Азаматтардың жекелеген санаттарына Заңға сәйкес тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Меркі аудандық мәслихатының 2003 жылғы 4 маусымдағы № 24-4 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 4 шілдеде № 1005 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы № 18-7 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы мәслихатының 22.08.2013 № 18-7 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 7, 9, 14, 15 тармақтарына сәйкес және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы", 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-1 "Халықты әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша бір қатар заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" және Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылғы 13 ақпандағы № 31-П "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгілеудің тәртібін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйлерді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру қағидалары бекітілсін.
      
      Аудандық Мәслихат                          Аудандық Мәслихат
      сессиясының төрайымы                       хатшысы

Меркi аудандық мәслихатының кезектен тыс
2003 жылдың 4 маусымы күнi № 24-4
"Азаматтардың жекелеген санаттарына
заңға сәйкес тұрғын үйдi ұстауға және
коммуналдық қызметтердi төлеу үшiн
тұрғын-үй жәрдемақысын беру қағидаларын
бекiту туралы шешiмiмен бекiтiлген

Азаматтардың жекелеген санаттарына Заңға сәйкес тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi төлеу үшiн тұрғын үй жәрдемақысын беру қағидалары

1. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртiбi

      1. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрғын үйдi ұстауы мен коммуналдық қызметке байланысты төлем шығындарының үлесi отбасы табысы жиынтығының 30 пайыздан астамын құрайтын отбасыларға тағайындалады.

      2. Тұрғын үй жәрдемақысы қолма-қол төленбейдi. Ол өтiнiш берушiнiң тiлегi бойынша коммуналдық қызмет көрсететiн мекемеге аударылады.

      3. Мүгедектердi және стационарлық емделуде бiр айдан астам уақыт кезеңiнде болатын адамдарды, магистратура мен аспирантураны қоса алғанда күндiзгi оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттердi, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ, I және II топтағы мүгедектердi, сексен жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды бағып күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмысқа қабiлеттi мүшесi бар отбасыларға тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.

      4. Тұрғын үй жәрдемақысы өзiнiң жеке меншiгiнде немесе жалға алған үйi, немесе пәтерi бар адамдарға тағайындалып, төленедi. Меншiгiнде екi немесе одан да көп үйi, немесе пәтерi бар адамдарға тұрғын үй жәрдемақысы өзi тұратын бiр үйiне ғана төленедi.

      1) Тұрғын үй жәрдемақысын алуға өтiнiш берушiнiң отбасындағы жұмысқа қабiлеттi мүшесiнiң бiреуiнiң өткен тоқсанда жұмыс iстегенiне немесе уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелгенiне бiр ай болса, бiр айға ғана, екi ай болса, екi айға ғана тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалады.
      2) Тұрғын үй жәрдемақысын алуға өтiнiш берушiнiң отбасындағы мүшесiнiң бiреуiнiң немесе бiрнешеуiнiң ақысыз демалыста болған, сондай-ақ ұжым мүшесi болғанымен жұмыс iстеп табыс таппаған жағдайда тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.

      5. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшiн өтiнiш иесi өз атынан жеке басының куәлiгi мен әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) берiлгендiгi туралы куәлiгiн көрсете отырып, әр тоқсан сайын аудандық ЕХЖҚ және ҮҚ басқармасына төмендегi құжаттарды:

      1) өтiнiш;
      2) тұрғылықты жерi және отбасы құрамы туралы анықтама;
      3) жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталықтың анықтамасы;
      4) отбасы мүшелерiнiң табыстары туралы анықтамалары (тұрғын үй жәрдемақысы және атаулы әлеуметтiк көмектен басқасы);
      5) үйдi немесе пәтердi жалға алушылар уәкiлеттi органда тiркелген келiсiм-шартының көшiрмесiн;
      6) жеке, қосалқы шаруашылығы туралы осы тәртiппен белгiленген нысандағы қосымшаны тапсырады.

      6. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға өтiнiш берушiнiң отбасындағы жұмыс iстеушiлердiң еңбекақысы Қазақстан Республикасының әр жыл сайын бекiтiлетiн "Республикалық бюджет туралы" Заңында белгiленген ең төменгi айлық мөлшерiнен төмен болмауы тиiс. Егер жұмыс iстеушiлердiң бiреуiнiң өткен тоқсандағы еңбекақысының бiр айы ең төменгi айлық мөлшерiнен кем болмаса бiр айға ғана, екi айы кем болмаса екi айға ғана тұрғын үй жәрдем ақысы тағайындалады.

      7. Жеке кәсiпкерлер, шаруа қожалықтарының мүшелерi және өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың табыстары өздерiнiң жазбаша мәлiмдеуi бойынша алынады.

      8. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау оны алуға өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады. Өтiнiш берген ай есептеледi. Отбасы мүшелерiнiң жиынтық табысына өтiнiш берiлiп отырған айдың алдындағы тоқсандағы тұрғын үй және атаулы әлеуметтiк көмектi қоспағанда, ақшалай және заттай нысанда алынған табыстардың барлық түрi енгiзiледi.

      9. Отбасы құрамына тұрғын үй коммуналдық көмек есептеп тағайындаған кезде төменгi көрсетiлген азаматтар есепке алынбайды.
      1) Толық мемлекеттiк қамсыздандырудағы балалар;
      2) Интернат-үйлерде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;
      3) Мерзiмдi әскери қызметтегi адамдар;
      4) Бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегi адамдар.

      10. Аудандық ЕХЖҚ және ӘҚ басқармасы өтiнiш берушiден құжаттарды қабылдап алғаннан кейiн, оны аудандық тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау комиссиясына ұсынады. Комиссия он күн iшiнде қарап, шешiм қабылдайды. Тағайындаудан бас тартқан жағдайда оның себебiн көрсетiп, өтiнiш иесiне жазбаша хабарлайды. Өтiнiш иесi қанағаттанбаған жағдайда жоғары органдарға, сондай-ақ сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

      11. Өтiнiш берушi құжаттардағы көрсетiлген мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығы үшiн Қазақстан Республикасының Заң актiлерiне сәйкес жауап бередi. Жалған құжаттардың негiзiнде төленiп кеткен сомалар өтiнiш берушiден өз еркiмен, ал ол бас тартқан жағдайда сот тәртiбiмен қайтарылады және ол содан кейiнгi алты айға тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады.

      12. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды бюджетте көзделген сома шегiнде аудандық ЕХЖҚ және ӘҚ басқармасы жүзеге асырады және оның тағайындалуы мен төленуiнiң ұйымдастырылуының дұрыстығы үшiн жауапты болады.

      13. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөнiндегi аудандық комиссия аудан Әкiмiнiң өкiмiмен құрылады.

2. Тұрғын үй жәрдемақысының көлемi

      14. Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары" туралы Заңының № 75 бабына сәйкес бiр адамға берiлетiн пайдалы тұрғын алаң 15 шаршы метр, бiрақ бiр бөлмелi пәтерден кем емес пайдалы тұрғын алаңы есептелiнедi.

      15. Қысқы жылыту мезгiлi жыл сайын аудандық Мәслихаттың шешiмiмен белгiленедi және осы уақыттарға тұрғын үйдi жылыту шығындары есептелiнедi.

      16. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшiн коммуналдық қызмет көрсетудiң төмендегi түрлерi мен 1 айдағы тұтыну мөлшерi (Жамбыл облыстық әдiлет басқармасына 2003 жылдың 22 ақпандағы 851 тiркеу нөмерiмен тiркелген, Жамбыл облыстық Әкiмiнiң 2002 жылдың 22 желтоқсандағы N 220 "Тамақ дайындауға және шаруашылық-тұрмыстық қажеттiлiк үшiн жылытуға табиғи газда тұтыну мөлшерi туралы".)

      1) табиғи газбен жылынатын тұрғын үйлерге:
      1 шаршы метр тұрғын үй алаңын жылыту үшiн газ мөлшерi - нормативке сәйкес 7,88 метр куб;
      1 адамға тамақ дайындау үшiн табиғи газ мөлшерi - 28 метр куб;
      1 адамға жұмсалатын салқын судың мөлшерi нормативке сәйкес - 2,4 метр куб;
      1 адамға жұмсалатын электр қуатының мөлшерi, нормативке сәйкес - 45 квт.сағ. болып белгiленсiн.
      2) көмiрмен жылынатын тұрғын үйлерге:
      1 шаршы метр тұрғын үй алаңын жылыту үшiн көмiр мөлшерi 15,6 кг болып белгiленсiн;
      1 адамға тамақ дайындау үшiн сұйытылған газ мөлшерi - 8,2 кг;
      1 адамға жұмсалатын салқын судың мөлшерi нормативке сәйкес - 2,4 метр куб;
      1 адамға жұмсалатын электр қуатының мөлшерi, нормативке сәйкес - 45 квт.сағ. болып белгiленсiн.

      17. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшiн коммуналдық қызмет көрсетудiң өтiнiш берiлген айдың алдындағы тоқсанының тарифтерi алынады. Егер ол айдың әр қайсысында әр түрлi болса, орташа тарифi алынады. Аудандық ЕХЖҚ және ӘҚ басқармасына тиiстi органдар бекiткен коммуналдық қызмет көрсету тарифтерiн (көмiрден басқасын) сол қызметтi көрсететiн аудандық мекемелер, кәсiпорындар ұсынады.

      18. Тұрғын үйдi жылыту үшiн 1 кг көмiрдiң аудандағы қалыптасқан сату және сатып алудың орташа бағасы 2002-2003 жылдың қысқы мерзiмде сатылған көмiрдiң бағаларына жүргiзiлген мониторинг негiзiнде 2,8 мың теңге болып белгiленсiн.

      19. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау барысында, әр от басының бiрге тұрып жатқан мүшелерi мен тұрғын үйiнiң нақты пайдалы алаңы бойынша жәрдемақы көлемi есептелiнедi. Тұрғын үйдiң пайдалы алаңы отбасының әрбiр мүшесiне шаққанда 15 шаршы метрден көп болған жағдайда жәрдемақы сол тиiстi пайдалы алаңға ғана (15 метр квадрат) есептеледi.

      20. Ауданда табиғи газ болмаған жағдайда бұрынғы жылға есептелген тұрғын үй және коммуналдық жәрдемақыларды аудандық Мәслихаттың шешiмiмен норматив бойынша көмiрге қайта есептеуге рұқсат етiледi.
      Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
      ӘЖК - Әлеуметтік Жеке Код
      ӘҚ - Әлеуметтік Қорғау
      ЕХЖҚ - Еңбек және Халықты Жұмыспен Қамту

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады