Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2011.11.23 N 28/17 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" N 357-I, Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2002 жылдың 31 қазандағы N 351-II, 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-II Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" N 1408 қаулысын, аталған қаулыға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 230 және 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1210 қаулыларымен енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында Жезқазған қаласы әкімияты қаулы етеді:
1. Жергілікті атқарушы органның резервінің қаражатын пайдаланудың Қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Мұса Тұрманұлы Танабаевқа жүктелсін.
Қала әкімі Ж. Ибаділдин
"Жергілікті атқарушы органның
резервінің қаражатын пайдаланудың
Қағидасын бекіту туралы" Жезқазған
қаласы әкімиятының 2003 жылғы
2 шілде N 312/7 қаулысымен
бекітілген N 1 қосымша
Жергілікті атқарушы органның резервінің қаражатын пайдаланудың
Қағидасы
Осы қағида жергілікті атқарушы органның резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың ретін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы қағидада мынандай ұғымдар пайдаланылады:
жергілікті атқарушы органның резерві - тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджетте көзделген шығыстарды қаржыландыру үшін қала әкімиятының қаулысы бойынша бөлінетін қаражат;
көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған қалалық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар;
қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қала әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті атқарушы органның резервінің құрамындағы қаражат - жергілікті атқарушы органның резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша қала әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу үшін қалалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлінетін қаражат;
жергілікті атқарушы органның резервінің қаражатын алушы - қалалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі немесе қала әкімі.
2. Жергілікті атқарушы органның резервінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға келесі шаралар:
1) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою, бұған кіретіндер:
төтенше жағдайлардың пайда болу нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
зардап шеккендер үшін уақытша тұруға және тамақтануға орындар дайындау және ұстау;
шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтарымен және жарақтарымен қосымша жарақтандыру;
төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдардың тасымалдануын қамтамасыз ету.
2) сот шешімдері бойынша қала әкімиятының, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу;
3) қала әкімиятының қаулысымен айқындалатын өзге де күтілмеген шығындар жатады.
2. Жергілікті атқарушы органның резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі
3. Жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлуді, қала әкімиятының қаулысы негізінде, заңдармен белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджеттің шығыстарының құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшерлер шегінде қаржы бөлімі жүзеге асырады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ, қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда оларды берудің шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.
4. Жергілікті атқарушы органның резерві қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Қағида мен жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу туралы қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
5. Жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу туралы қала әкімиятының қаулысын дайындаған кезде мынандай шарттар:
1) қалалық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған бөлінетін ақшаның болмауы;
2) сот шешімдері бойынша қала әкімияты мен атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органның резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы ескеріледі.
6. Жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу туралы қала әкімиятының қаулысы, қала әкімиятының тиісті қаулысы негізінде жыл аяқталғанға дейін күшін жояды.
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
7. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою жергілікті атқарушы органның резерві қаражаттары есебінен қаржыландырылуы тиіс.
8. Төтенше жағдайлардың салдарын, оның ауқымы мен таралу аймағын жою үшін, жергілікті атқарушы органның резервінен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша шараларды қаржыландыру қаланың жергілікті атқарушы органында қаражаттар мен ресурстар жетіспеген жағдайда жүзеге асады.
9. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда, резервтен қаражат бөлу туралы айқындалған тәртіппен берілетін негізделген материалдар мен олардың тізімдемелерін Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық басқарма қарайды және табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет кезде қаржы бөлімінің келісімі бойынша төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат бөлу туралы қала әкімияты қаулысының жобасын қала әкімиятының мәжілісіне тапсырады.
4. Сот шешімдері бойынша қала әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу
10. Сот шешімдері бойынша қала әкімиятының, атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда жергілікті атқарушы органның резерві қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
Қолданыстағы заңдардағы көзделген негіздемелер болған жағдайда сот шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар аталған шешімдерге барлық сот сатыларында шағым беруге тиіс.
Атқарушы органдар шағым берілген сот кесімдерінің көшірмелерін қалалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне беруі тиіс.
Атқарушы органдар өздерінің заңсыз қабылдаған кесімдері үшін, сондай-ақ, өздерінің лауазымды адамдарының әкімшілік басқару саласындағы заңсыз іс-әрекеттері үшін оларға "Әкімшілік шығыстар" бағдарламасы бойынша бөлінген ақшамен жауап береді.
11. Қала әкімиятының міндеттемелерін өтеуге жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу туралы қала әкімияты қаулысының жобасын белгіленген заңдылықтар тәртібімен қалалық қаржы бөлімі дайындайды.
12. Атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу туралы қала әкімиятының қаулысының жобасын тиісті атқарушы органдар белгіленген заңдылықтар тәртібімен қалалық қаржы бөлімімен келісіп дайындайды және қала әкімиятына тапсырады.
5. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу
13. Жергілікті атқарушы органның резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу үшін бюджеттік бағдарлама әкімшілері қалалық қаржы бөліміне тиісті негіздемелерімен және есептеулерімен бірге қаржы бөлу туралы өтініш тапсырады.
14. Қалалық қаржы бөлімі берілген өтініштің негізінде жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі, не болмаса мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
15. Қаржы жылының ішінде қаражатты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға тиімді бөлу мақсатында өтінішті қарау кезінде, жергілікті атқарушы органның резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға бөлінетін қаражаттың сомасы, әрбір ағымдағы тоқсанда қалалық бюджетте табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға көзделген жылдық соманың 25%-нен аспауы тиіс. Бұл ретте жергілікті атқарушы органның резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы қала әкімиятының бұрын қабылдаған қаулылары есепке алынады.
16. Қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда жергілікті атқарушы органның резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы қала әкімінің қаулысының жобасын белгіленген заңдылықтар тәртібімен қалалық қаржы бөлімімен келісіп осы қалалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі дайындайды.
6. Бақылау және есеп беру
17. Қалалық қаржы бөлімі жергілікті атқарушы органның резерв қаражатын пайдалану және тиісті кезеңге оның қалдықтары туралы қала әкімиятына жылына екі рет (жарты жыл және жыл қорытындысымен) ақпарат тапсырады.
18. Жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін, алушы, Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған тәртіппен жауап береді.
19. Жергілікті атқарушы органның резервіндегі қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылауды қалалық қаржы бөлімі жүзеге асырады.