Кепілдік қорының мәселелері туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімиятының 2003 жылғы 5 мамырдағы N 27 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 13 маусымда N 1209 тіркелген. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 04 маусымдағы N 118 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2007.06.04 N 118 қаулысымен

      Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 1-сәуірдегі "Кепілдік қор құру туралы" N 12 қаулысына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілердің, басымды инвестициялық жобаларына несие беру кезінде кепілдікті мүлікпен қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ етеді:
       1. Коммуналдық меншік объектілері N 1 қосымшаға сәйкес Алматы облысы әкімінің кепілдік қорына өткізіп берілсін.
       2. Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру жөніндегі департамент мүдделі мемлекеттік органдармен және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындармен (келісім бойынша) бірлесе отырып, N 1 қосымшаға сәйкес коммуналдық меншік объектілері бойынша құжаттарды сәйкес күйге келтірсін.
       3. Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру жөніндегі департамент шаруашылық жүргізу құқығы негізіндегі "Инновациялар жөніндегі комитет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен бірлесе отырып, белгілеген тәртіппен коммуналдық меншік объектілерін Алматы облысы әкімінің кепілдік қорына өткізіп беруді ресімдесін.
       4. Кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде коммуналдық меншік объектілерін кепілдікті қамтамасыз ету ретінде пайдалануға ұсынылған ережелері бекітілсін.
       5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Б. Д. Тәкеновке жүктелсін.

      Облыс әкімі

Облысы әкімдігінің
2003 жылғы N 5 мамырдағы
N 27 Қаулысымен
бекітілді

Кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдалану
ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы Ережелер

      1. Осы Ережелер Алматы облысындағы Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7-шілдедегі "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдалану туралы" қаулысына сәйкес әзірленген және олар кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың бірегей негізі болып табылады.
      2. Кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерінің кепілдікті қамтамасыз етуі шаруашылық жүргізу құқығымен жұмыс істеп тұрған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың (кейін - МКК) жанынан кепілдік қорын құру жолымен жүзеге асырылады.
      3. Кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қорға өткізіп беру жөніндегі шешімді облыс әкімдігі қабылдайды.
      4. Кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерінің кепілдікті қамтамасыз етуі, МКК өзінің кәсіпкерлік қатерін қамсыздандырған жағдайда жүзеге асырылады.

2. Кепілдік мүлкін іріктеу және оған баға беру

      5. Облыстық коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті жыл сайын коммуналдық меншік объектілерін жөндеуден өткізеді, сондай-ақ кепілдік қорға өткізіп берілетін коммуналдық меншік объектілерінің, олардың аталуы, орналасқан жері, баланстық құны және жағдайына байланысты басқа деректер көрсетілген тізбені әзірлеп, облыс әкімдігінің қарауына ұсынады.
      6. Тізбені әзірлеу кезінде, Қазақстан Республикасының "банктер және банк қызметі туралы" заңына сәйкес коммуналдық меншік объектілерінің, кредит ұйымдарының талаптарына сәйкестігін бағалау жылжымайтын мүлік орталықтарының мамандарын немесе тәуелсіз сарапшыларды қатыстыра отырып, жүргізіледі.

3. Коммуналдық меншік объектілерінің кепілдік беруі есебінен несие алатын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеп алу жұмысын ұйымдастыру

      7. Кәсіпкерлік субъектілерін, несие беру мекемелеріне ұсыну мақсатында кепілдік мүлік алу үшін облыс әкімінің 2002 жылғы 15-наурыздағы шешімімен құрылған облыс әкімі сараптау кеңесінің жұмысшы органына тапсырыс жасайды және осы ережелердің N 1 қосымшасына сәйкес, қажетті құжаттар пакетін тапсырады. Сараптау кеңесінің жұмысшы органы (кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі комитет) кепілдікті қамтамасыз ету үшін берілген жобаларды іріктеп алуға қатысуға жасалған барлық тапсырыстарды тіркейді. Жобаларды іріктеп алуға қатысу үшін кәсіпкерлік субъектілерінің жасаған тапсырыстарын тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
      8. Кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша іріктеп алу төмендегі тәсілдермен жүзеге асырылады.
      Сараптау кеңесінің жұмысшы органы жобаның экономикалық, ұйымдастырушылық, маркетингтік және қаржы жағын талдайды, жобаны жүзеге асырудың қажеттілігі жөнінде қорытынды жасайды және мәжіліс өтетіннен кем дегенде үш күн бұрын, жоба бойынша барлық құжаттамаларды қосымша бере отырып, сараптау кеңесі мүшелерінің қарауына тапсырады. Сараптау кеңесі тапсырыстарды қарап, коммуналдық меншік объектілерінің кепілдік қорынан кепілдік мүлкін беру мүмкіндігі туралы қорытынды шығарады.
      9. Өз қызметін жүзеге асыру үшін сараптау кеңесі заңда белгіленген тәртіппен:
      - жұмысқа ғалымдардың, беделді кәсіпкерлердің, мемлекеттік басқару органдары өкілдерінің арасынан сарапшылар мен консультанттарды және басқа мамандарды қатыстырады;
      - уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сараптау, сондай-ақ жұмысшы топтарын ұйымдастырады;
      - қажетті ақпараттық, аналитикалық, анықтамалық-статистикалық материалдар, сондай-ақ ведомстволық нормативтік-құқықтық актілер алады.
      10. Жобаларды іріктеу кезінде төмендегі талаптар ескеріледі:
      - кәсіпкерлік субъектісінің бюджет алдындағы қарызының жоқтығы:
      - несиелік досье болған жағдайда оның сәтті болуы;
      - облысты әлеуметтік экономикалық дамыту жобасының, дамытудың басымды бағыттарына сәйкестігі.
      11. Сараптау кеңесі тапсырыстар тіркелген күннен бастап, ары кеткенде екі айдың ішінде оларды қарайды.
      12. Кәсіпкерлік субъектісіне кепілдік беруден бас тартылған жағдайда жұмысшы орган жобаны іріктеп алу жөніндегі тиісті кезеңнен кейінгі үш күн мерзім ішінде, кәсіпкерлік субъектісін жазбаша түрде кепілдік беруден бастарту негіздемесін көрсете отырып, хабардар етуге міндетті.

3. Кепілдікті қамтамасыз етуді ресімдеу

      13. Коммуналдық меншік объектілерін, кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде беру туралы келісім шарт жасау жөнінде МКК-ң шешімін қабылдауға Сараптау кеңесінің хаттамалық шешімі және несие беру ұйымының жобаны қаржыландыру жөніндегі оң шешімі негіз болады.
      14. Кәсіпкерлік субъектілері несие алған кезде МКК кепілдік беруші болады.
      15. МКК Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы"N 2723 Жарлығына сәйкес, жылжымайтын мүлік орталығында келісім-шартты тіркеуден өткізе отырып, несие ұйымымен және қарыз алушымен ипотекалық келісім-шарт жасайды.
      16. Ипотекалық келісім-шартта кепілдік мүліктің түрі, бағалау құны, негізгі міндеттеменің түрі, оның мөлшері және орындалу мерзімі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, МКК-ң кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру құқығы, сондай-ақ ипотекалық келісім-шартта тараптардың кез-келгенінің өтініші және қолданылып жүрген заңдарда тыйым салынбаған басқа да жағдайлар көрсетілуі тиіс.
      17. Кәсіпкерлік субъектілерінің, кепілдік қоры объектілерінің кепілдік мүлкімен алынған несиелерді қайтару жөніндегі міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуде МКК-ң талабы бойынша, кәсіпкерлік субъектілеріне қажет болған жағдайда кәсіпкерлік қызметі объектілеріне кепілдік және / немесе басқа кепілдік мүлік беріледі.
      18. Кепілдікті қамтамасыз етуге объектілерді пайдаланғаны үшін, кәсіпкерлік субъектісінің алған несиесі сомасының 0,1 пайызы мөлшерінде төленетін МКК ынталандыру (қызықтыру) ставкасын белгілейді.

Кәсіпкерлік субъектілеріне несие
беру кезінде кепілдікті қамтамасыз
ету ретінде коммуналдық меншік
объектілерін пайдалану ережелеріне
N 1 қосымша

Жобаларды тіркеуге арналған құжаттар пакеті Өтініш берушінің ұсынған негізгі құжаттары

N

Құжаттардың аталуы

1.

Кепілдік мүлік бергендігі туралы тапсырыс

2.

Қарыз берушінің сауалнамасы

3.

Жарғы және Құрылтайшының шарты (нотариалдық куәландырылған)
Мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәлік және статистикалық карточка (нотариалдық куәландырылған)

4.

Мөр бедерімен нотариалдық куәландырылған уәкілетті тұлғалар қолтаңбаларының үлгісі мен карточкалар

5.

Кәсіпорынның мөрімен куәландырылған басшылар туралы қысқаша анықтама

6.

Кәсіпорынның салық комитеті 1 жылға және соңғы есеп беру датасына куәландырған қаржы құжаттары (ОКУД бойынша N 1,2,3, нысандары). Несиелік және дебиторлық борыштарды өтеу мерзімінің және оның пайда болған уақытының датасын көрсетіп жазу. Баланс құжаттарына жан-жақты түсіндірме жазба.

7.

Қарыз алушының қаржы жағдайы (Картотека және несиелік қарыздары бойынша деректер) туралы және соңғы жылдың есептері бойынша орташа айлық айналым көрсетілген қызмет көрсетуші банктің анықтамасы. Салық комитетінің салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер бойынша қарыздарының бар/жоқтығы туралы анықтамасы. Салық төлеушінің тіркеу номері.

8.

Кәсіпорынның соңғы 3 жылдағы несиелік тарихы.

9.

Уәкілетті органның несиені қатыстыру және кепілдік беру туралы шешімі, акционерлер тізілімінен көшірме.

10.

Техникалық-экономикалық негіздеме (бизнес-жоспар)

11.

Контрактілер (контрактілердің жобасы) барлық қосымшаларымен бірге

12.

Кепілдік құжаттар

13.

Қаржы және басқа құжаттарға қолтаңбасын қою құқығына ие бірінші басшыны және бас бухгалтерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі

14.

Бірінші басшы мен бас бухгалтердің жеке куәліктерінің көшірмелері

15.

Қолда бар қамсыздандыру полистары - мүліктік қамсыздандыру, жауапкершіліктік қамсыздандыру және басқалар

16.

Аудандық (қалалық) әкімдіктің қорытындысы

      Бұл тізбе сараптау кеңесіне түсетін жобалардың бәріне бірдей болып табылады. Аталған құжаттар, жоба жұмысшы органында алдын-ала қаралғаннан кейін талаптарға сәйкес ресімделеді. Электрондық версиясы қоса берілген құжаттардың толық жиынтығын алғаннан кейін, жоба жұмысшы органның кеңсесінде тіркеледі де ресми түрде сараптауға қабылданады. Бұл пакет ең шағын түрдегісі болып табылады және сараптау кеңесі жобаларды сараптауға және олар бойынша шешім қабылдауға қажет басқа да құжаттарды берулерін талап ету құқығын өзіне қалдырады.

Тапсырыс беруші ұсынылған ақпараттың растығына жауапкершілікте болады.

Алматы облысы әкімдігінің
2003 ж. 5 мамырдағы
N 27 қаулысына
N 1 қосымша

Кепілдік Қорға берілетін коммуналдық меншік объектілерінің тізімі

Рет N Объектінің атауы Объектіні орналасқан жері Баланс
ұстаушы
Қалдық құны мың. теңге
Алматы қаласы

1

Әкімшілік ғимарат

Желтоқсан к-сі, 112

Облыс әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі


2

Алматы экономикалық колледжі МҚК оқу корпусының ғимараты

Гоголь к-сі, 124

Алматы экономикалық колледжі МҚК

2615

3

Алматы экономикалық колледжі МҚК жатақханасының ғимараты

Темирязев к-сі, 17

Алматы экономикалық колледжі МҚК

1694

4

Алматы облыстық мектеп- интернатының ғимараты

Ғабдуллин к-сі, 45

Алматы облыстық мектеп- интернаты

2564

5

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы
ның ғимараты

Азербаев к-сі, 97

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы МКК

3000

6

N 13 кәсіптік-техникалық мектеп, оқу корпусы, жатақхана

Райымбек к-сі, 480 А

N 13 кәсіптік-техникалық мектеп

11467 1481

7

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы филиалының ғимараты

Айвазов
ский к-сі, 63

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы филиалы

204

8

"Алматы облыстық тері-венерологиялық диспансері" МДМ

Көк-Төбе к.Ж. Жабаев к-сі, 69 А

"Алматы облыстық тері-венеро
логиялық диспансері"
МДМ

3635

Талдықорған қаласы

1

Облыстық әкімдіктің ғимараты

Тәуелсіздік к-сі, 38

Облыс әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі


2

Облыстық қаржы басқармасының ғимараты

Қабанбай батыр
к-сі, 26

Облыс әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі


3

"Жетісу" телерадио компаниясының ғимараты

Жетісу ш/а, 14 А

"Жетісу" ТРК МКК

14978

4

Алматы облысы әкімі бейнелеу өнерінің галереясы

Қабанбай батыр
к-сі, 27 А

Бейнелеу өнерінің галереясы МҚКК

34245

5

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ғимараты

Абай к-сі,318

Облыс әкімі аппаратының қаржы-
шаруашылық бөлімі


6

"Жетісу" стадионы

Қабанбай батыр
к-сі,
89/91

"Жетісу" КФК МҚКК

2294

7

"Спорт" қонақ үйі

Қабанбай батыр к-сі,89

"Жетісу" КФК МҚКК

992

8

"Өркен" спорт кешені

Алдаберге
нов к-сі, 104/108

"Өркен" спорт кешені МҚКК

10743

9

"Суқұбыры" МКК мүліктік кешені

Гаухар ана к-сі, 99 А

"Суқұбыры" МКК

53288

10

"Талдықорған
жылусервис" МКК мүліктік кешені

Желтоқсан к-сі, 275

Талдықорғанжылусервис" МКК

342706

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады