Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясының мүшелерiне ұлттық-мәдени орталықтар қоғамдар мен қауымдастықтар басшыларына облыс Әкiмiнiң гранттарын беру туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Әкімінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 97 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 29 мамырда N 974 тіркелді. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 4-1874 Хатымен

      Еркерту. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.

      Облыстағы ұлттық-мәдени орталықтардың, қоғамдар мен қауымдастықтардың қызметін, ұлтаралық келісімді нығайту, қоғамды біріктіру, облыста тұратын халықтардың мәдениетін, ұлттық дәстүрлерін, салттарын, тілдерін насихаттау және дамыту жөніндегі жұмысты жандандыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі "Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясының Стратегиясы және Қазақстан халықтары Ассамблеясы туралы Ереже туралы" N 856 Жарлығына сәйкес және Казақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. 2003 жылы ұлттық-мәдени орталықтар, қоғамдар мен қауымдастықтар басшыларына берілетін облыс Әкімінің гранттары тағайындалсын. Бұл үшін облыс Әкімінің резервінен 400,0 мың (төрт жүз мың) тенге бөлінсін.

      2. Ұсынылап отырған Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының мүшелеріне - ұлттық-мәдени орталықтар, қоғамдар мен қауымдастықтар басшыларына берілетін облыс Әкімінің гранттары туралы Ереже бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары К.М. Демешке жүктелсін.

      Облыс Әкімі

Жамбыл облысы Әкiмiнiң
2003 жылғы 29 сәуiрдегі
"Қазақстан халықтары кiшi
Ассамблеясының мүшелерiне -
ұлттық-мәдени орталықтар
қоғамдар мен қауымдастықтар
басшыларына облыс Әкiмiнiң
гранттарын беру туралы Ереженi
бекiту туралы" N 97 шешiмiмен
бекiтiлген

Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясының мүшелерiне -
ұлттық-мәдени орталықтар, қоғамдар мен қауымдастықтар басшыларына облыс Әкiмiнiң гранттарын беру туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Облыс Әкiмiнiң гранттары ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға, қоғамды бiрiктiруге және мәдениеттi дамытуға, ұлттық дәстүрлердi, салттарды насихаттауға, тiлдердi дамытуға қомақты үлес қосып отырған, облыста өткiзiлетiн қоғамдық-саяси және мәдени iс-шараларға белсендi қатысатын Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясының мүшелерiне - ұлттық-мәдени орталықтар, қоғамдар мен қауымдастықтар басшыларына берiледi.
      2. Гранттар жылына бiр рет Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясы хатшылығының қолдаухаты негiзiнде берiледi. Олардың санын және ақшалай көлемiн кiшi Ассамблея төрағасы белгiлейдi.
      3. Талапкер үшiн келесi құжаттар тапсырылады:
      - ұлтаралық келiсiмдi сақтау, мәдениеттi, ұлттық дәстүрлер мен салттарды, тiлдердi дамыту мәселелерi бойынша нақты қызметтi бейнелейтiн ұсыныс-мiнездеме;
      - талапкердi ұсынып отырған қоғамдық бiрлестiктiң басқару органының шешiмi;
      - талапкермен толтырылған кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке басының iс-қағазы;
      - талапкердi ұсынып отырған қоғамдық бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу туралы облыстың әдiлет басқармасы берген куәлiк.
      4. Талапкердi ұсыну құқығына облыс аумағында тұрақты iс-әрекет жасайтын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұлттық саясатын белсендi қолдайтын және жүргiзетiн ұлттық-мәдени орталықтар, қоғамдар мен қауымдастықтар ие.
      5. Грант иелерiне белгiленген үлгiдегi куәлiктер берiледi.
      6. Ақшалай төлемдер жылына бiр рет Қазақстан Халықтарының бiрлiгi күнiне қарай берiледi.
      7. Талапкердiң гранттарды берудiң негiзгi принциптерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерi мен қылықтары Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясы Хатшылығының ұсынысы бойынша ақшалай төлемдердi мерзiмiнен бұрын тоқтату және бұрын берiлген куәлiктi керi алу туралы шешiм қабылдауға негiз болады.
      Ақшалай төлемдердi мерзiмiнен бұрын тоқтату сондай-ақ ұлттық-мәдени бiрлестiктiң басшысын Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясының құрамынан шығару немесе оны грантты беру мерзiмi аяқталғанға дейiн қайта сайлау кезiнде мүмкiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады