Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы N 359 "Оралмандардың отбасыларына тұрғын үйлер сатып алуға 2003 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалаларының бюджеттері бойынша көзделген мақсатты трансферттерді бөлу туралы" қаулысы мен облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 6 маусымдағы N 26/276 "2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы N 23/233 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне сәйкес, бөлінген қаржыларды мезгілінде игеру және облысқа квота бойынша келген оралмандар отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандар отбасылары үшін тұрғын үйді сатып алуды ұйымдастыру Ережесі бекітілсін.
2. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (А.Баужанова) 2003 жылға арналған бюджетте қаралған қаржылар шегінде квота бойынша келіп жатқан оралмандар отбасылары үшін тұрғын үйді сатып алу жөніндегі ұйымдастыру шараларын іске асырсын.
3. Облыстық экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасы (А.Көшеров) облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өтінімі бойынша көшіп келу квотасы бойынша облысқа келіп жатқан оралмандар отбасыларына тұрғын үйді сатып алу жөніндегі ашық конкурс өткізсін.
4. Облыстық көші-көн және демография басқармасына (Т.Қалжанұлы) 2003 жылға қаралған қаржылар шегінде квота бойынша келіп жатқан оралмандарға тұрғын үйді сатып алу жөніндегі есептеулер мен тұрғын үйді бөлу жөніндегі комиссия қорытындыларын облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына беру ұсынылсын (келісім бойынша).
5. Облыстық қаржы басқармасы (Ж.С.Сәрсенқұлов) бюджетпен қаралған қаржылардан осы мақсаттарға шығындарды мезгілінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиға жүктелсін.
Облыс әкімі
Маңғыстау облысы әкімиятының
2003 жылғы 29 шілдедегі N 170
қаулысымен бекітілген
2003 жылға арналған көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандар отбасылары үшін тұрғын үйді сатып алуды ұйымдастыру Ережесі
1. Осы оралмандар отбасылары үшін тұрғын үйді сатып алуды ұйымдастыру Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы "
Халықтың
көші-қоны туралы", 2002 жылғы 16 мамырдағы "
Мемлекеттік
сатып алу туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "
Тұрғын
үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі
N 1020
"Қазақстан Республикасы Көші-көн және демография жөніндегі Агенттігінің мәселелері", 2003 жылғы 15 сәуірдегі
N 359
"Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына сәйкес келетін оралмандардың отбасыларына тұрғын үйлер сатып алуға 2003 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалаларының бюджеттері бойынша көзделген мақсатты трансферттерді бөлу туралы" қаулыларына сәйкес, тұрғын үйді сатып алу процесінде әлеуетті жеткізушілер мен мемлекеттік органдар арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттеу, оралмандар отбасылары үшін тұрғын үйді сатып ерекшеліктерін анықтау және республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты тиімді шығындау мақсатымен жасалды.
2. Квота бойынша келген оралмандар үшін сатып алынатын тұрғын үй белгіленген техникалық, санитарлық және Қазақстан республикасы тұрғын үй заңнамасымен қаралған басқа міндетті талаптарға сәйкес және қоныстануға әзір болуға тиіс.
2. Оралмандар отбасылары үшін тұрғын
үйді сатып алу мен бөлу тәртібі