2003 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын дер кезінде жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, Жамбыл облысы әкімиятының 2003 жылғы 11 ақпандағы "2003 жылғы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарды несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" N 19 қаулысына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2003 жылдың 25 қарашасына дейінгі мерзімде қайтару шартымен Республикалық бюджеттен алынған қаражаттар есебінен аудан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларына жалға немесе сатып алу үшін 20,0 миллион теңге, оның ішінде минералды тыңайтқыштарға 1,3 миллион теңге бөлінсін.
2. 2003 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендірудің облыс әкімиятының 2003 жылғы 11 ақпандағы N 19 қаулысына 1-ші қосымшасымен бекітілген Ережесіне сай жүргізілсін.
3. Үстеме ақысыз берілетін несиелік ресурстар ауыл шаруашылық тауарлар өндірушілердің несиелік ресурстар бөлгенде картоп, майлы дақылдар, қант қызылшасын көлемін көбейтуге және минералды тыңайтқыштарды сатып алуға тапсырыс берген ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің жобалары басым деп есептелсін.
4. Жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алуға пайдаланатын несие ресурстарын алуға бірдей мүмкіндік туғызуды қамтамасыз ету үшін 1 қосымша сәйкес арнайы комиссия құрамы бекітілсін.
5. Аудан мәслихатының сессиясында осы қаулының бекітілуі сұралсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Нұралиевке жүктелсін.
Аудан Әкімі
Аудан әкімиятының 2003 жылғы 28 ақпан
"2003 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау
жұмыстарын жүргізуге несие беру туралы"
N 19 қаулысымен бекітілген
2003 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын
жүргізуді ұйымдастыру үшін Жуалы ауданның
ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерін несиелендірудің
ЕРЕЖЕСІ
1. Осы Ережелер көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын ұйымдастырып жүргізу үшін, 2003 жылға республикалық бюджеттен бөлінетін несиелік ресурстарды беру тәртібі мен шарттарын белгілейді. 2. Өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының басымдылықтарын ескере отырып және олардың егіс көлемдеріне қарай, қайтару мерзімі 2003 жылдың 25 қарашасына дейінгі шартпен, республикалық бюджеттен алынған қаражаттар есебінен, Жамбыл облысы әкімиятының 2003 жылғы 11 ақпандағы N 19 "2003 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын ұйымдастыру жүргізуге несие беру туралы" қаулысына сәйкес, 2003 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін, ауданның ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге несиелік ресурстар бөлінеді.
3. Үстеме ақысыз (мүдде) берілетін несиелік ресурстар, жер негізгі өндіріс көзі болып табылатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жанар-жағармай материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алу үшін жұмсалуы керек.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 22.08.2001 жылғы N 263 және Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 22.08.2001 жылғы N 207 "Субсидиялауға жатқызылатын минералды тыңайтқыштардың ассортименті мен көлемін белгілеу туралы" біріккен бұйрығына сәйкес несиелік ресурстарды бөлгенде минералды тыңайтқыштарды сатып алуға тапсырыс берген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жобалары басым деп есептелсін.
4. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде әрекет етуші аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан әкімінің қаржы басқармасы және несие алушылар болып үш жақты несиелік келісім жасайды, соған сәйкес жанар-жағармай материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алуға несиелік ресурстар ретінде пайдаланылатын облыстық бюджет қаражатының уақтылы және толық қайтарылуына аудан әкімінің қаржы бөлімі және аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы жауап береді.
Бюджеттік несие белгіленген мерзімде қайтарылмаған жағдайда облыстық қаржы басқармасымен тиісті жергілікті бюджеттердің ағымдағы шоттары бойынша барлық шығыс операциялары тоқтатылады, және де Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы "Бюджеттік несиелер бойынша өтелмеген қарыз сомаларын жергілікті бюджеттердің шоттарының есептерінен шығару Ережесін бекіту туралы" N 46 бұйрығына сәйкес облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген қорытындысы негізінде бюджет несиесінің сомасы аудандық бюджет шоттарының есептерінен шығарып тасталады.
5. Несие ресурстарын алуға, несие алушылар төмендегі құжаттарды аудандық ауыл шаруашылық басқармаларына тапсырады: техника-экономикалық негіздемесі бар бизнес-жоспар, меншікке иелік құқығы туралы мемлекеттік тіркеу куәлігімен қоса құжаттар көшірмесі, жер беру актісі мен жарғы және құрылтайшы құжат көшірмесі, соңғы жылдың балансы (заңды тұлғалар үшін), кепілге қойылатын мүлік тізбесі, кепілдікке - аналық мал бастары, қамсыздандырылған астық, астық өнімдері, салық органдарынан қарыздары жоқтығы туралы, қаржы органынан бұрын берілген бюджеттік несиеден қарыздары жоқтығы туралы, сол сияқты өзіне қызмет көрсететін банктен мерзімі өткен қарызы жоқтығы туралы анықтамалар, тапсырылуы тиіс.
Аудандық несие бөлу жұмысшы комиссиясының шешіміне байланысты, кепілдік беруші мен кепілдік алушы арасындағы кепілдік-келісім шарты аудандық қаржы бөліміне жүктелсін.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге берілген өсімсіз несиені алу үшін өткізген құжаттары жұмыс комиссиясының сараптауынан өткеннен кейін несие ресурстары әрбір несиелердің есеп шотына аударылып отырсын.
Бұл жерде, бекітілген лимит бойынша несие ресурстарын алуға несие алушылар тапсырылатын тиісті құжаттардың кезегінің сақталуы қатаң қадағалануы керек.
3. Бюджеттік несиелерді өтеу және қызмет
көрсету тәртібі
6. Бюджеттік несиелерді өтеу тәртібі және қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдер Ережесінің 180-186 тармақтарына сай жүзеге асырылады, бұл жағдайда:
1) несиені алушы несиені мақсатсыз пайдаланғаны үшін аудандық бюджет кірісіне мақсатсыз пайдаланылған соманы құяды, сондай-ақ мақсатсыз пайдаланылған соманың 10 пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді, бұл сома одан кейін облыстық бюджетке қайтарылады;
2) несие алушы оның қайтарылу мерзімін бұзған жағдайда әрбір кешіктірілген күн үшін қарыз сомасының 0,1 пайыз мөлшерінде аудандар бюджетіне айыппұл төлейді.
4. Бюджет несиелерін есепке алу және бақылау
7. Бюджет несиелерін есепке алу және бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген, көрсетілген Ереженің 31 тарауына сай жүзеге асырылады.
Аудан әкімиятының 2003 жылғы 28 ақпан
"2003 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау
жұмыстарын жүргізуге несие беру туралы"
N 19 қаулысына 1 қосымша
А. Нұралиев - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
К. Дәуренов - аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары.
К. Әміров - аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маман-бас бухгалтер, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Қ. Ахметов - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі;
А. Айтқұлов - жер ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы;
Н. Ергебеков - аудандық жер инспекциясының бастығы;
Г. Құндызбекова - аудандық салық комитетінің төрайымы;
С. Сабеев - аудандық экономика басқармасының бастығы;
Ж. Қананов - аудандық шаруа қожалығы қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
С. Махамбетов - шағын және орта кәсіпкерлікті қолдану жөніндегі комитеттің төрағасы;
К. Қалымбетова - аудандық қаржы бөлімінің бас маманы.
А. Донбай - аудандық қаржы бөлімінің ішкі бақылау бөлімінің бөлім бастығы.