Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 26.02.2019 № 59 қаулысымен. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Аудан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне нақты қаржылық қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бап 1 тармақ 4, 5 тармақшалары негізінде аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2003 жылдың 12 ақпанындағы аудандық мәслихаттың екінші шақырылған ХХІV сессиясының "2003 жылғы аудандық бюджет туралы және 2001 жылғы бюджеттің орындалуы туралы" N 24-4 (Әділет басқармасында 19.03.2003 ж. тіркелген N№878) шешіміне сәйкес, ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін ассигнация есебінен несиеленуге аудандық бюджеттен 16,554 млн. теңге бөлінсін.
2. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы жобаларын бюджеттік несиелеу Ережесі бекітілсін.
3. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімгері болып аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N№832 "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" қаулысының 18 тарауының 162 тармағына сәйкес бөлінген бюджеттік несие мыналарға жұмсалатын болсын:
1) 2003 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 2,5 млн. теңге көлемінде;
2) Талас ауданының ауыл аймақтарын сүт дайындауды ұйымдастыруға (сүт қабылдайтын пункттерге тоңазытқыш тағы басқа керекті құрал жабдықтар) алу үшін 2,5 млн. теңге көлемінде;
3) 2003 жылдың күзгі-егіс жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 2,5 млн. теңге көлемінде.
5. Аудан ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілердің басқа салалық мақсаттарға арналған жобаларын қаржыландыруға 9,054 млн. теңге жіберілсін.
6. Осы бюджеттік несиені қайтару 2003 жылдың 1 қыркүйегіне дейін деп белгіленсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Балтабай Бекежановқа жүктелсін.
Аудан | әкімі |
2003 жылғы 8 мамырдағы N 37 Аудан әкімиятының "Аудан ауылшаруашылығын қолдауға және дамытуға аудандық бюджеттен несие беру туралы" қаулысымен бекітілген |
1. Ауылшаруашылығы жобаларын бюджеттік несиелеудің
Ережесі
1. Осы Ереже мен тәртіп /бұдан әрі қарай Ереже/ 2003 жылдың 12-ші ақпанда аудандық мәслихаттың екінші шақырылған ХХІV сессиясының шешіміне сәйкес, аудандық ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерін несиелеуге аудандық бюджеттің 16,554 млн. теңгені қаражатын пайдаланудың негізгі ережелерін белгілейді.
2. Аудандық бюджеттен берілетін қаржы, ауылшаруашылығы жобаларын қаржыландыру үшін ауданның мәслихат бекіткен сома шегінде орта мерзімдік несие түрінде орталықтандырылып, 5 пайыз жылдық өсіммен бөлінеді.
3. Ауылшаруашылық жобаларын бюджеттік несиелеудің негізгі шарттары, несиелерді осы Ережелерде қарастырылған мақсаттарға бағыттау, бюджеттік несие сомасынан 0,01 пайыз /нөл бүтін жүзден бір пайыз/ көлемінде қайтарылуын қамтамасыз ету.
4. Ауылшаруашылығы жобаларын несиелеу кезінде аудандық комиссия аудандық қаржы бөліміне іріктеу нәтижелері бойынша осы Ереженің талаптары негізінде бюджеттік бағдарлама басқарушысымен бірге нақты бюджет бағдарламасының шарттарын және оны жүзеге асыруға қатысу дәрежесін белгілейді, несие келісімдерін жасайды және соған қатысты құжаттар /кепілдік, шарт, төлем кестелері және тағы басқа/ дайындайды.
5. Бағдарлама әкімгері аудан әкімінің ауылшаруашылық басқармасы несие шарттарын қаржыландыруға пайдаланатын несие ресурстары ретінде жұмсалатын бюджет қаражаттарының дер кезінде толық қайтарылуы жөнінде толық жауапты болады.
Несие шартында сол сияқты несиенің нысаны, сапасы, мерзімі және несиені алу мен өтеудің өзге шарттары мен міндеттері, келісім шарттары орындалмаған жағдайда салынатын санкциялар, даулы мәселелердің шешілу тәртібі, шарттың қолдану мерзімі көрсетіледі.
2. Бюджеттік несиенің бағыттары
6. Отандық ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсету шараларын шеңберінде несие ресурстары негізгі және айналым қорларын толықтыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін фермалар мен цехтарды қайта құруға, республикалық және жергілікті инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға, сондай-ақ жүн дайындау үшін бөлінеді.
7. Жарғылық капиталының 51 пайыздан кем емес бөлігі Қазақстандық заңды және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жобаларының мынандай өлшемдері басшылыққа алына отырып несиеленеді:
1) жобаның импортты алмастырушы бағыты;
2) өндірілетін тауардың ішкі және сыртқы рыногта өтімділігіне сенімді негізі және қажетті рынок көлемі болуы;
3) жаңадан ашылатын және қалпына келтіретін жұмыс орындарының саны;
4) жобаның тиімділігі.
3. Жобаларды қабылдау, қарау, мақұлдау және несие ресурстарының бөлінуі тәртібі
8. Несие алуға талап білдіргендер, ұсынатын ауыл шаруашылығы жобаларын, тікелей аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасына өткізеді.
Несие алушылардың құжаттарына қойылатын талаптар; технико-экономикалық негіздемесі бар бизнес-жоспар, меншік иелік құқығы туралы заңды құжаттарының көшірмесі, жер беру актісі, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, жарғы және құрылтайшы құжат көшірмесі, соңғы жылдың балансы (заңды тұлғалар үшін) құжаттардың көшірмелері қоса тіркелген кепілге қойылатын мүлік тізбесі, салық органдарынан бюджет алдында қарыздары жоқтығы туралы, өзіне қызмет көрсететін банктен мерзімі өткен қарызы жоқтығы туралы, аудандық жер инспекциясының бекітілген жердің пайдалану жағдайы туралы, жергілікті қаржы органынан жергілікті бюджеттен алған несиеден қарызы жоқтығы жөнінде анықтамалар тапсыруы тиіс. Осы көрсетілген құжаттардың біреуі кем болған жағдайда, құжаттар толық болғанға дейін тіркеуге алынбайды.
9. Жобаны кешенді сараптауды аудан әкімінің ауылшаруашылық басқармасы бір апта ішінде жүзеге асырады.
Аудан әкімінің ауыл шаруашылық басқармасы мынандай жолдар арқылы несие алушылардың ұсыныстарын сараптайды:
1) несие алушылардың төлем мүмкіндіктері мен бюджет несиелерін өтемеу тәуекелдерінің дәрежесін талдау;
2) экономикалық мақсатқа сәйкестігі;
3) технико-экономикалық және жобаның қаржылық көрсеткіштерін талдау;
4) несиелерді өтеудің көздері мен қамтамасыз етілуін тексеру.
10. Несиелеу туралы қабылдаған оңды шешімдер нәтижелері бойынша аудан әкімінің ауылшаруашылық басқармасы мен несие алушы арасында несиелік келісім жасалады, сол сияқты бюджеттік несиелерге қатысты басқа да құжаттар рәсімделеді.
4. Бюджеттік несиелерді өтеу тәртібі
және қызмет көрсету
11. Бюджеттік несиелерді өтеу тәртібі және қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысының бекітілген, көрсетілген Ереженің 180-186 тармақтарына сай жүзеге асырылады.
5. Бюджет несиелерін есепке алу және бақылау
12. Бюджет несиелерін есепке алу және бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бектілген, көрсетілген Ереженің 31 тарауына сай жүзеге асырылады.