Облыстық Мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы XVII сессиясының N 146 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2003 жылғы 12 ақпандағы N 164 шешімі. Қызылорда облысының Әдiлет басқармасында 2003 жылғы 18 ақпанда N 3114 тiркелдi. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 01 сәуірдегі N 1-214м Хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облыстық мәслихатының 2010.04.01 N 1-214м Хатымен).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:

      "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтiк төлемдердiң кейбiр түрлерiн төлеу тәртiптерiн бекiту туралы" облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы ХVII сессиясының N 146 шешiмiнiң 5 қосымшасына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      3 бөлiм "Көмек көлемi" жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Белгiлi кезеңге Қызылорда облысы бойынша табиғи монополияны реттеу, бәсекелестiктi дамыту және кәсiпкерлiктi қолдау Департаментi бекiткен, бiрақ 1 адамға шаққанда осы мақсатқа ағымдағы жылға бюджетте қаралған қаржы көлемiнде белгiленген мөлшердiң шегiнен аспайтын Арал-Сарыбұлақ су құбырынан Арал және Қазалы аудандары тұрғындары нақты пайдаланған ауыз судың 1 текше метр құнының 60% дейiнгi есебiнен көмек көрсетiледi".

      Облыстық мәслихатының кезектен
      тыс ХVII сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады