Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Байзақ аудандық әкімиятының 2003 жылғы 25 ақпандағы № 8 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 14 мамырда № 949 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 12 тамыздағы № 480 қаулысымен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 12.08.2013 № 480 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарында қабылданған "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 14 тармағына сәйкес аудандық Әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларының қайтыс болған кезге дейін жұмыс істеген немесе "Жұмыс іздеуші" ретінде өкілетті органда есепте тұрған азаматтарын жерлеуге және "Жеңіс күні", "Қарттар мен мүгедектер күні" мерекелеріне сәйкес бір жолғы әлеуметтік (материалдық) көмек тағайындау және төлеу Қағидалары № № 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Бекітілген ережелерді басшылыққа ала отырып біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмектерді тағайындау және төлеу мақсатында аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жанынан арнайы комиссия N 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан Әкімінің орынбасары Ә. Қилыбаевқа жүктелсін.
      
      Аудан Әкімі

      Байзақ ауданы әкімиятының
2003 жылғы 25 ақпандағы
"Біржолғы әлеуметтік
(материалдық) көмек көрсету
қағидасын бекіту туралы"
№ 8 қаулысына № 1 қосымша

Тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларының қайтыс болған кезге дейін жұмыс істеген немесе жұмыс іздеуші ретінде өкілетті органда есепте тұрған азаматтарын жерлеуге арналған әлеуметтік (материалдық) көмек көрсету
ҚАҒИДАСЫ

      Осы Қағида "Жергілікті өкілетті органдарының шешімімен азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы" аудандық әлеуметтік қорғау басқармасының 51 бюджеттік бағдарламаға сәйкес тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларының қайтыс болған кезге дейін жұмыс істеген немесе "жұмыс іздеуші" ретінде өкілетті органда есепте тұрған азаматтарын жерлеуге арналған әлеуметтік (материалдық) көмекті тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.

1. Жалпы қағидалары

      1. Жерлеуге арналған әлеуметтік (материалдық) көмек аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жанынан аудан Әкімі шешімімен құрылған арнайы комиссия арқылы тағайындалады.
      2. Жерлеуге арналған әлеуметтік (материалдық) көмектің тағайындалғаны немесе одан бас тартылуы туралы комиссия шешімі ашық дауыспен қабылданады және комиссия мүшелерінің 2/3 бөлігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептелінеді. Мәжіліс хаттамасына комиссия мәжілісіне қатысқан барлық комиссия мүшелері қол қояды.
      3. Жерлеуге арналған әлеуметтік (материалдық) көмек меншік нысанына қарамай қайтыс болған күнге дейін жұмыс істеген немесе "жұмыс іздеуші" ретінде өкілетті органда есепте тұрған азаматтардың отбасыларына жанбасына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын жағдайда есептелініп төленеді.
      4. Отбасының жиынтық табысын анықтау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 11.04.02 ж. N 78, Әділет Министрінің 12.04.02 ж. тіркеу N 1821 бұйрықтарымен бекітілген "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының жиынтық табысын анықтау" Ережесіне сәйкес жүргізіледі.
      5. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы тағайындалған әлеуметтік көмек бойынша тізім әзірлейді және аудандық қаржы басқармасына қаржы бөлу жөнінде сұраныс дайындайды.

2. Әлеуметтік (материалдық) көмек
тағайындау тәртібі

      6. Жерлеуге арналған әлеуметтік (материалдық) көмекті алуға құқығы бар азамат осы көмекті тағайындауы үшін өз атынан салық төлеушінің тіркеу номерін және тиісті құжаттарды тіркей отырып, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына өтініш жасайды.
      7. Жерлеуге арналған әлеуметтік (материалдық) көмек көрсету туралы құжаттар өтініш қабылданған күннен бастап он күн ішінде қаралады.
      8. Жерлеуге арналған әлеуметтік (материалдық) көмек көрсетуден бас тартылған жағдайда комиссия өтініш иесіне жазбаша хабарлама жіберуге міндетті.
      9. Өтініш беруші өткізілген құжаттарының толықтығына және дұрыстығына Заңда белгіленген тәртіптер бойынша жауапты.
      10. Комиссия шешіміне наразылық сот тәртібімен шешіледі.

3. Әлеуметтік (материалдық) көмек
тағайындауға тиісті құжаттар

      11. Жерлеуге арналған әлеуметтік (материалдық) көмек алуға құқық беретін құжаттарға төмендегілер жатады:
      1) АХАЖ бөлімінің анықтамасы;
      2) өлуі туралы куәліктің көшірмесі;
      3) жұмыс істегендігін растайтын құжат (еңбек кітапшасы, еңбек шарты, жұмыс орнынан анықтама);
      4) қайтыс болған азаматты өз қаражаты есебінен жерлегені туралы ауыл әкімінің анықтамасы;
      5) өкілетті органның жұмыс іздеуші ретінде есепте тұрғандығын растайтын анықтамасы;
      6) отбасының кірістері туралы анықтамалар;
      7) отбасының қосалқы мал шаруашылығы және үй маңындағы жері туралы анықтама;
      8) әлеуметтік көмек алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
      9) салық төлеушінің тіркеу нөмері;
      10) әлеуметтік көмек алушының есеп шоты.

      12. Тиісті құжаттардың негізі мен көшірмесі құжаттарды тексеріп алуға қоса өткізіледі. Негізгі құжаттар өтініш иесіне құжаттар қабылданған соң қайтарылады.
      13. Тиісті құжаттардың болмауы әлеуметтік көмек көрсетуге бас тартуға негіз болып табылады.

4. Әлеуметтік көмек (материалдық) мөлшері

      14. Жерлеуге арналған әлеуметтік (материалдық) көмек Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңында белгіленген есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшері көлемінде көрсетіледі.
      15. Жерлеуге арналған әлеуметтік (материалдық) көмек, егер өтініш осындай құқық пайда болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей жасалса ғана тағайындалып төленеді.

5. Әлеуметтік (материалдық) көмек төлеу тәртібі

      16. Жерлеуге арналған әлеуметтік (материалдық) көмек аудандық бюджетте осы көмекті көрсетуге көзделген сома шегінде ғана жүзеге асырылады.
      17. Жерлеуге арналған әлеуметтік (материалдық) көмекті төлеу екінші деңгейдегі банк арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      18. Тағайындалған соманы алушылардың жеке шоттарына есептеу қаражаттың түсуіне қарай жүргізіледі.

      Байзақ ауданы әкімиятының
2003 жылғы 25 ақпандағы
"Біржолғы әлеуметтік
(материалдық) көмек көрсету
қағидасын бекіту туралы
№ 8 қаулысына № 2 қосымша

Жалғызбасты қариялар мен тұрмысы төмен отбасыларына Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек көрсету
ҚАҒИДАСЫ

      Осы қағидасы "Жергілікті өкілетті органдарының шешімімен азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы" аудандық әлеуметтік қорғау басқармасының 51 бюджеттік бағдарламаға сәйкес жалғызбасты қариялар мен тұрмысы төмен отбасыларына біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмекті тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді. (Бұдан әрі әлеуметтік (материалдық) көмек)

1. Жалпы қағидалар

      1. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жанынан аудан Әкімі шешімімен құрылған арнайы комиссия арқылы тағайындалады.
      2. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмектің тағайындалғаны немесе одан бас тартылуы туралы комиссия шешімі ашық дауыспен қабылданады және комиссия мүшелерінің 2/3 бөлігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептелінеді. Мәжіліс хаттамасына комиссия мәжілісіне қатысқан барлық комиссия мүшелері қол қояды.
      3. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек жалғызбасты қариялар мен тұрмысы кедейшілік шегінен төмен және мүгедектер отбасыларына бірде бір жұмыс істеушісі жоқ болған жағдайда есептелініп төленеді.
      4. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы тағайындалған әлеуметтік көмек бойынша тізім әзірлейді және аудандық қаржы басқармасына қаржы бөлу жөнінде сұраныс дайындайды.

2. Әлеуметтік (материалдық) көмек
тағайындау тәртібі

      5. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмекті алуға құқығы бар азамат осы көмекті тағайындауы үшін өз атынан тиісті құжаттарды тіркей отырып, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына өтініш жасайды немесе ауыл Әкімінің ұсынысы бойынша аудан Әкімінің өкімімен тағайындалады.
      6. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек көрсету туралы құжаттар өтініш қабылданған күннен бастап он күн ішінде қаралады.
      7. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек көрсетуден бас тартылған жағдайда комиссия өтініш иесіне жазбаша хабарлама жіберуге міндетті.
      8. Өтініш беруші өткізілген құжаттарының толықтығына және дұрыстығына Заңда белгіленген тәртіптер бойынша жауапты.
      9. Комиссия шешіміне наразылық сот тәртібімен шешіледі.

3. Әлеуметтік (материалдық) көмек тағайындауға
тиісті құжаттар

      10. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек алуға құқық беретін құжаттарға төмендегілер жатады:
      1) жеке төл құжаты немесе куәлігінің көшірмесі;
      2) тұрғылықты жерінен анықтама;
      3) тұрмыстық жағдайы зерттелгендігі туралы акт;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмері;
      5) мүгедектігі жөніндегі анықтама көшірмесі;
      6) көмек алушының есеп шоты.
 
       11. Тиісті құжаттардың негізі мен көшірмесі құжаттарды тексеріп алуға қоса өткізіледі. Негізгі құжаттар өтініш иесіне құжаттар қабылданған соң қайтарылады.
      12. Тиісті құжаттардың болмауы әлеуметтік көмек көрсетуге бас тартуға негіз болып табылады.

4. Әлеуметтік көмек (материалдық) мөлшері

      13. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңында белгіленген есептік көрсеткіштің 3 еселенген мөлшері көлемінде көрсетіледі.

5. Әлеуметтік (материалдық) көмек
төлеу тәртібі

      14. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек аудандық бюджет есебінен осы көмекті көрсетуге көзделген сома шегінде ғана жүзеге асырылады.
      15. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмекті төлеу екінші деңгейдегі банк арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      16. Тағайындалған соманы алушылардың жеке шоттарына есептеу қаражаттың түсуіне қарай жүргізіледі.

      Байзақ ауданы әкімиятының
2003 жылғы "25" ақпандағы
"Біржолғы әлеуметтік
(материалдық) көмек көрсету
қағидасын бекіту туралы
№ 8 қаулысына № 3 қосымша

Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне және Ауған Соғысына қатысушыларға төленетін біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек көрсету
ҚАҒИДАСЫ

      Осы Қағида "Жергілікті өкілетті органдарының шешімімен азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы" аудандық әлеуметтік қорғау басқармасының 51 бюджеттік бағдарламаға сәйкес ауданда тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне және Ауған Соғысына қатысушыларға біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмекті тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді (бұдан әрі әлеуметтік (материалдық) көмек).

1. Жалпы қағидалар

      1. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жанынан аудан Әкімі шешімімен құрылған арнайы комиссия арқылы тағайындалады.
      2. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмектің тағайындалғаны немесе одан бас тартылуы туралы комиссия шешімі ашық дауыспен қабылданады және комиссия мүшелерінің 2/3 бөлігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептелінеді. Мәжіліс хаттамасына комиссия мәжілісіне қатысқан барлық комиссия мүшелері қол қояды.
      3. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне және Ауған Соғысына қатысушыларға тағайындалып төленеді.
      Ұлы Отан Соғысы ардагерлерi мен мүгедектерi жыл бойы мерзiмдiк басылымның бiр данасымен тегiн қамтамасыз етiледі.<*>
      Ескерту. 3-бап толықтырылды - Байзақ ауданының әкімиятының 2003 жылдың 28 қарашасындағы N 230 қаулысымен.
      4. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы тағайындалған әлеуметтік көмек бойынша тізім әзірлейді және аудандық қаржы басқармасына қаржы бөлу жөнінде сұраныс дайындайды.

2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

      5. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмекті алуға құқығы бар азамат осы көмекті тағайындауы үшін өз атынан тиісті құжаттарды тіркей отырып, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына өтініш жасайды немесе ауыл Әкімдерінің ұсынысымен аудан Әкімінің өкімімен тағайындалады.
      Мерзiмдiк басылымдарға жазу баспасөзге жазылу науқаны кезеңiнде жылына 2 рет ұйымдастырылады.<*>
      Ескерту. 5-бап толықтырылды - Байзақ ауданының әкімиятының 2003 жылдың 28 қарашасындағы N 230 қаулысымен.
      6. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек көрсету туралы құжаттар өтініш қабылданған күннен бастап он күн ішінде қаралады.
      7. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек көрсетуден бас тартылған жағдайда комиссия өтініш иесіне жазбаша хабарлама жіберуге міндетті.
      8. Өтініш беруші өткізілген құжаттарының толықтығына және дұрыстығына Заңда белгіленген тәртіптер бойынша жауапты.
      9. Комиссия шешіміне наразылық сот тәртібімен шешіледі.

3. Әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті құжаттар

      10. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек алуға құқық беретін құжаттарға төмендегілер жатады:
      1) Ұлы Отан Соғысы ардагері мен мүгедектігі және Ауған соғысына қатысқаны туралы куәлігінің көшірмесі;
      2) тұрғылықты жерінен анықтама;
      3) жеке куәлігінің көшірмесі;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      5) көмек алушының есеп шоты.
      11. Тиісті құжаттардың негізі мен көшірмесі құжаттарды тексеріп алуға қоса өткізіледі. Негізгі құжаттар өтініш иесіне құжаттар қабылданған соң, қайтарылады.
      12. Тиісті құжаттардың болмауы әлеуметтік көмек көрсетуге бас тартуға негіз болып табылады.

4. Әлеуметтік көмек мөлшері

      13. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңымен белгіленген есептік көрсеткіштің 3 еселенген көлемінде көрсетіледі.

5. Әлеуметтік көмек төлеу тәртібі

      14. Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек аудандық бюджет есебінен осы көмекті көрсетуге арналған сома шегінде ғана жүзеге асырылады.
      15. Біржолғы әлеуметтік (материалдық)  көмекті төлеу екінші деңгейдегі банк арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      16. Тағайындалған соманы алушылардың жеке шоттарына есептеу қаражаттың түсуіне қарай жүргізіледі.

      Байзақ ауданы әкімиятының
2003 жылғы "25" ақпандағы
"Біржолғы әлеуметтік
(материалдық) көмек көрсету
қағидасын бекіту туралы
N 8 қаулысына N 4 қосымша

Біржолғы әлеуметтік (материалдық) көмек тағайындау
және төлеу комиссиясы құрамы:

      1. Әбдрахманова Бақтыкүл - комиссия төрайымы, аудандық ЕЖҚ және ХӘҚ басқарма бастығы;

      2. Алдабергенова Асылхан - комиссия хатшысы, аудандық ЕЖҚ және ХӘҚ басқармасының бөлім басшысы;

      3. Тұрлыбеков Нұржан - комиссия мүшесі, аудандық ЕЖҚ және ХӘҚ басқармасының бас маманы;

      4. Иманова Салтанат - аудан Әкімінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, комиссия мүшесі;

      5. Мұсаев Серік - аудандық қаржы бөлімінің қаржыландыру бөлімі басшысы, комиссия мүшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады