Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 26.01.2005 № 18-72 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 8 бабына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 4-23 "Талғар аудандық мәслихатының регламентiн бекiту туралы" Алматы облыстық Әдiлет департаментiнде 2004 жылдың 28 қаңтарында мемлекеттiк тiркеуден өткен N 1466 шешiмiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 15 тарау мынадай мазмұнда редакциялансын:
Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы
1. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы (қаржыны қадағалау комиссиясы) мәслихаттың бөлiмi ретiнде құрамы болып есептеледi.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарының негiзiнде жұмыс атқарады, өз жұмысында аудандық мәслихаттың регламентiн басшылыққа алады.
Комиссияның қызметi және мiндетi
3. Комиссия өзiне берiлген мынадай мiндеттердi атқарады:
1) аудандық бюджеттiң түсiмiн қалыптастыру және орындалуының, шаруашылық қызметтiң қаржыландыруын қадағалауды жүзеге асыру, Мәслихаттың және аудандық әкiмияттың және жеке құрылымдарының, мекеме және ұйымдарының, бюджет қаржысының ұсталатын шаруашылық жекеменшiктердi нәтижелi және белгiлi мақсатпен пайдалануды қадағалау;
2) бюджеттен тыс қорлардың, бюджет қаржысының нәтижелi және үнемдеп пайдалануды, түсiмнiң уақытысында және толық түсуiн қадағалау;
3) аудан меншiгiндегi мүлiктердi жеке меншiкке беруден түскен қаржының пайдаланылуын қадағалауды жүзеге асыру;
4) ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасына бөлiнген қорлардың заңды және тиiмдi пайдалануын тексеру, аудан әкiмияты және құрылымдарының инвестициялық жұмыстарын қадағалау;
5) сауда мекемелерiнiң жарғылық қорларының және аудан қаржысы, меншiгiнiң заңды түрде берiлуiн тексеру;
6) жалдамалы мекемелердiң, шаруашылық меншiктердiң орнына құрылған құрылымдардың шаруашылық қаржы қызметiн қадағалау;
7) тексеру комиссиясының жұмысын жоспарлау;
8) тексеру комиссиясының жұмыстарын жүргiзу жұмысы.
Тексеру комиссиясының өкiлеттiгi
4. Осы қағидаға байланысты тұрақты комиссия өз қызметiн атқару үшiн өз өкiлеттiгiн жүргiзедi.
1) комиссия жұмысына байланысты жергiлiктi және мемлекеттiк басқару органдарынан, басқармалардан, мекеме, жекеменшiк түрiне қарамай барлық ұйымдардан белгiленген жағдайда арнаулы анықтамалар, статистикалық талдаулар, басқа да мәлiметтер сұратуға және алуға;
2) аудандық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң аудандық бюджеттi орындауын аудандық Мәслихаттың ол туралы шешiмiнiң орындалуын қадағалауды жүзеге асыру, аудандық бюджеттен бөлiнген қаржыны дұрыс пайдаланып, оның iшiнде кредиттер, мемлекеттiк органдардың iшiнде жергiлiктi бюджетте қаржы толық және уақытысында түсуiн қамтамасыз етуге,
3) жергiлiктi бюджеттiң пайдалануын құрастыру жұмыстарының жағдайын кешендi және iрiктеу тексеруiн жүргiзуге,
4) аудандық бюджеттен қаржыландыратын объектiлердiң қаржы құжаттарын, есеп кiтапшалары жоспарларын, счеттарын, сметалары және қаржы шаруашылық қызметтерiнiң басқа да құжаттарын, қалдық ақшадай қаржыларын, бағалы қағаздарды, бағалы заттардың және олардың жұмсалуын тексеруге,
5) аудандық мәслихаттың депутаты емес мамандарды, экспорттарды, қаржы және басқа кәсiпорындардың, мекемелердiң iскер жұмыскерлерiн келiсiм шарт бойынша жұмысқа тартуға,
6) өз құзыретiне қарай тексерiлген мекеме, ұйым және кәсiпорындарға орындалуға тиiстi кемшiлiктердi уақытысында жоюды, аудандық бюджетте төленбеген немесе заңсыз жаратылған қаржысын аудандық бюджетке өндiруге,
7) қаралған, тексерiлген мәлiметтердi мәслихаттың қажеттi тұрақты комиссиясын аудандық әкiмиятқа, комитеттерi мен басқаларын тексерiп осы жөнiнде тиiстi шаралар қолдану үшiн жiберiп отыруға,
8) мемлекетке заттай келтiрген зиянкестiгi, қырсыздығы үшiн мәслихаттың шешiмдерiн, заңның талаптарын орындамағаны үшiн кiнәлi лауазымды кiсiлердi жауапкершiлiкке тартуға аудандық мәслихатқа, әкiмиятқа ұсыныс жасауға өкiлеттi.
Тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру
5. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiне оның депутаттарынан және де ауылшаруашылық мамандарынан құрылады. Тексеру комиссиясының сан құрамын мәслихат белгiлейдi.
6. Тексеру комиссиясының төрағасы ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы мәслихаттың сессиясында, тек қана аудандық мәслихаттың депутаттарының қатарынан сайланады.
7. Мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына сайлау үшiн кандидатты аудандық мәслихаттың депутаттары ұсынады.
8. Мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына кандидатты сайлауды сессия бекiтедi, жасырын дауыс беру тәртiбi мәслихаттың Регламентiмен анықталады.
9. Мәслихаттың депутаты, тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланғанда аудан әкiмiнiң аппарат басшысына белгiлеген мөлшерде жалақы белгiленiп, бос түрде жұмыс атқарады.
10. Комиссия қызметi әрбiр комиссия мүшелерiнiң жеке жауапкершiлiгi негiзiнде құрылады.
11. Комиссия өз жұмысын аудандық мәслихаттың басшылығымен атқарып, оның алдында жылына бiр реттен кем емес өз қызметi туралы есеп бередi.
12. Тексеру мәслихаттың тексеру комиссиясының шешiмiмен жүргiзiлуi мүмкiн, болмаса мәслихат хатшысының, мәслихат депутаттарының үштен екi санының талабы бойынша тағы да басқа жағдайларда Қазақстан Республикасы Заңнамасында көрсетiлгендей тексеру комиссиясы бойынша тексеру комиссиясы акт жазады, ол туралы мәслихат және әкiмият хабарлайды. Тексеру жылына бiр реттен кем жүргiзiлмейдi.
13. Тексеру, талдау, қадағалау жүргiзу, жоспарлау жұмыстарын жүргiзуге байланысты комиссия өз құзыретiне қарай барлық сұрақтарды өз бетiмен шеше алады.
14. Комиссияның отырыс жиналысы тоқсан сайын бiр реттен кем емес керектi жағдайда өткiзiледi.
15. Комиссия отырыс жиналысына 2/3 мүшесi қатысса өкiлеттi болады. Шешiм қатысқан комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.
16. Комиссия өз жұмысын аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен және басқарушы органдармен, аудандағы мүдделi мекемелермен келiсiп атқарады.
17. Тексеру жоспар бойынша аудандық қаржы басқармасы, аудандық салық комитетi және аудандық қазына басқармаларымен бiрiгiп өткiзiлуi мүмкiн.
Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы |
Аудандық мәслихаттың |
хатшысы |