Жаңаарқа ауданы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімиятының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 182 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 29 желтоқсанда N 1367 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" N 357-І Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" N 1408 Қаулысын және Қарағанды облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 тамыздағы N 07/03 "Қарағанды облысы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы" қаулысын іске асыру мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімияты қаулы етеді:
      1. Жаңаарқа ауданы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Қағидасы бекітілсін (N 1 қосымша).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Хишауовқа жүктелсін.

      Жаңаарқа ауданының әкімі                   С. Шайдаров

Жаңаарқа ауданы әкімиятының
2003 жылғы 23 желтоқсандағы
"Жаңаарқа ауданы әкімияты
резервінің қаражатын пайдаланудың
Қағидасын бекіту туралы"
N 182 қаулысымен бекітілген
N 1 қосымша

Жаңаарқа ауданы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың
ҚАҒИДАСЫ

      Қағида Жаңаарқа аудандық әкімияты резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың ретін белгілейді

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланады:
      Аудан әкімияты резерві тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген және бір жылғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін аудан әкімияты қаулысы бойынша бөлінетін қаражат:
      көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар;
      аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудан әкімияты мен атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін аудан әкімияты резервінің құрамындағы қаражат - аудан әкімияты резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша аудан әкімияты мен атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлінетін қаражат.
      2. Аудан әкімияты резервінің қаражаты есебінен қаржыландыратын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға келесі шаралар жатады:
      1) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою, бұған кіретіндер:
      төтенше жағдайлардың пайда болу нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
      зардап шеккендер үшін уақытша тұруға және тамақтануға орындар дайындау және ұстау;
      шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтармен жарақтарымен қосымша жарақтандыру;
      төтенше жағдайлар аймағында күштер мен құралдардың тасымалдануын қамтамасыз ету.
      2) сот шешімдері бойынша аудан әкімияты, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу;
      3) аудан әкімиятының қаулысымен айқындалатын өзге де күтілмеген шығыстар жатады.

2. Аудан әкімияты резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі

      3. Аудан әкімияты резервінен қаражат бөлінуі аудан әкімияты қаулысы негізінде, заңдармен белгіленген тәртіппен жүргізілген қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеттің шығыстарының құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшерлер шегінде қаржы бөлімі жүзеге асырады.
      Онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ, қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда оларды бөлудің шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.
      4. Аудан әкімияты резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсатты болады және осы Қағида мен аудан әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
      5. Аудан әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімияты қаулысын дайындаған кезде мынадай шарттар ескеріледі:
      1) аудандық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған бөлінетін ақшаның болмауы;
      2) сот шешімдері бойынша аудан әкімияты мен жергілікті немесе бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, аудан әкімияты резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы ескеріледі.

3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу

      6. Жергілікті аумақтағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою аудан әкімияты резерві қаражаттары есебінен қаржыландырылады.
      7. Аудан әкімияты резерві қаражаттары жетіспеген жағдайда төтенше жағдайлардың салдарын, оның ауқымы мен тарату аумағын жою шараларын қаржыландыру облыс әкімиятының резерві есебінен жүзеге асырылады.
      8. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда, резервтен қаражат бөлу туралы айқымдалған тәртіппен берілетін негізделген материалдар мен олардың тізімдерін төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия қарайды және қаржы бөлімінің келісімі бойынша төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат бөлу туралы қаулының жобасын аудан әкімиятының мәжілісіне ұсынады.

4. Сот шешімдері бойынша аудан әкімияты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын органдардың міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу

      9. Сот шешімдері бойынша аудан әкімияты, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын органдардың міндеттемелерін өтеу, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда аудан әкімияты қаражат есебінен қамтамасыз етіледі.
      Қолданыстағы заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда сот шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар аталған шешімдерге барлық сот сатыларында шағым беруге тиіс.
      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын органдардың шағым берілген сот келісімдерінің көшірмелерін аудандық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне беруі тиіс.
      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын органдардың өздерінің заңсыз қабылдаған келісімдері үшін, сондай-ақ өздерінің лауазымды адамдарының әкімшілік басқару саласындағы заңсыз іс-әрекеттері үшін оларға "Әкімшілік шығыстар" бағдарламасы бойынша бөлінген ақшамен жауап береді.
      10. Аудан әкімияты міндеттемелерін өтеуге аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының қаулысының жобасын белгілеген заңдылықтар тәртібімен қаржы бөлімі дайындайды.
      11. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын органдардың міндеттемелерін өтеуге аудан әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының қаулысының жобасын тиісті атқарушы органдар белгіленген заңдылықтар тәртібімен қаржы бөлімімен келісіп дайындайды және әкімиятының аппаратына тапсырады.

5. Арнайы резервтен қаражат бөлу және оларды пайдалану

      12. Аудан әкімияты облыстық қаржы басқармасына тиісті негіздемелерімен және есептеулермен бірге облыс әкімінің резервінен қаражат бөлу туралы өтініш тапсырады.
      13. Арнайы резервтен қаражат бөлу үшін шартты міндеттемелер болып табылатындар:
      1) Ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттен несие бөлу үшін көзделген соманың болуы.
      2) Жергілікті өкілетті органның шешімімен бекітілген аудандық бюджетте түсетін ағымдағы түсімдермен және бюджеттің қаржыландыруымен қамтамасыз етілмеген шығыстарын қаржыландыруға бөлінетін қаражаттың бағыты;
      3) Облыстық бюджеттен бұрын берілген несие бойынша жергілікті бюджеттік органдардың мерзімі өткен берешегінің болмауы.

6. Өзгеде күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу

      14. Жыл ішінде қаражатты өзге де күтілмеген шығыстарға тиімді бөлу мақсатында өтінішті қарау кезінде аудан әкімияты резервінен аудандық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және де өзге де күтілмеген шығыстарға көзделген жылдық соманың 25 процентінен аспауы тиіс.
      Бұл ретте аудан әкімияты резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және де өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы аудан әкімияты қабылданған қаулылары есепке алынады.
      15. Аудан әкімиятының резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға бөлу үшін аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаржы бөліміне тиісті негіздемелерімен және есептеулерімен бірге қаражат бөлу туралы өтініш тапсырады.
      Қаржы бөлімі берілген өтініштің негізінде аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі, не болмаса мүмкіндік еместігі туралы қорытынды береді.
      Аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының қаулысының жобасын белгіленген заңдылықтар тәртібімен қаржы бөлімімен келісіп осы аудандық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі дайындайды.

7. Бақылау және есептілік

      16. Аудан әкімиятының резервінен бөлінген қаражатты алушылар қаржы бөліміне белгіленген тәртіппен және уақытында олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі тиіс.
      17. Қаржы бөлімі аудан әкімиятының резерві қаражатын пайдалану және тиісті кезеңге оның қалдықтары туралы аудан әкімиятына ай сайын ақпарат тапсырады.
      18. Аудан әкімияты резервінен бөлінетін қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін алушы Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған тәртіппен жауап береді.
      19. Аудан әкімияты резервінен қаражатты мақсатқа пайдалануға бақылау жасауды жергілікті қаржы бөлімі жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады