Бюджеттік алуларды берудің және субвенциялар бөлу шартының Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық Мәслихатының XXVI сессиясының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 296 шешімі. Қарағанды облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 16 шілдеде N 1249 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының XX сессиясының 2009 жылғы 19 қарашадағы N 257 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының XX сессиясының 2009.11.19 N 257 шешімімен.

      Облыс әкімімен анықталған аудандар мен қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алуларды берудің және облыстық бюджеттен аудандар мен қалалардың бюджеттеріне субвенциялар бөлу шартының Ережесін қараған аудандар мен қалалардың Мәслихаттарымен келісіліп, облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Аудандар мен қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алуларды берудің және облыстық бюджеттен аудандар мен қалалар бюджеттеріне субвенциялар бөлу шартының Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Сессия төрағасы

      Облыстық Мәслихаттың хатшысы

Облыстық Мәслихаттың 2003 жылғы
10 шілдедегі "Бюджеттік алуларды
берудің және субвенциялар бөлу
шартының Ережесін бекіту туралы"
XXVI сессиясының N 296 шешімімен
бекітілген

Аудандар мен қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алуларды берудің Ережесі және облыстық бюджеттен аудандар мен қалалардың бюджеттеріне субвенциялар бөлу шарты

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бюджет жүйесі туралы" Заңының негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережесін бекіту туралы" N 832 қаулысына сәйкес әзірленді және аудандар мен қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алуларды берудің тәртібі мен кезеңдігін және облыстық бюджеттен аудандар мен қалалардың бюджеттеріне субвенциялар бөлудің шартын анықтайды.
      1. Облыстық қаржы басқармасы:
      - облыстық бюджетке аудандар мен қалалардың бюджеттерінен берілетін бюджеттік алулардың пайыздарын аудандар мен қалалардың әкімдеріне, облыстық Қазынашылық басқармасы мен оның аумақтық органдарына жеткізеді;
      аудандар мен қалалардың бюджеттерінің субвенцияларына шектеулі бюджеттік ақшаларды бөлгенде қажетті жағдайда ағымдағы айдың 1 жұлдызындағы жағдай бойынша 2002 жылы облыстық бюджетте қарастырылған бюджеттік алулардың жалпы көлемінің салыстырмалы сомасынан облыстық бюджетке түсімдердің пайызын ескереді;
      жергілікті бюджеттердің шоттарында қаражаттар жетіспеген жағдайда аудандар мен қалалардың әкімдерінің өтініштері бойынша бірінші кезектегі төлемдерді жасау үшін белгіленген тәртіпке сәйкес бұларды әрі қарай жете төленбеген және өндірілетін сомаларға жатқызып аудандар мен қалалардың бюджеттерінен күнделікті бюджеттік алуларды тоқтатады.
      2. Аудандық және қалалық қаржы бөлімдері:
      аудандық және қалалық Қазынашылық бөлімдеріне облыстық қаржы басқармасымен келісіп, аудандардың (қалалардың) бюджеттерінің кірістеріне жеткізілген бюджеттік алулар мен болжамды сомалардың пайызын ескеріп, ай сайынғы қарастырылатын бюджеттік алуларды бөлу сомасынан жергілікті бюджеттерді қаржыландыру жоспарына өзгерістерді тапсырады;
      облыстық Мәслихаттың сессиясының шешімі бекіткен бюджеттік алулардың көлемі шегінде аудандық (қалалық) Қазынашылық бөлімдеріне аудандар мен қалалардың қаржы бөлімдерінің меңгерушілері қол қойған және облыстық бюджетке аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен бюджеттік алуларды төлем тапсырмаларымен аударуға қаржылық рұқсаттар арқылы аударулар жасайды. Алым сомасы аудандар мен қалалардың бюджеттерінің кірістерінен өткен күндердің қорытындылары бойынша қаржы басқармасы бекіткен алулардың пайызын ескеріп анықталады ("салықтық түсімдер", "салықтық емес түсімдер", 107102 коды бойынша "жергілікті бюджеттерге қарыздардың түсімдері" кірістері шығарылған "капиталмен операциялардан кірістер", 107103 "әлеуметтік салық бойынша жергілікті бюджетке қарыздардың түсуі", 201209 "жергілікті атқарушы органдардан қарызға алынған қаражаттар есебінен бұл мақсатқа аймақтық инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен бөлінетін кредиттер бойынша сыйақылардың түсімдері"). Бюджеттік алулар облыстық бюджетке бірінші кезектегі тәртіппен аударылады;
      өткен айларда бюджеттік алулар артық төленсе, артық төленген сомаға бюджеттік алулар аударуды жасамайды;
      бюджеттік алулар жете төленбесе жоғарыда қолданылған тәртіппен есептелген бюджеттік алулардан тыс сомада жете төленбеген мөлшерді орнына толтыруға дейін, бірақ ағымдағы күннің басында аудандар мен қалалардың бюджеттерінің шоттарында жатқан қалдықтан 60% аспайтын аударулар жасайды;
      аудандар мен қалалардың бюджеттерінің орындалуы туралы есептерді қалыптастырғанда олардың шоттарынан аударылған бюджеттік алулардың сомасы қаржылық рұқсаттар мен төлем тапсырмалары негізінде бюджеттік топтастыруларда келісілгендей бюджеттердің шығыс бөліктеріне сәйкестендіріліп көрсетіледі.
      3. Облыстық Қазынашылық басқармасы, аудандардың және қалалардың Қазынашылық бөлімдері (облыстық бюджетке бюджеттік алуларды аударатын аудандар мен қалалар бойынша):
      - аудандық, қалалық қаржы бөлімдерінің ұсыныстарымен бюджеттік алуларды аудандық, қалалық қаржы бөлімдерінің қаржылық рұқсаттары мен төлем тапсырыстары негізінде аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджетке аударуды қамтамасыз етеді;
      жергілікті бюджеттерге тиісті КСН қалдықтарына сәйкес күн сайын бюджеттік алуларды аудару туралы ақпаратты ескеріп, артық төленген және жете төленбеген сомаларды анықтайды;
      артық төленгені және кем төленгені ескерілген күн сайынғы бюджеттік алуларды аудару туралы ақпаратты нақтылайды және күн сайын бюджеттік алуларды аудару, артық төленген және кем төленген сомалар туралы анықтамалар қалыптастырады;
      тиісті қаржы жылына дейін күн сайын бюджеттік алуларды аудару туралы ақпаратты жеткізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады