2003 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге несие беру туралы

Жаңа

Меркі аудандық әкімиятының 2003 жылғы 1 сәуірдегі N 58 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 18 сәуірде N 931 тіркелді

      Аудан ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілеріне 2003 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын дер кезінде жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының N 31 бабы 4 және 5 тармақтарының негізінде, 2003 жылдың 14 ақпанындағы аудандық маслихаттың екінші шақырылған XXI-ші сессиясының "2003 жылғы аудандық бюджет туралы және 2001 жылғы бюджеттің орындалуы туралы" N 21 шешіміне сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерін несиелеуге (жанар-жағармай материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алу үшін) аудандық бюджеттен 1,0 миллион теңге бөлінсін.
      2. 2003 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді несиелендірудің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
      3. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді несиелеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы бекітілсін.
      4. Бюджеттік несиелеудің қаржылық агентінің міндетін атқарушы және қатысушы банктерді конкурс бойынша іріктеу, сол сияқты соңғы несие алушылардың өткізген құжаттарын сараптау үшін мынандай құрамда аудандық конкурстық комиссия құрылсын:
      Ахметжанов Ільяс Бекботшаұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
      Бұтабаев Садық Салыұлы - аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары.
      Найзабеков Төребек Қайсарұлы - аудандық экономика басқармасының бас маманы, комиссия хатшысы.     

                       КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:

      Иманбетов Бақытжан Молдақұлұлы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі.
      Абылқасымов Шорман Төреханұлы - аудандық экономика басқармасының бастығы.
      Тоқпабетов Мұрат Қабылжанұлы - аудан әкімі аппаратының заң кеңесшісі.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебіне ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептік нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдер Ережесінің 18 тарауына сай соңғы несие алушы - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді бюджеттік несиелеуді жүзеге асырушы қаржылық агентінің міндеті жүктелетін заем беруші банкті анықтау үшін конкурстық комиссия екінші деңгейдегі банктер арасында тендер өткізсін.
      6. Осы бюджеттік несиені қайтару мерзімі 2003 жылдың 30 қарашасына дейін деп белгіленсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Б. Ахметжановқа жүктелсін.

      Меркі ауданының әкімі

Аудан әкімиятының 2003
жылғы 1 сәуір "2003 жылдың
көктемгі-егіс және егін
жинау жұмыстарын жүргізуге
несие беру туралы" N 58
қаулысымен бекітілген

2003 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін аудан ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерін несиелендірудің Ережесі

1. Жалпы Ережелер

      1. Осы Ережелер 2003 жылдың 14 ақпанындағы аудандық маслихаттың екінші шақырылған XXI-ші сессиясының 21 шешіміне сәйкес, аудандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерін несиелеуге аудандық бюджеттің 1,0 миллион теңге қаражатын пайдаланудың негізгі ережелерін белгілейді.

      2. Аудандық бюджеттен берілетін қаржы, ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру үшін аудандық маслихат бекіткен сома шегінде қысқа мерзімдік несие түрінде бөлінеді.

      3. Ауыл шаруашылығы жобаларын бюджеттік несиелеудің негізгі шарттары, несиелерді осы Ережелерде қарастырылған мақсаттарға бағыттау, бюджеттік несие сомасынан 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыз көлемінде жылдың сый ақы төленуін ескере отырып, несиелердің дер кезінде қайтарылуын қамтамасыз ету.

      4. Ауыл шаруашылығы жобаларын несиелеу кезінде конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша белгіленген несие беруші - банктер осы Ереженің талаптары негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшісімен бірге нақты бюджет бағдарламасының шарттарын және оны жүзеге асыруға қатысу дәрежесін белгілейді, несие келісімдерін жасайды және соған қатысты құжаттар (кепілдік шарт, төлем кестелері және т.б.) дайындайды.

      5. Аудан әкімі және банктер келісім жасасуға құқылы, соған сәйкес банктер ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыруда несие ресурстары ретінде пайдаланылатын бюджет қаражатының уақтылы және толық қайтарылуы бойынша кепілдік және толық жауап береді.
      Несие шартында сол сияқты несиенің түрі, саласы, мерзімі және несиені алу мен өтеудің өзге шарттары мен міндеттері, оларды қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдері, соңғы несие алушыларға банктердің несие беру шарттары, сыйақылардың мөлшері және тәртібі, екі жақтың құқықтары мен міндеттері, келісім шарттары орындалмаған жағдайда салынатын санкциялар, даулы мәселелердің шешілу тәртібі, шарттың қолдану мерзімі көрсетіледі.
      Келісім жасасқаннан кейін үш күн ішінде олар аудандық қазынашылық бөлімінде тіркеуден өткізілуі тиіс.

      6. Несие беруші - банктерді іріктеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдер Ережесінің 18 тарауына сай конкурстық комиссия жүзеге асырады.

2. Бюджеттік несиенің бағыттары

      7. Аудандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілеріне қолдау көрсету шаралары шеңберінде несие ресурстары негізгі және айналым қорларын толықтыруға, өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының басымдықтарын ескере отырып және олардың егіс көлемдеріне қарай берілетін несие, жер негізгі өндіріс көзі болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жанар-жағармай материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқым дәрілеушілер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алу үшін бөлінеді.

3. Жобаларды қабылдау, қарау және мақұлдау тәртібі

      8. Несие алуға талап білдіргендер, ұсынатын ауыл шаруашылығы жобаларын аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасына өткізеді. Бұл жобаларды аудандық конкурстық комиссия хатшысы қабылдайды. Құжаттар, несиелеу туралы қаулы аудандық газетке шыққан күннен бастап 15 күн ішінде қабылданады.
      Соңғы несие алушылардың құжаттарына қойылатын талаптар:
техника-экономикалық негіздемесі бар бизнес-жоспар, меншікке иелік құқығы туралы заңды құжаттар көшірмесі, жер беру актісі, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, жарғы және құрылтайшы құжат көшірмесі, соңғы жылдың балансы (заңды тұлғалар үшін) құжаттардың көшірмесі қоса тіркелген кепілге қойылатын мүлік тізбесі, салық органдарынан бюджет алдында қарыздары жоқтығы туралы, өзіне қызмет көрсететін банктен мерзімі өткен қарызы жоқтығы туралы, аудандық жер инспекциясының бекітілген жердің пайдалану жағдайы туралы, жергілікті қаржы органынан жергілікті бюджеттен алған несиеден қарызы жоқтығы жөнінде анықтамалар тапсыруы тиіс. Осы көрсетілген құжаттардың біреуі кем болған жағдайда, құжаттар тіркеуге алынбайды.
      Аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы шаруашылықтар ұсынған жобаларды іріктеп болғаннан кейін, бір апта ішінде олардың салалық даму бағдарламаларына сәйкестігі туралы сараптау қорытындысын береді, жобаларды несие беруші банктерге жібереді.
       9. Жобаны кешенді сараптауды несие беруші-банк жұзеге асырады
      Несие беруші-банктер мынандай жолдар арқылы соңғы несие алушылардың ұсыныстарын сараптайды: несие алушылардың төлем мүмкіндігі мен бюджет несиелерін өтемеу тәуекелдерінің дәрежесін талдау, техника-экономикалық және жобаның қаржылық көрсеткіштерін талдау, несиені өтеудің көздері мен қамтамасыз етілуін тексеру.
       10. Тапсырылған жобаларға қатысты қабылданған шешімдерімен бірге жүргізілген банк сараптауларының нәтижелерін несие беруші-банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген, көрсетілген Ереженің 178 пунктіне сай келісілу үшін аудандық конкурстық комиссияға жолдайды.
      Несиелеу туралы қабылданған оңды шешімдер нәтижелері бойынша заем беруші-банк пен заем алушы арасында несиелік келісім жасалады, сол сияқты бюджеттік несиелерге қатысты басқа да құжаттар рәсімделеді.
       11. Келісімдер жасасқаннан кейін несие беруші банктер несие алушыларға несиелік шоттар ашады, несиелік келісімдерге сай оларға бюджеттік несиелер аударылады. Аталған шоттан несиелер заем алушының есепшотына ақша аудару не оның төлемдік құжаттарын төлеу арқылы жүргізіледі.

4. Бюджеттік несиелерді өтеу тәртібі және
қызмет көрсету

      12. Бюджеттік несиелерді өтеу тәртібі және қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген, көрсетілген Ереженің 180-186 тармақтарына сай жүзеге асырылады, бұл жағдайда:
      1) несиені алушы несиені мақсатсыз пайдаланғаны үшін аудандық бюджет кірісіне мақсатсыз пайдаланылған соманы құяды, сондай-ақ мақсатсыз пайдаланылған соманың 10 пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді.
      2) несие алушы оның қайтарылу мерзімін бұзған жағдайда әрбір кешіктірілген күн үшін қарыз сомасының 0,1 пайыз мөлшерінде аудан бюджетіне айыппұл төлейді.

5. Бюджет несиелерін есепке алу және бақылау

      13. Бюджет несиелерін есепке алу және бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген, көрсетілген Ереженің 31 тарауына сай жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады