Балқаш қаласы әкiмияты Резервiнiң қаражатын пайдаланудың Қағидасын бекiту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімиятының 2003 жылғы 20 наурыздағы N 8/5 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 10 сәуірде N 1121 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N 22/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2007.05.31 N 22/04 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" Заңын, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" N 1408 қаулысын iске асыру мақсатында Балқаш қаласының әкiмияты Қаулы етедi:
      1. Балқаш қаласы әкiмияты резервiнiң қаражатын пайдаланудың Қағидасы бекiтiлсiн (Қосымша).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

      Балқаш қаласы әкiмiнiң
      мiндетiн атқарушы

Балқаш қаласы әкiмиятының
2003 жылғы 20 наурыздағы
N 8/5 "Балқаш қаласы әкiмияты
Резервiнiң қаражатын пайдаланудың
Қағидасын бекiту туралы"
қаулысымен Бекiтiлген
Қосымша

Балқаш қаласы әкiмияты резервiнiң қаражатын пайдаланудың
Қағидасы

      Осы Қағида Балқаш қаласы әкiмияты резервiнiң қаражатын бөлудiң және пайдаланудың ретiн белгiлейдi.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      қала әкiмиятының резервi - тиiстi қаржы жылына арналған қалалық бюджетте көзделген және бiр жолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшiн қала әкiмиятының қаулысы бойынша бөлiнетiн қаражат;
      көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған қалалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде күнi бұрын жоспарлау мүмкiн емес және ағымдағы қаржы жылында кейiнге қалдырмай қаржыландыруды талап ететiн шығыстар;
      қалалық бюджеттен қаржыландыратын қала әкiмияты мен атқарушы органдарының мiндеттемелерiн өтей үшiн қала әкiмияты резервiнiң құрамындағы қаражат - қала әкiмияты резервiнiң құрамында көзделетiн және сот шешiмдерi бойынша қала әкiмияты мен атқарушы органдарының мiндеттемелерiн өтеу үшiн қалалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бөлiнетiн қаражат;
      қала әкiмияты резервiнiң қаражатын алушы - қалалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi.
      2. Қала әкiмияты резервiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бiр жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға келесi шаралар:
      1) Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайларды жою, бұған кiретiндер:
      төтенше жағдайлардың пайда болу нәтижесiнде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
      зардап шеккендер үшiн уақытша тұруға және тамақтануға орындар дайындау және ұстау;
      шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтiру бөлiмшелерiн техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтарымен және жарақтарымен жарақтандыру;
      төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдардың тасымалдануын қамтамасыз ету;
      2) Сот шешiмдерi бойынша облыс әкiмиятының, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеу;
      3) Қала әкiмиятының қаулысымен айқындалатын өзге де күтiлмеген шығыстар жатады.

2. Қала әкiмияты резервiнiң қаражатын бөлудiң және пайдаланудың тәртiбi

      1. Қала әкiмиятының резервiнен қаражат бөлудi, қала әкiмиятының қаулысы негiзiнде, заңдармен белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн қаржыландыруды ашу арқылы, тиiстi қаржы жылына арналған қалалық бюджеттiң шығыстарының құрамында осы мақсаттарға бекiтiлген мөлшерлер шегiнде қаржы бөлiмi жүзеге асырады, онда алушы, бөлiнетiн қаражаттың көлемi мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ, қаражат қайтарымды негiзде бөлiнген жағдайда оларды берудiң шарттары мен қайтарудың мерзiмдерi көрсетiледi.
      2. Қала әкiмиятының резерв қаражаттарының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Қағида мен қала әкiмиятының резервтен қаражат бөлу туралы қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
      3. Қала әкiмиятының резервiнен қаражат бөлу туралы қала әкiмиятының қаулысын дайындаған кезде мынадай шарттар:
      1) Қалалық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған бөлiнетiн ақшаның болмауы;
      2) сот шешiмдерi бойынша қала әкiмияты мен атқарушы органдарының мiндеттемелерiн өтеу жағдайларын қоспағанда, қала әкiмиятының резерв қаражатына қажеттiлiк ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттiлiгi алушының бұрынғы мiндеттемелерiмен байланысты болмауы ескерiледi.
      4. Берiлген несие толық өтелгеннен кейiн күшiн жоятын әкiмияттың резервiнен қаражат бөлу туралы қала әкiмиятының қаулысы, қала әкiмиятының тиiстi қаулысы негiзiнде жыл аяқталғанға дейiн күшiн жояды.

3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу

      Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда, резервтен қаражат бөлу туралы айқындалған тәртiппен берiлетiн негiзделген материалдар мен олардың тiзiмдемелерiн Төтенше жағдайлар жөнiндегi қалалық басқарма қарайды және табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет кезде Қаржы бөлiмiнiң келiсiмi бойынша төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат бөлу туралы қаулының жобасын қала әкiмиятының мәжiлiсiне тапсырады.

4. Сот шешiмдерi бойынша қала әкiмияты мен атқарушы органдарының мiндеттемелерiн өтеуге қаражат бөлу

      1. Сот шешiмдерi бойынша қала әкiмиятының, атқарушы органдарының мiндеттемелерiн өтеу, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда қала әкiмиятының қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi. Қолданыстағы заңдардағы көзделген негiздемелер болған жағдайда сот шешiмдерi бойынша төлемдер жүргiзуге мiндеттi қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар аталған шешiмдерге барлық сот сатыларында шағым беруге тиiс.
      Атқарушы органдар шағым берiлген сот кесiмдерiнiң көшiрмелерiн қалалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне беруi тиiс.
      Атқарушы органдар өздерiнiң заңсыз қабылдаған кесiмдерi үшiн, сондай-ақ, өздерiнiң лауазымды адамдарының әкiмшiлiк басқару саласындағы заңсыз iс-әрекеттерi үшiн оларға "Әкiмшiлiк шығыстар" бағдарламасы бойынша бөлiнген ақшамен жауап бередi.
      2. Қала әкiмиятының мiндеттемелерiн өтеуге қала әкiмиятының резервiнен қаражат бөлу туралы қала әкiмияты қаулысының жобасын белгiленген заңдылықтар тәртiбiмен Қаржы бөлiмi дайындайды.
      3. Атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеуге қала әкiмиятының резервiнен қаражат бөлу туралы қала әкiмиятының қаулысының жобасын тиiстi атқарушы органдар белгiленген заңдылықтар тәртiбiмен Қаржы бөлiмiмен келiсiп дайындайды және қала әкiмиятының аппаратына тапсырады.

5. Өзге де көзделмеген шығыстарға қаражат бөлу

      1. Қала әкiмиятының резервiнен өзге де көзделмеген шығыстарға қаражат бөлу үшін қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері Қаржы бөліміне тиісті негіздемелерімен және есептеулерімен бірге қаражат бөлу туралы өтініш тапсырады.
      2. Қаржы бөлімі берілген өтініш негізінде қала әкімиятының резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі, не болмаса мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
      Қаржы жылының ішінде қаражатты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де көзделмеген шығыстарға тиiмдi бөлу мақсатында өтiнiштi қарау кезiнде, қала әкiмиятының резервiнен өзге де көзделмеген шығыстарға бөлiнетiн қаражаттың сомасы, әрбiр ағымдағы тоқсанда қалалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де көзделмеген шығыстарға көзделген жылдық соманың 25%-нен аспауы тиiс. Бұл ретте қала әкiмиятының резервiнен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтiлмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы қала әкiмиятының бұрын қабылданған қаулылары есепке алынады.
      3. Қалалық бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң өтiнiшi бойынша оң қорытынды болған жағдайда қала әкiмиятының резервiнен өзге де көзделмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы қала әкiмияты қаулысының жобасын белгiленген заңдылықтар тәртiбiмен Қаржы бөлiмiмен келiсiп осы қалалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi дайындайды.

6. Бақылау және есептiлiк

      1. Қала әкiмиятының резервiнен бөлiнген қаражатты алушылар Қаржы бөлiмi белгiлеген тәртiппен және уақытында олардың пайдалануы, орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп беруi тиiс.
      2. Қаржы бөлiмi қала әкiмиятының резерв қаражатын пайдалану және тиiстi кезеңге оның қалдықтары туралы қала әкiмиятына ай сайын ақпарат тапсырады.
      3. Қала әкiмиятының резервiнен бөлiнетiн қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшiн алушы Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған тәртiппен жауап бередi.
      4. Қала әкiмиятының резервiнен қаражатты мақсатқа пайдалануға бақылау жасауды Қаржы бөлiмi жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады