Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 12.08.2013 № 480 қаулысымен
"Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмiмен азаматтардың жеке санаттарына берiлетiн әлеуметтiк төлемдер туралы" аудандық әлеуметтiк қорғау басқармасының 51 бюджеттiк бағдарламасы арқылы Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен мүгедектерiн мерзiмдiк басылымның бiр данасымен жыл бойы тегiн қамтамасыз ету мақсатында аудандық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан Әкiмиятының 2003 жылғы 25 ақпандағы "Бiржолғы әлеуметтiк материалдық көмек көрсету қағидасын бекiту туралы" N 8 қаулысының 3 қосымшасына (Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгi, Жамбыл облыстық әдiлет басқармасында 2003 жылы 14-ші мамырда N 949 тiркелген, аудандық "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетiнде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 3-ші бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ұлы Отан Соғысы ардагерлерi мен мүгедектерi жыл бойы мерзiмдiк басылымның бiр данасымен тегiн қамтамасыз етiледі";
2) 5 бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мерзiмдiк басылымдарға жазу баспасөзге жазылу науқаны кезеңiнде жылына 2 рет ұйымдастырылады";
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Ә. Қилыбаевқа жүктелсін.
Аудан Әкiмiнiң мiндетiн
уақытша атқарушы Б. Торғаев