Жаңаарқа ауданында "Ветеринария туралы" заң талаптарын сақтау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының кезектен тыс XXV сессиясының 2003 жылғы 17 ақпандағы N 25/218 шешімі. Қарағанды облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 11 наурызда N 1098 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі N 9/60 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 28.09.2012 N 9/60 шешімімен.

      23 қаңтар 2001 жылғы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 8 тармағына сәйкес 10 шілде 2002 жылғы Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" N 339-ІІ Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабының және 310 бабының негізінде аудандық Мәслихат шешім етті:
      1. Жаңаарқа ауданында "Ветеринария туралы" заң талаптарын сақтау қағидасы бекітілсін.
      2. Аудан көлеміндегі "Ветеринария туралы" заң талаптарын бұзғандығы үшін құқық бұзушыларға жол бермеу мақсатында әкімшілік жауаптылыққа тарту қағидасының орындалуы мен оған бақылау жүйесін күшейту аудандық аймақтық ауыл-шаруашылық басқармасына, село, кент әкімияттарына ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау халықты әлеуметтік қорғау мен заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

      Аудандық Мәслихаттың кезектен
      тыс XXV сессиясының төрағасы               Б. Бекова

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  Х. Омаров

Аудандық Мәслихаттың
кезектен тыс XXV сессиясының
2003 жылғы 17 ақпандағы
N 25/218 шешімімен бекітілген

Жаңаарқа ауданында "Ветеринария туралы" заң талаптарын сақтау қағидасы

1. Ветеринария саласының негізгі міндеттері

      1. Жануарларды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан қорғау және емдеу.
      2. Жануарларға және адамға ортақ аурулардың алдын алу, оларды жою және халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау.
      3. Жануарлар өнімдері мен шикізатының сапасына ветеринарлық-санитарлық бақылау жасауды қамтамасыз ету.
      4. Республика аумағына басқа мемлекеттерден жануарлар ауруларының әкелуінен қорғау.
      5. Ветеринарлық препараттардың сапасын бақылау.
      6. Жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдістерін әзірлеу және оларды пайдалану, мал өнімдері мен шикізаттың санитарлық сапасын арттыруды қамтамасыз ету.
      7. Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаның ластануының алдын алу және оған жол бермеу.

2. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу жөніндегі міндеттері

      8. Жануарлар ауруларының алдын алуды қамтамасыз ететін шаруашылық және ветеринарлық шараларды жүзеге асыруға.
      9. Жем-шөп сақтау мен ұқсатуға арналған аумақты, жануарлар қоралары мен құрылыстарын тиісті санитарлық жағдайда күтіп ұстауға, қоршаған ортаның мал шаруашылығы қалдықтарымен ластануына жол бермеуге.
      10. Жануарлар күтіміне, жануарлар өнімдерін ұқсатуға және сақтауға арналған объектілер мен құрылыстарды салу, оларды пайдалануға беру кезінде зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтауға.
      11. Ветеринарлық инспекторлардың талабы бойынша жануарларды ветеринарлық стансаларына апарып қаратуға, диагностикалық зерттеулер мен аурудың алдын алу үшін сақтандыру мақсатында еккізуге.
      12. Жануарлардың оқыс өлім-жітімі, бірнеше жануарлардың бір мезгілде ауыруы немесе олардың әдеттен тыс мінез көрсетуі туралы ветеринария қызметінің мамандарына дереу хабарлауға, ауру деп күдіктенген жануарды ветеринария мамандары келгенше оқшау ұстау шараларын қолдануға.
      13. Жануарларды айдау мен автокөлікпен тасымалдаудың белгіленген ветеринарлық-санитарлық ережелерін сақтауға.
      14. Өлген жануарды залалсыздандыру жөніндегі ветеринарлық мамандардың алаптарын орындауға.
      15. Ветеринарлық мамандардың жануардың жұқпалы аурудан таза екендігі туралы рұқсатынсыз жануарды союға немесе сатуға жол бермеуге.
      16. Ветеринарлық мамандардың ветеринария ауруларының алдын алу және оларға қарсы күрес шаралары мен басқа да ветеринариялық мәселелері туралы нұсқауларын орындауға.

3. Ветеринария туралы заңды бұзғандығы үшін жауапкершілік тәртібі

      17. Аудан көлемінде лауазымды адамдар мен азаматтар төмендегі ветеринарлық - санитарлық ережелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді; ветеринарлық-санитарлық алдын алу шараларын орындаудан бас тартқаны, олардың мерзімін бұзғаны.
      18. Карантин режимі талаптарының шарттарын сақтамағаны.
      19. Жануарлардың жұқпалы ауруларын жою жөніндегі шараларды немесе оны толық өткізбегені.
      20. Жануарлардың жұқпалы ауруларын таратқаны.
      21. Ауыл шаруашылығы жануарларын өз төлінен өсірген кезде ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтамағаны.
      22. Республика, облыс аумағынан сырттан келетін жұқпалы аурулардан қорғау туралы заңдар мен өзге де нормативтік актілердің талаптарын орындамағаны.
      23. Жануарларды, жануар өнімдері мен шикізатын тасымалдау кезінде ветеринарлық қағиданы бұзушылық.
      24. Ауылшаруашылық жануарларды, оның өнімдері мен шикізатын базарларда сататын орындардың, қоймалардың карантин базаларының, тиеу-түсіру алаңдарының, көлік құралдарының, контейнердің және жануар шаруашылығы жүктерін тиеу мен түсіруге арналған басқа да құрылыстардың жай-күйіне қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтамағаны.
      25. Аудандық Мәслихаттың аудан көлемінде "Ветеринария туралы" Заң талаптарын сақтау қағидасын бұзған азаматтарға-айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға-жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады