жүрген адамдардың темiр жол көлiгiнде жүрген жол жүру төлемi үшiн, бiрақ темiр жол көлiгi жедел поезының купе вагоны билетiнiң құнынан аспайтын мөлшерде (екi жаққа да) жүргiзiледi. 

      9. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердiң, 16 жасқа дейiнгi жастайынан мүгедектердiң және оларды ертiп жүрген адамдардың емделуге жол жүрiп барғанын растайтын құжаттар емделу орнынан келгеннен кейiнгi екi ай мерзiм iшiнде тапсырылуы қажет.

       10. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердiң, 16 жасқа дейiнгi жастайынан мүгедектердiң және оларды ертiп жүрген адамдардың жол жүру билеттерi жоғалған жағдайда емделу орнына  дейiнгi және керi қайтар жолының жүру бағаларын растайтын анықтама тапсырылуы керек.

      11. "Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" ММ дәрiгерлiк көрсетпелер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердiң, 16 жасқа дейiнгi жастайынан мүгедектердiң және оларды ертiп жүрген адамдардың жол жүру төлемiн Ұлы отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердiң, 16 жасқа дейiнгi жастайынан мүгедектердi және оларды ертiп жүрген адамдардың облыс және Ақтөбе қаласының банкiлерi бөлiмшелерiндегi есеп-шоттарына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады