Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011.01.12 N 07 Қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі құрылсын (1 қосымша).
2. Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің дербес құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге ұсынылсын.
3. Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Ережесі бекітілсін (2 қосымша).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Қайнарбековке жүктелсін.
Аудан әкімі
Аудан әкімінің орынбасары
Аппараттың басшысы
Аппараттың заңгері
міндетін атқарушы
Жалпы бөлімінің бастығы
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 10 шілде
N 8-37 қаулысына
1 қосымша
Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі
үйлестіру
Кеңесінің дербес құрамы
1. Қайнарбеков Талғат Қанатұлы |
- аудан әкімінің орынбасары, Кеңестің төрағасы |
2. Ешкенов Ертай Оразұлы |
- "Көксу аудандық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
3. Есмұрзанов Әділғазы Уахитұлы |
- ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы |
Кеңес мүшелері: |
|
1. Ағыбаев Ғани Бартайұлы |
- "Көксу ауданы орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері (келісім бойынша) |
2. Мұқанов Берік Мейрханұлы |
- аудандық қаржы бөлімінің бастығы (келісім бойынша) |
3. Бейсенов Мәлік Амантайұлы |
- Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Көксу аумақтық басқармасының бас маманы (келісім бойынша) |
4. Исабеков Ерлан Қанатжанұлы |
- аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция майоры (келісім бойынша) |
5. Желдикова Бибигүл Сәкенқызы |
- "Көксу ауданы орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның фтизиатр дәрігері (келісім бойынша) |
6. Тәнеке Сағындық Байдырахманұлы |
- "Көксу таңы" газетінің редакторы (келісім бойынша) |
Аудан әкімінің
орынбасары
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 10 шілде
N 8-37 қаулысына
2 қосымша
Аудан әкімияты жанындағы туберкулезбен күрес жөніндегі аудандық
үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Аудан әкімияты жанындағы туберкулезбен күрес Жөніндегі аудандық үйлестіру кеңесі (мәтінде - Кеңес) консультативтік кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңеске төмендегі міндеттер жүктеледі
1) туберкулезбен күресті ұйымдастыру мәселелері бойынша ведомстволар, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметін үйлестіру;
2) денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мал дәрігерлері, ішкі істер мекемелері және басқа да мекемелер басшыларының жергілікті жерлердегі туберкулезбен күрестің жай-күйі туралы ақпараттарын, өткізілген шаралардың орындалуын қадағалау;
3) облыс әкімінің қарауына туберкулезбен күресті жетілдіру жөніндегі негізделген ұсыныстар енгізу;
4) халықтың және жануарлардың туберкулезбен ауыру жағдайын байқауды, туберкулездің таралуына қарсы күреске шаралар әзірлеуді, осы шаралардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
5) салауатты өмір салтын және және санитарлық білім беруді қалыптастыру жөніндегі мекемелермен өзара іс-қимылын жасайды, жұмыстағы озық тәжірибелерді іс жүзінде кеңінен енгізуді қамтамасыз ету.
3. Үйлестіру Кеңесінің мәжілісі жарты жылда бір рет өткізіліп тұрады. Жұмыс жоспары Кеңес мәжілісінде бекітіледі.
4. Кеңес жұмыстарын ұйымдастырушылық жағынан ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі қамтамасыз етеді.
5. Тиісті мекемелер мен ведомстваларға орындалуға хаттама ретінде рәсімделген шешімдері жіберіледі.
Аудан әкімінің
орынбасары