Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының V сессиясының 2012 жылғы 20 маусымдағы N 46 шешімімен.
Ескерту. Мәтін бойынша абзацтардың алдында "-" белгісі алынып тасталды - Қаражал қалалық мәслихатының 2010.06.23 N 252 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Қаражал қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі бекітілсін.
2. Қаражал қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 21 шілдедегі N 26/286 "Жәйрем-Атасу аймағындағы жасыл алқаптарды ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы" шешімінің (2003 жылғы 26 тамыздағы Қарағанды облысының Әділет басқармасында тіркеу нөмірі 1285 болып тіркелген, 2003 жылғы 13 қыркүйектегі N 36 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
XIX сессиясының төрағасы,
қалалық Мәслихаттың
хатшысының м.а. Ж. Жетімек
Қаражал қалалық Мәслихатының
2009 жылдағы 16 шілдедегі
N 173 шешімімен бекітілген
Қаражал қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту
Ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 6 наурыздағы N 227 Қаулысына сәйкес әзірленді. Ереже Қаражал қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау саласындағы қатынастарды реттейді және меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін орындалуы міндетті болып табылады. Заңнамаға сәйкес Қаражал қаласының аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау жөніндегі қызметті үйлестіруді жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын уәкілетті орган, ал күтіп ұстау және қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды – жасыл желектер иелігіне жататын табиғатты пайдаланушылар жүзеге асырады.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже меншік нысанына қарамастан қала аумағында тұратын немесе өз қызметін жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалар үшін қажетті болып табылады.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қаражал қалалық мәслихатының 2010.06.23 N 252 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
жасыл желектер – жылжымайтын мүлік болып табылатын, қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын, табиғи және жасанды жолмен шығарылған тал-бұта және шөп тәріздес өсімдіктер;
санитарлық кесу – ауруға шалдыққан, қураған, семіп қалған немесе зақымданған бұтақтарды кесу;
жасыл желектерді қалыптау – жасыл желектерге белгілі бір эстетикалық бейне беру үшін бұтақтарды кесу;
жасыл желектерді қорғау – жасыл желектерді, көгалдандырылған аумақтарды және жасыл алқаптарды жасауға, сақтауға және үдетуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;
өтемелік көгалдандыру – жойылған немесе зақымданған жасыл желектердің орнын толықтыру;
өтемелік құн – жасыл желектер зақымданған немесе жойылып кеткен жағдайда олардың құндылығын есепке алу үшін белгіленетін, жасыл желектерді жасауға және күтіп ұстауға қажетті шығындарды қосқандағы құндық бағасы. Өтемелік құн желектерді үдетуге (отырғызуға), оларды ұзақ уақыт күтіп-баптауға, сондай-ақ жасыл желектердің құндылығына, орналасқан жеріне және сапалық ахуалына қарай уәкілетті орган анықтайтын экологиялық шығындарды өтеуге шығатын шығындардан тұрады;
аумақтарды көгалдандыру – табиғи өсімдіктер, жасанды бақша-саябақ кешендері мен нысандар, бульварлар, саяжолдар, гүлзарлар, құрылыс аз салынған тұрғын, қоғамдық, іскерлік, коммуналдық, өндірістік мақсаттағы аумақтар орналасқан жер учаскелері;
жасыл желектердің зақымдануы – ағаштар бұтақтарының, діңгегінің, тал-бұта өсімдіктерінің, олардың тамыр жүйесінің зақымдануы, шөп өсімдіктерінің жер бетіндегі бөліктеріне және тамыр жүйесіне олардың өсуіне кедергі тигізбейтін зақымдардың келтірілуі. Зақым дегеніміз бұтақтардың, тамыр жүйесінің, топырақ қабатының үстіңгі жабуының тұтастығының бұзылуы, жасыл желектердің немесе топырақ қабатының зиянды заттармен ластануы, өртенуі және өзге де зиян шегуі;
жасыл желектерді жою – жасыл желектерді өсуінің тоқтатылуына немесе қурап қалуына әкеліп соқтырған зақымдар;
уәкілетті орган – жасыл желектерді күтіп ұстау және сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша Қаражал қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген орган;
жасыл желектерді күтіп ұстау және сақтау Ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға қолданылатын әкімшілік шаралар.
3. Көгалдандырылған аумақтар үш негізгі санаттарға бөлінеді:
ортақ қолданыстағы көгалдандырылған аумақтар;
шектеулі қолданыстағы көгалдандырылған аумақтар;
арнаулы мақсаттағы көгалдандырылған аумақтар.
4. Абаттандыру нысандары мен инженерлік инфрақұрылымның, жасыл қордың, қоршаған ортаны қорғау элементтерінің сақталуын, санитарлық ахуалдың қамтамасыз етілуін қадағалауды – мемлекеттік уәкілетті орган мен Қаражал қаласының ішкі істер бөлімі жүзеге асырады.
5. "Мемлекеттік сатып алулар туралы" ҚР Заңына сәйкес уәкілетті орган конкурс тәсілімен жасыл желектерді олардың көнеруіне байланысты күреу, қию, кесу, жаңадан ағаштар мен бұталар отырғызу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік сатып алуларды жүргізеді.
2. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен сақтаудың негізгі принциптері.
6. Қаражал қаласының аумағында орналасқан барлық жасыл желектер кімнің меншігіне жататындығына қарамастан, бірыңғай қалалық қорды құрайды және қорғауға жатады. Жасыл желектер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері және жер учаскелерін жалға пайдаланушылар, жасыл желектердің сақталуы жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, жасыл желектерге зақым келтіретіндей немесе жойып жіберетіндей заңсыз әрекеттерге немесе әрекетсіздіктерге жол бермеуі қажет.
Ескерту. 6 тармаққа өзгерту енгізілді - Қаражал қалалық мәслихатының 2010.06.23 N 252 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
7. Көгалдандырылған аумақтардың барлық санаттарындағы жасыл желектерді қалыптастыру мен күтіп ұстау қала бюджетінің, ұйымдардың және меншігінде, басқаруында, жалға пайдалануында жер учаскелері бар азаматтардың қаржыларының есебінен жүзеге асырылады.
8. Қала аумағының шекарасында орналасқан көгалдандырылған аумақтардың барлық санаттарындағы жасыл желектер осы Ережелердің 10, 11және 12 баптарында қарастырылған жағдайлардан басқа кездерде күреп тастауға жатпайды.
9. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес конкурс жеңімпаздары болып танылған жеке және заңды тұлғалар, жасыл желектерді күтіп-баптау, оларды зиянкестерден, аурулардан, арам шөптерден уақытылы қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мынадай негізгі іс-шараларды жүргізеді:
желектерді уақытылы суару;
ағаштар, бұталар және гүлзарлар отырғызу;
топырақ қабатын уақытылы және сапалы өңдеу, тыңайтқыштар себу;
ағаш діңгегі мен бұта аралықтарын мұқият және уақытылы өңдеу;
келетін зиянның болжамдық есебін ескере отырып, зиянкестер санының болжамдық есебінің негізінде қорғаныс құралдарымен биологиялық (айрықша жағдайларда химиялық) өңдеу.
3. Жасыл желектерді күреп тастау және орнын ауыстыру
10. Жасыл желектерді күреу, орнын ауыстыру (қысқы уақытта), ағаш бұтақтарын қалыптау, пішіндеу, қабықтарын тазарту, санитарлық кесу осы Ережелерде белгіленген тәртіппен ресімделеді, және уәкілетті органның ресми рұқсаты бойынша, жер пайдалану немесе жер учаскесін жалдау құқығын растаушы құжаттары болған кездерде ғана жүргізіледі.
11. Жасыл желектерді күреуге, орнын ауыстыруға рұқсатты ресімдеу үшін мындай құжаттар өткізу қажет:
заңды тұлғалар үшін:
уәкілетті орган басшысының атына өтініш;
жерге қатысты заңды құжаттаманың көшірмесі;
мемлекеттік экологиялық комиссияның қорытындысы (құрылысы салынатын немесе реконструкцияланатын нысандар үшін);
нысандар және жеке тұрғын үй құрылысын салуға (реконструкциялауға) жер учаскесін бекітіп беру кезінде жергілікті атқарушы органның шешімінің көшірмесі;
жаңадан салынатын нысандар үшін "Қаражал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің" мемлекеттік мекемесінің сәулет-жобалау тапсырмасы.
Жеке тұлғалар үшін, өздеріне тиесілі учаскелерге іргелес орналасқан ортақ қолданыстағы жерлердің жасыл желектерін күреп тастау кезінде:
уәкілетті орган басшысының атына өтініш;
жерге қатысты заңды құжаттардың көшірмесі.
12. Жасыл желектерді күреп тастауға келесі жағдайларда рұқсат берілуі мүмкін:
инженерлік абаттандыру нысандарына, жер үстіндегі коммуникацияларға қызмет көрсету үшін;
авариялық және төтенше жағдайларды жою үшін;
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының қорытындысы бойынша жарықтандырылу деңгейін қалпына келтіру үшін;
жасыл желектердің сапасын және түрлерінің құрамын жақсарту қажет болғанда;
13. Көгалдандырылған аумақтарда осы Ережелермен мыналарға жол берілмейді:
жасыл желектерді зақымдауға және жоюға;
от жағуға, қураған жапырақтар мен шөптерді өртеуге;
тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтармен, ағын сулармен ластауға;
ағаштардан шырын алуға, діңгектерді тілуге, жазулар жазуға, ағаштарға жарнамалар, хабарландырулар, нөмірлік белгілер, көрсеткіштер, сымдар орналастыруға және ағаштарға күршектер мен шегелер қағуға;
осы аумақтарды пайдалануға байланысты және жасыл желектерді күтіп-баптауға арналған техникалардан басқа автокөлік құралдарының, құрылыстық және басқа да техникалардың жүріп өтуіне және тұрақтауына.
Ескерту. 13 тармаққа өзгерту енгізілді - Қаражал қалалық мәслихатының 2010.06.23 N 252 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
14. Осы Ережелердің күші азаматтардың жеке тұрғын үйлері мен саяжайлары үшін пайдаланылатын аумақтарға да таралады. Олардың жасыл желектерді күреп тастауы мен орнын ауыстыруы өз күшімен, табиғатты пайдаланудың жалпы тәртібі бойынша, рұқсаттарды ресімдеусіз жүргізіледі.
15. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын қала құрылысы жұмыстарын жүргізу кезінде жасыл желектерді қалпына келтіру бюджет қаржыларының есебінен жүргізіледі.
16. Төтенше және авариялық жағдайларда, ағаштардың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына, ғимараттар мен құрылыстарға, коммуникацияларға, жол қауіпсіздігіне қауіп тудырған жағдайларда аталған желектерді күреп тастау шұғыл түрде, іле-шала уәкілетті органға хабарлана отырып жүргізіледі. Жасыл желектің кесілгені, немесе күреп тасталғандығы туралы факт осы жөніндегі жұмыстар басталған сәттен бастап 72 сағат ішінде уәкілетті орган жасайтын куәландыру актісімен ресімделеді.
17. Жасыл желектердің орнын ауыстыру жөніндегі жұмыстар жүргізілгеннен кейін, тапсырыс беруші оларды одан әрі күтіп-баптауды қамтамасыз етуі қажет.
Ескерту. 17 тармаққа өзгерту енгізілді - Қаражал қалалық мәслихатының 2010.06.23 N 252 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
4. Жасыл желектерді күреп тастағаннан кейінгі шығындарды өтеу және оларды қалпына келтіру
18. Күреліп тасталған жасыл желектер бойынша шығындарды өтеу осы Ереженің 15 бабын қоспағанда мүддесі көзделген азаматтардың, заңды тұлғалардың есебінен, өтемелік құнның ескерілуімен қосымшаға сәйкес өтелуге жатады.
19. Жасыл желектерді қалпына келтіру шығындары мүддесі көзделген азаматтардың және заңды тұлғалардың қаржыларының есебінен жүргізіледі.
20. Жасыл желектерді өтеушілік жолмен қалпына келтіру, күреліп тасталуы уәкілетті органның рұқсатына сәйкес жүргізілген жағдайларда, сол жер учаскесінде үш еселенген мөлшерде биіктігі 2 метрден кем емес жапырақты бұталарды отырғызу жолымен жүргізіледі, ал қылқан жапырақты (1-ші және 2-ші класты сападағы) бұталардың биіктігі 1,5 метрден кем болмауы тиіс. Бұталарды отырғызуға бос алаңдар болмаған жағдайда, уәкілетті орган жасыл желектерді қалпына келтіру құнының есебін жасайды, олардың төлемін азаматтар мен заңды тұлғалар жегілікті бюджетке төлейді.
21. Жасыл желектерді өтеушілік жолмен қалпына келтіруді азаматтар мен заңды тұлғалар желектерді одан әрі күтіп-баптаудың барлық қажетті жағдайларын сақтай отырып, өз күшімен немесе мамандандырылған кәсіпорындармен жасалған шарт бойынша жүргізе алады.
Ескерту. 21 тармаққа өзгерту енгізілді - Қаражал қалалық мәслихатының 2010.06.23 N 252 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
22. Отырғызылған жасыл желектер қурап қалған жағдайларда, бұрынғы жасыл желектерді күреп тастауда мүддесі көзделген тұлғалар қайтадан бұталар отырғызады және олардың одан әрі күтіп-бапталуын қамтамасыз етеді.
23. Жасыл желектер табиғи жолмен қураған, жойылған жағдайларда немесе заңсыз жолмен жойылған кездерде жағдайларда кінәлі тұлғаны анықтау мүмкін болмағанда, жасыл қорды қалпына келтіру қала бюджетінің қаржылары есебінен жүргізіледі.
5. Жасыл желектерді қорғау және күтіп ұстау саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік
24. Жасыл желектерді заңсыз зақымдау немесе жою үшін әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізінде анықталады.
25. Жеке, лауазымды және заңды тұлғалар осы Ережелердің талаптарын бұзған жағдайда, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады.