Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010.12.01 N 37/286 шешімімен.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 311, 543 баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы
заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат шешім етті:
1. Балқаш қаласында мысықтарды және иттерді ұстау қағидасы бекітілсін (қосымша)
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясына (Ахрименя Г.Е.) жүктелсін.
Сессия төрағасы Е. Мұхамедияр
Қалалық мәслихат хатшысы Б. Жаубасов
N 1 қосымша
2003 жылдың 23 сәуірінде
қалалық мәслихат сессиясының
"Балқаш қаласында мысықтар
мен иттерді ұстау қағидасын
бекіту туралы" N 29/279
шешімімен бекітілген
Балқаш қаласында мысықтарды және иттерді ұстау
қағидасы
1. Осы қағидалар қалалық мәслихат бекіткеннен кейін өз қызметін қала аумағында жүзеге асыратын, немесе қала аумағында тұратын жеке меншіктің барлық түріндегі заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
2. Мысықтар мен иттерді ұстау қағидасының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 311, 543 баптарына сәйкес тиісті уәкілетті органға (ішкі істер бөліміне) жүктеледі.
2. Мысықтарды және иттерді ұстау
3. Инфекцияға қарсы сақтандыру және ауруға қарсы алдын ала қолданатын шаралар жүргізу және есепке алу мақсатында оларды Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің аумақтық басқармасының қалалық мал дәрігерлік бөлімінде тіркеуге міндетті.
4. Рұқсат етіледі:
1) мал дәрігерлік және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің рұқсатымен зообұрыштарда, сауықтыру мекемелерінде мысықтарды және иттерді ұстауға;
2) мысықтарды және иттерді байлауда және қоршалған, оңашаланған аумақтарда еркін қыдыртуға;
3) мекемелер мен ұйымдарда күзетші иттерді тек ғана байлауда ұстауға;
4) адамдардың қауіпсіздігін міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, мал отарларында және табындарда, оқу - жаттықтыру алаңдарында иттерді тұмсық торсыз және байлаусыз ұстауға;
5) жалпы пайдаланудағы орындарға иттерді қысқа қарғы баумен (ұзындығы бір метрге дейін), тұмсық тормен шығаруға;
6) тұмсық тормен және қысқа қарғы баумен арнайы белгіленген жерлерде, бос жерлерде қыдыртуға;
Қыдырту орындарын қалалық құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлім белгілейді;
7) адамдардың қауіпсіздігін міндетті түрде қамтамасыз ете отырып көлік түріне тиісті тәртіпке сәйкес мысықтар мен иттерді қоғамдық көліктерде алып жүруге;
8) көршілерінің медициналық жақпайтын көрсеткіші болмаса және олардың келісімімен, туысқандық қарым - қатынасы жоқ, екі және одан, артық отбасылары (жанұялар) тұратын тұрғын үйлерде соның ішінде пәтерлерде иттер ұстауға.
5. Рұқсат етілмейді:
1) Егерде мысықтар мен иттер үйлердің жабық кіріс жолын (подъездің) және екі сатының арасын, лифттерді, сол сияқты спорт, балалар алаңдарын, газондарды, көшенің жаяу адамдар жүретін бөлігін (тратуарларды), серуен құру, тынығу мақсатымен табиғи немесе қолдан орнатылған жасыл желекті демалыс орындарында (парктерде) нәжістерін қалдырса, оны иелері тазартуға тиіс;
2) Мал дәрігерлік қызметінің рұқсатынсыз иттер төбелесін өткізуге;
3) Жалпы пайдаланымдағы жерлер мен саябақтарды, спорт ойыны үшін істелген арнаулы алаңдарды, парктерді, жағалауларды тұмсық торсыз және қысқа қарғы баусыз пайдалануға;
4) Кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі тұлғалардың ірі иттерді қыдыртуына;
5) Су қоймаларында мысықтар мен иттерді шомылдыруға.
6. Елді мекендер аумағында иесіз мысықтар мен иттер қаңғыбас болып саналады және арнайы қызметтердің аулауына жатады.
7. Қаңғыбас мысықтар мен иттерді аулауды коммуналдық - шаруашылық кәсіпорындар жүргізеді.
3. Осы ережелерді бұзғандығы үшін жауапкершілік
8. Осы Ережелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінде (311, 543 баптары) қарастырылған санкциялар қолданылады.