Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011.01.12 N 07 Қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімияты жанындағы қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің дербес құрамындағы өзгерістерге байланысты, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көксу ауданы әкімиятының 2003 жылғы 7 шілдедегі "Көксу ауданының әкімияты жанындағы қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" N 8-34 қаулысына (облыстық әділет басқармасында 2003 жылы 15 шілдеде N 1252 болып реестрде тіркелген, 2003 жылы 22 тамызда N 34, "Көксу таңы" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) "Көксу ауданының әкімияты жанындағы қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің дербес құрамынан:
Исабеков Ерлан Қанатжанұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция майоры /келісім бойынша/, Кеңес мүшесі шығарылсын ;
2) "Көксу ауданының әкімияты жанындағы қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің дербес құрамына:
Садиев Рысбек Елубайұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі /келісім бойынша/, Кеңес мүшесі болып енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Г. Савиновке жүктелсін.
Аудан әкімі