Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімиятының 2005.07.15 N 237 Қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына сәйкес, аудан әкімінің Алғыс хатымен наградтау жөніндегі ұсыныстарды алдын ала дайындау және қарау, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, аудандық мәслихаттың "Көксу ауданының Құрметті азаматы туралы" шешімін іске асыру үшін, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімиятының жанындағы Наградалар жөніндегі комиссия төмендегі құрамда құрылсын:
Савинов Геннадий Иванович - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Қайнарбеков Талғат Қанатұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
Қасымов Аманбек Қамиұлы - ұйымдастыру-кадр жұмысы жөніндегі бөлімнің бас маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Бәзілов Сайлаубай Бәзілұлы - аудан әкімі аппаратының басшысы;
Әріпов Серік Тоқсанбайұлы - аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы /келісім бойынша/;
Кәлпебаев Алтай Мұратұлы - ұйымдастыру-кадр жұмысы жөніндегі бөлімінің бас маман-заңгерінің міндетін атқарушысы;
Айғаранов Әшекей Сейполдаұлы - аудандық мәслихаттың депутаты /келісім бойынша/.
2. Аудан әкімиятының жанындағы Наградалар жөніндегі комиссиясының құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге ұсынылсын.
3. Аудан әкімиятының жанындағы Наградалар жөніндегі комиссия туралы Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Бәзіловке жүктелсін.
Аудан әкімі
Аудан әкімиятының
2003 жылғы сәуірдің 25 күнгі
N 5-18 қаулысына
қосымша
Аудан әкімиятының жанындағы Наградалар жөніндегі комиссия
туралы ЕРЕЖЕ
1. Наградтау мәселелері жөніндегі ұсыныстарды дайындау, талқылау және наградалар туралы заңдарын іс жүзіне асыруға жәрдемдесу үшін аудандық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері арасынан аудан әкімиятының жанындағы Наградалар жөніндегі комиссия (кейін-Комиссия) құрылады.
2. Комиссия, аудан әкімінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады және де ол төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және комиссияның 4 мүшесінен тұрады.
3. Комиссияға "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының сақталуына, аудандық мәслихаттың "Көксу ауданының Құрметті азаматы атағы туралы" шешімінің, аудан әкімінің "Аудан әкімінің Құрмет Грамотасы туралы", "Аудан әкімінің Алғыс хаты туралы" шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі.
4. Комиссия құқықтары:
1) Мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан өз жұмысына қажет деректер мен құжаттарды сұрату;
2) Мемлекеттік органдар, ұйымдар өкілдерінің және лауазымды адамдардың наградтау туралы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша есебін тыңдау;
3) Ауданның мемлекеттік органдарында аса үздік шыққан азаматтарды мемлекеттік наградаларымен, наградтау мәселелері жөнінде ұсынымдар жіберу;
4) Азаматтарды наградтау мәселелері туралы түскен ұсынымдарға қорытынды шығару үшін қажет болған жағдайда ғалымдарды, жұртшылық өкілдерін және мамандарды қатыстыру;
5. Комиссияның мәжілістері қажетіне қарай өткізіледі және комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысқан жағдайда ол шешім қабылдауға құқылы деп саналады.
6. Комиссия мәжіліске қатысушы комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен хаттама ретінде рәсімделетін шешім қабылдайды, сондай-ақ, пікіртерім тәртібімен де шешім қабылдауы мүмкін.
7. Комиссияның шешімдері аудан әкіміне жіберіледі.
8. Комиссия қызметінің жүзеге асырылуын аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы жөніндегі бөлімі қамтамасыз етеді. Комиссия хатшысының міндеттерін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы жөніндегі бөлімінің бас маманы атқарады.
Аппарат басшысы