Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 26.01.2005 № 18-72 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 9 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талғар аудандық мәслихатының регламентi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Талғар аудандық мәслихатының 2001 жылғы 28 наурыздағы "Талғар аудандық мәслихатының регламентiн бекiту туралы" N 10-71 шешiмiнiң күшi жойылды деп есептелсiн.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Шамшеденов Р.Ш.
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Құдықов Н.
Талғар аудандық мәслихатының
2003 жылғы 29 желтоқсандағы
N 4-23 шешiмiне
қосымша
ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТI
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Талғар аудандық мәслихаты жергiлiктi өкiлдi орган, аудан халқына жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге сайланады. Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес халықтың еркiн бiлдiретiн шараларды анықтап, оның iске асуын қадағалайды.
2. Талғар аудандық мәслихат сессияларын оның органдарының отырыстарын өткiзу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, көпшiлiктiк тыңдаулар, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбi, сондай-ақ дауыс беру тәртiбi, аппарат жұмысын ұйымдастыру, басқа да рәсiмдiк және жұмысын ұйымдастыру мәселелерi осы регламентпен белгiленедi.
2-тарау. Мәслихатты құру
3. Талғар аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының "Сайлау туралы" Заңына сәйкес сайланған 19 (он тоғыз) депутаттан тұрады.
4. Талғар аудандық мәслихатының өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.
5. Талғар аудандық мәслихаты заңды тұлға және аудандық Қазыналық бөлiмiнде жеке есеп шоты, мөрi, мөртаңбасы бар.
3-тарау. Мәслихаттың құзыретi
6. Аудандық мәслихаттың құзыретiне:
1) жоспарлар бекiту, аудандық экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламаларын, аудан бюджетi және олардың атқарылуы туралы соның iшiнде селолық округтер мен Талғар қаласын ұстауға арналған шығыстар сметасын бекiту;
2) қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөнiндегi аудандық бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарға сәйкес өзге де мәселелердi шешу.
3) әкiмнiң ұсынуы бойынша Талғар ауданын басқару схемасын бекiту;
4) жергiлiктi әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс және жергiлiктi қауымдастық ұйымының шекараларын айқындау мәселелерiн шешу;
5) әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмiмен Талғар ауданы әкiмиятының дербес құрамын келiсу;
6) аудандық атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау және тиiстi органдарға мәслихат шешiмдерiн орындамағаны үшiн мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзу;
7) Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексі белгілеген ережелерді бекiту;
8) ауданның экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламаларының, жоспарларының, аудан бюджетiнiң орындалуын бақылау;
9) мәслихаттың тұрақты комиссияларымен өзге де органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу;
10) халықтың жұмыспен қамтылуына көмектесумен кедейшiлiкпен күресу бағдарламасын бекiту;
11) әкiмнiң ұсынуы бойынша ведомствааралық сипаттағы мәселелер бойынша әкiмият жанындағы консультативтi-кеңесшi органдардың дербес құрамын бекiту;
12) Қазақстан Республикасының Жер Заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
13) Талғар қаласын және аудандағы селолық елдi мекендер салудың бас жоспарларын бекiту;
14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына ықпал ету;
15) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
4-тарау. Мәслихаттың актiлерi
7. Аудандық мәслихаттың өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шығаратын шешiмдерi мәслихаттың актiлерi болып табылады.
8. Аудандық мәслихаттың аудан бюджетi кiрiстерiн қысқарту немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн шешiм жобалары аудан әкiмiнiң ұсынысы бойынша қарауға енгiзiледi.
9. Аудандық мәслихаттың өз құзыретi шегiнде және азаматтардың құқықтарына бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты қабылданған шешiмдер жариялануға жатады.
10. Аудандық мәслихаттың жалпыға бiрдей мiндеттi маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтарымен мiндеттерiне қатысты шешiмдер заңда белгiленген тәртiпте Алматы облыстық әдiлет басқармасының мемлекеттiк тiркеуiне жатады.
11. Аудандық мәслихаттың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарына сәйкес келмейтiн шешiмдерiн мәслихаттың өзiнiң жоюы не сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн.
5-тарау. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру
12. Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда тұрақты комиссияларымен өзге де органдары, мәслихат сессиясы төрағасы, мәслихаттың депутаттарымен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасы Заңдарында белгiленген тәртiпте жүзеге асырады.
13. Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады. Егер мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.
14. Аудандық мәслихат:
1) Мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың есептерiн тыңдайды;
2) Мәслихаттың тұрақты комиссияларымен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есептерiн тыңдайды;
3) Мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды, тексеру комиссиясының актiлерiн бекiтедi;
4) заңдарда белгiленген адам санымен қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды;
5) Мәслихаттың регламентiн бекiтедi;
6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешiмдер қабылдайды;
7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды.
6-тарау. Мәслихат сессиясын шақыру тәртiбi
15. Жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясын осы мәслихат үшiн белгiленген мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
16. Мәслихаттың кезектi сессиясы үш айда бiр рет шақырылады бiрақ, кемiнде жылына төрт реттен кем емес және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң сондай-ақ әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi. Кезектен тыс сессия оны өткiзу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей шақырылады.
17. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге сессияға кемiнде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн бұрын хабарлайды. Халық мәслихат сессиясының жүргiзiлуiн, сессияға енген сұрақтар туралы аудандық газет бетiне берiлген хабарландыру арқылы бiле алады. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгiзген мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге - сессияға кемiнде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн қалғанда табыс етедi.
7-тарау. Мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi
18. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өтедi.
19. Мәслихаттың бiрiншi сессиясын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейiн жүргiзедi. Одан әрi мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.
20. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгiлейдi. Жалпы мәслихаттың сессиясы күннiң бiрiншi жартысында жүргiзiледi. Қажет болған жағдайда сессия жұмысы әр 1,5 сағаттық жұмыстан кейiн 20 минут үзiлiспен және бiр сағаттық түскi үзiлiспен күнi бойы жұмыс iстеуi мүмкiн. Мәслихат сессиясының шешiмi бойынша отырыстың басталуы және аяқталуы туралы басқаша тәртiп белгiленуi мүмкiн. Сессияда негiзгi баяндама үшiн бiр сағат, қосымша баяндама үшiн 20 минут, жарыссөз үшiн 10 минутке дейiн, сұрақ, сауал, ұсыныс хабарлама және анықтама беру үшiн 3 минут берiледi.
Сессия жұмысында мәслихат шешiмi бойынша мәслихат белгiлеген он бес күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге үзiлiс жасалуы мүмкiн.
21. Мәслихат сессиялары, әдетте ашық сипатта болады. Мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешiмiмен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi осы үшiн дауыс берсе, жабық сессиялар өткiзуге жол берiледi.
22. Кезектi сессияның күн тәртiбi сессия төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты және басқа да комиссиялармен, депутаттармен, депутаттық топтар, аудан әкiмiмен үйлестiрiледi. Күн тәртiбi туралы ұсынысты жоғары тұрған басқару және билiк органдары сессияның төрағасы, қоғамдық ұйымдар, ауылдық, кенттік округтердің тұрғындары жиналысының өкiлдерi жасай алады.
Сессияның күн тәртiбi талқыланған кезде толықтырылуы, өзгертiлуi мүмкiн.
Сессия жұмысының тәртiбi және күн тәртiбiне деген ұсыныстармен ескертпелердi депутаттар сессия төрағасына жазбаша түрде бередi, ол түскеннен кейiн төрағалық етушi жариялайды.
Сессияның күн тәртiбiне енетiн ұсыныстар туралы сұрақ әр ұсынысқа ашық дауыс беру арқылы сессияға қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгiмен шешiледi.
23. Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергiлiктi атқару органдары басшылары, аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларымен өзге де лауазымды адамдарды мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшiн мәслихат сессиясына келуге мiндеттi.
Шақырылған адамдарға өздерiне тиiстi сұрақтар бойынша сессияда сөз берiлуi мүмкiн. Шақырылған адамдардың сессия жұмысына араласуға құқығы жоқ, олар сессия төрағасының өкiмiне бағынуға және тәртiбiн сақтауға тиiстi.
8-тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары
24. Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауы тиiс, қажет болған жағдайда, Мәслихат тұрақты комиссияларды қайта құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
25. Тұрақты комиссиялардың тiзбесi мен сан құрамын мәслихат белгiлейдi.
26. Тұрақты комиссиялар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi.
27. Тұрақты комиссиялар өз бастамалары бойынша немесе мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзе алады. Көпшiлiктiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары түрiнде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлiнше маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.
28. Төрағалардың ұсынысы бойынша аудандық мәслихат тұрақты комиссиялардың құрамдарына өзгерiстер енгiзуге құқылы. Мәслихат тұрақты комиссияның төрағалары өз мiндеттерiн атқара алмаған жағдайда немесе өз өтiнiштерi бойынша мерзiмiнен бұрын өкiлеттiгiн тоқтата алады.
29. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттiлiгiне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кiретiн депутаттар санының жартысынан астамы қатысса заңды болып есептеледi.
Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Комиссияның отырысында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
30. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бiрнеше тұрақты комиссияның бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда, тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.
31. Аудандық мәслихаттың хатшысы тұрақты комиссиялардың сандары, тiзбесi, сан құрамдары және төрағаларына кандидаттар туралы ұсыныс енгiзедi.
32. Тұрақты комиссиялар:
1) аудандық мәслихат сессиясының күн тәртiбi бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгiзедi;
2) өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзедi;
3) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар, ұйымдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқылы.
33. Әкiмият, жергiлiктi бюджеттен қаржыланатын ұйымдар, аудандық атқарушы органдардың лауазымды адамдары, белгiленген тәртiпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретiндегi мәселелер бойынша қажеттi ақпарат беруге мiндеттi.
34. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
35. Тұрақты комиссияның жұмысын үйлестiру және жұмысына көмек берудi аудандық мәслихаттың аппараты және хатшысы жүзеге асырады. Тұрақты комиссияның ұйымдастыру жұмыстары, мiндеттерi мен құқықтары Қазақстан Республикасы Заңымен және осы регламентпен белгiленедi.
9 -тарау. Мәслихаттың уақытша комиссиялары
36. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелердi сессияда қарауға әзiрлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн, өкiлеттiк мерзiмдерiн және құқықтарын мәслихат оларды құру кезiнде белгiлейдi.
Уақытша комиссияның отырысы ашық түрде өтедi, комиссия отырысын жабық түрде де өткiзуге болады.
Уақытша комиссиялар өз құзыретiндегi сұрақтар бойынша қорытынды жасайды.
37. Мәслихаттың уақытша комиссиясы Талғар ауданы аумағында мемлекеттiк және қоғамдық органдардан, кәсiпорындар, ұйымдардан, меншiк түрi дербес ұйымдардан қажеттi құжаттар мен материалдар талап етуге, экспорт шақыруға аудандық мәслихат берген өзге де өкiлеттiктi пайдалануға құқылы.
Қолданылатын Заңдарға сәйкес уақытша комиссияның қызметiне кедергi жасаған лауазымды адамдар жауапкершiлiкке тартылады.
Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшiн ақы төленбейдi.
Уақытша комиссия мәслихат сессиясының шешiмiмен мерзiмiнен бұрын немесе мiндеттерiн атқарғаннан кейiн өз қызметiн тоқтатады.
10-тарау. Мәслихат сессиясының төрағасы
38. Мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы өз депутаттарының арасынан мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады.
39. Мәслихат сессиясының төрағасына кандидатты депутаттар жазбаша немесе ауызша түрде ұсынады.
40. Бiрнеше кандидаттар ұсынылған жағдайда әрбiр кандидатқа жеке дауыс беру арқылы жүргiзiледi.
41. Сессия төрағасы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланған болып есептеледi.
42. Сессия төрағасы болып сайланғаны туралы мәслихат сессиясында шешiм қабылданады.
43. Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды.
44. Мәслихат сессиясының төрағасы:
1) Мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
2) Мәслихат сессиясын әзiрлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады.
3) Мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
4) Мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген мәслихаттың шешiмiне, хаттамаларына өзге де құжаттарға қол қояды;
45. Мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылмаған негiзде жүзеге асырады.
46. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
11-тарау. Мәслихаттың хатшысы
Мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.
47. Мәслихат хатшысы:
1) Мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi, сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында, қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) депутаттардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына, сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) Мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады.
6) Мәслихаттың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
8) Мәслихаттың тұрақты комиссияларымен өзге де органдарының және депутаттың топтардың қызметiн үйлестiредi;
9) Мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
10) Мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
11) Мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды;
48. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
49. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы уақытша жүзеге асырады.
12-тарау. Мәслихат депутаты
Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi.
50. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталып, мәслихат өкiлеттiгi тоқталған кезден бастап тоқтайды.
51. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi мынадай жағдайларда:
1) депутат заңдарға сәйкес депутаттың мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
2) депутатты әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;
3) Мәслихаттың өкiлеттiгi тоқтатылса;
4) депутат қайтыс болса;
5) ол Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылса;
6) соттың депутатқа қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;
7) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты;
8) депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде Мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
52. Депутаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сессиясында қабылданады.
53. Депутат:
1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
2) Мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға;
3) тиiстi мәслихаттың аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарға мәслихаттың құзыретiне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруге және жолданымдар жiберуге;
4) өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен, ұйымдармен кездесулермен жиналыстар өткiзуге;
5) сессияда тиiстi мәслихат аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдардың мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
6) тиiстi әкiмият отырыстарының жұмысына қатысуға;
7) Мәслихатпен оның органдары, отырыстарының хаттамаларымен танысуға;
8) саяси партиялардың депутаттық тобы түрiнде депутаттық бiрлестiктер құруға;
9) заңдарда және мәслихат регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы.
54. Депутат:
1) Мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
2) өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларымен өзге де органдарының қызметi, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға мiндеттi.
55. Мәслихаттың әрбiр депутатына өкiлеттiктерiн кедергiсiз және тиiмдi жүзеге асыру үшiн жағдай жасалуына, оның құқықтарын қадiр-қасиетiмен ар-ожданын қорғауға кепiлдiк бередi.
56. Депутат регламентте белгiленген тәртiппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткiзу кезеңдерiнде, депутаттық өкiлеттiктердi жүзеге асыру уақытында оған негiзгi жұмыс орны бойынша жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен орташа жалақысы сақтала отырып, қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатылады.
13-тарау. Мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi
57. Аудандық мәслихаттың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген оның өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанда тоқтатылады.
58. Аудандық мәслихаттың өкiлдiгi Қазақстан Республикасы бас прокурорының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты мерзiмiнен бұрын мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын сот тәртiбiмен заңсыз деп танылған шешiмдер қабылдау түрiнде бiрнеше рет (екi және одан да көп) бұзса;
2) егер жаңадан сайланған аудандық мәслихат бiрiншi сессиясын ашылған күннен бастап отыз күн өткенше өз құрылымын белгiлемесе және тиiстi органдарын құрмаса;
3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылса немесе таратылса;
4) Мәслихат өз депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң жасырын даусымен өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылдаса;
5) жергiлiктi бюджеттi, аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын екi рет бекiтпеумен бiлдiрiлген аудандық әкiммен арада еңсерiлмейтiн келiспеушiлiктер болса;
6) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасын екi рет бекiтпеумен бiлдiрiлген әкiммен арадағы еңсерiлмейтiн келiспеушiлiктер болса тоқтатады.
59. Аудандық мәслихат өз депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен әкiмге сенiмсiздiк бiлдiруге және тиiсiнше Қазақстан Республикасы Президентiнiң, не жоғары тұрған әкiмнiң алдына оны қызметiнен босату туралы мәселе қоюға құқылы.
Әкiм ұсынған аумақта дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есептердi мәслихаттың екi рет бекiтпеуi аудандық мәслихаттың әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселенi қарауы үшiн негiз болып табылады.
14-тарау. Мәслихат аппараты
60. Аудандық мәслихат аппараты аудандық мәслихаттың, депутаттары мен оның органдарының қызметiн қамтамасыз ететiн, жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
61. Аудандық мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң штат саны жетi депутатқа бiр қызметкер қатынасында, бiрақ үш адамнан кем емес болып белгiленедi. Аудандық мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
62. Аудандық мәслихат аппараты мәслихатпен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
63. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiк мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
15-тарау. Мәслихаттың тексеру комиссиясы<*>
Ескерту: 15-тарау жаңа редакцияда - Алматы облысы Талғар аудандық Мәслихатының 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 7-38 шешімімен.
1. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы (қаржыны қадағалау комиссиясы) мәслихаттың бөлiмi ретiнде құрамы болып есептеледi.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарының негiзiнде жұмыс атқарады, өз жұмысында аудандық мәслихаттың регламентiн басшылыққа алады.
Комиссияның қызметi және мiндетi
3. Комиссия өзiне берiлген мынадай мiндеттердi атқарады:
1) аудандық бюджеттiң түсiмiн қалыптастыру және орындалуының, шаруашылық қызметтiң қаржыландыруын қадағалауды жүзеге асыру, мәслихаттың және аудандық әкiмияттың және жеке құрылымдарының, мекеме және ұйымдарының, бюджет қаржысының ұсталатын шаруашылық жекеменшiктердi нәтижелi және белгiлi мақсатпен пайдалануды қадағалау;
2) бюджеттен тыс қорлардың, бюджет қаржысының нәтижелi және үнемдеп пайдалануды, түсiмнiң уақытысында және толық түсуiн қадағалау;
3) аудан меншiгiндегi мүлiктердi жеке меншiкке беруден түскен қаржының пайдаланылуын қадағалауды жүзеге асыру;
4) ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасына бөлiнген қорлардың заңды және тиiмдi пайдалануын тексеру, аудан әкiмияты және құрылымдарының инвестициялық жұмыстарын қадағалау;
5) сауда мекемелерiнiң жарғылық қорларының және аудан қаржысы, меншiгiнiң заңды түрде берiлуiн тексеру;
6) жалдамалы мекемелердiң, шаруашылық меншiктердiң орнына құрылған құрылымдардың шаруашылық қаржы қызметiн қадағалау;
7) тексеру комиссиясының жұмысын жоспарлау;
8) тексеру комиссиясының жұмыстарын жүргiзу жұмысы.
Тексеру комиссиясының өкiлеттiгi
4. Осы қағидаға байланысты тұрақты комиссия өз қызметiн атқару үшiн өз өкiлеттiгiн жүргiзедi.
1) комиссия жұмысына байланысты жергiлiктi және мемлекеттiк басқару органдарынан, басқармалардан, мекеме, жекеменшiк түрiне қарамай барлық ұйымдардан белгiленген жағдайда арнаулы анықтамалар, статистикалық талдаулар, басқа да мәлiметтер сұратуға және алуға;
2) аудандық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң аудандық бюджеттi орындауын аудандық Мәслихаттың ол туралы шешiмiнiң орындалуын қадағалауды жүзеге асыру, аудандық бюджеттен бөлiнген қаржыны дұрыс пайдаланып, оның iшiнде кредиттер, мемлекеттiк органдардың iшiнде жергiлiктi бюджетте қаржы толық және уақытысында түсуiн қамтамасыз етуге,
3) жергiлiктi бюджеттiң пайдалануын құрастыру жұмыстарының жағдайын кешендi және iрiктеу тексеруiн жүргiзуге,
4) аудандық бюджеттен қаржыландыратын объектiлердiң қаржы құжаттарын, есеп кiтапшалары жоспарларын, счеттарын, сметалары және қаржы шаруашылық қызметтерiнiң басқа да құжаттарын, қалдық ақшадай қаржыларын, бағалы қағаздарды, бағалы заттардың және олардың жұмсалуын тексеруге,
5) аудандық мәслихаттың депутаты емес мамандарды, экспорттарды, қаржы және басқа кәсiпорындардың, мекемелердiң iскер жұмыскерлерiн келiсiм шарт бойынша жұмысқа тартуға,
6) өз құзыретiне қарай тексерiлген мекеме, ұйым және кәсiпорындарға орындалуға тиiстi кемшiлiктердi уақытысында жоюды, аудандық бюджетте төленбеген немесе заңсыз жаратылған қаржысын аудандық бюджетке өндiруге,
7) қаралған, тексерiлген мәлiметтердi мәслихаттың қажеттi тұрақты комиссиясын аудандық әкiмиятқа, комитеттерi мен басқаларын тексерiп осы жөнiнде тиiстi шаралар қолдану үшiн жiберiп отыруға,
8) мемлекетке заттай келтiрген зиянкестiгi, қырсыздығы үшiн мәслихаттың шешiмдерiн, заңның талаптарын орындамағаны үшiн кiнәлi лауазымды кiсiлердi жауапкершiлiкке тартуға аудандық мәслихатқа, әкiмиятқа ұсыныс жасауға өкiлеттi.
Тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру
5. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiне оның депутаттарынан және де ауылшаруашылық мамандарынан құрылады. Тексеру комиссиясының сан құрамын мәслихат белгiлейдi.
6. Тексеру комиссиясының төрағасы ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы мәслихаттың сессиясында, тек қана аудандық мәслихаттың депутаттарының қатарынан сайланады.
7. Мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына сайлау үшiн кандидатты аудандық мәслихаттың депутаттары ұсынады.
8. Мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына кандидатты сайлауды сессия бекiтедi, жасырын дауыс беру тәртiбi мәслихаттың Регламентiмен анықталады.
9. Мәслихаттың депутаты, тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланғанда аудан әкiмiнiң аппарат басшысына белгiлеген мөлшерде жалақы белгiленiп, бос түрде жұмыс атқарады.
10. Комиссия қызметi әрбiр комиссия мүшелерiнiң жеке жауапкершiлiгi негiзiнде құрылады.
11. Комиссия өз жұмысын аудандық Мәслихаттың басшылығымен атқарып, оның алдында жылына бiр реттен кем емес өз қызметi туралы есеп бередi.
12. Тексеру мәслихаттың тексеру комиссиясының шешiмiмен жүргiзiлуi мүмкiн, болмаса мәслихат хатшысының, мәслихат депутаттарының үштен екi санының талабы бойынша тағы да басқа жағдайларда Қазақстан Республикасы Заңнамасында көрсетiлгендей тексеру комиссиясы бойынша тексеру комиссиясы акт жазады, ол туралы мәслихат және әкiмият хабарлайды. Тексеру жылына бiр реттен кем жүргiзiлмейдi.
13. Тексеру, талдау, қадағалау жүргiзу, жоспарлау жұмыстарын жүргiзуге байланысты комиссия өз құзыретiне қарай барлық сұрақтарды өз бетiмен шеше алады.
14. Комиссияның отырыс жиналысы тоқсан сайын бiр реттен кем емес керектi жағдайда өткiзiледi.
15. Комиссия отырыс жиналысына 2/3 мүшесi қатысса өкiлеттi болады. Шешiм қатысқан комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.
16. Комиссия өз жұмысын аудандық Мәслихаттың тұрақты комиссияларымен және басқарушы органдармен, аудандағы мүдделi мекемелермен келiсiп атқарады.
17. Тексеру жоспар бойынша аудандық қаржы басқармасы, аудандық салық комитетi және аудандық қазына басқармаларымен бiрiгiп өткiзiлуi мүмкiн.
Аудандық мәслихат жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн өз өкiлеттiгi мерзiмiне тексеру комиссиясын сайлайды.
Тексеру комиссиясының жұмыс тәртiбi мен өкiлеттiгi мәслихаттың сессиясында қабылданған "Талғар аудандық мәслихаты тексеру комиссиясының ережесiмен" анықталады.
16-тарау. Саяси партиялардың депутаттық топтары
64. Аудандық мәслихатта Жарғыға сәйкес 5 депутаттан кем емес саяси партиялардың мүшелерi партиялық топтар құра алады.
65. Саяси партиялардың депутаттық топтарын тiркеу мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнде жүзеге асырылады.
Аудандық мәслихат саяси топтарының қызметi Қазақстан Республикасы Конституциясында белгiленген мәслихат өкiлеттiгi бiткен жағдайда тоқтайды немесе:
1) саяси партиялардың өзiн-өзi тарату туралы шешiмi қабылданғанда;
2) заң органдарының саяси партияларға тыйым салу, тарату туралы шешiмiне байланысты;
3) партиялық топтардың мүшелерiнiң саны 5-тен кемуiне байланысты.
66. Партиялық топтарда алдын-ала талқыланып, сессияның қарауына:
1) тұрақты комиссияның төрағаларына, мәслихат органдарының басқарушы лауазымдарына кандидаттарын;
2) партиялық топтардың бастамасы бойынша күн тәртiбiн құрастыруға байланысты қосымша сұрақтар енгiзуге;
3) ауданның экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламасын, басқару схемасын, бюджеттiң жобасын;
4) аудан әкiмiнiң, селолық әкiмдердiң, орынбасарларының және басқа да аудандық қызметтегi лауазымды адамдардың есебiн тыңдау туралы сұрақ;
5) тұрақты комиссиялардың көпшiлiктiк тыңдауларды ұйымдастыру туралы;
6) Мәслихаттың қарауына және бекiтуiне енетiн басқа да құжаттардың жобаларын ұсынады.
17-тарау. Аудандық Мәслихат басқару органдарын сайлаудың iс-жосығы
67. Аудандық мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды депутаттар, саяси партиялардың депутаттың топтары ұсынады. Депутаттардың өзiн өзi ұсынуына да болады.
68. Мәслихат хатшысы лауазымына сайлану үшiн кандидат сессияда атқарылатын жұмыс бағдарламасын баяндайды. Сессияға қатысушы әр депутат кандидатқа сұрақ қоюға, ұсынылған бағдарлама туралы өз ойын айтуға құқылы. Кандидаттарды талқылау депутаттардың көпшiлiк даусымен қабылданған мәслихат сессиясының шешiмiмен тоқтатылады.
Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатты сайлау үшiн аудандық мәслихат сессияда бекiтедi.
Жасырын дауыс беру үшiн депутаттардың арасынан санақ комиссиясы сайланады, дауыс беру үшiн бюллетеньдер, бюллетень салатын жәшiк және дауыс беру кабинасын дайындайды.
Аудандық мәслихат хатшысы лауазымына ұсынылған екi кандидаттан дауыс беруге қатысқан депутаттар жалпы санының жартысынан көп дауыс алған кандидат сайланған болып есептеледi.
Егер аудандық мәслихат хатшысы лауазымына екiден көп кандидаттар ұсынылса және олардың бiрде-бiреуi сайлануға қажеттi дауыс санын алмаған жағдайда, көп дауыс алған екi кандидаттарға қайта жасырын дауыс беру жүргiзiледi.
Егер қайта дауыс беру кезiнде екi кандидаттың бiрде бiреуi дауыс беруге қатысушы депутаттардың жалпы санының жартысынан көп дауыс алмаса жаңа кандидаттар ұсынылып, қайта сайлау өткiзiледi.
69. Мәслихат депутаты тұрақты негiзде мәслихат хатшысы болып сайланған жағдайда, оған аудан әкiмiнiң орынбасары үшiн белгiленген мөлшерде жалақы белгiленедi.
70. Хатшы өзiнiң қызметi бойынша аудандық мәслихатқа есеп бередi және кез келген уақытта ашық және жасырын дауыс беру арқылы қызметiнен босатылады.
Мәслихат хатшысын керi шақыру туралы сұрақ осы Регламентте көрсетiлгендей жасырын дауыс беру арқылы жүргiзiледi.
Аудандық мәслихаттың хатшысын керi шақыру туралы шешiм аудандық мәслихаттың депутаттары жалпы санының үштен екiсi көпшiлiк даусымен қабылданады.
71. Аудандық мәслихат хатшысы өз өкiлеттiгiн ерiктi мерзiмiнен бұрын тоқтату өз өтiнiшi бойынша iске асады. Аудандық мәслихат хатшысы өкiлеттiгiн ерiктi мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы сессияда шешiм қабылдайды.
Аудандық мәслихат хатшысы мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
72. Тексеру комиссиясының төрағасын сайлау тәртiбi аудандық мәслихаттың сессиясында бекiтiлген "Тексеру комиссиясының ережесiмен" белгiленедi.
73. Тұрақты комиссияның төрағасы ашық дауыс беру арқылы сайланады. Қажет болған жағдайда жасырын дауыс беру шаралары қолданылады. Тұрақты комиссиялардың мүшелерiн сайлау үшiн сессия шешiмi бойынша комиссия құрамына толық немесе әр кандидатқа жеке дауыс беру арқылы жүргiзiледi. Тұрақты комиссияның төрағаларымен мүшелерiн сайлау туралы аудандық Мәслихат сессиясында шешiм қабылданады.
18-тарау. Қорытынды ережелер
74. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы туралы" Заңында белгiленген жағдайда мәслихат сессиясы өтетін залдарда әкiмият және аудандық мәслихат ғимараттарында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы қолданылады.
75. Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат және әкiмият өз баспасөз органына құрылтайшы болуға, жергiлiктi радио, телевидение, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға құқылы.
76. Аудандық мәслихаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына сәйкес келмейтiн шешiмдерiн мәслихаттың өзiнiң жоюы не сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн.