Облыс әкімиятының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық әкімиятының 2003 жылғы 18 тамыздағы N 587 қаулысы. Қызылорда облысы әділет басқармасында 2003 жылғы 25 тамызда N 3430 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 02 шілдедегі N 487 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2012.07.02 N 487 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.     

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңын басшылыққа алып, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Облыс әкімиятының кейбір қаулыларына қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

       Облыс әкімі

  Облыс әкімиятының қаулыларына енгізіліп жатырған өзгерістер
мен толықтырулардың ТІЗІМІ

      1. "Облыста шегіртке және басқа да ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен, аурулармен күресуге дайындықтың барысы туралы" облыс әкімиятының 2001 жылғы 27 сәуірдегі N 13 қаулысында 3 тармағының күші жойылды деп танылсын;

      2. "Қызылорда облысының жұмыс істемей тұрған өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру мен іске қосудағы өнеркәсіп және көлік департаментінің жұмысы туралы" облыс әкімиятының 2001 жылғы 26 мамырдағы N 28 қаулысында 1 тармағының күші жойылды деп танылсын;

      3. "Қызылорда облысы аумағындағы телекоммуникациялық жүйелерінің қорғауын күшейту туралы" облыс әкімиятының 2001 жылғы 18 маусымдағы N 51 қаулысында 1 тармағының а) тармақшасының және 3 тармағының күші жойылды деп танылсын;

      4. "Облыстық бюджет қаражаты есебінен мүгедектерге санаторий-курорттарға емделуге тегін жолдама және кресло-қораптар беру тәртібін бекіту туралы" 2001 жылғы 8 тамыздағы N 57 қаулысында 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Облыстық бюджет қаржысы есебінен мүгедектерге санаторий-курорттарға емделуге тегін жолдама және кресло-қораптар беру тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      5. "Қармақшы сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру туралы" 2001 жылғы 14 қарашадағы N 95 қаулысында:
      мемлекеттік тілдегі вариантында, текст бойынша "мекеме" деген сөз "кәсіпорын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6. "Кезеңдік өрттің алдын-алу іс-шараларын өткізу туралы" облыс әкімиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 419 қаулысы келесі мағынадағы 8 тармақпен толықтырылсын:
      "8. Осы қаулы "Кіші кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 1390 қаулысына қайшы келмейтін бөлікте қолданылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады