Жәйрем-Атасу аймағындағы жасыл алқаптарды ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының XXVI сессиясының 2003 жылғы 21 шілдедегі N 26/286 шешімі. Қарағанды облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 26 тамызда N 1285 тіркелді. Күші жойылды - Қаражал қалалық мәслихатының XIX сессиясының 2009 жылғы 16 шілдедегі N 173 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қаражал қалалық мәслихатының XIX сессиясының 2009.07.16 N 173 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылдың 23 қаңтарындағы N 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ETTІ :
      1. Жәйрем-Атасу аймағындағы жасыл алқаптарды ұстау және қорғау Қағидасы N 1 , 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім жарияланған күннен бастап eкі апта өткеннен кейін күшіне енеді.

      XXVI сессияның төрағасы                    Е. Аханов

      Қалалық Мәслихаттың хатшысы                Б. Әлин

Қаражал қалалық мәслихаттың
2003 жылғы 21 шілдедегі
ХХVI сессиясының N 26/286
"Жәйрем-Атасу аймағындағы жасыл
алқаптарды ұстау және қорғау
Қағидасын бекіту туралы" шешіміне
N 1 қосымша

Жәйрем - Атасу аймағындағы жасыл алқаптарды ұстау және қорғау
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида қалалық Мәслихат бекіткен соң қала аумағында орналасқан немесе қызмет атқарып жүрген меншік нысанының барлық түріндегі заңды және жеке тұлғаларға бірдей болып табылады.
      2. Қалада қажетті көркейту жағдайын қамтамасыз ету үшін қала әкімінің жанындағы "Құрылыс және сәулет мәселелері жөніндегі бөлім" Мемлекеттік мекемесі (әрі қарай "ҚСБ" ММ) қызмет атқарады. Бұл мекеме көркейту, жалпы қолданыс аймақтарындағы мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі үйлестіру қызметтерінің бір шама функцияларын іске асырады. Көркейту объектілерін және элементтерін сондай-ақ инженерлік инфраструктураны қорғау, сақтау, ағымды және күрделі жөндеу жасау мәселелері бойынша келісім шарттар жасасады.
      "ҚСБ" ММ негізгі жұмысы, қаланың санитарлық жағдайын, көркейту және көгалдандыру деңгейін көтеру болып табылады.
      3. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылған жұмыстар тендірді ұтқан заңды және жеке тұлғалармен іске асырылады.
      4. Көркейту объектілерін және элементтерін сондай-ақ инженерлік инфраструктураны, жасыл алқаптарды, қоршаған ортаны қорғауды бақылау, санитарлық жағдайды қамтамасыз ету уәкілетті мемлекеттік органдарымен орындалады ("ҚСБ" ММ, санитарлық полиция және солар сияқты).
      5. Осы құжаттың ережелерін бұзған заңды немесе жеке тұлғалар қолданыстағы заңдарға сәйкес жауап береді.

