Көксу ауданының әкімияты жанындағы қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімиятының 2003 жылғы 07 шілдедегі N 8-34 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 15 шілдеде N 1252 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы N 07 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011.01.12 N 07 Қаулысымен

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 3-бабы 3-тармағы 2-тармақшасына және 4-тармағына, 38-бабы 1-тармағына сәйкес, қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру бойынша атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың ведомствоаралық қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Көксу ауданының әкімияты жанындағы қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі құрылсын (1 қосымша).
       2. Көксу ауданының әкімияты жанындағы қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге енгізілсін.
       3. Көксу ауданының әкімияты жанындағы қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі жөніндегі Ережесі бекітілсін
(2 қосымша).
       4.Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Г.Савиновке жүктелсін.

      Аудан әкімі

      Аудан әкімінің орынбасары

      Аппараттың басшысы

      Аппараттың заңгері
      міндетін атқарушы

      Жалпы бөлімінің

Аудан әкімиятының
2002 жылғы 07 шілдедегі
N 8-34 қаулысына
N 1 қосымша

Көксу ауданының әкімияты жанындағы қылмыскерлік және сыбайлас
жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің /одан әрі
кеңес/ дербес құрамы <*>

      Ескерту. Кеңес құрамына өзгерістер енгізілген - Алматы облысы Көксу ауданы әкімиятының 10 қазандағы 2003 жылғы N 10-56 қаулысымен.

      Хасенов Сағаділдә Сарыұлы - аудан әкімі, кеңестің төрағасы;
      Савинов Геннадий Иванович - аудан әкімінің орынбасары, кеңес төрағасының орынбасары;

      Кеңес мүшелері:

      Қайнарбеков Талғат Қанатұлы - аудан әкімінің орынбасары;
      Садиев Рысбек Елубайұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі /келісім бойынша;
      Әбдімананов Арман Әбдімананұлы - аудандық салық комитетінің төрағасы /келісім бойынша/;
      Хасанаев Марал Жақсыбайұлы - аудандық білім бөлімінің бастығы;
      Кәлпебаев Алтай Мұратұлы - аудан әкімі аппаратының заңгері міндетін атқарушы, кеңестің хатшысы.

      Аудан әкімі
      аппаратының басшысы               С.Бәзілов.

Көксу ауданы әкімиятының
2002 жылғы 07 шілдедегі
N 8-34 қаулысына
2 қосымша

Көксу ауданының әкімияты жанындағы қылмыскерлік және сыбайлас
жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі жөніндегі
Ережесі

1.Жалпы ережелер

       1. Қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі /одан әрі Кеңес/, Көксу ауданы әкімияты жанындағы консультациялық кеңесші органы болып табылады. Кеңес қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру бойынша атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың ведомствааралық қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін құрылған.
      2. Кеңес өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Президент және Үкіметінің актілеріне, облыс және аудан әкімінің /әкімиятының/ шешімдері мен өкімдеріне /қаулыларына/ және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Кеңестің дербес құрамын Көксу ауданының әкімияты белгілеп, аудан әкімі аудандық мәслихаттың сессиясына бекітілуіне енгізеді.

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен қызметі

      4. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру салаларында, атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың ведомствааралық қызметін үйлестіруін қамтамасыз ету шараларын жасау.
      2) қылмыскерлік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша тиісті шаралар жоспарын қарастырып, бекіту, аудандағы қылмыскерлікпен күрес жағдайына талдау жасау.
      3) қылмыскерлік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайлы сұрақтары бойынша аудан көлемінде Қазақстан Республикасының Заңдарының, Президент және Үкімет актілерінің, облыс және аудан әкімияты мен әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысын тыңдау.
      4) аудандық ішкі істер бөлімінің /учаскелік полиция инспекторлары/ ерікті халық жасақшылары топтарымен өзара байланысы мен қызметі жайлы ауылдық, кенттік округтердің әкімдері және аудандық ішкі істер бөлімі бастығының есебін тыңдау және ұсыныстар беру.
      5. Кеңестің қызметі:
      1) Кеңес келесі қызметтерді жүзеге асырады:
      ауданның атқарушы, құқық қорғау органдарында қылмыскерлік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру жөнінде мәселелерді кеңес отырыстарында қарастыру;
      қылмыскерлік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру жөнінде атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың есептерін тыңдау;
      жоғарыда аталған жұмыстарды жақсарту үшін ұсыныстар жасау;
      кеңеске жүктелген басқа да қызметтер.

3.Кеңес өкілеттігі

      6. Өз қызметінің негізгі міндеттерін жүзеге асыру кезінде Кеңес:
      1) Атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардан ақпарат құжаттар, мәліметтер сұрауға.
      2) Қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру шаралары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге.
      3) Кеңес отырыстарына құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қажетті материалдар /анықтамалар/ дайындауға қатыстыруға құқылы.

4.Кеңес жұмысын ұйымдастыру

      7. Кеңес бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Жоспар кеңестің жыл сайын алғашқы отырысында бекітіледі. Кеңестің отырыстары жарты жылдықта бір рет өткізіледі.
      8. Кеңес отырысын кеңес төрағасы немесе оның орынбасары өткізеді, кеңестің жартысынан артық мүшелерінің қатысуымен өтетін кеңес құқылы болып саналады.
      9. Кеңес шешімдері көпшілік дауысымен қабылданады, хаттамамен рәсімделіп, төрағасымен бекітіледі.

      Аудан әкімі
      аппаратының басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады