Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011.01.12 N 07 Қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына, сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімияты жанындағы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия құрылсын (1 қосымша).
2. Аудан әкімияты жанындағы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге ұсынылсын.
3. Аудан әкімияты жанындағы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы Ережесі бекітілсін (2 қосымша).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қайнарбековке жүктелсін.
Аудан әкімі
Аудан әкімінің орынбасары
Аппараттың басшысы
Аппараттың заңгері
міндетін атқарушы
Жалпы бөлімінің бастығы
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 10 шілде
N 8-36 қаулысына
1 қосымша
Аудан әкімияты жанындағы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне
қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның
дербес құрамы:
1. Қайнарбеков Талғат Қанатұлы |
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы |
2. Нүсіпова Бақытгүл Темірханқызы |
ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы |
Комиссия мүшелері: |
|
1. Садыров Ерлан Молдахметұлы |
аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры (келісім бойынша) |
2. Кәлпебаев Алтай Мұратұлы |
аудан әкімі аппаратының бас маман - заңгері міндетін атқарушы |
3. Хасанаев Марал Жақсыбайұлы |
аудандық білім бөлімінің бастығы |
4. Ешкенов Ертай Оразұлы |
"Көксу аудандық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) |
5. Бекжанова Ғайния Оразбекқызы |
"Көксу ауданының Орталық аудандық аурухана" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының нарколог - дәрігер (келісім бойынша) |
6. Әбділданов Қанат Таңжарықұлы |
туризм және спорт жөніндегі бас маманы |
7. Ерғазинов Ермек Акәұлы |
аудандық ішкі істер бөлімі кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша) |
Аудан әкімінің
орынбасары
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 10 шілде
N 8-36 қаулысына
2 қосымша
Аудан әкімияты жанындағы Нашақорлық және есірткі бизнесіне
қарсы күрес жөнінде аудандық комиссиясының
(бұдан әрі - Комиссия)
ЕРЕЖЕСІ
Комиссия қызметінің негізгі мақсаты Көксу ауданында нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік Бағдарламаны, сондай-ақ Стратегияны жүзеге асыру болып табылады.
1. Жалпы Ережелер
1. Комиссия нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес аясындағы мемлекет саясатын жүзеге асыруға бағытталған, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер қызметін үйлестіретін консультативтік - кеңесші органы болып табылады.
2. Комиссия өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" N 394 Жарлығына және нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 ақпандағы "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым іс-шараларының жоспарын бекіту туралы" N 176 және 2002 жылғы 8 шілдедегі "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" N 736 қаулыларына (одан әрі - Стратегия және Мемлекеттік бағдарлама), сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комиссия, өз құзыретіне енетін, аудан әкімінің шешімдері, өкімдері немесе Комиссия шығарған қаулысымен ресімделетін сұрақтардың мазмұны мен сипатына байланысты, қорытынды беріп, ұсыныстар жасайды.
4. Комиссияның қызметінің материалды - техникалық және қаржылық қамтамасыз етілуі, жергілікті бюджетке бөлінген қаражат арқылы жүзеге асады.
5. Комиссияны төраға, хатшы және комиссия мүшелері құрайды. Комиссия мүшелері қызметтеріне сәйкес ішкі істер, сот, денсаулық сақтау, білім бөлімі жетекшілері болып табылады. Комиссия мүшелері өзге де қызмет адамдары, азаматтар, қоғам өкілдері болуы мүмкін.
2. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
6. Комиссия мүшелерін, төрағасын және оның орынбасарын аудан әкімі тағайындайды.
7. Комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.
8. Комиссия өз құрамында жұмыс топтарын құруы мүмкін.
9. Комиссия жұмысы ұйымды және жариялы болуға тиіс.
10. Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі негізгі шаралардың тізбесінде және ережеде көрсетілген міндеттері мен қызметінің басты негізін ұстау үшін комиссия өз жұмысын мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктермен үйлестіреді.
11. Комиссия өзінің кезекті отырыстарын тоқсан сайын бір рет өткізеді. Кезектен тыс отырыстар әкімнің, комиссия төрағасының және көпшілік комиссия мүшелері ынтасымен шақырылады.
3. Комиссия төрағасы
12. Комиссия төрағасы құзыретіне кіреді:
1) Комиссия жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етіп, комиссия қызметін басқарады, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар және мемлекеттік органдар мен комиссия мүшелері міндетті түрде орындайтын шешімдер қабылдап, нұсқама береді;
2) Комиссия құзыретіне енетін сұрақтар бойынша мемлекеттік және өзге де органдар азаматтары мен қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынас жасайды;
3) Комиссия жұмысы жөнінде есеп береді;
4) Осы ережеде және аудан әкімі нұсқалары мен шешімдерінде көзделген басқа да өкілеттіктерді атқарады.
4. Комиссия мүшелері
13. Комиссия мүшелерінің құзыретіне кіреді:
1) Комиссия қарастыратын құзыретіне жататын сұрақтарды кеңесу арқылы шешуге құқылы;
2) Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда, өз көзқарасын білдіріп, аудан әкіміне жазбаша немесе ауызша түрде жеткізуге құқылы;
3) Комиссия төрағасы тапсырысын міндетті түрде орындауға тиіс;
4) Комиссия төрағасының рұқсатымен Стратегияның, Мемлекеттік Бағдарламаның орындалуы жөнінде мәліметтерді мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерден талап етуге құқылы;
5) Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік басқару органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер жиналыстар мен отырыстарына қатысуға құқылы.
5. Комиссия негізгі міндеттер мен қызметтер
14. Комиссия негізгі міндеттері мен қызметтеріне жатады:
1) жалпы мемлекеттік Стратегия мен Мемлекеттік Бағдарламада көзделген шараларды аудан аумағында жүзеге асыруды, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларын дер кезінде, уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;
2) нашақорлық және психотроптық заттардың таралуына байланысты қылмыстар деңгейіне, құрылымына, қалпына талдау жасап, нашақорлыққа қарсы саясатты жетілдіру, соның ішінде нашақорлық заттарды пайдалануды төмендету жөнінде ережелер енгізеді;
3) нашақорлық және психотроп заттардың пайдалануына байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының кешенді жүйесін өңдеу, ұйымдастыру және жүзеге асыру жұмыстарына қатысады;
4) құқық қорғау органдармен бірлесе отырып профилактикалық шараларды (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз қолдаудың, таратудың, өндірудің алдын алуға, анықтауға бағытталған) ұйымдастырады және есірткіге тәуелді адамдарды (денсаулық сақтау мекемелерінде есепте тұрған) сауықтыру мәселелерін шешуге жәрдемдеседі;
5) есірткіге қарсы идеология жүйесін құру және тұрғындар, әсіресе жастар мен жасөспірімдер арасында, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатымен мәдениет және рухани ізгілік салаларында қызмет атқаратын бұқаралық ақпарат, денсаулық сақтау, мәдениет, білім және ғылым мекемелерімен, қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынас жасайды;
6) аймақтық Бағдарламаны жетілдіру және асыру мақсатында аймақтағы ғылыми-зерттеу орталықтармен бірлесе нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелерін зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады.
6. Комиссияның құқығы
15. Комиссия құқығына жатады:
1) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, лауазымды адамдар мен қоғамдық бірлестіктермен Стратегия мен Мемлекеттік Бағдарламаны жүзеге асыру ақпараттарын сұрауға және талап етуге;
2) нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес саясатын жүзеге асыру ісіне қатысатын ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және мемлекеттік органдар қызметтерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы аса көкейкесті, қоғамда кең өріс алған сұрақтарды әкімге хабарлап, мәслихат сессиясында қарауға;
4) қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының есептері мен баяндамаларын тыңдауға;
5) нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде Қазақстан Республикасының Агенттігіне нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Аудан әкімінің
орынбасары