2. Жасыл алқаптарды ұстау және қорғау

      6. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасыл қордың сақталуын қамтамасыз ету әр азаматтың міндеті. Жалпы қолданыс аймақтарындағы жасыл алқаптар қол сұғылмайтын мемлекеттік қор құрап заңмен қатал қорғалады.
      7. Жасыл алқаптарды зиянды жәндіктерден, аурулардан дер кезінде қорғау келесідей іс шараларды құрайды:
      1) көгалдандырылған орындарды дер кезінде және қажетті суару;
      2) жерді дер кезінде сапалы өңдеу және құнарту;
      3) ағаштар айналасын сондай-ақ қатар араларын дер кезінде және ауқымды өңдеу;
      4) зиянды жәндіктердің санын болжауға, аурулардың дамуына, және зиян тасмалдаушылардың қайталануына есеп жасау негізінде қорғау құралдары арқылы биологиялық және химиялық өңдеу жасау.
      8. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізетін заңды және жеке тұлғалар құрылыс астына түсетін көгалдандырылған орындардың және газондардың қайта салыну төлемін сметада ескерту қажет және ол жұмыстарды жүргізуге рұқсат жергілікті атқарушы органдарынан алынады.
      9. Жасыл алқаптарды жою (оның ішінде кесу, түзету) "ҚСБ" ММ келісімімен тек арнаулы мекемелерімен атқарылып, сол арнаулы мекеменің есебіне одан әрі жасыл алқаптарды отырғызу, қалпына келтіру құнын (оның ішінде келтірілген залал) төлеген соң жүргізіледі.
      10. Аймақты көгалдандыруды қабылдау бір адамға 5-6 м2 ұсынылады.
      11. Ағаштар мен көшеттер ескірген сайын, қала мекемелерінің келісуімен жаңа ағаш түптерін отырғызу қажет. Жасыл алқаптарды ғимараттардан қаншалықты алшақтыққа орналастыру, N 2 қосымшада берілген нормативтерге сәйкес болу қажет.
      12. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында заңды және жеке тұлғалардың міндеттері:
      1) жасыл алқаптарды зақымданудан қорғау;
      2) жолдарды, тротуарларды, алаңдарды және басқа да инженерлік коммуникацияларды салғанда ағаш түптерінде диаметірі 1 метрлік шеңбер орындары жасалып, қажет болған жағдайда ол жерлерге екпе шөптер отырғызылып немесе оларды қорғау қарастырылсын;
      3) жасыл алқаптарда орналасқан жолдар мен тротуарларды қайта жаңарту жасалған жағдайда жер деңгейінен тік белгі өзгертілуі 5 см аспау қажет, жоғарғы деңгей төмендеген немесе жоғарлаған жағдайда жобаларда, жасыл алқаптардың жақсы өсу жағдайының сақталуы қарастырылсын;
      4) құрылыс жүргізіліп жатқан ғимараттар алдарына жол салынғанда жасыл алқаптардың орналасуын және олардың қоршауларын бұзбау ескерілсін.
      13. Жасыл алқаптарды ұстауды бақылау, жоспарланған (көктемде және күзде) және кезексіз (қалың қар, катты жаңбырлар және желдер өткеннен кейін) тексеріс қараулар арқылы жасалады. Тексеріс барысында жөндеу, ұстау, қарау және отырғызу жұмыстарының сапасы мен көлемін анықтау үшін, көркейту және жасыл алқаптар элементтері толық қаралады.
      14. Жасыл алқаптарды ұстау, қорғау және қайта салу міндеті, бекітілген аумақтардың иелеріне, жер пайдаланушыларына, заңды және жеке тұлғаларына тапсырылады:
      1) мөлтек аудандарында, тұрғын үйлер алдарындағы көшелерде - ПИК, тұрғындар қорының иелері;
      2) жалпы қолданыстағы объектілерде (парктарда, скверлерде және т.б) және көше бойларында "ҚСБ" мемлекеттік мекемесінің келісуімен арнаулы мекемелер;
      3) өндірістік мекемелер, зауыттар мен фабрикалар және басқа да меншік нысанынан тыс объектілерінде, сондай-ақ бекітілген аумақтарда, санитарлық аймақтарда аталған объектілер басшылары немесе иелері;
      4) құрылысқа берілген аумақтарда, құрылыс жұмыстары басталған күннен - құрылыс жүргізуші мекеме.
      15. Меншіктің барлық түріндегі мекемелерге, кәсіпорындарға және азаматтарға төмендегідей әрекеттер жасауға тиым салынады:
      1) қала әкімінің рұқсатынсыз ағаштарды кесуге, газондарды, гүлзарларды және басқа да жасыл алқап алаңдарын қазуға;
      2) жасанды мұздардың ерітінділерін газондарға құюға;
      3) жасыл алқаптарға, газондарға пластмассалық шөлмектерді, пакеттерді және тағы басқа ыдыстар мен қалдықтарды тастауға;
      4) сақтау шараларының қолдануынсыз, төбелердегі қарды, тротуарлар мен жолдардан ойылған мұз үйінділерін, жасыл алқап учаскелеріне тастауға;
      5) ағаштардан смола, шырын өндіруге, белгілер мен жазулар оюға сондай ақ өсімдіктерге механикалық зақым жасауға;
      6) ағаштарға жарнамалық хабарландырулар, бағыттаушы және нөмірлік белгілерді қағуға сондай-ақ алтыбақан, турник, орындықтар, киім кептіретін жіптер ілу үшін ілгектер мен шегелерді қағуға;
      7) ағаштар айналасындағы бордюраларды, газондарды және гүлзарларды бұзуға.
      16. Ірі қара малдары бар тұрғындар оларды скверлер мен парктерге жаюға болмайды. Жасыл алқаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажет. Малдарын аталған аймақтарға жайған тұрғындарға Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес шара қолданылады.
      17. Жасыл қор мен алқаптардың сақталуын бақылау және осы қағиданы сақтау сәйкесті өкілетті органдары және "ҚСБ" мемлекеттік мекемесі мамандарымен іске асырылады.
      18. Қала аумағында орналасқан барлық жасыл алқаптар қай учаскеде орналасқанына және кімнің қарамағында болғанына қарамастан, қаланың жасыл қоры болып есептеледі.

3. Осы қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік

      19. Осы қағидаларды бұзғандарға 2001 жылдың 30 қаңтарындағы N 155-II "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес санкциялар қолданылады.
      20. Қала әкімі жанындағы "Құрылыс және сәулет мәселелері жөніндегі бөлім" мемлекеттік мекемесі осы қағидаларды бұзғандағы үшін Заңдармен белгіленген тәртіпке сәйкес жауап береді.

Қаражал қалалық мәслихаттың
2003 жылғы 21 шілдедегі
ХХVI сессиясының N 26/286
"Жәйрем-Атасу аймағындағы жасыл
алқаптарды ұстау және қорғау
Қағидасын бекіту туралы" шешіміне
N 2 қосымша

Ағаштар мен көшеттердің ғимараттардан орналасу ара қашықтығы

-----------------------------------------------------------
Ғимарат, инженерлік көркейту ! Жасыл желектердің, нысандар
объектісі                    ! мен ғимараттарға дейінгі
                             ! орналасу ара қашықтығы, м.
                             !-----------------------------
                             !    Ағаш       !  Көшет
-----------------------------------------------------------
Ғимараттың сыртқы            !               !
қабырғаларынан               !     5         !   1,5
Арықтар мен авто жолдарынан  !     2         !   1
Тротуарлар мен бақша         !               !
жолдарынан                   !     0,7       !   0,5
Жарықтандыру желілерінің     !               !
мачталары мен бағандарынан,  !               !
шеңберлерден, галереялардан  !               !
және эстакадалардан          !     4         !   -
Терасса жиектерінің          !               !
табандарынан және тағы басқа !               !
сүйеу қабырғаларының ішкі    !               !
шектерінен және табандарынан !     1         !   0,5
Жер асты желілері:           !               !
Газ құбырларынан, канализация!               !
құбырларынан                 !     3         !   1
Жылыту желілері (канал       !               !
қабырғасынан) тоннелдарынан  !     1,5       !   -
Немесе каналсыз салынған     !               !
желілерден                   !     2         !   1
Су құбырлары, дренаж         !     2         !   -
Қуатты желі және байланыс    !               !
желілерінен                  !     2         !   0,7
-----------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады