Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімиятының 2003 жылғы 24 ақпандағы N 324 қаулысы. Қызылорда облыстық Әдiлет басқармасында 2003 жылғы 5 наурызда N 3138 тiркелдi. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы N 08/1-10/73 хаты)

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2012.01.26 N  08/1-10/73 хаты).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабы 5 тармағы мен "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес облыс әкімінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 423 "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып және қоғамдық жұмыстардың түрлері мен тізбесін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа алып аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібінің 13,15 тармақтарында аталған жұмыссыздардан басқа қоғамдық жұмыстарды тек коммуналдық меншіктегі ұйымдар жасайтыны белгіленіп, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мемлекеттік сатып алуда заңнамамен белгіленген тәртіппен жасалатын болып анықталсын.
      3. Кент және ауылдық округ әкімдері осы қаулының орындалу барысы туралы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-не дейін аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне ақпарат берсін.
      4. Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі, кент және ауылдық округ әкімдері қоғамдық жұмыстар бойынша келісім-шарт талаптарының сақталу барысына тұрақты бақылау жасап, олардың тиімді жүргізілуіне ықпал етсін.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т.Жетпісбайға жүктелсін.

Аудан әкімиятының  
2003 жылғы 24 ақпандағы
N 324 қаулысымен бекітілген
қосымша       

ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес облыс әкімінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 423 "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысы арқылы анықталады.

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

      1. Коммуналдық-тұрғын үй шаруашылық мекемелеріне қала, елді мекендер және өндірістік кәсіпорындардың айналасын тазартуға көмектесу.
      2. Жолдарды салу және жөндеу, су құбырларын, кәріз және басқа инженерлік коммуникациялар жүргізу.
      3. Әлеуметтік мәдени объектілерді салу, қайта өңдеу және жөндеу.
      4. Тарихи сәулеттік көрсеткіштер мен кешендерді қалпына келтіру. Жолдарды салу және жөндеу, су құбырларын, кәріз және басқа инженерлік коммуникациялар жүргізу.у, археологиялық жұмыстар жүргізу.
      5. Айналаны көгалдандыру-көркейту, орман шаруашылығының, демалыс орындарын, демалыс және туризм аймақтарын сақтау мен дамыту.
      6. Көктемгі егін егу және жинау науқандары кезінде ауылдық округтардың жерлерін паспортизациялау.
      7. Республикалық және аймақтық қоғамдық компаниялардың өткізілуіне қатысу (қоғамдық пікірлер жинау, түрлі санақтар).
      8. Қарулы күштер қатарына шақыру жүргізуге ықпал жасау.
      9. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және жинау үшін егістік жер жұмыстарын жүргізу, қосалқы шаруашылығы бар мекемелерде мал бордақылау, жас малды өсіру, малды өріске жаю мен күзету.
      10. Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеруге учаскелік комиссияға көмек
көрсету.
      11. Кент және елді мекендерде құқық тәртібін күзетуде көмек көрсету.
      12. Мақсатты топтағы азаматтардың (оралмандар, рақымшылықпен босатылғандар) құжаттарын рәсімдеуде әлеуметтік қызмет көрсету.
      13. Кірме жолдың (подъезд) санитарлық-гигиеналық жағдайын сақтау кірме жолды күндіз бөгде адамдардан күзеті.
      14. Мұрағат мекемелерінің жұмысына, кітаптарды, құжаттарды түптеуге көмек көрсету.
      15. "Кедейшілікпен күресті үйлестіру жөніндегі орталығы қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі Директорлар кеңесімен келісілген тапсырыстарына сәйкес сол ұйымның жұмысына көмектесу.

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

      1. Қоғамдық жұмысты жүргізу көлемі жергілікті бюджеттің қаражатына қарай анықталады.
      2. Қоғамдық жұмыстар жұмыс беруші мен жұмыссыздар арасында келісім-шарт арқылы ұйымдастырылады. Келісім шарттың шекті мерзімі 6 айдан аспау керек.

Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысы және
оларды қаржыландыру көздері

      1. Қоғамдық жұмыстарды істеген жұмыссыздардың еңбек ақысы істеген нақты уақытына, жұмыс көлеміне байланысты бекітілген тәртіпке сәйкес төленеді, бірақ Қазақстан Республикасында бекітілген төменгі еңбек жалақыдан төмен болмауы керек.
      2. Қоғамдық жұмыстар, оның көлемі халықты жұмыспен қамту бағдарламасымен анықталады, жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады