Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2007.02.01 N 3-68 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 қаңтардағы N 534 "2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Мемлекеттік бағдарламасы туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 сәуірдегі N 487 "2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы N 148-11 "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабынасәйкес Ұйғыр ауданы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссиясы құрылсын.
2. Ұйғыр ауданы бойынша 2003-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы аудандық Мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын (1 қосымша).
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссиясының Ережесі бекітілсін (2 қосымша).
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамы аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын (3 қосымша).
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Бакмуханбетовке жүктелсін.
Аудан әкімі В. Тохтасунов
Ұйғыр ауданы әкімиятының
2003 жылғы 5 желтоқсандағы
N 20-136 қаулысының
N 1 қосымшасы
Ұйғыр ауданы бойынша 2003-2005 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы
1. Кіріспе
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аудандық бағдарламасы кешенді сипаттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік шаралар ұйымдастыру жүйесінің құрамдас бөлігі.
Аудандық бағдарлама мен оның негізгі іс-шаралары ауданның құқықтық, әлеуметтік, экономикалық, саяси дамуы мәселелерін кең ауқымда шешуге бағытталған.
Бағдарлама Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңын орындалудың бірыңғай механизмін қалыптастыру, аудандағы барлық мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін үйлестіру мен Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын, оның басымдықтарын іс жүзінде асыру үшін жасалынған.
Бағдарламаны орындау кезінде төменде көрсетілген негізгі принциптерді сақтау керек:
1. пәрменділік пен тиімділік;
2. орындаушылық;
3. жауапкершілік;
4. тұрақтылық;
5. жүйелілік.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жағдайы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оның міндеттерін нақтылау мен шектеу саласында мақсатты бағытталған мемлекеттік саясат азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлердің кәсіби деңгейінің өсуіне әсер етеді.
Сыбайлас жемқорлық елеулі зардаптарға әкеліп соқтыратын қауіпті жағдайлардың бірі. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңын, мемлекеттік қызмет туралы заңдылық талаптарын іс жүзінде асыру мемлекеттік қызметкерлердің тәртібін нығайтуға мүмкіндік берді.
2002 жылмен салыстырғанда заңсыз қабылданған нормативтік - құқықтық актілердің қабылдануы төмендеді. Алайда, кейбір мемлекеттік органдарда жалпыға бірдей құқықтық білім беру мен оқытуды ұйымдастыру жұмысы жеткіліксіз.
Сонымен бірге, құқық қорғау органдар қызметкерлерінің материалдық-техникалық жабдықталуы мен құқық қорғалу деңгейі төмен.
3. Бағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның басты мақсаттары:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында бірыңғай тиімді мемлекеттік саясат жүргізу;
2. Мемлекеттік өмірінің барлық салаларындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету;
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тиімді құқықтық базаны қамтамасыз ету;
4. Тұрғындардың құқықтық білім деңгейін көтеру.
4. Бағдарламаны іс жүзінде асырудан күтілетін нәтиже
1. Билікке деген сенімді нығайту;
2. Жеке меншікті әсіресе шағын және орта бизнесті дамыту;
3. Кәсіпкерлік саласындағы сенімді нығайту;
4. Мемлекеттік және одан тыс органдарға сыбайластықты төмендету;
5. Әлеуметтік тиімсіздікті төмендету, әлеуметтік және саяси тұрақтылықты нығайту.
Аппарат басшысы С.Исламов
Ұйғыр ауданы әкімиятының
2003 жылғы 5 желтоқсан
N 20-136 қаулысының
N 2 қосымшасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық
комиссиясының
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия (әрі қарай - Комиссия) аудан әкіміне есеп беретін және өз қызметі бойынша оның алдында жауапты аудандық үйлестіру кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының кез келген басқа мемлекеттік органдарына, лауазымды тұлғаларына және қоғамдық бірлестіктерінен байланыссыз түрде заң шығарушы, атқарушы және сот өкімет органдарымен өзара іскер байланыста өзінің өкілеттігін жүзеге асырады.
3. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің қаулыларымен және осы Ережені басшылыққа алады.
4. Комиссияның дербес құрамын аудан әкімі белгілейді.
2. Комиссияның негізгі міндеттер
1. Ауданда сыбайлас жемқорлыққа байланысты қарсы қылмыстың орын алу себептерін және оған қолайлы жағдайларды анықтау, азаматтардың конституциялық құқықтарын және мүдделерін қорғау, криминогендік ахуалды талдау.
2. Аудандық атқарушы органдардың, құқық қорғау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі бақылаушы органдардың қызметін үйлестіру.
3. Шұғыл ұйымдастыру, сондай-ақ қажет болған жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заң шығару және оның алдын алу шараларын қабылдау жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі жарлықтарының, қаулыларының және өкімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
5. Аудан әкіміне сыбайлас жемқорлық ахуалы және оған қарсы күрестің жағдайы туралы ақпарат беріп тұру.
3. Комиссияның құзыры және өкілеттігі
1. Комиссия өзіне жүктелген міндеттеріне сәйкес құқық қорғаушы, және басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін, ведомстволардың өзара іскер байланыс және осы проблеманы кешенді жолмен шешу тәжірибелерін зерделейді.
2. Кез келген мемлекеттік басқару органдарынан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі құжаттар мен материалдарды сұратып алады.
3. Аумақтық мемлекеттік органдар, жергілікті әкімшіліктер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі басшылардың, лауазымды тұлғалардың есептерін тыңдайды.
4. Комиссия өзінің отырыстарында құқық қорғаушы, бақылаушы және басқа органдардың, жергілікті әкімшіліктердің міндетті түрде қарауға жататын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі проблемалық мәселелерін қарау қорытындысы бойынша ұсынымдарын қабылдайды.
5. Комиссия төмендегідей құқықтарға ие:
1) мемлекеттік басқару органдарының, құқық қорғау органдарының және басқа мекемелердің мамандары мен қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі проблемаларды зерделеуге, тексеру жүргізуге тарту;
2) Қазақстан Республикасы заңдарының, Парламент қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс және аудан әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі актілерінің толық, уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз етпеген лауазымды тұлғалардан түсініктеме талап ету;
3) Құқық қорғау органдарына Комиссиядағы материалдар бойынша заңға сәйкес шаралар қабылдауды тапсыру;
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы заңдардың және басқа да нормативтік актілердің өз деңгейінде орындалуын қамтамасыз етпеген басшылардың және лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктері туралы және құқық қорғау органдары қызметінің басымды бағыттарын анықтау және олардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды енгізуге.
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
1. Комиссия отырысы жылына кем дегенде бір рет, сондай-ақ қажеттілігіне қарай өткізіледі.
2. Комиссия отырысын оның төрағасы немесе оның тапсыру мен комиссия мүшелерінің біреуі өткізеді.
3. Отырыстың нәтижесі бойынша көпшілік дауыспен төраға қол қойған (Комиссияның төрағалық етуші мүшесі) хаттамалық шешім қабылданады, ол мүдделі мемлекеттік органдарға, жергілікті.
Ұйғыр ауданы әкімиятының
2003 жылғы 5 желтоқсан
20-136 қаулысының
3 қосымшасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық
комиссиясының дербес құрамы:
Белмухамбетов К.А. |
- аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы |
Махсатов М.М. |
- аудан әкімі аппаратының заңгері, комиссия хатшысы |
Комиссия мүшелері: |
|
Исламов С.Т. |
- аудан әкімі аппаратының басшысы |
Әділбеков Ә.Б. |
- Ұйғыр ауданының прокуроры /келісім бойынша/ |
Тохтибакиев Ш.К. |
- Алматы облысы бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаментінің аудандық бөлімі бастығының орынбасары /келісім бойынша/ |
Алимбеков А.Б. |
- Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы |
Мушрапилов Ө.А. |
- Ұйғыр ауданы бойынша салық комитетінің бастығы /келісім бойынша/ |
Аппарат басшысы С. Исламов